Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуiнiң кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 217 Қаулысы
(2008.31.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнің осы қаулыға түсініктемесін қара
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 28 тамыздағы № 750 қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара )
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңымен бекітілген Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан еркін және тең құқылы өтуін және олардың тауарлар мен валютаны кедергісіз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы келісімге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 263, 264, 266, 269, 270, 273, 275, 290, 317-баптарына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 278-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзетiн тауарлардың қолданылуын айқындау өлшемдерi;
2) кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде тұрақты тұратын жеке тұлғаларға өздерiнiң Қазақстан Республикасында уақытша болуы мерзiмiне уақытша әкелуге рұқсат етiлетiн және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздерiнiң шетелдiк мемлекетте уақытша болуы мерзiмiне уақытша әкетуге рұқсат етiлетiн тауарлардың тiзбесi;
3) жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағына оңайлатылған тәртiппен әкелетін тауарларға жиынтық кедендік төлем;
4) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оларға қатысты жеңiлдетiлген тәртiп көзделмеген тауарларды оңайлатылған тәртiппен өткізуiнiң салмақтық және құндық нормалары;
5) жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеңiлдетiлген тәртiппен өткізуiнiң шарттары мен нормалары;
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 28 тамыздағы № 750 қаулысымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара )
6) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына кедендік төлемдер мен салықтар салынбайтын акцизделетін тауарларды әкелу нормалары;
7) тауарларды халықаралық почта жөнелтiмдерiмен өткізудiң шарттары мен нормалары бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 9 наурыздағы
№ 217 қаулысымен
бекітілген
Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден
шекарасы арқылы өткiзетiн тауарлардың қолданылуын
айқындау өлшемдерi
Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзетiн тауарлар, егер:
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 28 тамыздағы № 750 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді(бұр. ред. қара )
1) мұндай тауарлар болып мыналар табылса:
көлiк құралдары мен олардың бөлшектерi, оның iшiнде жол полициясы органдарында есепке алуға жататындар;
Қазақстан Республикасының кеден аумағына осы қаулымен көзделген нормалардан артық әкелiнген акцизделетiн тауарлар;
кәсiби жабдық (өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн еңбек құралдары ретiнде пайдаланылатын жабдық);
станоктар;
шикiзат;
шала өнiмдер;
ауыл шаруашылығы техникасы;
құрылыс материалдары;
жинақтаушы бұйымдар;
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 28 тамыздағы № 750 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара )
2) олардың саны мынадай көрсеткiштерден acca:
киім - бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат (тұтынуда болғандарды қоспағанда);
бас киімдер - бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегі және үлгідегі 2 (екi) зат (тұтынуда болғандарды қоспағанда);
аяқ киім - бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегі және үлгiдегi 2 (екi) зат (тұтынуда болғандарды қоспағанда);
тамақ өнiмдерi - бiр адамға 10 (он) килограмм ,оның ішінде бекіре және албырт балықтардың уылдырығы 250 елу) грамм;
туалет керек-жарақтары мен парфюмериялық-косметикалық бұйымдар - бiр адамға бір атаудағы 3 (үш) зат (тұтынуда болғандарды қоспағанда);
жиhаз - бiр адамға 1 (бiр) жиынтық немесе гарнитур;*
асүйлiк тұрмыстық ыдыс-аяқ пен аспаптар - бiр адамға бiр түрдегi 2 (екi) жиынтық немесе сервиз;*
төсек-орын керек-жарақтары - бiр адамға бiр түрдегi 2 (екi) жиынтық;*
фото, аудио, бейне, ұйымдастыру техникасы, тұрмыстық техника және электр аспаптары - бiр адамға әр атаудағы 1 (бiр) зат;*
зергерлiк бұйымдар - бiр адамға 6 (алты) зат;
музыка аспаптары - бiр адамға 1 (бiр) зат;
спорттық мүкәммал - бiр адамға 1 (бiр) зат;
дәрілiк заттар - бiр адамға 500 грамм;
баспа басылымдары, бейне, аудиокассеталар, шағын дискілер, фотопленкалар - бiр адамға әр атаудағы 10 (он) дана;*
велосипедтер - бiр адамға 2 (екi) дана;
балалар ойыншықтары - бiр адамға 2 (екi) жиынтық пен модель;*
балалар арбалары - бiр адамға 1 дана;
үй шаруашылығында немесе тұрмыста пайдаланылатын жоғарыда аталмаған басқа да заттар - бiр адамға әрбiр атаудағы 2 (екi) зат;
3) оларды өткізу жиiлiгi айына 1 (бip) реттен асатын болса өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.
Ескерту:
жиынтық - бұл қандай да бiр заттардың толық жинағы, құрамы. Тауардың құрамы (жиынтықтылығы) "Құрамы" немесе "Жиынтықтылығы" деген атауы бар тiзбе түрiнде тұтынушыға арналған ақпаратта (этикеткалар, заттаңбалар, жапсырма қағаздар, паспорт, формуляр, қолдану жөніндегi басшылық) көрсетiлуi тиiс.
* Көрсеткiштер Қазақстан Республикасына/нан тұрақты тұруға қоныс аударатын жеке тұлғалар оларды өткiзген кезде тұтынуда болған тауарларға қатысты қолданылмайды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 9 наурыздағы
№ 217 қаулысымен
бекітілген
Кедендiк төлемдерден, салықтардан толық
босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары
қолданылмастан Қазақстан Республикасының аумағынан
тысқары жерлерде тұрақты тұратын жеке тұлғаларға
өздерiнiң Қазақстан Республикасында уақытша болуы
мерзiмiне уақытша әкелуге рұқсат етілетін және
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын
жеке тұлғалар өздерiнiң шетелдiк мемлекетте уақытша
болуы мерзiмiне уақытша әкетуге рұқсат етiлетiн
тауарлардың тiзбесi
1. Киім, бас киімдер, аяқ киім.
2. Жұмсалатын тауарларды қоспағанда, туалет керек-жарақтары.
3. Жеке зергерлiк әшекейлер.
4. Фото, кино, бейнекамералар мен олардың керек-жарақтары.
5. Тасымалданатын слайд және кинопроекторлар мен олардың
керек-жарақтары.
6. Тасымалданатын бейнемагнитофондар мен оларға жабдықтар.
7. Тасымалданатын музыкалық аспаптар.
8. Күйтабақтарымен бiрге тасымалданатын ойнатқыштар.
9. Үнтаспаларымен бiрге тасымалданатын дыбыс жазғыш және шығарғыш аппаратура (диктофондарды қоса алғанда).
10. Тасымалданатын радиоқабылдағыштар.
11. Тасымалданатын телевизорлар.
12. Тасымалданатын жазу машинкалары.
13. Тасымалданатын калькуляторлар.
14. Тасымалданатын жеке компьютерлер.
15. Дүрбiлер.
16. Балалар арбалары.
17. Мүгедектерге арналған арбалар.
18. Спорт жабдығы мен оның керек-жарақтары.
19. Тасымалданатын диализаторлар мен соған ұқсас медициналық аспаптар.
20. Ұялы байланыстың ұтқыр телефондары.
21. Жеңіл автомобильдер, оның iшiнде мотокөлiк және олардың тiркемелерi.
ҚР Үкіметінің 2005.05.05. № 430 Қаулысымен өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007 ж. 28 тамыздағы № 750 қаулысымен (бұр. ред. қара ) жаңа редакцияда ; ҚР Үкіметінің 2008.31.05 № 532 Қаулысымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 9 наурыздағы
№ 217 қаулысымен
Бекiтiлген
Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағына оңайлатылған
тәртіппен әкелетін тауарларға жиынтық кедендік төлем
Оларға қатысты жеңілдетілген тәртіп көзделмеген тауарларды жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған тәртіппен өткізуі кезінде кедендік төлемдер мен салықтар кедендік құнның ЕуроАзЭҚ сыртқы әкономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес жіктелетін 07, 08 тауарлық топтардың тауарларын қоспағанда, 1 кг. үшін 0,6 евро мөлшерінде жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін, оларға қатысты жиынтық төлем кедендік қүнның 13 % құрайды.
ЕуроАзЭҚ сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес жіктелетін 22, 24, 26-31, 36, 38, 72, 73, 84, 86-89, 93 тауарлық топтардың тауарларын декларациялау жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 9 наурыздағы
№ 217 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.05.05. № 430 Қаулысымен өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара)
Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының
кеден шекарасы арқылы оларға қатысты жеңiлдетiлген
тәртiп көзделмеген тауарларды оңайлатылған тәртiппен
өткізуiнiң салмақтық және құндық нормалары*
Жеке тұлғалар тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған тәртiппен өткізу кезiнде кедендiк төлемдер мен салықтар, егер:
1) жалпы салмағы қоса есептегенде 2000 (екi мың) килограмды құраса;
ҚР Үкіметінің 2006.04.15. № 285 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді
2) қосымшаға сәйкес тез бұзылатын жас жеміс-көкөніс, жеміс-жидек, бақша өнімін қоспағанда, ЕурАзЭҚ Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасына сәйкес 07 және 08 тауар топтары бойынша жiктелетiн жалпы салмағы қоса есептегенде 5000 (бec мың) килограмға дейiн болса;
ҚР Үкіметінің 2006.04.15. № 285 қаулысымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) автокөлік құралдарының заңнамада белгіленген жол берілетін салмақтық параметрлері сақталған кезде осы қаулыға қосымшаға сәйкес тез бұзылатын жас жеміс-көкөніс, жеміс-жидек, бақша өнімі бойынша жалпы салмағы қоса есептегенде 10000 (он мың) килограмға дейін болса.
_____________________________________
*Ескерту. Жеке тұлғалар тауарлар өткізудiң оңайлатылған тәртібін қолданудан бас тарта алады. Бұл жағдайда тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізудiң жалпы тәртібі қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2006.04.15. № 285 қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Жеке тұлғалардың Қазақстан
Республикасының кеден шекарасы
арқылы оларға қатысты
жеңілдетілген тәртіп көзделмеген
тауарларды оңайлатылған тәртіппен
өткізуінің салмақтық және құндық
нормаларына қосымша
Тез бұзылатын жас жеміс-көкөніс,
жеміс-жидек, бақша өнімінің тізбесі
1. Картоп.
2. Томат.
3. Түйнекті пияз, сарымсақ.
4. Қауданды қырыққабат.
5. Сәбіз, шалқан, асханалық қызылша, тамырлы балдыркөк, шалғам.
6. Қияр.
7. Жүзім.
8. Алма, алмұрт және алқоры.
9. Өрік, шие, қызыл шие, шабдалы, қараөрік.
10. Қарбыз, қауын.
11. Тәтті бұрыш.
12. Баклажан.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 9 наурыздағы
№ 217 қаулысымен
бекітілген
Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының
кеден шекарасы арқылы жеңiлдетілген тәртiппен
өткізуiнiң шарттары мен нормалары
Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы жүретiн жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына (кеден аумағынан) әкелетiн (әкететiн) тауарларды өткізуiнiң жеңiлдетілген тәртібіне сәйкес кедендiк ресiмдеу мынадай жағдайларда:
1) осы мемлекеттерде тұрақты тұратын жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттерден (қатысушы мемлекеттерге) осы мемлекеттерде шығарылған және өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызметке арналмаған тауарларды әкелуi (әкетуi) кезiнде;
2) үшiншi елдерден (үшiншi елдерге) шығарылған, өндiрiстік немесе өзге де кәсiпкерлiк қызметке арналмаған, жол жүгiнiң жалпы салмағы бiр адамға шаққанда 50 (елу) килограмға дейiнгi шектегi жалпы құны 1000 (мың) AҚШ долларына баламалы сомадан аспайтын тауарларды әкелу (әкету) кезiнде;
3) Қазақстан Республикасына (шет мемлекетке) тұрақты тұруға қоныс аударатын жеке тұлғалардың өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызметке арналмаған тауарларды әкелуi (әкетуi) кезiнде кеден төлемдерiн төлеуден толық босатыла отырып (сақтағаны үшiн алымдарды қоспағанда), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге шектеу қойылған тауарларды қоспағанда, тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан жүргiзіледi.
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 28 тамыздағы № 750 қаулысымен (бұр. ред. қара ) жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 9 наурыздағы
№ 217 қаулысымен
Бекiтiлген
Жеке тұлғалардың кедендік төлемдер мен салықтар салынбайтын акцизделетін тауарларды
Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу нормалары
Р/с № | ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды | Тауардың атауы | Алып өту нормасы (бір адамға) |
1 | 2203 00 | Ашытылған сыра | 5 литр* |
2 | 2204 (2204 30- дан басқа), 2205, 2206 00, 2207, 2208-ден | Шараптар, шарап материалдары, коньяк, бренди, спирттің барлық түрлері, арақ, ликер-арақ бұйымдары | 2 литр* |
3 | 2402 | Фильтрлі темекі, фильтрсіз темекі, папиростар Сигаралар Сигариллалар | 1000 дана* 15 дана* 300 дана* |
4 | 2403-ден** | Никотиннен тұратын фармацевтік өнімді қоспағанда, шегетін темекі, шайнайтын темекі, иіскейтін темекі және өзге де тұтыну ыдысына буып-түйілген және соңғы тұтынуға арналған темекі | 1 кг* |
5 | 2710 11 410 0, 2710 11 450 0, 2710 11 490 0, 2710 11 510 0, 2710 11 590 0, | Бензин (авиациялықты қоспағанда) | 100 литр* |
6 | 2710 19 310 0, 2710 19 350 0, 2710 19 410 0, 2710 19 450 0, 2710 19 490 0, | Дизель отыны | 150 литр* |
Ескертпе.
*Көрсетілген норма ЕурАзЭҚ Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының кодтары бойынша бөлінбестен, импортталатын тауарлардың жалпы көлеміне белгіленеді. Импорт нормасының көлеміндегі кедендік төлемдер мен салықтар салынуға жатпайтын импортталатын тауарлардың тізбесі жеке тұлғаның таңдауы бойынша белгіленеді.
**Тауар номенклатурасы ЕурАзЭҚ Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының кодымен де, тауардың атауымен де айқындалады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 9 наурыздағы
№ 217 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды халықаралық почта жөнелтiмдерiмен
өткізудiң шарттары мен нормалары
Жеке тұлғаның мекен-жайына жiберiлетiн және өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызметке арналмаған тауарлар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы мынадай нормалар сақталған жағдайда, кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеуден толық босатыла отырып және оларға тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан өткiзiледi:
1) салмағы 31 (отыз бip) килограмнан аспайды;
2) жалпы құны қоса есептегенде 1000 (мың) АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 9 наурыздағы
№ 217 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi
жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн акцизделетiн тауарларға арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 26 маусымдағы № 608 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 20, 176-құжат).
2. "Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiппен өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 мамырдағы № 741 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 19, 249-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 мамырдағы № 741 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 21 қазандағы № 1136 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 36, 382-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 11 сәуірдегі № 357 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 6, 168-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістердiң 7-тармағы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 31 мамырдағы № 741 және 2001 жылғы 21 тамыздағы № 1092 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 569 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 27, 252-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.
6. "Жекелеген отандық өндiрушiлердi қолдау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 13 тамыздағы № 763 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 28, 236-құжат) 9-тармағының 2) тармақшасы.