175-1. Осы Ереженің 175-тармағының талаптары халықаралық ұйымдармен және донор-елдермен жасалған байланысты гранттарды іске асыру бойынша шартқа қолданылмайды.
176. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi өтiнiмдi мыналарға:
белгiленген нысанға сәйкестiгiне;
өтiнiм деректемелерiнiң шарт деректемелерiне сәйкестiгiне;
мемлекеттік мекеме атауының және кодының оның Мемлекеттік мекемелер анықтамалығында көзделген атауына және кодына сәйкестiгiне;
ақша алушы деректемелерiнiң Ақша алушылар анықтамалығында көзделген деректемелерге сәйкестiгiне;
өтiнiмдегi қойылған қолдардың және мөр бедерінің қойылған қолдардың және мөр бедері үлгiлерi бар құжатқа сәйкестiгiне;
осы Ереженiң 165, 167-тармақтарында көзделген құжаттардың бар болуына;
жазылған соманың санмен берiлген сомаға сәйкестiгiне;
шартты бiрнеше бюджеттік бағдарлама бойынша немесе бюджет шығыстарының әрбір БСК бойынша бір бюджеттік бағдарлама шеңберiнде жасасқан жағдайда, барлық өтiнiмдердiң бiр уақытта берiлуіне;
өтiнiмнiң қолданылу мерзiмiнде берiлуiне тексерудi жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 177-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 177-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.22.04. № 385 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 177-тармақ өзгертілді
177. Өтінім оған қоса берілген құжаттарға не шарт осы Ереженің 151-163, 175, 176-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, аумақтық қазынашылық бөлімшесі өтінім мен оған қоса берілген құжаттарды мынадай жағдайларда:
1) қабылдау кезеңінде сәйкессіздік байқалса, мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге өтінім тізіліміне қайтару туралы соғылған белгімен хат ресімдемей;
2) қабылдағаннан кейін тексеру барысында сәйкессіздік байқалса, оларды аумақтық қазынашылық бөлімшесіне берген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі басшысының қойылған қолымен жазбаша түрде қайтарады, бұл ретте өтінімнің екінші данасы хаттың екінші данасымен қалады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша өтінімнің электрондық түрі оған тіркелген құжаттарға не осы Ереженің 175, 176-тармақтарында белгіленген шарт талаптарына сәйкес келмеген кезде, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасап, қабылдамау себептерін көрсете отырып, өтінімді қабылдамайды.
22-тарау. Шартты тiркеу туралы хабарламаны қалыптастыру және беру
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 178-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 178-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
178. Шартты тіркеу туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) мемлекеттік мекеменің ақша алушымен жасасқан шартының (қосымша келісімінің) тіркелуін растайтын құжат болып табылады.
Хабарлама аумақтық қазынашылық бөлімшесінде шарт (қосымша келісім) нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеген кезде ғана беріледі.
Хабарлама ҚБАЖ-да бекітілген өтінім деректемелерінің негізінде ҚБАЖ-да қалыптастырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 179-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 179-тармақ өзгертілді
179. Хабарлама мемлекеттік мекемеге аумақтық қазынашылық бөлімшесіне өтінімді берген күннен кейін 2 жұмыс күні ішінде беріледі.
Шартты (қосымша келісімді) тіркеу кезінде хабарлама осы Ереженің 69-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі - 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама) беріледі.
«Қазынашылық-клиент» АЖ пайдалану кезінде мемлекеттік мекемелер 5 (бес) миллион теңгеден аспайтын сомаға 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны дербес қалыптастыра алады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ-да 5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға хабарлама қалыптастыруды аумақтық қазынашылық бөлімшесі жүзеге асырады және мемлекеттік мекемеге қағаз тасығышта береді.
180. Шартты (қосымша келісімдi) тіркеу кезінде мынадай:
5 (бес) миллион теңгеден аспайтын сомаға тiркеу кезiнде 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама үш данада қалыптастырылады;
5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға тiркеу кезiнде 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама төрт данада қалыптастырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 181-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
181. Мыналар:
тiркелген шарттың сомасы;
шарттың қолданылу мерзiмi ағымдағы қаржы жылынан асып кететiн ағымдағы қаржы жылына арналған тiркелген шарттың сомасы;
тараптардың атауларын қоспағанда, тараптардың деректемелерi;
бұрын ҚБАЖ-да қалыптастырылған хабарлама жабылатын және 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңа Хабарлама қалыптастырылатын қосымша келісім тіркелген жағдайда өзгертіледі.
Тараптардың атауы өзгергертілген қосымша келісім ұсынылған жағдайда, 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны жаппастан Хабарлама түзетiледi.
