Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2124 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
397-тармақта:
бірінші бөлікте «қадағалау комиссиясының» деген сөздер «байқау миссияларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
«қадағалау комиссиясының» деген сөздер «байқау миссияларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада «жатады» деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды байқау жөніндегі миссиялар жұмысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ұсынатын шот-фактуралары бойынша шығыстарға:
әуежайдан қонақ үйге/қонақ үйден әуежайға трансферге;
қала ішінде жол жүрулерге (байқаушыларды кездесу өтетін жерге/кері тасымалдау);
ел ішіндегі сапарларға (байқаушы орналасқан жерге/жерден);
байланысқа арналған шығыстарға (СИМ-карталар/ұялы телефондарды пайдалану);
брифингке арналған шығыстарға (брифингтер, дебрифингтер өткізу, брифингке материалдар дайындау, кофе-брейктер) ақы төлеу жатады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |