ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 396-7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
396-7. Республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тізбесінде көзделгеннен аз көлемде қаражат бөлінген шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың есебінен қаржы бөлінген республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар бойынша ұсыныстарға нақтыланған есеп айырысуларды ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 396-8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
396-8. Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды бөлу туралы Республикалық бюджет комиссиясының шешімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың есебінен ағымдағы қаржы жылына тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлық мақсаттарын ұлғайту бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын дайындайды және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде осы Қағидалардың 5-тарауына сәйкес түсімдердің жиынтық жоспарына және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.
396-9. Жекелеген бюджеттік инвестициялық жобалар және/немесе іс-шаралар қарқынды іске асырылған жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджеттік инвестициялық жобалар мен өңірлер арасында осы Ереженің 59-1-тармағына сәйкес бекітілген бюджет шеңберінде бюджет қаражаттарын қайта бөлуге рұқсат етіледі.
396-10. Тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың есебінен қаражатты пайдалану осы Ереженің талаптарына, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қабылданған тиісті нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
48-тарау. «Өкiлдiк шығындар» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2124 Қаулысымен 397-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
397. Өкiлдiк шығындар - тиiстi қаржы жылына арналған және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiне шетел делегацияларын қабылдауға, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми iс-шаралар өткізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің, республикалық бюджет есебiнен ұсталатын, халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретiнде жiберiлетiн мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардың шетелге iссапарлары уақытында өкiлдiк мақсаттарға бөлiнетiн қаражат.
Өкiлдiк шығындарға:
1) Қазақстан Республикасына iс-шараларға қатысу үшiн шақырылатын тұлғалардың өмiр сүруiне және белгiленген пунктiне дейiнгi көлiк шығындарына ақы төлеуге;
2) ресми түскi ас, кешкi ас, кофе-брейк, фуршеттерге;
3) ресми қабылдауларды музыкалық сүйемелдеуге;
4) сувенирлер, естелiк сыйлықтар сатып алуға;
5) автокөлiктiк қызмет көрсетуге;
6) аудармашылардың қызметтерiне ақы төлеуге;
7) залды жалға алуға;
8) сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган рұқсат берген өзге де шығыстарға арналған шығындар жатады.
Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын, халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретiнде жiберiлетiн мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардың өкiлдiк шығындарына:
1) автокөлiктiк қызмет көрсету;
2) аудармашылардың қызметтерiне ақы төлеу;
3) автокөлiк жүргізушінің және/немесе аудармашының қонақ үйде тұруына және тамақтануына, егер олар Қазақстан Республикасының атынан байқаушы ретінде байкау жүргізілетін жерде тұрақты тұрмаса, ақы төлеу.
4) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды байқау жөніндегі миссиялар жұмысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ұсынатын шот-фактуралары бойынша шығыстарға:
әуежайдан қонақ үйге/қонақ үйден әуежайға трансферге;
қала ішінде жол жүрулерге (байқаушыларды кездесу өтетін жерге/кері тасымалдау);
ел ішіндегі сапарларға (байқаушы орналасқан жерге/жерден);
байланысқа арналған шығыстарға (СИМ-карталар/ұялы телефондарды пайдалану);
брифингке арналған шығыстарға (брифингтер, дебрифингтер өткізу, брифингке материалдар дайындау, кофе-брейктер) ақы төлеу жатады.
398. Сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік органдардың ұсынысы негiзiнде және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте өкiлдiк шығындарға көзделген қаражат көлемiнен шыға отырып, өкiлдiк шығындарды талап ететiн жылдық Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - жоспар) жасайды.
Бiр жыл iшiнде мемлекеттік органдардың ұсынысы негiзiнде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган болжамдалмаған iс-шаралар өткізудiң саяси маңыздылығын және бөлiнген қаражат көлемiн ескере отырып Жоспарды түзете алады.
399. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң республикалық бюджетте өкiлдiк шығындарға көзделген қаражатты бөлу туралы өтiнiштерiн сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган мыналар болған жағдайда қарайды:
1) iс-шаралар өткізу қажеттiлiгiнiң негiздiлiгi;
2) деңгейi мен форматы бойынша делегацияның келу бағдарламалары;
3) iс-шаралар дайындау мен өткізудiң жұмыс жоспары;
4) iс-шараларға қатысушылардың нақты санын растайтын құжаттар;
5) шығыстардың әрбiр ерекшелiгiн негiздей отырып қаржыландыру жоспарлары;
6) осы Ереженiң 398-тармағына сәйкес жоспарда тиiстi iс-шаралардың болуы кезiнде.
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi өкiлдiк шығыстарды өтеуге қаражат бөлу туралы өтiнiш жасаған кезде нақты шығыстарды растайтын құжаттарды да (түбiртектер, шот-фактура, жөнелтпе құжат) ұсыну қажет.
400. Осы Ереженiң 397-тармағының 3), 4), 7) тармақшаларында көзделген өкiлдiк шығындар бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi тауарлар мен қызметтер құнын, сондай-ақ көрсетiлген тауарлар мен қызметтердi ұсынатын ұйымның деректемелерiн көpceтe отырып, заңнамада белгiленген тәртiптiң сақталуын растайтын құжаттарды бередi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 401-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
401. Жоспардың және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң өтiнiштерi негiзiнде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу және демаркациялауға Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесiн және тиiстi бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық бюджетте сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органға көзделген қаражат есебiнен қаржыландыру жүзеге асырылатын трансшекаралық өзендердің су ресурстарын тиiмдi пайдалануға қатысты мәселелермен байланысты өкiлдiк шығындарды, қоспағанда, осы Ереженің 100-қосымшасына сәйкес өкiлдiк шығындардың нормаларына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiне өкiлдiк шығындарға қаражат бөлудi жүзеге асырады.
Өкілдік шығыстарға бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органға Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кейіннен өзгерістер енгізе отырып, өкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның шешіміне оның өзгерісті уақтылы енгізуі үшін өкілдік шығындарға бөлінген ақшаның пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған сомалары туралы мәліметті жібереді.
402. Өкiлдiк шығындарға арналған қаражатты бөлу сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шешiмiмен ресiмделедi.
Iс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасына шақырылатын тұлғалардың қонақ үйде тұруына және баратын пунктiне дейiнгi көлiктiк шығындарына ақы төлеуге, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің шетелдiк сапарлары кезіндегі өкiлдiк мақсаттарға қаражат бөлу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешiмiмен ресiмделетiн халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретiнде жiберiлетiн, республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына автокөлiктiк қызмет көрсетуге және аудармашылардың қызметтерiне ақы төлеуге қаражат бөлу жағдайларын қоспағанда, сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шешiмiмен ресiмделедi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның өкiлдiк шығындарға қаражат бөлу туралы шешiмдерi жоспарланған iс-шаралар басталғанға дейiн қабылданады.
Егер объективтік себептерге байланысты ерекше жағдайларда сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шешiмiн жоспарланған iс-шара басталғанға дейiн қабылдау мүмкiн болмағанда, белгiленген тәртiппен сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның өкiлдiк шығыстарды өтеу туралы шешiмi қабылдана алады.
403. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгiзедi.
ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 404-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
404. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің шетелдiк сапарлары, сондай-ақ республикалық бюджет есебiнен ұсталатын, халықаралық қадағалау миссиясының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретiнде жiберiлетiн мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын жiберу кезiнде өкiлдiк шығындарға қолма-қол шетел валютасын бөлу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
бөлiнген қаражатты айырбастау үшiн сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган Астана қаласының Қазынашылық департаментiнде шетел валютасында шот ашады;
ҚР ҰБ орталық филиалы Астана қаласы Қазынашылық департаментiнiң өтiнiшi бойынша шетел валютасын айырбастауды жүргiзедi және оны шетел валютасындағы шотқа есептейдi;
Астана қаласының Қазынашылық департаментi ҚР ҰБ-ның орталық филиалының үзiндiсi негiзiнде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шетел валютасындағы шотына шетел валютасын есептеудi жүргiзедi;
ай сайын 10-күнiне дейiн сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган Астана қаласының Қазынашылық департаментiне келесi күнтiзбелiк айда тиiстi айдағы жоспарлы тағайындалымдарға барабар сомада қолма-қол шетел валютасын алуға арналған өтiнiм жiбередi;
өкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы қабылданған шешімнің негізінде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті орган уәкілетті тұлғаны көрсете отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қолма-қол шетел валютасын алуға арналған сенімхат береді. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі уәкілетті тұлғаға Ұлттық Банктің Астана қаласындағы орталық филиалында қолма-қол шетел валютасын алу үшін 8-25 «Қолма-қол шетел валютасын алуға төлем тапсырмасы» мен 8-24 «Қолма-қол шетел валютасын алуға өтініш пен Сенімхат» нысандарын береді.
405. Сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган өкiлдiк шығындарға бөлiнетiн қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады.
406. Өкiлдiк шығындарға қаражат алған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органға тоқсан сайын көрсетiлген қаражатты пайдаланғаны туралы есеп, ал өкiлдiк шығындарға қаражат алған тұлғалар iс-шараны өткiзгеннен кейiн
15 күнтiзбелiк күн iшiнде - тиiстi тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатқан ұйымның мөрiмен расталған сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң құны мен көлемiн көрсете отырып, растайтын құжаттарды (түбiртектердi, шот-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды) беруi тиiс.
Осы Ереженiң 404-тармағында анықталған тәртiппен бөлiнетiн қаражат бойынша есеп беретiн тұлға iс-шаралар жүргiзiлгеннен кейiн 30 күнтiзбелiк күннiң iшiнде сыртқы экономикалық қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның валюталық шотына пайдаланылмаған ақшаның сомасын қайтарады және оған гербтiк мөрмен расталған Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің Бастығы немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрінің шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жауапты хатшысының өкілеттігі белгіленген тәртіппен жүктелген лауазымды тұлға), Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы немесе ол өкілеттік берген тұлға республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын халықаралық қадағалау миссиясының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретiнде жiберу кезiнде бекiткен өкiлдiк мақсаттарға арналған шығындар бойынша актiнi, сондай-ақ қолма-қол қаражатты қайтару туралы түбiртектi және ҚР ҰБ орталық филиалының кiрiс ордерiн қайтарады.
407. Өкiлдiк шығындарға бөлiнген қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына жауапкершiлiк республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне жүктеледi.
49-тарау. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану тәртібі
408. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелерi жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн құрылған Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы халықаралық гуманитарлық көмек мәселелерi жөніндегі консультативтiк-кеңесу органы;
көзделмеген шығындар - көзделмегендiгiне байланысты ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу кезiнде жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кезек күттiрмей қаржыландыруды талап ететiн шығындар;
Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмегi - басқа мемлекеттердiң аумағында әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында Қазақстан Республикасы қайтарусыз көрсететiн көмек.
409. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдар резервiнiң қатаң нысаналы мақсаты бар әрi осы Ережеде және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтен ақша бөлу туралы шешiмiнде көзделмеген қажеттiлiктерге пайдаланылмайды.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.22.04. № 385 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 410-тармақ өзгертілді
410. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервiнен ақша бөлу туралы шешiмдерiн дайындау мынадай:
1) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттерде осы мақсаттарға ақша болмаған;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергiлiктi атқарушы органдар резервiнiң ақшасына қажеттiлiк ағымдағы қаржы жылында туындаса және оларға қажеттiлiк мiндеттемелердi тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, орталық мемлекеттік органдардың жергiлiктi атқарушы органдардың соттардың шешiмдерi бойынша өтеу жағдайларын қоспағанда, бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiнiң өткен мiндеттемелерiне байланысты болмаған;
3) Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмек көрсетуге арналған төтенше резервiн пайдаланған жағдайда Комиссияның оң қорытындысы болған жағдайларда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың тиісінше резервінен ақша бөлу туралы қолдаухатқа және жиынтық есеп айырысуларға тиісінше орталық атқарушы органның бірінші басшысының орынбасары немесе жергілікті атқарушы органның басшысы (ол уәкілеттік берген адам) қол қояды. Егер қолдаухат жергілікті атқарушы органдардың сұрауы бойынша берілсе, онда негіздемелер мен есеп айырысуларға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның басшысы немесе өзі уәкілеттік берген адам да қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 165 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 411-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 411-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
411. Қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервінен бөлінген ақшаны пайдаланбаған немесе ішінара пайдаланған жағдайда, бюджеттік бағдарлама әкімшісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті резервіне жіберу жолымен бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін қайтаруды ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті резервтен қаражат бөлу туралы қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен әзірленген және қабылданған негізде қамтамасыз етеді. Тиісті қаулы қабылданғаннан кейін осы Ереженің 5-тарауында айқындалатын тәртіппен тиісті қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстың жергілікті атқарушы органының резервінен алынған ақшаны төмен тұрған бюджет ағымдағы қаржы жылының ішінде толық пайдаланбаған немесе ішінара пайдаланған кезде тиісті жергілікті атқарушы орган ол туралы қаражат бөлген жоғары тұрған бюджет әкімшісіне хабарлайды.
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі тиісті резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысын белгіленген тәртіппен әзірлейді. Тиісті қаулы қабылданғаннан кейін осы Ереженің 5-тарауында айқындалған тәртіппен жоғары тұрған бюджеттің тиісті қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізіледі.
Төмен тұрған бюджеттің бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы тиісті резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысы қабылданғаннан кейін тиісті жергілікті бюджетті белгіленген тәртіппен түзетуді жүзеге асырады.
Төмен тұрған бюджеттің бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоғары тұрған бюджеттің резервінен алынған, толық пайдаланылмаған қаражатты жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының тиісті кодынан қайтаруды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 411-1-тармақпен толықтырылды
411-1. Қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервінен шетел валютасында бөлінген ақшаны пайдаланбаған немесе ішінара пайдаланған жағдайда бюджеттік бағдарлама әкімшісі шетел валютасында бөлінген пайдаланылмаған ақшаның бөлігін резервтен қаражаттың бастапқы жүргізілген шетел валютасын айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайтарылуын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1227 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.22.04. № 385 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 412-тармақ жаңа редакцияда
412. Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізілген жағдайда, төтенше жағдайдың тиісті түрі саласындағы орталық уәкілетті орган заңнамаға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тиісті негіздемелері мен есеп айырысулары бар Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы қолдаухатты ұсынады. Бұл ретте пайда болған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай өңірлік немесе жаһандық ауқым алуға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.14.11. № 1227 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 413-тармақ жаңа редакцияда
413. Жергілікті ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізілген жағдайда тиісті жергілікті атқарушы органның резервінен ақша бөлу туралы қолдаухаттарды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы қарайды.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1227 Қаулысымен 414-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
414. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, оларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың орын алғанын, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу қажеттілігін негіздейтін материалдарды, материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың тиісті негіздемелері мен есептеулерін ұсыну тәртібі мен тізбесін төтенше жағдайдың тиісті түрі саласындағы уәкілетті орган анықтайды.
Төтенше резервтен бұзылған объектiлердi салуға немесе күрделi жөндеуге ақша бөлінген жағдайда құжаттармен қатар, сол сияқты құрылыс жөніндегі уәкiлеттi органның оң қорытындысы берiледi.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1227 Қаулысымен 415-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
415. Өңірлік және жаһандық ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізу қажет болған кезде төтенше жағдайдың тиісті түрі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және/немесе төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізуге ақша бөлу туралы шешім жобасын енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1227 Қаулысымен 416-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
416. Жергілікті ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізу қажет болған кезде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар ауданның және қаланың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органға әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және/немесе төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізуге ақша бөлу туралы шешімнің жобасын енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1227 Қаулысымен 417-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
417. Төтенше резерв ақшасы Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» және «Төтенше жағдай туралы» заңдарында көзделген әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларға бағытталады.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1227 Қаулысымен 418-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)