ҚБАЖ-да, оның негiзiнде қолданылу мерзiмi бiр қаржы жылынан асып кететiн бұрын тiркелген шарттың ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасы тiркелетiн өтiнiмдi бекiткен кезде 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарлама ағымдағы қаржы жылының сомасына қалыптастырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 182-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
182. Қағаз тасығыштағы 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаға аумақтық қазынашылық бөлімшесінің бірінші басшысы (немесе ол уәкілеттік берген тұлға) қол қояды, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты атқарушысының қолымен, мөртабан бедерімен ресімделіп құжаттың қайта өңдеу күні қойылады, сондай-ақ елтаңбалық мөр бедерімен куәландырылады.
Бұл ретте 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама бірнеше бетте қалыптастырылған жағдайда құжаттың әр бетіне қол қойылып, мөр бедерімен ресімделіп құжаттың қайта өңделген күні қойылады.
Мемлекеттік мекеме «Қазынашылық-клиент» АЖ электрондық түрде қалыптастырылған хабарламаға аумақтық қазынашылық бөлімшесі қол қоймайды.
183. Хабарламаның 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiр данасы шарттың (қосымша келісімнің) көшірмесімен бірге аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады, қалған даналары шарттың (қосымша келісімнің) әр бетi мөртабандалған түпнұсқасымен бірге мемлекеттік мекемеге беріледі.
184. Мемлекеттік мекеме ақша алушыға орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменiң басшысы мен бас бухгалтерi қол қойған және мемлекеттік мекеменiң елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырылған мыналарды:
шартты (қосымша келісімдi) 5 (бес) миллион теңгеден аспайтын сомаға тiркеу кезiнде алынған 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi хабарламаның бiреуiн;
осы шартты (қосымша келісімдi) 5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға тiркеу кезiнде алынған 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш хабарламаның екеуiн бередi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 185-тармақ өзгертілді
185. Ақша алушы 5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға тiркелген шарт (қосымша келісім) бойынша алынған 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi хабарламаны алғаннан кейін 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаның бiр данасын оған ағымдағы шотты ашқан екiншi деңгейдегi банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға (бұдан әрi - банк) бередi.
Ақша алушы 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаның кейіннен мемлекеттік мекемеде қалатын екінші данасына қол қояды және дәл және анық мөр бедерімен куәландырады. Бұл ретте ақша алушы қол қоюды және мөр бедерін басуды мемлекеттік мекеменiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген шарт (қосымша келісім) бойынша түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзуi үшiн жүзеге асырады. Ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
Егер ақша алушы жеке кәсіпкер немесе мөрі жоқ жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлға болып табылатын жағдайда 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламада оның қойылған қолы ғана болады.
Мемлекеттік мекеме тіркелген шарт (қосымша келісім) бойынша соманы тиісті бюджет кірісіне аударған жағдайда ақша алушы 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаға қол қоймайды.
ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 186-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
186. Мемлекеттік мекеме «түпкілікті» мәртебесі бар төлеуге берілетін шотқа қоса аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақша алушының қойылған қолдары және мөр бедерлері бар осы Ережеге 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны ұсынады.
«Түпкілікті» мәртебесі бар төлеуге берілетін қағаз тасығыштағы шотты жүргізгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесі осы Ережеге 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны (бұдан әрі - 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама) екі данада қалыптастырады. Хабарламаға 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты атқарушысы қол қояды және құжатты қайта өңдеу күнін қоя отырып, оның мөртабанымен куәландырады. 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаның бір данасы орындалған және тіркелген міндеттемелердің есебін жүргізу үшін мемлекеттік мекемеге, екінші данасы - мемлекеттік мекеменің қабылданған міндеттемелерін жабу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде мемлекеттік мекеме 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны дербес қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 187-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 187-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
187. Бюджет қаражатының жұмсалуына мониторингтi және мемлекеттiк мекеменiң қабылданған мiндеттемелерi бойынша егжей-тегжейлi ақпарат алуды қамтамасыз ету үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi осы Ережеге 71-қосымшаға сәйкес 4-09 «Мерзiмдi мiндеттемелер бөлшектерi» нысанындағы есебiн және мемлекеттiк мекеменiң сұратуы бойынша берiлетiн осы Ережеге 72-қосымшаға сәйкес 4-12 «Орындалмаған мiндеттемелердiң бөлшектерi» нысанындағы есебiн, сондай-ақ осы Ережеге 31-қосымшаға сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысанындағы есептi ай сайын және мемлекеттік мекеменің және/немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің сұратуы бойынша айдың 1 және 16 күніндегі жағдай бойынша ведомстволық бағынысты мекемелер бөлінісінде қалыптастырады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер 4-09 «Кезеңді міндеттемелердің бөлшектері», 4-12 «Орындалмаған міндеттемелердің бөлшектері», 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» есептерін дербес қалыптастырады.
23-тарау. Төлемдер мен ақша аударымдарын ұлттық валютамен жүзеге асыру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.08.12. № 1321 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 188-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 188-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 188-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
188. Мемлекеттік мекемелердің төлемдері мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттік мекемелер шоттарындағы қалдықтар, сондай-ақ төлемдер бойынша жеке жоспардың жоспарлы тағайындаулары мен шартты тіркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегінде жүргізіледі. Мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының және шетел валютасындағы шоттарының жеке сәйкестендіру кодтары осы Ережеде белгіленген тәртіппен беріледі және тиісті аумақтық қазынашылық бөлімшелері мен мемлекеттік мекемелердің назарына жеткізіледі.
Жеке жоспар шығыстарының бюджеттік сыныптамасының тиісті коды бойынша жоспарлы тағайындау болмаған не жеткіліксіз болған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлімшесі төлеуге берілетін шотты орындамай қайтарады.
Тиісті бюджеттердің ҚБШ-да ақша жеткіліксіз болған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесі бірінші кезекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен айқындалған бюджет шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдер жүргізеді, қалған төлемдер төлеуге берілетін шоттардың түсу кезектілігі тәртібімен жүргізіледі. Бұл ретте қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде түскен ҚБАЖ-ға енгізілген төлеуге берілетін шотты орындау үшін ақша болмаған не жеткіліксіз болған жағдайда, төлеуге берілетін шот қайтару себебін негіздей отырып, келесі күні орындалмастан мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
Тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында ақша жеткіліксіз болған жағдайда салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, салық органдары және (немесе) уәкілетті органдардың құзыреті шегіндегі салықтық емес төлемдердің артық төленген сомаларын салық төлеушілерге қайтаруға төлем тапсырмаларын аумақтық қазынашылық бөлімшесі орындауға қабылдамайды.
БҚШ-дан ақшаны есептен шығару бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен ҚБЕО төлем жүйелері арқылы жіберілген электрондық төлем құжаттары негізінде жүргізіледі.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның немесе мәслихат шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламентіне немесе мәслихатқа енгізілген күннен бастап, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ұсынған деректердің негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның нұсқауы бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесі жоспарлы тағайындауларды азайту жоспарланатын бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар), ерекшеліктер бойынша төлемдер жүргізуді тоқтата тұрады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша төлемге шоттарды Мемлекеттік мекеме қалыптастырғанға дейін осы Ереженің 118-қосымшасы бойынша 0_07 «Бюджет бойынша мемлекеттік мекеменің бос қалдықтары бойынша есеп» есебіне сәйкес шығыстардың бюджеттік сыныптамасының, төлемдер бойынша жеке жоспардың тиісті коды бойынша жоспарлы жұмсалымдардың жеткіліктілігін тексеру жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 189-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 189-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 189-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
189. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекемелерден төлеуге берілетін шоттарды қағаз тасығышта қабылдауды аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы бекіткен және мемлекеттік мекемелерге берілген мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесіне сәйкес жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін жүзеге асырады. Бұл ретте банк кассасынан чек бойынша қолма-қол ақшаны алуға арналған құжаттар жергілікті уақыт бойынша сағат 13.00-ге дейін қабылданады.
Аумақтық қазынашылықтың бөлімшесі бүкіл жұмыс күні ішінде электронды түрде «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша мемлекеттік мекемелерден түсетін төлем шоттарын қабылдауды жүзеге асырады.
Электронды түрде «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша мемлекеттік мекемелерден жергілікті уақытпен сағат 16.00-ден кейін түскен төлем шот келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады не орындаусыз қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 190-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 190-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.20.06. № 667 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 990 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 190-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2012.16.04. № 466 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.22.04. № 385 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 190-тармақ өзгертілді
190. Мемлекеттік мекеме мыналарды:
1) құжаттарды қағаз және магнитті тасығышта ұсынған кезде мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесінің сақталуын;
2) төлеуге берілетін шотты ұсыну заңдылығы мен негізділігін;
3) төлеуге берілетін шотта көрсетілген деректемелердің дұрыстығын;
4) ақша алушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді орындаудың уақтылылығы мен толықтығын;
5) жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың, орындалған жұмыстардың және (немесе) көрсетілген қызметтердің жеткізілуін растаудың дұрыстығын;
6) аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде шот-фактуралардың, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың көшірмелерін, актілер жасалмайтын көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді орындау кезінде орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмелерін немесе тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша аванстық төлемнің сомасын қоспағанда, төлем жүргізген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің (бұдан әрі - растаушы құжаттар) көшірмесін беруді. Көрсетілген құжаттарға өнім беруші жеке қолымен немесе БЦҚ-мен қол қоюы тиіс. Бұл ретте, көрсетілген құжаттардың көшірмелері орталық атқарушы органның жауапты хатшысының/аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал ондайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның өз қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен беріледі;
7) олар бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы дайындау құны ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта құруға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шығыстар бойынша аванстан кейінгі төлемді жүргізу кезінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын ұсынуды;
8) «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде - орталық атқарушы органның жауапты хатшысының/аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал ондайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылған растаушы құжаттардың түпнұсқадан сканерленген үлгісін тіркеуді;
9) «Қазынашылық-клиент» АЖ пайдалану кезінде заңды тұлғаның құжат топтамасында берген орталық атқарушы органның жауапты хатшысының/аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал ондайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның және мемлекеттік мекеменің бас бухгалтерінің ЭЦҚ дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Аванстық төлемнің сомаларын қоспағанда, республикалық немесе коммуналдық меншікте тұрған мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу үшін төлемдер жүргізген кезде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шот-фактуралардың, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың немесе мемлекеттік мекемеге мемлекеттік кәсіпорын ұсынған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің көшірмесін ұсынады. Бұл ретте көрсетілген құжаттардың әрбір парағы мемлекеттік мекеме мөрінің түпнұсқасымен куәландырылады және орталық атқарушы органның бірінші басшысы орынбасарының (ол уәкілеттік берген тұлғаның) немесе мемлекеттік мекеме басшысының (ол уәкілеттік берген тұлғаның) қолымен дәйектеледі.
Аванстық төлем сомасын қоспағанда, республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша қайта жасасқан және бұрын мемлекеттік кәсіпорындар жасасқан ұзақ мерзімді шарттар бойынша ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын, қалпына келтіру және күрделі жөндеу жүргізу үшін төлем жүргізу кезінде мемлекетті мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесін не Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мекемеге берген өзге құжат түрінің көшірмесін ұсынады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың әрбір парағы мемлекеттік мекеменің түпнұсқалық мөрінің бедерімен куәландырылады және орталық атқарушы органның бірінші басшысы орынбасарының (ол уәкілеттік берген тұлғаның) немесе мемлекеттік мекеме басшысының (ол уәкілеттік берген тұлғаның) қолымен дәйектеледі.
Мемлекеттік мекеме растаушы құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 191-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
191. Қолма-қол емес және қолма-қол ақша түрінде төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыру мыналардың:
1) бюджет қаражаты;
2) мемлекеттік мекемелер өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша;
3) мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оны қайтарып алу не белгілі бір жағдайлар басталғанда тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен беретін ақша;
4) мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін, олар заңнамалық актілерге сәйкес алатын ақша есебінен төлеуге берілетін шоттарды мемлекеттік мекеменің қалыптастыруын және аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жүргізуін;
5) түсімі Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген және аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған ақшаны қамтиды.
192. Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiне төлеуге берiлетiн шотты ұсынғанға дейiн оны төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналына тiркейдi. Төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналы журналдағы беттердiң жалпы санын көрсете отырып, нөмiрленген, тiгiлген және елтаңбалы мөрi қойылған және мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол өкiлеттiк берген тұлғаның қолымен куәландырылған осы Ереженің 73-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргiзiледi. Төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналындағы жазу төлеуге берiлетiн шоттарды қалыптастыруға қарай хронологиялық тәртiпте жүргiзiледi. Бұл ретте, төлеуге берiлетiн шотта көрсетiлген күн төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналында көрсетiлген тiркеу күнiне сәйкес келуi тиiс. Төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналында ағымдағы қаржы жылы аяқталғанда бос беттер болған кезде келесi жылғы жазулар үшiн пайдалануға болады, бұл ретте, жазулардың нөмiрленуi басынан басталады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 193-тармақ жаңа редакцияда
193. Осы Ереженің 74-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлеуге берілетін шот және осы Ережеге 74-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шоттың электрондық бейнесі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне онда көрсетілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынуға жарамды.
«Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы төлеуге берілетін шот осы Ереженің 74-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 194-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 194-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
194. Мемлекеттік мекеме төлемдерді жүргізу және ақша аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 75-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлеуге берілетін шоттардың тізілімін, алдын ала төлеу үшін төлеуге берілетін шоттарды қоспағанда, осы Ереженің 208 және 211-тармақтарында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, төлеуге берілетін шоттарды ұсынады. Төлеуге берілетін шоттардың тізілімі және төлеуге берілетін шоттар аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қағаз тасығышта 2 данада ұсынылады.