22-3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгіленген жағдайлар мен тәртіпте лицензиялауды жүзеге асырады, мемлекеттік аттестаттауды өткізеді;
22-4) салық төлеушінің тіркеу есебіне алу орны бойынша салық органының облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджетке толық көлемінде келіп түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;
22-5) 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
22-6) 2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.19.06. № 264-III ҚР Заңымен 27-бап 22-2) тармақшамен толықтырылды
22-7) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат береді, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
2. Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмияты өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімияты облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихаттың алдында өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн жауап бередi.
28-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімін қызметке тағайындау және қызметiнен босату тәртібі
1. Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімін Премьер-Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды.
2. Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімін Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
3. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президентi қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкiм Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi әкiмдi тағайындағанға дейiн өз мiндетiн атқаруды жалғастыра бередi.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара) ; 2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 29-бап өзгертілді
29-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінiң құзыретi
1. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі заңдарға сәйкес:
1) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) мүддесiн білдiредi;
2) орталық атқарушы органдар басшыларына орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң актілерін, облыс әкімі мен әкiмиятының актілерін олардың орындауға қатысты бөлiгіндегі қызметi туралы ұсыныс енгізуге құқылы. Орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметі актілерін орындауға қатысты бөлiгiнде жұмыстағы кемшiлiктерiн жоймаған ретте облыс әкімі Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметіне тиiстi қорытынды енгізуге құқылы;
3) тиiстi адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi;
3-1) тиісті мәслихатқа "Облыстың (қаланың) құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізеді;
4) мына лауазымды адамдарды:
жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттік органдармен келісім бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінiң орынбасарларын;
облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі аппаратының басшысын және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын;
заңдарда белгiленген тәртiпте нысанды киім кию құқығы және әскери немесе өзге де арнайы атақ берiлетiн басшыларды қоспағанда, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдары құрылымдарының басшыларын тағайындау және қызметiнен босату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
5) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңызы бар қаладағы аудан, астанадағы аудан) әкiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жауапкершiлiк шараларын қолдану мәселелерiн шешедi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдары қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
6) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық, республикалық маңызы бар қаладағы аудандық, астанадағы аудандық) әкiмияттар мен әкiмдер жұмысын үйлестiредi;
7) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаладағы ауданның, астанадағы ауданның) әкiмдерi арқылы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi басқару схемасын тиістi мәслихаттардың бекітуiне енгiзедi;
9) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихатқа бекітуге ұсынады;
10) алынып тасталды
11) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелерi жөніндегі заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
12) кәсiпорындарды, кен орындарын және мемлекеттік меншiктiң басқа да объектiлерiн жекешелендiру, жалға беру, сату мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органымен тең дәрежеде келісім-шарттарға қол қоюға, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауға қатысады.
2. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі өзiнiң жекелеген өкiлеттiгiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.
4. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша және облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмият құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметі алдында жауап бередi.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
30-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмияттар. Құрылуы және құрамы
1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмият Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпымемлекеттік саясатын тиістi аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімиятты ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімi басқарады.
3. Әкім аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімиятты аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімiнің орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, тиісті атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құрады.
4. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімияттың отырыстарын әзірлеу мен өткізу, сондай-ақ олардың шешім қабылдау тәртібі әкімияттың регламентінде белгіленеді. Үлгі регламентті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Әкімияттың дербес құрамы аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат сессиясының шешімімен келісіледі.
6. Аудан әкімиятының жұмысына орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.
7. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімият - алқалы орган, ол заңды тұлға болып табылмайды.
11.05.04 ж. № 552-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 21.12.04 ж. № 15-III (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 45-III; 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара); 2007.11.01. № 218-III ; 2007.27.07. № 320-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 31-бап өзгертілді
31-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімияттың құзыреті
1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімият заңдарға сәйкес:
1) 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып татсалды (2 009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2 009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1-1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді;
1-2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті тиісті мәслихатқа табыс етеді;
1-3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджеті туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдайды;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1-4) тармақша жаңа редакцияда (2 009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1-4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын бекітеді;
1-5) 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып татсалды (2 009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1-6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
1-7) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын бекітеді;
2) заң актілеріне сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;
5) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
6) осы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы кенттер мен ауылдар құрылысын салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттың бекітуіне ұсынады, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, кентішілік (қалаішілік) және ауданішілік коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат береді;
7) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;
8) әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөніндегі iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;
9) кентішілік (қалаішілік) және ауданішілік қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
10) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
11) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;
12) мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және оны бөлуін ұйымдастырады;
12-1) мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
12-2) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
12-3) мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып қоюды, оның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды жүзеге асырады;
12-4) республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізеді;
12-5) авариялық және ескі үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;
12-6) тұрғын үй көмегін көрсетеді;
12-7) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
13) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікті азайту бағдарламаларын іске асырады;
14) халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi және ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
15) аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектiлерiн және өзге де объектiлердi табиғаттың, тарих пен мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi;
16) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi;
17) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдарды құрады.
17-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді;
18) тиiстi аумақта ветеринариялық iс-шаралар жүргiзудi, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмiндiлер) салуды және ұстауды ұйымдастырады, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
19) азаматтардың тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқығының іске асырылуын жүзеге асырады;
20) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік кәсіпорындарды құрады, облыстық атқарушы орган белгілеген штат санының лимиті және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормативтер шегінде аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді;
21) салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша салық органының аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджетке толық көлемінде келіп түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;
22) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгіленген жағдайлар мен тәртіпте лицензиялауды жүзеге асырады.
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмият Қазақстан Республикасының заңдарында өзiне жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмият өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыруда аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат алдында жауап бередi.
4. Осы бапта аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) , республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) әкімдіктерге жүктелген өкілеттіктерді қалалық әкімдіктер жүзеге асырады.
32-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін қызметке тағайындау қызметiнен босату және өкiлеттiгiн тоқтату тәртібі
1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады.
2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiпте қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады.
11.05.04 ж. № 552-II (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2007.22.05. № 255-III (бұр.ред. қара); 2007.27.07. № 320-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 33-бап өзгертілді
33-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінiң құзыретi
1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі заңдарға сәйкес:
1) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мүдделерiн бiлдiредi;
2) облыс әкіміне орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің Қазақстан Республикасының Конституциясын , заңдарын, Президентi мен Yкіметі актілерін олардың орындауға қатысты бөлiгіндегі қызметi туралы ұсыныс енгізуге құқылы;
3) тиiстi адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы облыс әкіміне ұсыныс енгiзедi;
3-1) аудандық мәслихатқа "Ауданның құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізеді;
4) мынадай лауазымды адамдарды:
жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттік органдармен келісім бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтiн аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінiң орынбасарларын;
әкiм аппаратының басшысы мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
5) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;
6) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
7) алынып тасталды
8) мектепке дейінгі ұйымдарға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда), әлеуметтік-мәдени сала мекемелеріне материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;
9) алынып тасталды
10) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
11) әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстi басқарудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптастырылған схемасын тиiстi мәслихаттардың бекітуiне енгiзедi;
12) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихаттың бекітуiне ұсынады;
13) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi.
2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкін.
3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі өзiнiң жекелеген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.
4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмияттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi, Үкіметі және облыс әкімі алдында жауап бередi.
34-бап. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк әкiмияттар
Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк әкiмияттар құрылмайды.
11.05.04 ж. № 552-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 21.12.04 ж. № 15-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2007.22.05. № 255-III (бұр.ред. қара) ҚР Заңдарымен 35-бап өзгертілді
35-бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің құзыреті
1. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі заңдарға сәйкес:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмияттың лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметі актілерінiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актілерін тiркеудi ұйымдастырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды.
16) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
1-1. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық (селолық) жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
1-2. Облыстық маңызы бар қалада аудандар болмаған жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген функцияларды облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі жүзеге асырады.
2. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауап бередi.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен 36-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара)
36-бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімін қызметке тағайындау, қызметiнен босату және өкiлеттiгiн тоқтату тәртібі
1. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының Президентi белгілейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады.
2. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады.