Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 601 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 6 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесі;
2) Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. «Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 931 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 36, 398-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы17 шілдедегі
№ 601 қаулысымен
Бекітілген
Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және аудиторлық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны беру, қайта ресімдеу, тоқтату тәртібі мен шарттарын белгілейді.
2. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия бас лицензия болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша беріледі.
3. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды.
4. Лицензиялардың бланкілерін сатып алуды, есепке алуды және сақтауды лицензиар жүзеге асырады.
5. Лицензияға лицензиардың уәкілетті лауазымды тұлғасы қол қояды және оның мөрімен куәландырылады.
6. Лицензияны басқа заңды тұлғаға беруге жол берілмейді.
7. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрған, жаңғыртылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы мәліметтерді қамтитын аудиторлық қызметке арналған лицензиялардың тізілімін жүргізеді.
8. Лицензияны беру, оны қайтарып алу, тоқтата тұру және қолданылуын тоқтату туралы мәліметтерді лицензиар мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.
9. Лицензияны, оның телнұсқасын берген, сондай-ақ лицензияны қайта ресімдеген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялық алым төленеді.
2. Лицензияны беру не оны беруден бас тарту
10. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген біліктілік талаптарға (бұдан әрі - біліктілік талаптары) сәйкес келетін өтініш берушіге беріледі.
11. Лицензия алу үшін лицензиарға мынадай құжаттар ұсынылады:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) аудиторлық қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
3) жарғының, өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
4) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) осы аудиторлық ұйымда жұмыс істейтін аудиторларға "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәліктерінің және олардың осы аудиторлық ұйыммен еңбек қатынастарында тұруы негіз болған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
6) «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігінің, еңбек кітапшасының, жеке еңбек шартының не басшының қабылдау және босату туралы бұйрықтарынан үзінділердің нотариалды куәландырылған көшірмелері.
Аудиторлық ұйым мәртебесін растау үшін шетелдік ұйым лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесін не Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болып табылатын кәсіптік ұйымда оның мүшелігін растайтын немесе ол резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының нотариалды куәландырылған аудармасы бар хатының түпнұсқасын ұсынады.
12. Лицензиарға лицензия беру үшін ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі лицензиардың құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі қойылып өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады).
13. Лицензия беру туралы немесе лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін лицензиар ұсынылған материалдарды қарайды және олардың лицензиаттың қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігіне толықтығы мен анықтығын бағалайды.
14. Ұсынылған құжаттарда қамтылған жазбалар мен мәліметтерді нақтылау мақсатында лицензиар мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті сауалдарды жібере алады.
15. Лицензиар лицензияны өтініш беруші осы Ереженің 11-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Лицензия беру туралы шешім лицензиардың бұйрығымен ресімделеді.
16. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін аудиторлық қызметпен айналысуға тыйым салынған;
2) осы Ереженің 11-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген негіздер бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздер бойынша қаралады;
3) аудиторлық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған негіздер бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.
17. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.
18. Егер лицензиар өтініш берушіге лицензия бермесе не осы Ереженің 15-тармағында белгіленген мерзімдерде лицензия беруден бас тарту себебі туралы жазбаша хабарламаса, онда мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін өтініш беруші лицензиарды аудиторлық қызметті жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша хабардар етеді.
Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия береді.
19. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясы қайтарып алынған аудиторлық ұйымның лицензия беруге арналған өтініші кемінде бір жылдан кейін қаралады.
20. Егер лицензия осы Ережеде белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны беруден бас тарту өтініш берушіге негізсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.
3. Лицензияны қайта ресімдеу және телнұсқасын беру
21. Бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлғаның атауы, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, сондай-ақ қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі шеңберінде орындалатын операциялар мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, лицензиат отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
22. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны қайта ресімдейді.
23. Лицензиясы жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның телнұсқасын алады. Көрсетілген лицензиялар лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
24. Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді.
4. Қорытынды ережелер
25. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
26. Лицензия өзінің қолданылуын:
1) лицензия алып қойылған;
2) бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, лицензиат таратылған немесе ол қайта ұйымдастырылған;
3) лицензия лицензиарға ерікті түрде қайтарылған;
4) лицензияланатын қызмет түрлерінің тізбесінен аудиторлық қызметті алып тастаған жағдайларда тоқтатады.
27. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтарады.
28. Лицензиат лицензиарға мынадай:
1) жыл сайын, 1 наурызға дейінгі мерзімде, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы;
2) жыл сайын, 1 мамырға дейінгі мерзімде, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес аудиторлық ұйым қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша есептілік нысанын ұсынады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 17 шілдедегі
№ 601 қаулысымен
Бекітілген
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын
біліктілік талаптары
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары аудиторлық ұйым үшін:
1) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастыру-құқықтық нысаны;
2) жарғылық капиталда аудиторларға және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлестің жүз пайызы;
3) құрамында осы аудиторлық ұйымда ғана аудитор ретінде өз қызметін жүзеге асыратын кемінде үш аудитор;
4) аудиторлық ұйым басшысында, сондай-ақ аудиторларда аудиторларды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігі болуын қамтиды.
Аудиторлық ұйымды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиясын қайтарып алу туралы шешім шығарылған күннен бастап үш жыл бойы лицензиясы қайтарып алынған аудиторлық ұйымға бұрын жетекшілік еткен аудитор басқара алмайды.
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде шетелдік аудиторлық ұйым үшін, жоғарыда санамаланған біліктілік талаптардан басқа, мынадай қосымша талаптар қойылады:
1) шетелдік ұйым аудиторлық деп танылуы тиіс;
2) оның Қазақстан Республикасының тиісті аудиторлық ұйым-резидентін құруы.
Ережеге 1-қосымша
Аудиторлық қызметке қойылатын
біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы
аудиторлық ұйымның есебі
200_жыл үшін
Аудиторлық ұйымның атауы _________________________________________
Лицензияның сериясы, нөмірі мен берілген күні ____________________
__________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы, телефоны _______________________________________
Іс жүзіндегі мекен-жайы, телефоны ________________________________
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің сериясы, нөмірі, берілген күні ___________________________________
__________________________________________________________________
СТН (БСН*) _______________________________________________________
Ұйымның басшысы __________________________________________________
(аты-жөні,»аудитор» біліктілік куәлігінің нөмірі және берілген күні)
__________________________________________________________________
Аудиторлық қызмет туралы заңнаманы бұзуға байланысты әкімшілік
жазалардың болуы _________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(жаза қашан, не үшін және қай орган қолданды)
Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторларға және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлес:
Аудитордың немесе қатысушылар болып табылатын шетелдік аудиторлық ұйымның атауы мен орналасқан жері | Жарғылық капиталдағы үлес мөлшері (%) |
| |
Есепті кезеңде құрылтай құжаттарында өзгерістердің болуы:
Құрылтайшылардың құрамындағы өзгерістер | Қызмет түрлерін өзгерту |
Ия (қандай өзгерістер және енгізу күнін көрсету) | Жоқ | Ия | Жоқ |
| | | |
Ұйымның сандық құрамы:
Қызметкерлердің жалпы саны | Оның ішінде штатта тұрмайтындар |
Өткен кезеңде | Есепті кезеңде | Өткен кезеңде | Есепті кезеңде |
| | | |
Ұйымда жұмыс істейтін аудиторлар:
Аты-жөні | «аудитор» біліктілік куәлігінің нөмірі және берілген күні | Жалпы жұмыс өтілі, оның ішінде мынадай салаларда: | Есепті кезеңде аудиторлық ұйымның құрамында өзгерістердің болуы | Уәкілетті органға өзгерістер туралы мәліметтерді беру күні |
Аудит | Өзге | Ия (қандай өзгерістер және енгізу күнін көрсету) | Жоқ |
| | | | | | |
Ұйымда жұмыс істейтін аудиторлардың біліктілігін арттыру туралы мәліметтер:
Аудитордың аты-жөні | Біліктілігін арттырудан өту күні және орны |
| |
Кәсіптік ұйымда мүшелігі:
Атауы | Кіру (қайта кіру) күні |
| |
Аудиторлық ұйымның филиалдары туралы деректер:
Р/с № | Филиалдың атауы мен орналасқан жері | Басшының аты-жөні, «аудитор» біліктілік куәлігінің нөмірі және берілген күні | Филиалды есепті тіркеу туралы куәліктің нөмірі | Өтініш берушіні салық органында есепке қою туралы куәліктің нөмірі (СТН (БСН*) |
| | | | |
Басшы _________________ ________________________________
Қолы (аты-жөні)
М.О.
Ескертпе:
БСН* - бизнес-сәйкестендіру нөмірі «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ережеге2-қосымша
200_ жыл үшін
аудиторлық ұйым қызметінің негізгі көрсеткіштері
бойынша есептілік
Аудиторлық қызметті жүргізу жылдарының саны |
1 жылдан кем | 1-2 жыл | 3-4 жыл | 5 және одан астам жыл |
| | | |
Аудиторлық ұйым қызметінің негізгі көрсеткіштері
Кірістер - барлығы | |
оның ішінде: | |
Аудитті жүргізуден түсетін кірістер | |
Клиенттердің атауын көрсете отырып «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР Заңының 3-бабы 2-тармағына сәйкес берілетін қызметтер бөлінісіндегі кіріс | |
Клиенттердің саны (бірлігі) | |
Барлық түрдегі аудиторлық қорытындылар берілді, оның ішінде: | |
сөзсіз оң | |
шартты түрде оң | |
теріс | |
пікір білдіруден бас тарта отырып | |
өзге де | |
Басшы ______________________ __________________________
Қолы (аты-жөні)
МО.