202. Төлеуге берілетін шотта «ағымдағы» не «түпкілікті» төлемінің мәртебесі көрсетіледі.
«Ағымдағы» мәртебесі бар төлеуге берілетін шот - тіркелген шарттың талаптарына сәйкес тауарларды беруге (орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге) аралық төлемді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұсынатын («Қазынашылық-клиент» АЖ қалыптастырылатын) төлеуге берілетін шот.
«Түпкілікті» мәртебесі бар төлеуге берілетін шот - растайтын құжаттар қоса беріле отырып (тіркеліп), тіркелген шарттың талаптарына сәйкес берілген тауарларға (орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге) түпкілікті төлемді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұсынатын («Қазынашылық-клиент» АЖ қалыптастырылатын) төлеуге берілетін шот.
Шарт жасау талап етілмейтін және аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркеу талап етілмейтін шығыстар бойынша экономикалық сыныптама шығыстарының түрлері бойынша төлеуге берілетін шотта «түпкілікті» мәртебесі көрсетіледі.
Төлеуге берілетін шотта төлемнің «ағымдағы» мәртебесі көрсетілетін жалақы бойынша аванстық төлемдерді жүргізу айырықша жағдай болып табылады, ал орындалған кезең үшін жалақы бойынша төлемдерді жүргізген кезде - «түпкілікті» мәртебесі көрсетіледі.
Үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша төлемдер бірлесіп қаржыландыру қаражаты есебінен жүргізілген кезде қаржы жылының ішінде төлеуге берілетін шотта «ағымдағы» мәртебесі, ал ағымдағы қаржы жылының түпкілікті сомасына төлеуге берілетін шотты өткізу кезінде «түпкілікті» мәртебесі көрсетіледі.
Мемлекеттiк мекеме демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың және мақсатты қаржыландырудың ҚБШ төлемдер мен ақша аударымын жүргiзген кезде төлеуге берiлетiн шоттарда «түпкiлiктi» мәртебесi көрсетiледi.
ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 25-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25-тарау. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа ақшапай төлемақыларды, жеке тұлғаларға стипендияларды және басқа да төлемақыларды төлеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру, міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аудару тәртібі
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 203-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
203. Мемлекеттік мекеменiң қызметкерлерiне барлық төлем қолма-қол ақшалай емес нысанда жүзеге асырылады, бұл ретте мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы мен басқа да ақшалай төлемақыларды, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемақыларды төлеу олардың сомасын ақша алушының таңдауы бойынша банкте ашылған карт-шоттарға немесе жинақ ақша шотына есептеу жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы мен басқа да ақшалай төлемақыларды, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемақыларды төлеу:
төлем карточкаларының қолданылу мерзімі бітуіне не төлем карточкаларын жоғалтқан кезде жұмысқа қайта қабылданған қызметкерлерге төлем карточкасын дайындаған;
мемлекеттік мекеменiң орналасқан жері бойынша банктің және олардың пункттарының немесе төлем карточкаларына қызмет көрсету бойынша құрылғылардың жоқ болған;
сайлау комиссиялары мүшелерiнiң, консультанттардың, сарапшылардың, сараптамалық лингвистикалық комиссия мүшелерiнiң және Қазақстан Республикасының сайлау мен республикалық референдум туралы заңнамасына сәйкес сайлауды және референдумды өткізуге қатысатын басқа тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау жөніндегі заңнамасында көзделген жалақыны өтеу үшiн олардың негiзгi жұмыс орны бойынша мәслихат кандидаттарының, депутаттарының қарт-шоты немесе жинақ ақша шоты болмаған жағдайларда мемлекеттік мекеменiң кассасы арқылы жүзеге асырылады.
204. Ақша алушы банкпен осы Ереженің 77-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаның жинақ ақша шоты шартын немесе 78-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменiң қызметкерiне банк карточкасын беру және оған қызмет көрсету туралы шартты (бұдан әрi - салым шарты) дербес жасасады.
205. Ақша алушы мемлекеттік мекемеге банкте ашылған салымдар бойынша қарт-шоттың немесе жинақ ақша шотының нөмiрiн, салым шартының нөмiрi мен күнiн және банк деректемелерiн көрсете отырып, ақша төлемiнiң тиесiлi сомасын аударуға өтiнiш бередi.
206. Мемлекеттік мекеме ақша алушылар салым шартын жасасқан әрбiр банкпен осы Ереженің 79-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банктiк қызмет көрсету шартын жасасады және оларға қойылған қолдар мен мөр бедері үлгiлерi бар құжатты ұсынады.
Қойылған қолдар мен мөр бедерінің үлгiлерi бар құжатты мемлекеттік мекеме ҚР ҰБ белгiлеген нысан бойынша және тәртiппен ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 207-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
207. Мемлекеттік мекемелер жалақыны төлеуге арналған төлеуге берілетін шоттарды қағаз тасығышта, аумақтық қазынашылық бөлімшесімен Келісім жасасқан жағдайда «Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы электрондық түрде ай сайын 28-і күніне дейін, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында - жиырмасыншы желтоқсанға дейін аумақтық қазынашылық органдарына береді.
Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне жалақыны төлеуге арналған төлеуге берiлетiн шоттарды ұсынуды мемлекеттік мекеме орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен белгiленетiн оларды төлеу мерзiмiне және кезеңдiлiгiне сәйкес жүзеге асырады. Жалақыны төлеу мерзiмi мен кезеңдiлiгiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесiн әзiрлеу кезiнде ескеруi тиiс.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 208-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 208-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
208. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа да ақшалай төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар мен басқа да төлемдерді олардың ағымдағы шоттарына немесе салымдар, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша банкте ашылған жинақ ақша шоттарына аудару жөніндегі төлемдерді жүргізу үшін төлеуге қағаз тасығышта берілетін шоттармен бірге мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ҚБЕО белгілеген хабарламалар пішімінде ақшаны алушылардың тізімін ұсынады. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрге төлем шоттарын беру кезінде ҚБЕО белгілеген хабарламалардың электрондық пішімінде ақша алушылардың тізімі қоса тіркеледі және мемлекеттік мекеме бухгалтерінің және/немесе басшысының ЭЦҚ қойылады.
Мемлекеттік мекеме осы Ережеге 80-қосымшаға сәйкес 5-15 А «Ақша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi көшiрме (мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы және басқа да ақшалай төлемдер, стипендиялар, жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына немесе ақша алушылардың жинақ шоттарына төлемдер және әлеуметтiк аударымдар бойынша)» нысаны бойынша ақша алушының тиісті шотына жүргізілген төлемдер бойынша ақша алушылардың тізімін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 209-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 209-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 209-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
209. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерді, жеке тұлғаларға стипендиялар мен басқа да төлемдерді ағымдағы шоттарға немесе міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды ақша алушылардың жинақ шоттарына аудару жөніндегі төлемдерді жүргізгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы осы Ережеге 80-қосымшаға сәйкес 5-15а «Ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірме (мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа да ақшалай төлемақы, стипендиялар, жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына немесе ақша алушылардың жинақ шоттарына төлемдер және әлеуметтік аударымдар бойынша)» нысаны бойынша ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірмені (бұдан әрі - үзінді көшірме) қалыптастырады. Үзінді көшірме операциялық күн жабылғаннан кейін қалыптастырылады. Үзінді көшірменің әрбір беті төлем жүргізу күнін көрсете отырып, жауапты орындаушының қойылған қолымен және мөртабан бедерімен куәландырылады және осы Ереженің 196-тармағында көзделген құжаттармен бірге мемлекеттік мекемеге беріледі.
