299. Көрмелер өткізу үшін тауарларды, көрсететін қызметтерді мемлекеттік сатып алу екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен жүзеге асырылады, ол мынадай дәйекті кезеңдер жиынтығын білдіреді:
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны анықтауы;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сараптау комиссиясын құруы не сарапшыны анықтауы;
тапсырыс берушінің қажеттілігі негізінде сараптау комиссиясының не сарапшының көрсетілетін қызметтерге техникалық тапсырма қалыптастыруы;
Заңда және осы Ережеде көзделген екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырманы ұсынуы;
сараптау комиссиясының не жұмыс сызбалары жобасы мен тұжырымдамалар сарапшысының әлеуетті өнім берушілердің көрмені өткізуді ұйымдастыру және сатып алынатын тауарлардың техникалық, сапалық және (немесе) басқа да сипаттарына қатысты мәселелерді олармен талдау үшін оларды көрсетуді келісу шарттарын қарауы;
сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеуі;
мемлекеттік сатып алуды әзірлеушінің қонкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның бекітуі;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрмені өткізуді ұйымдастыру үшін бірінші кезеңде жұмыс сызбалары мен тұжырымдамаларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңгі рәсімдерді пайдалана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыруды жіберуі;
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін көзделген іс-шаралар екінші кезеңде жүзеге асырылады.
300. Әлеуетті өнім берушілер тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңгі рәсімдерді пайдаланумен конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін Заңның 18-бабы 1) және 2) тармақшаларына сәйкес көрмені өткізу үшін осындай мемлекеттік сатып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) заңды тұлғалар:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді;
көрме өткізуді ұйымдастыру үшін жұмыс сызбалары мен тұжырымдаманың жобаларын;
көрме өткізуді ұйымдастыру жөнінде жұмыс тәжірибесін көрсете отырып ұсыным хаттарды;
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді;
тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлғаның білімсіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына құқық берілген құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді;
көрме өткізуді ұйымдастыру үшін жұмыс сызбалары мен тұжырымдаманың жобаларын;
көрмені өткізуді ұйымдастыру жөнінде жұмыс тәжірибесін көрсете отырып ұсыным хаттарды.
301. Әлеуетті өнім берушілер тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін көрмені өткізу үшін конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысын жасаған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) заңды тұлғалар:
әлеуетті өнім беруші ұсынған, Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген және әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығындарын қамтитын бағаны;
2) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар:
әлеуетті өнім беруші ұсынған, Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген және әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығындарын қамтитын бағаны.
302. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен конкурсты өткізу кезінде конкурстық комиссия конверттерді ашу, рұқсат беру және конкурстың қорытындысы туралы хаттамаларын жасайды.»;
мынадай мазмұндағы 302-1, 302-2, 302-3, 302-4, 302-5, 302-6, 302-7, 302-8 және 302-9-тармақтармен толықтырылсын:
«302-1. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мерзімде көрмелерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысын жасайды.
Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мерзімде көрмелерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген конкурстың екінші кезеңінің қорытындысын жасайды.
302-2. Конкурстық комиссия көрмелерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген конкурстың бірінші кезеңінде, егер:
1) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі конкурстық құжаттама талаптарына жауап бермесе;
2) көрмені ұйымдастыру үшін жұмыс сызбалары мен тұжырымдаманың жобалары техникалық тапсырманың талаптарына жауап бермесе, берілген конкурстық өтінімді қабылдамайды.
302-3. Егер әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасы сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса, конкурстық комиссия конкурстық өтінімді көрме өткізу үшін тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурстың екінші кезеңінде қайтарады.
302-4. Әлеуетті өнім берушілер семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткізу үшін тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысу үшін, мұндай конкурстың өткізілуі туралы хабарланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Заңның 18-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес мынадай құжаттарды:
1) заңды тұлғалар:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді;
семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткізуді ұйымдастырудағы тәжірибесі көрсетілген ұсыным хаттарды;
әлеуетті өнім беруші ұсынатын, Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген және әлеуетті өнім берушінің барлық іс жүзіндегі шығындарын қамтитын бағаны;
2) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді;
патенттің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді;
семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткізуді ұйымдастырудағы тәжірибесі көрсетілген ұсыным хаттарды;
әлеуетті өнім беруші ұсынатын, Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген және әлеуетті өнім берушінің барлық іс жүзіндегі шығындарын қамтитын бағаны тапсырады.
302-5. Семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткізу кезінде комиссия конверттерді ашу және конкурс қорытындылары туралы хаттамалар жасайды.
302-6. Конкурстық комиссия конкурстың қорытындыларын конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылғаннан бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмеген мерзімде шығарады.
302-7. Конкурстық комиссия, егер:
1) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болмаса;
2) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасы сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса, конкурстық өтінімнен бас тартады.
302-8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, егер конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін конкурстық өтінім ұсынған және конкурстық өтінімінің бағасы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан аспайтын ең болмағанда бір әлеуетті өнім беруші бар болса, конкурс өткізілді деп таниды.
302-9. Тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар және конкурстық комиссияның мүшелері осы тараумен реттелмеген жағдайларда Заңды және осы Ережені басшылыққа алады.»;
Ережеге 1-қосымша алынып тасталсын;
Ережеге 2-қосымшада:
4-бағанда «толық» деген сөз «қысқаша» деген сөзбен ауыстырылсын;
9-бағанда «теңге*» деген сөз «теңге» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Сатып алынуы бір қаржы жылынан асатын мерзімде жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
№ | Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы | Сатып алу тәсілі | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (суреттеу) | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Тауарды беру, жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімі | Тауарды беру, жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтерді көрсету орны | Сатып алу үшін жоспарланатын сома, теңгемен | Аванстық төлем мөлшері, % |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| | | | | | | | | |
| Жиыны | | | | | | | | |
| Барлығы | | | | | | | | |
»;
* ескертпе алынып тасталсын;
«Бас бухгалтер, қолы» деген сөздер алынып тасталсын;
Ережеге 3-қосымшада:
бүкіл мәтін бойынша «нысан бойынша» және «нысандар бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
«ашық/жабық» деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақта «(Ашық/Жабық) конкурс» деген сөздер «Конкурс» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақта «тиіс» деген сөз «құқылы» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтың екінші абзацында «он жұмыс күні мерзіміне» деген сөздер «кемінде он күнтізбелік күн мерзімге» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақта:
2) тармақшада:
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісі не конверттерді ашу күні алдындағы бір айдан бұрын берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді.»;
алтыншы абзацта:
«банк филиалының» деген сөздерден кейін «қолы мен мөрі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
«банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының банктің мөрі соғылған анықтамасының» деген сөздер «анықтаманың» деген сөзбен ауыстырылсын;
«алынуға» деген сөз «берілуі» деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші абзацта «, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер)» деген сөздер алынып тасталсын;
сегізінші абзац алынып тасталсын;
тоғызыншы абзацта:
«жинақтаушы зейнетақы қорларына» деген сөздер алынып тасталсын;
«салық органының басшы немесе орынбасары қол қойған, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған» деген сөздер «не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы абзац алынып тасталсын;
3) тармақшада:
екінші абзац алынып тасталсын;
бесінші абзацта «бас мердігердің жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетулер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлікке беруге» деген сөздер «әлеуетті өнім берушінің жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетулер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлікке беруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көлемдері мен сапасына, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет көрсету шығыстарына кепілдік беру суреттелген техникалық ерекшеліктерді»;
6) және 7) тармақшалар алынып тасталсын;
18-тармақта «мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамының» деген сөздерден кейін «ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы» деген сөздермен толықтырылсын;
25-тармақтың екінші абзацында «(Жабық конкурс өткізілетін кезде осы абзац алынып тасталады)» деген сөздер алынып тасталсын;
27-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацында «мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамының» деген сөздерден кейін «ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы» деген сөздермен толықтырылсын;
31-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Конкурсқа қатысуға арналған өтінімге енгізілген, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін қамтамасыз етуді өзге негіздер бойынша тануға жол берілмейді.»;
34-тармақтың екінші абзацында «(жабық конкурсты қоспағанда)» деген сөздер алынып тасталсын;
39-тармақта «(Жабық конкурс өткізу кезінде осы тармақ алынып тасталады)» деген сөздер алынып тасталсын;
43-тармақтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 4-қосымшада:
екінші абзацта «берушінің» деген сөзден кейін «толық» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Конкурсқа қатысуға үміткер заңды тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:
Әлеуетті өнім берушінің заңды, почталық мекен-жайы және байланыс телефондары | |
Заңды тұлғаның банктік деректемелері (СТН, БСК, ЖСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекен-жайы | |
Заңды тұлғаның бірінші басшысының аты-жөні | |
»;
5, 6, 7 және 8-тармақтар алынып тасталсын;
«Басшының» деген сөзден кейін «немесе оның орынбасарының» деген сөздермен толықтырылсын;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшада:
екінші абзацтың қазақша мәтінінде «көрсетіледі» деген сөздің алдында «толық» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақта «Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (банктің немесе оның филиалының толық атауын, СТН, БСК, ЖСК мен мекен-жайын қоса алғанда)» жолы жаңа редакцияда жазылсын:
«Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекен-жайы»;
5, 6, 7 және 8-тармақтар алынып тасталсын;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 6-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әлеуетті өнім берушінің атауы ___________________________»;
2-тармақта:
«жыл сайынғы көлемі» деген сөздер «көлемі» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Шарттың құны, теңгемен» деген бағанның атауында «теңге» деген сөзден кейін «(көрсетілмесе де болады)» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
«Моделі мен шығарылған жылы» деген баған алынып тасталсын;
«Жағдайы (жаңа, жақсы, нашар) және пайдалануға жіберу мерзімінің аяқталуы» деген бағанда «және пайдалануға жіберу мерзімінің аяқталуы» деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесі (әлеуетті өнім берушінің осы конкурс (лот) бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет деп есептейтін қызметкерлері көрсетіледі)
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты | Лауазымы | Осы конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау саласындағы жұмыс өтілі | Диплом, куәлік және білім туралы басқа құжаттары бойынша біліктілігі немесе мамандығы | Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы (бар болса) | Азаматтығы |
»;
5-тармақта «және растайтын құжаттардың көшірмесін қоса беру» деген сөздер алынып тасталсын;
7 және 8-тармақтар алынып тасталсын;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әлеуетті өнім берушінің атауы __________________________»;
2-тармақта:
«жыл сайынғы көлемі» деген сөздер «көлемі» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Қызметтер көрсетілген орын мен күн» деген бағанда:
«орын мен күн» деген сөздер «орны және жылы» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Шарттың құны, теңге» деген бағанның атауында «теңге» деген сөзден кейін «(көрсетілмесе де болады)» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
«Моделі мен шығарылған жылы» деген баған алынып тасталсын;
«Жай-күйі (жаңа, жақсы, нашар) және пайдалануға жіберудің аяқталу мерзімі» деген бағанда «және пайдалануға жіберудің аяқталу мерзімі» деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесі (әлеуетті өнім берушінің осы конкурс (лот) бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет деп есептейтін қызметкерлері көрсетіледі)
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты | Лауазымы | Осы конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау саласындағы жұмыс өтілі | Диплом, куәлік және білім туралы басқа құжаттары бойынша біліктілігі немесе мамандығы | Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы (бар болса) | Азаматтығы |
»;
Ескертпе * алынып тасталсын;
7 және 8-тармақтар алынып тасталсын;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 8-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әлеуетті өнім берушінің атауы ___________________________»;
2-тармақта:
«жыл сайынғы көлемі» деген сөздер «көлемі» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Шарттың құны, теңге» деген бағанда «теңге» деген сөзден кейін «(көрсетілмесе де болады)» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесі (әлеуетті өнім берушінің осы конкурс (лот) бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет деп есептейтін қызметкерлері көрсетіледі)
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты | Лауазымы | Осы конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау саласындағы жұмыс өтілі | Диплом, куәлік және білім туралы басқа құжаттары бойынша біліктілігі немесе мамандығы | Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы (бар болса) | Азаматтығы |
»;
6 және 7-тармақтар алынып тасталсын;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 9-қосымшада:
Төртінші абзацта «жалпы сомасы (жазумен)__________теңгеге (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы мен көлемі)» деген сөздер «(тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурс (лот/-тар) бойынша атауын» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«конкурсқа қатысуға түпкілікті мерзім өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алғандығын не өзгерткендігін және (немесе) толықтырғандығын;
танылған конкурс қатысушысы өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде тапсырмағандығын не кері қайтарып алғандығын;
конкурстың жеңімпазы етіп анықталған қатысушы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғандығын;
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамағандығын не уақтылы орындамағандығын.»;
«(Банктің (банк филиалының) бірінші басшысы немесе оның орынбасарының және бас бухгалтер тұлғасында)» деген сөздер алынып тасталсын;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 11-қосымша алынып тасталсын;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшада:
тақырыбындағы «бас мердігер» деген сөздер «әлеуетті өнім беруші» деген сөздермен ауыстырылсын;
«М.О» деген аббревиатуралар алынып тасталсын;
«М.О» деген аббревиатуралардан кейін абзацтар жаңа редакцияда жазылсын:
«Әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерге (бірлесе орындаушыға) беретін жұмыстар мен қызметтердің көлемі жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінің үштен екісінен аспауға тиіс.»;
Ережеге 4-қосымшада:
2-тармақтың 6) тармақшасында «акцияларының елу проценттен астамы» деген сөздер «дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта «акцияларының елу проценттен астамы» деген сөздер «дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 60-1-тармақпен толықтырылсын:
«60-1. Әлеуетті өнім беруші (мердігер) конкурстық өтінімге (бар болған кезде) қазақстандық қамтуды қамтамасыз етуді міндетіне алады.»;
Ережеге 5-қосымшада:
3-тармақтың 1) тармақшасында «акцияларының елу проценттен астамы» деген сөздер «дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың төртінші абзацында «акцияларының елу проценттен астамы» деген сөздер «дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 73-1-тармақпен толықтырылсын:
«73-1. Әлеуетті өнім беруші (мердігер) конкурстық өтінімге (бар болған кезде) қазақстандық қамтуды қамтамасыз етуді міндетіне алады.»;
Ережеге 6-қосымшаның тақырыбында «ашық» деген сөз алынып тасталсын;
Ережеге 9-қосымшада:
«Өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің нарығында кәсіби біліктілік деңгейі мен жұмыс тәжірибесі бар мамандардың болуы» бағанындағы «Өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің нарығында кәсіби біліктілік деңгейі мен жұмыс тәжірибесі» деген сөздер «Кәсіби біліктілік деңгейі» деген сөздермен ауыстырылсын;