Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 маусымдағы № 957 Қаулысы
(2022.19.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында білім беру қызметін көрсету болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне құрылатын акционерлік қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 64800000 (алпыс төрт миллион сегіз жүз мың) теңге бөлінсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғамның жарғысын бекітуді;
2) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беруді;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
1) осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражат есебінен 64800000 (алпыс төрт миллион сегіз жүз мың) теңге мөлшерінде қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамның Директорлар кеңесін қосымшаға сәйкес құрамда сайлауды қамтамасыз етсін;
3) екі ай мерзімде тәуелсіз директор кандидатуралары бойынша ұсыныстар енгізсін.
6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009.03.07. № 1032 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.02.10. № 1512 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.07.06. № 532 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.25.05. № 572 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 маусымдағы
№ 957 қаулысымен
бекітілген
«Назарбаев Университеті» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің
құрамы
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша) |
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша) |
Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Қайырбекова Салидат Зекенқызы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Келімбетов Қайрат Нематұлы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі |
Тасмағанбетов Иманғали Нұрғалиұлы | - Астана қаласының әкімі |
Құлыбаев Тимур Асқарұлы | - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Миттал Лакшми | - «Арселор Миттал» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Машкевич Александр Антонович | - «Еurаsіаn Nаturаl Resources Соrpоrаtіоn PLS» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Ким Владимир Сергеевич | - «Каzаkһmуs PLS» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Феттах Таминдже | - «Sеmbо1 Соnstructіоn» компаниясының төрағасы (келісім бойынша) |
Меркель Дэвид | - тәуелсіз директор |
Старр Фредерик | - тәуелсіз директор |
Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлы | - «Назарбаев Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы атқарушы кеңесінің төрағасы |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 маусымдағы
№ 957 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат);
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-115-жолмен толықтырылсын:
«21-115. «Астананың жаңа университеті» АҚ».
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-5-жолмен толықтырылсын:
«222-33-5. «Астананың жаңа университеті» АҚ».
3. ҚР Үкіметінің 2022.19.08. № 581 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)