Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1356 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша «нысан бойынша» және «нысандар бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
«1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау» бөлімінде:
«Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын номенклатурасын әзірлеу және бекіту» кіші бөлімі және 1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар алынып тасталсын;
«Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту» кіші бөлімінде:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджетті (бизнес-жоспарды, кірістер мен шығыстар сметасын) бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және ол мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) жылдар бойынша үш жылдық кезеңге мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын. Жұмыстардың номенклатурасы осы жұмыстарды орындау шеңберінде сатып алынатын тауарлардың көлемі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. Тиісті бюджетте бекітілген сома болмаған жағдайда, болжамдық сома көрсетіледі;
2) Заңның 4-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдерін;
3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдерін;
4) Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сома шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдерін.
Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) және 32) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына қосуға жатпайды.»;
8-тармақта:
«(жауапты хатшы) немесе оның міндетін атқарушы мен бас бухгалтері» деген сөздер «не тапсырыс берушінің жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
бірінші абзацта «(жауапты хатшы) мен бас бухгалтері» деген сөздер «не тапсырыс берушінің жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «осы Ереженің 8-бөліміне сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын;
«2. Жалпы ережелер» бөлімінде:
13-тармақта:
бірінші абзацтағы «және осындай құрылымдық бөлімшенің басшысына тиісті сенімхат береді» деген сөздер алынып тасталсын;
төртінші абзацта:
«ұйымдастырушы» деген сөзден кейін «тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет ететін жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
«, осы құрылымдық бөлімшенің басшысынан темен емес» деген сөздер алынып тасталсын;
14-тармақта «алдағы» деген сөздің алдынан «тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы бір тараптан әрекет ететін жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақтың үшінші абзацында «Акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы» деген сөздер «Дауыс беретін акцияларының елу және одан астам пайызы» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақта:
«тауарлар» деген сөздер тиісінше «тауарлар, жұмыстар, қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тауарларды» деген сөздер тиісінше «тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада «тіркелген» деген сөз «куәландырылған» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшада «тауарларды» деген сөздің алдынан «бірлескен шаруашылық қызметі туралы шартта көзделген қызмет бөлігінде» деген сөздермен толықтырылсын;
«3. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу» бөлімінде:
«Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту» кіші бөлімінде:
22-тармақта:
1) тармақшада:
төртінші абзацтағы «, сондай-ақ ұсынылатын тауарға меншік құқығын растайтын немесе тауардың меншік иесі не оның ресми өкілі атынан тауарды сатуға арналған құқықты растайтын құжаттардың» деген сөздер алынып тасталсын;
алтыншы абзацта:
«жарғыдан немесе» деген сөздер алынып тасталсын;
«құжаттардан» деген сөзден кейін «(жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
«кешіктірмей» деген сөз «кейін» деген сөзбен ауыстырылсын;
сегізінші абзацта:
«немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі» деген сөздер алынып тасталсын;
«банк филиалының» деген сөздерден кейін «қолы және мөрі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
«банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының банктің мөрі соғылған анықтамасының» деген сөздер «анықтаманың» деген сөзбен ауыстырылсын;
«кешіктірмей» деген сөз «кейін» деген сөзбен ауыстырылсын;
оныншы абзац алынып тасталсын;
он бірінші абзацтағы «, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер)» деген сөздер алынып тасталсын;
он екінші абзацта:
«жинақтаушы зейнетақы қорларына» деген сөздер алынып тасталсын;
«салық органының басшысы не орынбасарының қолымен конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынған» деген сөздер алынып тасталсын және «жоқтығы туралы» деген сөздерден кейін «не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір ай ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешектің болуы туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
он үшінші абзац алынып тасталсын;
2) тармақшада:
екінші абзац алынып тасталсын;
20) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке жиынтығы жұмыстар (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің үштен екісінен астамын беруге тыйым салу шарттары туралы мәліметтер.»;
23-тармақта:
бірінші абзацтағы «анықтау» деген сөзден кейін «және отандық кәсіпкерлерді қолдау» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшада:
бірінші абзацтағы «және ол тартатын қосалқы мердігерде (бірлесіп орындаушыда)» деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші абзацтағы «Заңның 8-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптардан асып түсетін әлеуетті өнім беруші тартатын» деген сөздер алынып тасталсын;
төртінші абзацтағы «, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді» деген сөздер «отандық тауар өндірушілер үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацта:
«менеджменттің» деген сөз «сапа менеджментінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік» деген сөздің алдынан «сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) қазақстандық мазмұн.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғалар не олардың міндетін атқаратын тұлғалар бекітеді.»;
27-тармақта:
«ашық не жабық» деген сөздер алынып тасталсын;
«тауарларды» деген сөзден кейін «, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді» деген сөздермен толықтырылсын;
«Конкурстық комиссияны, сарапшыны (сараптау комиссиясын) бекіту» кіші бөлімінде:
28-тармақта:
бірінші абзацтағы «әрбір конкурсқа жеке конкурстық комиссия құрады» деген сөздер «әрбір конкурсқа жеке конкурстық комиссия құрады және конкурстық комиссияның хатшысын анықтайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссияның хатшысын анықтау туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға қабылдайды.
Егер сатып алуды ұйымдастырушы болып тікелей тапсырыс берушінің өзі не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындауға және өткізуге жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесінің атынан әрекет ететін болса, конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссияның хатшысын анықтау туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға қабылдайды.»;
бесінші абзацта:
«(олар қажет болған жағдайда)» деген сөздер алынып тасталсын;
«сараптау комиссиясын (сарапшыны тартады) құрады» деген сөздер «сараптау комиссиясын құра (сарапшыны тарта) алады» деген сөздермен ауыстырылсын;
29-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурстық комиссияның төрағасы болып мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалуы тиіс. Егер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып тапсырыс беруші өзі әрекет ететін болса, конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалуы тиіс. Егер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындауға және өткізуге жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесінің атынан тапсырыс беруші әрекет ететін болса, конкурстық комиссияның төрағасы тапсырыс берушінің осы құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төмен емес лауазымды адам анықталуы тиіс.»;
32-тармақтың үшінші сөйлемі алынып тасталсын;
38-тармақ алынып тасталсын;
«Әлеуетті өнім берушілерді конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабардар ету» кіші бөлімінде:
41-тармақта:
бірінші абзацтағы «Ашық» деген сөз алынып тасталсын;
3) тармақша «, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы» деген сөздермен толықтырылсын;
«Әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың көшірмесін беру» кіші бөлімінде:
42-тармақтың бірінші абзацында:
«Ашық конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланған немесе жабық конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру туралы хабарлама жіберілген» деген сөздер «Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі» деген сөздерден кейін «, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы» деген сөздермен толықтырылсын;
43-тармақтың бірінші абзацы «, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы» деген сөздермен толықтырылсын;
45-тармақта «мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі» деген сөздерден кейін «, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы» деген сөздермен толықтырылсын;
46-тармақта «Ашық конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланғанға немесе жабық конкурсқа қатысуға шақыру туралы хабарлама жіберілгенге» деген сөздер «Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланғанға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру» кіші бөлімінде:
47-тармақта «ұйымдастырушының уәкілетті өкілі» деген сөздер «ұйымдастырушы» деген сөзбен ауыстырылсын;
49-тармақта:
«әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің келмеуі себебінен өтпеген болса, мемлекеттік сатып алуды» деген сөздер «кездесу өтетін күн мен уақытта әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің келмеуі себебінен өтпеген болса, мемлекеттік сатып алуды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ұйымдастырушының уәкілетті өкілі кездесу өтетін күн мен уақыт» деген сөздер «ұйымдастырушы» деген сөзбен ауыстырылсын;
«комиссияны және конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге» деген сөздер «комиссияға» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Конкурсқа қатысуға өтінімдердің мазмұны және оларды беру» кіші бөлімінде:
51-тармақта:
2) тармақшада:
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан нотариалдық куәландырылған үзінді көшірмесін (жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) не конверттерді ашатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді көшірмені;»;
алтыншы абзацта:
«банк филиалының» деген сөздерден кейін «қолы және мөрі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
«банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының банктің мөрі соғылған анықтамасының» деген сөздер «анықтаманың» деген сөзбен ауыстырылсын;
«бір айдан кешіктірілмей алынуға» деген сөз «бір айдың ішінде берілуі» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзац алынып тасталсын;
сегізінші абзацтағы «, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер)» деген сөздер алынып тасталсын;
тоғызыншы абзацта:
«жинақтаушы зейнетақы қорларына» деген сөздер алынып тасталсын;
«салық органының басшысы не орынбасарының қолымен конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынған» деген сөздер алынып тасталсын және «жоқтығы туралы» деген сөздерден кейін «не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір ай ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешектің болуы туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
оныншы абзац алынып тасталсын;
3) тармақшада:
екінші абзац алынып тасталсын;
алтыншы абзацта «бас мердігердің қосалқы мердігерлікке жұмыстардың (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің жиынтығы үштен екісінен астамын беруге» деген сөздер «әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (қоса орындауға) жұмыстардың (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің жиынтығында үштен екісінен астамын беруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын сипаттай отырып, техникалық ерекшелігін, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерін және (немесе) көлемдерін, тауарларға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға шығыстарға сапа кепілдігі, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кестесі (әдістері) және шарттары туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.»;
6) және 7) тармақшалар алынып тасталсын;
58-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацында «мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі» деген сөздер алынып тасталсын;
59-тармақта:
3) тармақша алынып тасталсын;
үшінші абзацта «мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі» деген сөздерден кейін «, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы» деген сөздермен толықтырылсын;
«Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету» кіші бөлімінде:
63-тармақта:
«бөлінген» деген сөздің алдынан «конкурсқа (лотқа)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінім берілетін лоттарға ғана конкурсқа қатысуға өтінімді қамсыздандыруды енгізеді.» деген сөйлеммен толықтырылсын;
65-тармақ алынып тасталсын;
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамсыздандыруды, егер ол:
1) екі сатылы рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші сатысында;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысса, қамсыздандыруға шығармайды.»;
«Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу» кіші бөлімінде:
72-тармақта:
«жазбаша» деген сөзден кейін «не ауызша» деген сөздермен толықтырылсын;
«ұйымдастырушының уәкілетті өкілін» деген сөздер «ұйымдастырушыны» деген сөзбен ауыстырылсын;
76-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацында «уәкілетті өкілі» деген сөздерден кейін «, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы» деген сөздермен толықтырылсын;
«Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру» кіші бөлімінде:
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«80. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде (күрделі техникалық сипаттамалары мен ерекшелігі бар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді күрделі мемлекеттік сатып алуды жүргізген жағдайда осындай өтінімдер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде қаралады) әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды (конкурсқа қатысушы деп таниды).
Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес ресімделеді, конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелер, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуына рұқсат беру (конкурс қатысушысы деп тану) туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды, әрбір бетке бұрыштама қояды. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға болған кезде сараптамалық қорытынды не конкурстық комиссия мүшесінің ерекше пікірі, сарапшының (сараптама комиссиясы мүшесінің) ерекше пікірі қоса тіркелуі мүмкін.»;
83-тармақтың бірінші сөйлемі алынып тасталсын;
87-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) конкурстық өтінімді қамсыздандыруға конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың бір пайыздан кем мөлшерінде енгізілсе.»;
мынадай мазмұндағы 87-1 және 87-2-тармақтармен толықтырылсын:
«87-1. Заңды тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші (конкурс қатысушысы деп танылған), егер:
1) ол және (немесе) қосалқы мердігер не бірлесіп атқарушы мынадай:
заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесін және сауда тізілімінен заңдастырылған көшірмесін бермеу, мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудара отырып нотариалдық куәландырылған сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірмесін бермеу;
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін бермеу;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін не егер заңды тұлға қызметін Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалдық куәландырылған көшірмесін бермеу;
жарғыдан немесе құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардан нотариалдық куәландырылған көшірмені (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер қамтылмаса) не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір ай ішінде берілген акцияларды ұстаушылар тізілімінен нотариалдық куәландырылған көшірмені бермеу;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолдары және мөрлері бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген түпнұсқасын (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай анықтаманы осындай банктердің әрқайсысынан бермеуі) бермеу;
банк немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасында әлеуетті өнім берушінің осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің болуы;
бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған және заңды тұлғаның мөрімен нықталған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасын немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесін не егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілген жағдайда, бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған және заңды тұлғаның мөрімен нықталған соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесін бермеу;
конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқтығы не кемінде бір теңгелік салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын бермеу;
тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасында үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге мөлшерінде және одан да асатын салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің болуы;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді бермеу;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген арнайы біліктілік талаптарға сәйкес келмеу негіздемелері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес болмауы;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса;
2) егер оның конкурсқа қатысуға арналған өтінімі мына:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім ұсынбау;
техникалық ерекшелікті ұсынбау;
әлеуетті өнім берушінің неғұрлым жақсы техникалық, сапалы және пайдалану сипаты бар техникалық ерекшеліктерді беру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін ерекшелікті беруі;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда) жұмыстар мен қызмет түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер берілмеген;