«Қазынашылық-клиент» АЖ жұмысы үшін аумақтық қазынашылық бөлімшелерімен Келісім жасасқан мемлекеттік мекемелер «ақша алушылардың тиісті шоттарына арналған жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірмелер (бұдан әрі - үзінді көшірме) (мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы мен басқа да ақшалай төлемдер, жеке тұлғалардың карта-шотына немесе ақша алушылардың жинақтаушы шотына стипендиялар, төлемдер және әлеуметтік аударымдар)» 5-15А нысаны бойынша ақша алушылардың тиісті шотына арналған жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірмелерді осы Ережеге 80-қосымшаға сәйкес қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 210-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
210. Үзінді көшірмелер мемлекеттік мекеме олардың негізінде ақша алушылардың тізімін және тиісінше ақша алушылардың ағымдағы шоттарға немесе жинақ ақша шоттарына, Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры аударылған соманы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа да ақшалай төлемақылар, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемақылар бойынша бастапқы құжаттардың деректерімен жолма-жол салыстырып тексеруді жүзеге асыратын құжаттар болып табылады. Үзінді көшірмелерді мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа ақшалай төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемдер бойынша бастапқы құжаттармен бірге тігеді және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде сақталады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 210-1-тармақпен толықтырылды
210-1. Жалақы бойынша төлемдерді қайтару сомасы осы Ереженің 80-1-қосымшасына сәйкес 5-56 «Жалақы бойынша төлемдерді қайтару жөніндегі есеп» нысанындағы есепте көрсетіледі, зейнетақы төлемдерін қайтару сомасы осы Ереженің 80-2-қосымшасына сәйкес 5-57 «Зейнетақы төлемдерін қайтару жөніндегі есеп» нысанындағы есепте көрсетіледі.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер көрсетілген есептерді дербес жасайды.
26-тарау. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген шарт талаптарына сәйкес төлемдердi жүргiзуге
арналған төлеуге берiлетiн шоттарды ұсынудың және орындаудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 211-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 990 Қаулысымен 211-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
211. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарт талаптарына сәйкес төлемдерді жүргізу үшін мемлекеттік мекеме қағаз тасығышта төлеуге берілетін шоттардың тізілімін, төлеуге берілетін шоттарды және:
тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде - шот-фактураның, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың көшірмелерін, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезінде - акт жасалмайтын қызметтерді қоспағанда, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге құжат түрінің (бұдан әрі - растаушы құжаттар) көшірмесін, сондай-ақ шарт құнына ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайлардың, ғимараттардың, құрылыстардың, жолдардың және басқа да объектілердің күрделі жөнделуіне байланысты жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын даярлау құны енген шығыстар бойынша аванстық төлемнен кейінгі төлемді жүргізу кезінде қосымша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының көшірмесін;
шетел валютасында төлемдер жүргізу кезінде шетел валютасын сатып алу үшін төлеуге берілетін шоттарды ұсыну кезінде шетел валютасын айырбастауға өтінімді;
осы Ереженің 81-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса қаржыландыру қаражатын немесе байланысқан гранттарды жұмсаған кезде үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысқан гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражатын алуға өтінімді ұсынады.
Төлем жүргізу кезінде «Қазынашылық - клиент» АЖ тіркелген шарт талаптарына сәйкес мемлекеттік мекеме осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған, мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің цифрлық қолтаңбасы қойылған сканерленген құжаттарды қамтитын файлдарды қоса бере отырып, төлеуге берілетін шоттың электрондық үлгісін толтырады.
Шетел валютасында төлемдер жүргізген кезде «Қазынашылық - клиент» АЖ тіркелген шарт талаптарына сәйкес мемлекеттік мекеме Ереженің осы тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, шетел валютасына айырбастауға арналған өтініммен төлеуге берілетін шоттың электрондық үлгісін қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 212-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 212-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
212. Тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша алдын ала (аванстық) төлеуді қоспағанда, жүргізген кезде растайтын құжаттың барғандығын тексеру үшін және төлеуге берілетін шотқа берілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) төлеу мақсатында мемлекеттік мекеме басшысының немесе оларға уәкілетті тұлғаның қойған қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылған растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі, аумақтық қазынашылық бөлімшелерімен Келісім жасалған жағдайда - «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде мемлекеттік мекеменің басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылған құжатты растайтын түпнұсқадан сканерлеген бейне қоса тіркеледі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 213-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
213. Аванстық (алдын ала) төлемді жүргізу үшін мемлекеттік мекеме төлеуге берілетін шоттардың тізілімін (аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне төлеуге берілетін шоттарды қағаз тасығышта берген жағдайда) және төлеуге берілетін шоттарды береді.
