450. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган БИЖ ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге берілген оң экономикалық қорытынды, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жөніндегі хаты, техникалық тапсырма негізінде мемлекеттік инвестициялық жобалардың (бұдан әрі - МИЖ) инвестициялық ұсыныстары бойынша қорытындылар қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган инвестициялық ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша БИЖ ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге берілген оң экономикалық қорытынды, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жөніндегі хат, техникалық тапсырма негізінде олар бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
451. Бюджет комиссиялары іріктеген инвестициялық ұсыныстарда қамтылған БИЖ бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган, олар бойынша ТЭН-ді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен жүзеге асырылатын БИЖ тізбесін қалыптастырады.
452. Тиісті бюджет комиссиясы қарау нәтижелері бойынша ТЭН-ді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын БИЖ тізбесін, сондай-ақ әрбір жоба бойынша қаржыландыру сомасын айқындайды.
453. БИЖ ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын БИЖ тізбесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі, оларды дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
454. Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға алып келетін БИЖ-дің белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, БИЖ ТЭН-іне түзету жүргізіледі.
455. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері концессиялық ұсыныстарды, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырады.
456. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурстар өткізу туралы шешімдер қабылданған концессиялық жобаларды қоспағанда, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыруға арналған өтінім мыналар:
1) салалық сараптаманың оң қорытындысы;
2) ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге техникалық тапсырманың жобасы;
3) концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу құнының есептемесі қоса берілген концессиялық ұсынысты қамтуы тиіс.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге бөлінген қаражатты игеру кезеңі бір жылдан астам уақытты құрауы мүмкін, бірақ тиісті бюджет комиссиясының ұсынысында айқындалған мерзімнен аспауы тиіс.
457. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстарды сараптаудан өткізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.
458. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстардың сараптама қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органға, сондай-ақ егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
459. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстар сараптамасының оң қорытындысы негізінде және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін ескере отырып, екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурстар өткізу туралы шешімдер қабылданған концессиялық жобаларды қоспағанда, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ концессиялық жобалар ТЭН-інің қажетті сараптамаларын жүргізуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық ұсыныстар сараптамасының оң қорытындысы негізінде және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін ескере отырып, екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурстар өткізу туралы шешімдер қабылданған концессиялық жобаларды қоспағанда, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ концессиялық жобалар ТЭН-інің қажетті сараптамаларын жүргізуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
460. Бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық жобалар бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады.
461. Тиісті бюджет комиссиясы қарау нәтижелері бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тізбесін, сондай-ақ әрбір жоба бойынша қаржыландыру сомасын айқындайды.
462. Концессиялық жобалардың тізбесі, әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі, оларды дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
463. Мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын атқарушы орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердi қаржыландыруға арналған өтiнiмдi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға жiбередi.
464. Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға арналған өтінім мынадай негізгі мәліметтерді қамтиды:
1) концессиялық жобаның атауы;
2) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі туралы ақпарат;
3) көрсетілетін қызметтердің түрлері және мәлімделетін құны.
Өтінімге, сондай-ақ мыналар қоса беріледі:
1) мынадай негізгі мәліметтер көрсетілуі тиіс қызметтер көрсету жөніндегі техникалық тапсырманың жобасы:
көрсетілетін қызметтерді тартудың мақсаты мен міндеттері;
қызметтер ұсынуға қойылатын жалпы талаптар;
қызметтер ұсыну мерзімдері;
қызметтер ұсынудың тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері (индикаторлары);
2) көрсетілетін қызметтердің мәлімделген жалпы құнының негіздемесі;
3) көрсетілетін қызметтер тарту қажеттілігін негіздейтін өзге де мәліметтер.
465. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастырады, ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
466. Тиiстi бюджет комиссиясы қарау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн, сондай-ақ әрбiр жоба бойынша қаржыландырудың түрлерi мен көлемдерiн айқындайды.
467. Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау - концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттамаларды, концессия шарттарының жобаларын әзiрлеудi, комиссияның конкурсқа қатысушымен келiссөздер жүргiзу процесiнде консультациялық қызметтер көрсетудi қамтитын, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды қолдау бойынша заңды тұлғалар көрсететiн қызметтер.
468. Әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тізбесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі, оларды дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
469. Тиісті бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар қаражатының қалған сомасына Тiзбелерге толықтырулар мен өзгерістерді қалыптастыру, тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзу және бекiту осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражаты қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайларда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тиісті бюджетті соңғы нақтылауға дейін бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін қайтаруды қамтамасыз етеді.
Пайдаланылған немесе ішінара пайдаланылған бюджет қаражатын қайтару кейіннен түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, белгіленген тәртіппен әзірленген және қабылданған тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығына немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісіне өзгерістер енгізу туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығы немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісі негізінде республикалық бюджет комиссиясының тиісті шешімінсіз мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бюджеттік бағдарламаларын қалпына келтіру арқылы жүзеге асырылады.
БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражаты қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайларда, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін қайтаруына жол берілмейді.
БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатын пайдаланбағаны не ішінара пайдаланғаны үшін осы қаражатты алған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы жауапты болады.
470. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Тізбелер негізінде БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қамтамасыз етеді.
471. БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
472. БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізуге, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауға арналған шарт бойынша өнім берушінің міндеттемелерінде тиісті сараптамалар өткізу нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсыныстар туындаған, оның ішінде жобаға экономикалық сараптама жүргізген кезде жобаны бюджеттік бағдарламалар әкімшісі пысықтауға қайтарған жағдайда, күнтізбелік отыз күн ішінде шарттың жалпы құны шегінде өнім берушінің БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын, концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша көрсетілетін қызметтерді міндетті пысықтауы туралы талапты қамтуы тиіс.
473. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету бойынша, концессиялық жобаларды консультациялық қолдау iс-шараларын iске асыру барысы туралы ақпаратты, тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 51-тарау тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
51-тарау. Бюджеттік инвестициялар және концессия мәселелері бойынша құжаттаманы сараптамадан өткізуді және бағалауды қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.04. № 427 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 474-тармақ жаңа редакцияда
474. Мыналарды:
1) концессиялық ұсыныстардың сараптамасын қаржыландыруды;
2) республикалық БИЖ ТЭН-нің экономикалық сараптамасын, оның ішінде оларды түзету кезінде;
3) концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасының сараптамасын, оның iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген кезде;
4) концессионердi таңдау жөніндегі конкурсты өткiзу кезiнде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтiнiмдер сараптамасын;
5) концессия шарттары жобаларының сараптамасын, оның iшiнде концессия шарттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген кезде;
6) мемлекет кепілгерлігін алуға концессионер ұсыныстарының сараптамасын;
7) мемлекеттiк кепiлдiктердi ұсыну үшiн инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын;
8) республикалық бюджет қаражаты есебiнен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы іске асыру жоспарланып отырған бюджеттiк инвестициялардың экономикалық сараптамасын, оның ішінде оларды түзету кезінде;
9) концессиялық жобалардың iске асырылуын бағалауды;
10) БИЖ-дің іске асырылуын бағалауды;
11) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды;
12) ТЭН-ді әзірлеуді және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыруын талап ететін БИЖ-дерді бюджеттік кредиттеу сараптамасын бюджеттiк инвестициялар мен концессия мәселелерi бойынша құжаттама сараптамасын және бағалауды қаржыландыру деп түсiну қажет.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 475-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
475. Сараптамаларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламасының қаражаттары есебінен бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманы бағалау қаржыландыру процесі мынадай:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптаманы және бағалауды қаржыландыру өтінімдерін беруі;
2) сараптамаларды өткізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды тарту және бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманы бағалау;
3) сараптамаларды қаржыландыру сияқты негізгі кезеңдерді қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді және бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманы бағалау.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 476-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
476. Бюджеттік бағдарламаның әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманың сараптамасы мен бағалауын қаржыландыруға Өтінімдер береді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 477-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
477. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптамалар мен бағалау өткізу үшін концессиялық заңнамада белгіленген мерзімде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды тартады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 478-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
478. Бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша сараптамалар қорытындылары бойынша оң немесе теріс қорытынды шығарылады немесе пысықтауға жіберіледі, ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 479-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
479. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ұсынған бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптамалар және бағалау негізінде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым орындалған жұмыстар актісіне қол қояды.
480. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым арасындағы қаржыландыру және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бюджеттік заңнамада және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен шарттар жасасу арқылы жүзеге асырылады.
52-тарау. Концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру тәртібі
481. Концессиялық жоба бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы (бұдан әрі - өтемақы) - бұл концессионердің инвестициялық шығындарының белгілі бір көлемін республикалық немесе жергілікті бюджеттен өтеу.
482. Өз қызметін ол бойынша өтемақы төлеу көзделген концессиялық шарт бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді қалыптастыру табиғи монополиялар саласындағы заңнамада айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
483. Концессионердің инвестициялық шығындары - бұл концессионердің концессия объектісін салуға (құрылысы) немесе қайта құруға кеткен шығыстары.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 484-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
484. Өтемақы беру туралы шешімді концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 485-тармақ жаңа редакцияда
485. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер - жасалған концессия шарттары бойынша концеденттің белгілі бір күнге қабылдаған және орындамаған қаржы міндеттемелерінің сомасы бойынша концеденттің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.
Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер мыналарға:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелері;
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелері болып бөлінеді.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 486-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
486. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелер қабылдауын әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 487-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
487. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелер қабылдауын әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.04. № 427 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 488-тармақ жаңа редакцияда
488. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде инвестициялық шығындар өтемақысын көздейтін концессиялық құжаттама сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 489-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
489. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің жиынтық құны «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3) тармақшасына сәйкес концессия шартының шеңберінде концессионер қаражаты есебінен концессия объектісін құру (реконструкциялау) құнынан аспауы тиіс. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің жиынтық құнын есептеуге концессионерге концессия объектісін құру үшін берілетін жер учаскелерінің немесе концессия шарты шеңберінде реконструкцияланып жатқан концессия объектісі орналасқан жер учаскелерінің құны кірмейді.
490. ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
491. ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
492. Өтемақыны төлеу концессия объектісі пайдалануға енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2014.30.04. № 427 Қаулысымен 493-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
493. Өтемақыны төлеуді Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде концедент жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 494-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
494. Өтемақы төлеу концессия шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 494-1-тармақпен толықтырылды
494-1. Егер концессия объектісінің құны оны мемлекеттік қабылдау комиссиясы қабылдап алғаны туралы актіге қол қойылғаннан кейін салынған объектіні пайдалануға қабылдау кезінде бұрын жоспарланған құннан төмен болған жағдайда, төлеуге жататын өтемақы мөлшері төмендейді.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 494-2-тармақпен толықтырылды
494-2. Өтемақы төлеудің ең жоғары көлемі концессия шартымен белгіленеді. Концессионер концессия шартының талаптарын тиісінше орындамаған жағдайда, инвестициялық шығындар өтемақысын төлеудің нақты көлемі концессия шартында қамтылған, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша міндеттемелерді концессионердің орындауын бағалау критерийлерінің негізінде концессия шартында белгіленген төлемнің ең жоғары көлемімен салыстырғанда төмендейді.
Өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін ұстап қалу мөлшері концессия шартымен айқындалады.
Концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуі жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 наурызына дейін концессионер мен концедент арасында қол қойылатын актімен расталады.
Концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзушылықтары болмаған жағдайда, концессионерге өтемақы төлеудің ең жоғары көлемі төленеді.
495. Өтемақыны төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2014.30.04. № 427 Қаулысымен 496-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
496. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде концессия шарттарының талаптарын ескере отырып, концедент қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2014.30.04. № 427 Қаулысымен 497-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)