қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер берген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке жиынтығы жұмыстар (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің үштен екісінен астамын беру;
конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етілуін ұсынбау негіздемелері бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп анықталса;
3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
87-2. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші (конкурс қатысушысы болып танылған), егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы мынадай:
тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін бермеу;
жеке куәліктің (паспорт) нотариалдық куәландырылған көшірмесін бермеу;
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін бермеу;
СТН-ның нотариалдық куәландырылған көшірмесін бермеу;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолдары және мөрлері бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген түпнұсқасын (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай анықтаманы осындай банктердің әрқайсысынан бермеуі) бермеу;
банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі қойылған анықтаманың түпнұсқасында әлеуетті өнім берушінің осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің болуы;
конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген үш айдан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда) немесе конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір ай ішінде алынған бір теңгеден кем салықтық берешектің және міндетті зейнетақы жарнасы және әлеуметтік есептеулер бойынша берешектің болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын бермеу;
тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасында үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге мөлшерінде және одан да асатын салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің болуы;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес біліктілік туралы мәліметтердің ұсынылмауы;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген арнайы біліктілік талаптарға сәйкес келмеу негіздемелері бойынша біліктілік талаптарға сәйкес болмауы;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса;
2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінім мынадай негіздер бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін болып анықталса:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім ұсынылмаса;
техникалық ерекшеліктер ұсынылмаса;
аса жақсырақ техникалық, сапалы және пайдалануға беру сипаттары бар техникалық ерекшелікті ұсыну жағдайларын қоспағанда конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшеліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес емес техникалық ерекшеліктерді әлеуетті өнім беруші ұсынса;
конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмысты орындау бойынша мердігерлер туралы (қызметті көрсету кезінде мәліметтің берілмеуі (қызметті көрсету кезінде қоса орындаушылар), сондай-ақ Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге беретін жұмыстар мен қызметтердің түрі (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді тартқан жағдайда (бірлесіп орындаушылар);
әлеуетті өнім берушілердің қосалқы мердігерге қоса алғанда жұмыстың екіден үш көлемін (құрылыс бағасын) мердігерлікке (бірлесіп орындауға), қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер ұсынылған жағдайда қызметтерді беруі;
конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамсыздандыруды ұсынбаса;
3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.»;
95-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолданбайды. Конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізілуі тиіс.»;
96-тармақта «әрбір екі жыл сайын бір пайызға» деген сөздер «әрбір жылға жарты пайызға (0,5%)» деген сөздермен ауыстырылсын;
98-тармақта:
«өнім берушінің» деген сөздерден кейін «біршама» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші және үшінші сөйлемдер алынып тасталсын;
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«99. Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық тауарөндіруші үшін ұсынылған тауарларды ерікті сертификаттауды жүргізуді растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия шартты түрде осындай конкурстық өтінімнің бағасын екі пайызға азайтады.»;
100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«100. Сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.»;
101-тармақта:
«пайызды» деген сөз «жарты пайызды (0,5%)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жеті» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 102-1-тармақпен толықтырылсын:
«102-1. Конкурстық комиссия қазақстандық мазмұнның бар екендігін қараған кезде ереженің осы тармағының үшінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, қазақстандық мазмұнның әрбір он пайызы үшін конкурстық өтінімнің бағасын бір пайызға азайтады.
Әлеуетті өнім беруші тауарларының қазақстандық мазмұны мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы құнының мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін осы тауарларды әлеуетті өнім беруші сатып алатын отандық тауарөндірушілер тауарлары құнының пайыздық мазмұны ретінде анықталады.
Егер тауарлардың әлеуетті өнім берушісі сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушісі болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия осындай әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімнің бағасын қазақстандық мазмұн болғаны үшін он пайызға азайтады.
Жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің әлеуетті өнім берушісінің қазақстандық мазмұны: сатып алу туралы шарттың жалпы құнының әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шартты орындау үшін жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді тікелей де, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу арқылы да сатып алынатын отандық тауар өндірушілердің тауарлары құнының, жұмыстарды, қызметтерді тікелей де, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу арқылы да сатып алу туралы шартты орындау үшін әлеуетті өнім беруші жалдаған жеке тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің еңбегіне ақы төлеудің пайыздық мазмұны ретінде анықталады.»;
103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«103. Конкурстық комиссия отандық тауар өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын он пайызға, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық әлеуетті өнім берушісінің - бес пайызға азайтады.»;
104-тармақ алынып тасталсын;
105-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қол қойылған хаттама мәтінінің тапсырыс берушінің веб-сайтында орналастырылуы.»;
«Конкурстық баға ұсыныстарын (конкурс) бағалау және салыстыру» кіші бөлімінде:
111-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы теңескен кезде отандық тауар өндіруші, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық берушісі жеңімпаз болып анықталады. Отандық тауар өндірушілердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық берушілерінің конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы теңескен кезде конкурстың мәні болып табылатын сатылып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында көбірек тәжірибесі бар отандық тауар өндіруші, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық берушісі жеңімпаз болып анықталады.»;
113-тармақта:
223 абзац 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты орналастыру.»;
114-тармақта «ашық» деген сөз алынып тасталсын;
«Конкурстық өтінімнің демпингтік бағасын айқындау тәртібі» кіші бөлімінде:
115-тармақта «бекітілген» деген сөзден кейін «техникалық-экономикалық негіздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау үшін) және» деген сөздермен толықтырылсын;
116-тармақта «конкурсқа қатысуға ұсынылған барлық конкурстық өтінімдердің» деген сөздер «конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
117-тармақта «барлық ұсынылған конкурстық өтінімдердің» деген сөздер «конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын жабық конкурсты және ашық конкурсты өткізу» кіші бөлімінде:
«жабық конкурсты және» деген сөздер алынып тасталсын;
119-тармақ алынып тасталсын;
120-тармақтың бірінші сөйлемі алынып тасталсын;
121-тармақта:
1) тармақшада:
237 абзац 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
алтыншы абзацта «Бюллетенде және» деген сөздер алынып тасталсын;
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшысының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғаның не оның міндетін атқаратын тұлғаның бекітуі.»;
123-тармақта «ашық және жабық конкурстарды» деген сөздер «конкурсты» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өтпей қалды деп тануға негіздемелер» кіші бөлімінде:
124-тармақта «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 124-1-тармақпен толықтырылсын:
«124-1. Арнайы тәртіпті қолдана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда өткізілмеді деп танылады:
1) ұсынылған конкурстық баға ұсыныстарының болмаса;
2) конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға
ұсыныстарының тек біреуі қалса;
3) арнайы тәртіпті қолдана отырып, конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартса.»;
«4. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу» бөлімінде:
«Ұйымдастырушының уәкілетті өкіліне», «Ұйымдастырушының уәкілетті өкілі», «Ұйымдастырушының уәкілетті өкілімен» деген сөздер тиісінше «Ұйымдастырушыға», «Ұйымдастырушы», «ұйымдастырушымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы әлеуетті өнім берушілерді хабардар ету» кіші бөлімінде:
126-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген соманы көрсете отырып жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар саны, орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер көлемі;»;
мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) сатып алынатын тауарлардың (техникалық жағдайларды көрсете отырып), жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаты;
4-2) тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;
4-3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімі;»;
«Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын беруі» кіші бөлімінде:
132-тармақтың 2) тармақшасында «128» деген сандар «130» деген сандармен ауыстырылсын;
«Баға ұсыныстарын салыстыру және баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындыларын шығару» кіші бөлімінде:
139-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Егер сатып алуды ұйымдастырушы болып тікелей не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі атынан тапсырыс берушінің өзі әрекет еткен жағдайда, осындай мемлекеттік сатып алу қорытындыларын тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.»;
140-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
264 абзац 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«4. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу» бөлімі, «Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы әлеуетті өнім берушілерді хабардар ету», «Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын беруі», «Баға ұсыныстарын салыстыру және баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындыларын шығару» кіші бөлімдері және 125, 126, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 136, 137, 138, 139 және 140-тармақтар алынып тасталсын;
«6. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт» бөлімінде:
«Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу» кіші бөлімінде:
156-тармақта:
бірінші абзацтағы «Мынадай жағдайларда:» деген сөздер «Мөлшері төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын тиісті қаржы жылына арналған тауарларды, көрсетілетін қызметтерді жеткізген жағдайда өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге тиіс.» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші абзацтар алынып тасталсын;
159-тармақтың 2) тармақшасында «Үлгі конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға» деген сөздер «Осы Ережеге 12-қосымшаға» деген сөздермен ауыстырылсын;
162-тармақта «баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
«7. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібіне қойылатын үлгі талаптар» бөлімінде:
«Әлеуетті өнім берушілерді біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуді тұрақты негізде жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар» кіші бөлімінде:
167-тармақ:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) біліктілік талаптарын белгілеуге;»;
3) тармақшадағы «мерзіміне» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді берушілерге қолдау көрсету тәртібіне»;
169-тармақта «Заңның 8-бабында белгіленген біліктілік талаптарына» деген сөздер «тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
170-тармақ алынып тасталсын;
281 абац 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
171-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
174-тармақта «Заңда белгіленген біліктілік талаптарына, сондай-ақ Хабарламада көзделген қосымша» деген сөздер «тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
179-тармақтың 1) тармақшасында «Заңның 8-бабында белгіленген» деген сөздер «тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыру тәртібіне қойылатын талаптар» кіші бөлімінде:
187-тармақта:
286 абзац 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) тармақша алынып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік сатып алу веб-порталына тізбе мәтінін орналастыруға тиіс.»;
188-тармақтың екінші абзацында:
«Заңда белгіленген» деген сөздер «тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
291 абзац 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«1),» деген сан алынып тасталсын;
«Біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарына сұрау салу негізінде өнім берушіні таңдау рәсімдеріне және мерзіміне қойылатын талаптар және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу» кіші бөлімінде:
202-тармақта:
294 абзац 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) мемлекеттік сатып алу веб-порталына конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты орналастыруға тиіс.»;
«8. Ақпараттық жүйелерді және электрондық құжат айналымын пайдалана отырып мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру» бөлімінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі»;
«Жалпы ережелер» кіші бөлімінің тақырыбы алынып тасталсын;
205 және 206-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«205. Электрондық мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алудың веб-порталында электрондық қызметтерді көрсету арқылы жүзеге асырылады. Электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу осы Ережелермен белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу тәртібіне сәйкес ережелермен көзделген мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілеріне және басқа мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтерді көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
206. Мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілеріне және басқа мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтерді көрсетудің ережелерін мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
«Тапсырыс берушілерді, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларды және әлеуетті өнім берушілерді Жүйеге тіркеу» кіші бөлімінің тақырыбы алынып тасталсын;
207-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«207. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында электрондық қызметтер көрсетуді электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор жүзеге асырады.»;
208, 209, 210, 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 218, 219 және 220-тармақтар алынып тасталсын;
«Жүйенің жұмыс істеу тәртібі және Жүйедегі жұмыстың шарттары» кіші бөлімі мен 221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230 және 231-тармақтар алынып тасталсын;
«Алдағы қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын Жүйеге орналастыру» кіші бөлімі мен 232, 233 және 234-тармақтар алынып тасталсын;
«Электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу» кіші бөлімі мен 235, 236, 237, 238, 239, 240, 241, 242, 243, 244, 245, 246, 247 және 248-тармақтар алынып тасталсын;
«9. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі» бөлімінде:
«Жалпы ережелер» кіші бөлімінде:
249-тармақ алынып тасталсын;
«Қорғаныстың, құқылық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздіктің қажеттілігін, құпиялылық режимінің сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеті кепілдігін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі» кіші бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздіктің, құпиялылық режимінің сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі кепілдігін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі»;
251, 252, 253, 254, 255, 256 және 257-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«251. Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу құпиялылық режимін сақтауды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алуды өткізудің ерекше шарттарын белгілеу талап етілетін жағдайда, құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.
252. Құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жабық рәсімдерді қолдана отырып конкурс тәсілімен жүзеге асырылады.
253. Жабық рәсімдерді қолдана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаны, веб-сайтта мәтіндерге тапсырыс берушілерді жариялауды, конкурсқа қатысуға рұқсат туралы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы, конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері ашылған конверттердегі қол қойылған хаттамаларды және конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындыларын жариялауды қоспағанда, Заңға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
254. Жабық рәсімдерді қолдана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізген кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысу үшін өздері шақырған әлеуетті өнім берушілердің аттарына олардың осындай шақыруды алғанын растауы шартымен жазбаша хабарлама жібереді.
255. Конкурсқа қатысу үшін жазбаша хабарлама жіберілген әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланатын жұмыстарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның органдары белгіленген тәртіппен беретін рұқсаты болуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін жазбаша хабарлама жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізімін тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.
256. Осы тарауда реттелмеген жағдайда тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар және конкурстық комиссиялардың мүшелері Заңды және осы Ережені басшылыққа алады.
257. Құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер халықаралық қаржы институттары (Дүниежүзілік Банк, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам Даму Банкі, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі) беретін қарыздардың қаражаты есебінен сатып алынатын жағдайларда, егер бұл қарыз берудің міндетті шарты болып табылса, сатып алу кредит берушінің рәсімдері бойынша жүргізілуі мүмкін.»;
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде көзделген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және амбулаториялық, дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі», «Дәрілік заттарды сатып алудың ерекшеліктері», «Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері» кіші бөлімдері мен 258, 259, 260, 261, 262, 263, 264, 265, 266, 267, 268, 269, 270, 271 және 272-тармақтар алынып тасталсын;
«Көрмелерді, семинарларды, конференцияларды, жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі» кіші бөлімінде:
295-тармақта:
«аспайтын» деген сөз «асатын» деген сөзбен ауыстырылсын;
«он мың еселенген» деген сөздер «төрт мың еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын;
296-тармақта «ашық» деген сөз алынып тасталсын;
297, 298, 299, 300, 301 және 302-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«297. Көрмелерді, семинарларды, конференцияларды, кеңестерді, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу біліктілік талаптарын белгілейтін нормаларды қоспағанда, Заңға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
298. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңмен және осы Ережемен көзделген конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама рәсімдеріне қосымша басқа бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама мәтінін жариялауға құқығы бар.