«Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ерікті сертификаттау туралы құжаттың болуы» бағанындағы «, жұмыстарды, қызметтерді» деген сөздер «отандық тауар өндірушілер үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес менеджменттің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) болуы» бағанында:
«менеджменттің» деген сөз «сапа менеджментінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Мемлекеттік» деген сөз «Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Отандық тауар өндірушінің мәртебесі» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Отандық тауар өндірушінің, отандық жұмыстар, көрсетілетін қызметтер берушінің мәртебесі»;
«Отандық жұмыстар, көрсетілетін қызметтер берушінің мәртебесі» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстандық мазмұн»;
Ережеге 10-қосымшада:
1-тармақта «ашық (жабық, екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып) конкурс өткізді» деген сөздер «конкурс екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
1) тармақшада «ашық, жабық,» деген сөздер алынып тасталсын;
519 абзац 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) тармақшада «мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілген конкурстың қорытындылары туралы хабарландырудың мәтінін Бюллетенде жариялау үшін мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган белгілеген заңды тұлғаға жіберсін және» деген сөздер алынып тасталсын;
Ережеге 11-қосымшада «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің қолдары» деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің және бірінші басшының не жауапты хатшының немесе өзге, Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген жауапты хатшының өкілетін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның, тапсырыс берушінің не оның міндетін атқарушы тұлғаның қолдары.»;
Ережеге 13, 14, 15, 16 және 17-қосымшалар алынып тасталсын;
Ережеге 18-қосымшаға 1-қосымшаның тақырыбында «ашық» деген сөз алынып тасталсын;
Ережеге 19-қосымшаның 1-тармағында «ашық, жабық,» деген сөздер алынып тасталсын;
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 205 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 9, 114-құжат);
2) «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 тамыздағы № 802 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 32, 345-құжат).
3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың екі жүз жиырма үшінші, екі жүз отыз жетінші, екі жүз алпыс төртінші, екі жүз сексен бірінші, екі жүз сексен алтыншы, екі жүз тоқсан бірінші, екі жүз тоқсан төртінші және бес жүз он тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |