Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 маусымдағы № 957 қаулысына толықтырулар енгізу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1512 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционер қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 маусымдағы № 957 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
мына:
«Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша)» |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша)»; |
мына:
«Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі» |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Келімбетов Кайрат Нематұлы | - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)»; |
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлы | - «Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті». |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |