Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 маусымдағы № 957 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 3 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында білім беру қызметін көрсету болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне құрылатын акционерлік қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 64800000 (алпыс төрт миллион сегіз жүз мың) теңге бөлінсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғамның жарғысын бекітуді;
2) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беруді;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
1) осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражат есебінен 64800000 (алпыс төрт миллион сегіз жүз мың) теңге мөлшерінде қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамның Директорлар кеңесін қосымшаға сәйкес құрамда сайлауды қамтамасыз етсін;
3) екі ай мерзімде тәуелсіз директор кандидатуралары бойынша ұсыныстар енгізсін.
6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 маусымдағы
№ 957 қаулысымен
бекітілген
«Астананың жаңа университеті» акционерлік қоғамы
Директорлар кеңесінің құрамы
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша) |
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы | - Астана қаласының әкімі |
Құлыбаев Тимур Асқарұлы | - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Лакшми Миттал | - «Арселор Миттал» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Машкевич Александр Антонович | - «Еurаsіаn Naturаl Resources Corporation РLS» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Ким Владимир Сергеевич | - «Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті (келісім бойынша) |
Феттах Таминдже | - «Сембол Иншаат» құрылыс компаниясының құрылтайшысы (келісім бойынша) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 маусымдағы
№ 957 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат);
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-115-жолмен толықтырылсын:
«21-115. «Астананың жаңа университеті» АҚ».
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-5-жолмен толықтырылсын:
«222-33-5. «Астананың жаңа университеті» АҚ».
3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
«3. Акционерлік қоғам» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:
«8. «Астананың жаңа университеті».
4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау үшін құрылған мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 19-3-жолмен толықтырылсын:
«19-3. «Астананың жаңа университеті» акционерлік қоғамы 100%».