Шарт сомасының 100% мөлшерiнде аванстық (алдын ала) төлемдi жүргiзу үшiн төлеуге берiлетiн шот «түпкiлiктi» мәртебесiмен хабарлама жасалмай берiледi.
Аванстық (алдын ала) төлем сомасын өтеу ағымдағы қаржы жылында мемлекеттік мекеме жасаған азаматтық-құқықтық мәмiле шарттарында көзделген тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) жеткізу көлемдерiмен және оларды жеткізу құжаттарымен қаржы жылының iшiнде расталады.
Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) келесi ақы төлеу тауарларды беруге (жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге) арналған шартта анықталған және ағымдағы қаржы жылының соңына дейiн алдын ала ақы төлеу сомасын алынған жеткізулер (жұмыстар, қызметтер) көлемiмен растауды қамтамасыз ету үшiн келесi ақы төлеудiң мөлшерiн белгiлейтiн тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.
214. Егер шарт бойынша алушының жауапкершiлiк тәуекелi сақтандырылса (шартты бұзғаны үшiн алушы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру шартын жасасқан) онда мемлекеттік мекеменiң ақша алушының дәрменсiздiгiне байланысты онымен шарт бұзу қажеттiлiгi болған кезде аванстық (алдын ала) төлем сомасының қалдығын немесе барлық сомасын қайтаруды сақтандырушы заңды тұлға жүзеге асырады.
27-тарау. Шарт жасамай-ақ төлемдердi жүргiзуге арналған төлеуге берілетін шоттарды ұсыну және орындау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2011.20.06. № 667 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 990 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 215-тармақ өзгертілді
215. Мемлекеттік мекеменің Осы Ереженiң 208-тармағында көзделген шығыстарды қоспағанда шарт жасамастан не аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелуді талап етпейтін БСК шығыстары бойынша шарт жасаса отырып, шығыстардың түрлерi бойынша төлемдер жүргiзуі үшiн негідеме:
тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде - шот-фактуралардың, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың көшірмелері, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезінде - акт жасалмайтын қызметтерді қоспағанда, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге құжат түрі (бұдан әрі - растаушы құжаттар);
қолма-қол ақшаны және чекті алуға арналған өтінім;
сот мөрінің бедерімен расталған заң күшіне енген шешім не ұйғарым не қаулы не сот бұйрығы;
инкассолық өкім;
жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы болып табылады.
Сатып алынуы бiрнеше шығыстардың БСК бойынша жiктелетiн шарт жасамай-ақ тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу кезiнде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) бiрнеше түрлерiне бiр құжатты ресiмдеген жағдайда төлеуге берiлетiн шотты жасау әрбiр шығыстардың БСК бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте құжаттың қорытынды сомасы барлық төлеуге берiлетiн шоттардың қорытынды сомасына сәйкес келуi тиiс.
Шарт жасаусыз негiзiнде мемлекеттік мекеме тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуды жүзеге асыратын құжатта мынадай ақпараттың болуы мiндеттi:
мемлекеттік мекеменің атына құжат ресімделген атауы (аумақтық қазынашылық бөлімшесінің және мемлекеттік мекеменің жұмысын қиындатпайтын ұйымдастыру-құқықтық нысанының атауын және мемлекеттік мекеменің атауын қысқартуға жол беріледі);
ақша алушының, оның iшiнде алушы банктiң деректемелерi,
ағымдағы қаржы жылында жүзеге асырылуы тиiс ресiмдеу күнi (күн, ай, ағымдағы қаржы жылы);
тауардың (жұмыстың, қызметтің) атауы, саны мен (ҚҚС сомасын не ҚҚС болмауын міндетті түрде көрсете отырып) сомасы;
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 216-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
216. Төлемдер жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне банкте алынған қолма-қол ақшаны қалпына келтіруге және банк қызметтерін өтеуге төлеуге берілетін шоттармен бірге ұсынылатын қолма-қол ақшаны және чекті алуға өтінімдерді қоспағанда, аумақтық қазынашылық бөлімшесімен Келісім - «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы электрондық түрде жасалған жағдайда, осы Ереженің 215-тармағында санамаланған құжаттарды растайтын қағаз тасығыштағы қосымшасыз төлеуге берілетін шотты ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 216-1-тармақпен толықтырылды
216-1. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруды бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шарт жасаспай, төлеуге берілетін шот негізінде жүзеге асырады.
Бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісі, осы Ережеге 75-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлеуге берілетін шоттардың тізілімін және нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін төлеуге берілетін шоттарды 2 данада аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жібереді.
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 28-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ақша аудару тәртібі және инвестициялық жобаларды іске асыруға оларды пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік тапсырманы орындауға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ақша аудару
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 217-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
217. Жарғылық капиталында мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталын арттыруға және заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеу үшін олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталын арттыруға ақша аудару, бағалы қағаздар нарығын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның тиісті куәлігімен расталатын жарияланған акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркегеннен кейін жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің заңды тұлғалардың жарияланған акцияларына ақы төлеуге берілетін шотты аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне жарияланған акциялардың (бағалы қағаздардың) шығарылымын мемлекеттік тіркеусіз ұсынуға жол берілмейді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі заңды тұлғалардың жарияланған акцияларына ақы төлеуге берілетін шоттың негізділігі мен заңдылығын қамтамасыз етеді.
Жарияланған акцияларға (бағалы қағаздарға) ақы төлеу шотына ақша аударылғаннан кейін заңды тұлға бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамада белгіленген мерзімде мемлекеттік меншікке иелік ету жөніндегі уәкілетті органның шотына төленген акцияларды есептеуді қамтамасыз етеді.
Бюджеттік инвестицияларды ұлттық холдингтердің және ұлттық басқарушы холдингінің жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асырылған кезде, көрсетілген заңды тұлғалардың акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы жоқ бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес ұлттық холдингтердің және ұлттық басқарушы холдингінің акцияларының эмиссиясын төлей алады.
Жарғылық капиталында мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және кейінге қалдыру шарты бар жобаларды іске асыру шеңберінде заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеуге олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аудару бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, олар бойынша акцияларды немесе заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу үлестерін төлеу жөніндегі міндеттемелерді қабылдау және төлемдер жасау рұқсат етілетін бюджеттік инвестициялардың тізбесімен хабарлама-хаттың көшірмесін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2014.22.04. № 385 Қаулысымен 217-1-тармақпен толықтырылды
217-1. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе арттыруға төлем жүргізген кезде бюджеттік бағдарлама әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлемге шотты («Қазынашылық-клиент» АҚ - қалыптастырады) және қаржылық-экономикалық негіздемесіне немесе техникалық-экономикалық негіздемесіне (жобалау-сметалық құжаттама) сәйкес төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың (шот-фактуралар немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт), жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді орындаған кезде - орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмелерін) көшірмесін («Қазынашылық-клиент» АҚ - сканерленген бейнесін тіркейді), жарияланған акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне квазимемлекеттік сектор субъектісі ұсынатын басқару органдарының тиісті шешімін ұсынады.
Бұл ретте, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысының көшірмелерін қоса бере отырып, қаржылық-экономикалық негіздеменің көшірмелері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысының көшірмелерін қоса бере отырып, кейіннен толықтырулар мен өзгерістерді ескере отырып, қаржылық-экономикалық негіздемені беру арқылы әрбір инвестициялық жобаға аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бір рет беріледі.
Мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған аванстық төлемдердің сомаларын қоспағанда, төлемдерді жүргізген кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлемге шотты («Қазынашылық-клиент» АҚ - қалыптастырады) және техникалық-экономикалық негіздемесіне (жобалау-сметалық құжаттамаға) сәйкес төлем негізділігін растайтын құжаттардың (шот-фактуралар немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт), жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді орындау кезінде - орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмелері) көшірмесін («Қазынашылық-клиент» АҚ - сканерленген бейнесін тіркейді) ұсынады.