ҚР 19.10.93 ж. № 2453; 07.04.99 ж. № 374-1; 08.07.03 ж. № 478-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Өмiр мен денсаулықты сақтау. Медициналық қамтамасыз ету
Әскери қызметшiлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға қамқорлық жасау - командирлердiң (бастықтардың) мiндетi. Оларға жаттығулар, басқа да жауынгерлiк әзiрлiк шараларын өткізу, қызмет ету, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану кезiнде, жұмыс жүргiзген және күнделiктi қызмет кезiнде қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету жүктеледi.
Әскери қызметшiлердiң әскери-медициналық бөлiмшелерде, бөлiмдер мен мекемелерде (бұдан әрi әскери-медициналық мекемелер) медициналық тегiн қамтамасыз етiлуге құқығы бар. Әскери қызметшiлердiң қызмет ететiн немесе тұратын жерiнде әскери-медициналық мекемелер жоқ болса, не оларда тиiстi бөлiмшелер не медициналық көрсеткiштер бойынша арнаулы жабдықтар жоқ болса, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында, жеке медициналық ұйымдарда және жеке медициналық практикамен айналысатын адамдар арқылы тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шегiнде медициналық көмек көрсетiледi.
Жеке денсаулық сақтау ұйымдары мен жеке медициналық практикамен айналысатын адамдардың әскери қызметшiлерге тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шегiнде медициналық көмек көрсетуi бойынша шығындары Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен өтеледi.
Әскери қызметшiлерге емделуге жұмсаған қаражатын олар құрылымында әскери қызметтен өтетiн Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар өтейдi.
Офицерлердiң отбасы мүшелерi (зайыбы, жұбайы, 18 жасқа дейiнгi балалары) әскери-медициналық мекемелерде тегiн медициналық жәрдем алуға құқылы. Емханаларда емделген кезiнде отбасы мүшелерiне дәрi-дәрмек ақы төлетiп берiледi, бұған заңға сәйкес ақы алынбайтын реттер кiрмейдi.
Әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасқан әскери қызметшiлердi санитарлық-эпидемиологиялық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жарақаттанған, контузия алған, зақымданған, мертiккен немесе ауруға шалдыққан әскери қызметшiлер өздерi құрылымында әскери қызметтен өткен Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың қаражаты есебiнен санаторийлерге жiберiледi.
Осы баптың екiншi, үшiншi бөлiктерiнде аталған әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң құқықтары және оларға берiлетiн жеңiлдiктер әскери қызметтен жасына, денсаулық жағдайына немесе штат қысқартылуына байланысты босатылған, әскери қызметiнiң жалпы ұзақтығы 20 және одан да көп жыл болатын офицерлер мен олардың отбасы мүшелерiне де қолданылады.
Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерi, соғыс қимылдарына басқа да қатысушылар, әскери қызмет мiндетiн атқару кезiнде алған жарақаты, контузиясы, мертiгуi немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып, әскери қызметтен босатылған әскери қызметшiлер, полковник атағымен және одан жоғары атақпен запасқа немесе отставкаға шыққан офицерлер медициналық және санаториялық-курорттық емделуден бірiншi кезекте өтуге құқылы.
Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлер, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттары мен әскери мектеп-интернаттардың тәрбиеленушiлерi медициналық көрсеткiштерi болған жағдайда әскери санаторийлерде санаториялық-курорттық тегiн емделумен қамтамасыз етiледi.
Әскери қызметшi әйелдер Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген әйелдердi, ана мен баланы қорғау мәселелерi жөніндегі барлық жеңiлдiктердi пайдаланады. Бұл жеңiлдiктер анасы жоқ балаларды (анасы қайтыс болған, аналық құқынан айрылған жағдайда және заңдарда белгiленген басқа да жағдайларда) тәрбиелеп отырған әскери қызметшiлерге де қолданады.
19.10.93 ж. № 2453;10.10.01 ж. № 247-II; 08.07.03 ж. № 478-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III 12-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Әскери қызметшiлерге қаза тапқан (қайтыс болған) немесе жарақат алған жағдайда берiлетiн кепiлдiктер
Әскери қызметшi немесе әскери жиынға шақырылған әскери мiндеттi адам әскери қызметтен өту кезеңiнде қаза тапқан (қайтыс болған), жарақат алған жағдайда оларға бір жолғы өтем төленедi.
Бір жолғы өтемдi төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Әскери қызметшi қызметiн атқару кезiнде не қызметтен өту кезеңiнде алған жарақат (контузия), ауру салдарынан қызметтен босағаннан кейiн қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның мұрагерлерiне (мұрагерлiкке құқығын дәлелдейтiн куәлiгiн табыс еткеннен кейiн) соңғы атқарған қызметi бойынша қаза тапқан (қайтыс болған) күнiне дейiнгi бір жолғы өтемдi алпыс айлық ақшалай қаражатының мөлшерiнде төлейдi.
Әскери жиынға шақырылып, әскери қызметтен өту кезiнде қаза тапқан немесе мертiгу (жаралану, жарақ алу, контузия), ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлер, әскери мiндеттiлер әскери қызмет (әскери жиын) өткiзiлген жерде немесе олардың туған-туысқандарының қалауы бойынша басқа жерде жерленедi. Мәйiттi жеткізуге әзiрлеумен, мәйiттi жеткізумен, жерлеумен, құлпытас дайындаумен және оны орнатумен байланысты барлық шығындар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мөлшерде әскери қызметшiлер, әскери қызметке шақырылған әскери қызметке мiндеттiлер әскери қызметтен өткен (жиында болған) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың есебiнен жасалады.
Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көрсетiлген ережелер әскери қызметтегi шектi жасқа жетуi, денсаулық жағдайы бойынша немесе штат қысқартылуына байланысты әскери қызметтен босатылған, әскери қызметiнiң жалпы ұзақтығы 25 және одан да көп жыл болған азаматтарға, сондай-ақ әскери қызметiнiң жалпы ұзақтығына қарамастан соғысқа қатысқандарға қолданылады.
Әскери қызметшiнiң әскери қызметтен өту кезеңiнде немесе әскери қызметтен өтуге байланысты контузия, мертiгу, ауыру салдарынан әскери қызметтен босатылғаннан кейiн бір жыл өткенге дейiн мүгедектiгi анықталған жағдайда бір жолғы өтем:
I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражаты;
II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражаты;
III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде төленедi.
Әскери қызметшiлер, әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiкке әкеп соқпайтындай қатты мертiккен (жараланған, жарақат, контузия алған) ретте оларға бір жарым айлық ақшалай қаражаты; жеңiл жарақат алған ретте жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бір жолғы өтем төленедi.
Егер өлiмнiң себебi өзiне-өзi қол жұмсаудан болғаны, өзiне-өзi қол жұмсауға жеткiзген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, сондай-ақ егер қаза (өлiм), жаралану, контузия, жарақат алу, мертiгу адамның заңға қайшы iс-әрекетiнен немесе алкогольден, есiрткiден, уытқұмарлықтан мас болу себебiнен немесе өзiне қандай да бір жарақат түсiру (денесiне зиян келтiру) арқылы болса және бір жолғы өтем алу немесе әскери қызметтен жалтару мақсатымен өз денсаулығына өзгедей зиян келтiрсе, бір жолғы өтем төленбейдi.
Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, әскери (арнайы) оқу орындарының стипендия алатын курсанттарына, әскери жиынға шақырылған әскери мiндеттiге мынадай жағдайларда:
осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделгендей жағдайда - 500 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделгендей жағдайда:
I-топтағы мүгедекке 250 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
II-топтағы мүгедекке 150 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
III-топтағы мүгедекке 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
осы баптың жетiншi бөлiгiнде көзделгендей жағдайда: ауыр жарақат үшiн 12 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, жеңiл жарақат үшiн 4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бір жолғы өтемдерi төленедi.
Мемлекет әскери қызметшiлерге мемлекеттік органдардың, меншiк түрлерiне қарамастан кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың және қоғамдық бірлестiктердiң, сондай-ақ лауазымды адамдардың;
қылмыстық және өзге де жауапкершiлiкке заңсыз тартуы;
тыйым салу жазасы ретiнде қамауға алуды заңсыз қолдануы;
заңсыз соттауы;
оның өз мүлкiн бүлдiруi, жоюы немесе жоғалтуы;
денесiне зақым келтiруi;
қызметiн немесе әскери атағын заңсыз төмендетуi;
құқықтарынан, жеңiлдiктер мен артықшылықтардан заңсыз айыруы;
шарт ережелерiн сақтамауы салдарынан келтiрiлген моральдық және материалдық нұқсанды өтеуге кепiлдiк бередi.
Аталған жағдайларда соттың немесе жоғары тұрған қолбасшылықтың шешiмi бойынша әскери қызметшiлердiң қызметтiк, зейнеткерлiк және басқа да жеке әрi мүлiктiк құқықтары қалпына келтiрiледi әрi келтiрiлген зиян оны келтiрген кiнәлi тұлғалардың есебiнен немесе бюджет қаражатының есебiнен қалпына келтiрiледi.
ҚР 08.07.03 ж. № 478-II Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Білім алу құқығы
Әскери қызметшiлердiң әскери (арнаулы) оқу орындарында оқуға құқығы бар.
Әскери (арнаулы) оқу орындарын бiтiрген әскери қызметшiлер қайта даярлау және біліктiлiктi арттыру курстарында оқи алады.
Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) өздерi құрылымында әскери қызметтен өтетiн Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар басшыларының келісімiмен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сессияларды және қорытынды емтихандарды тапсыру үшiн демалыс берiліп, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарында оқудың кешкi немесе сырттай түрiнде оқуға рұқсат етiледi.
Оқу кезеңiнде әскери қызметке шақырылған адамдардың әскери қызметтен босағаннан кейiн өздерi шақырылғанға дейiн оқыған оқу орнындағы оқуын жалғастыруға құқығы бар.
ҚР 07.04.99 ж. № 374-1; 10.10.01 ж. № 247-II; 08.07.03 ж. № 478-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Көлiкте жүру. Почта жiберiлiмдерi
Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) Қазақстан Республикасының аумағында қызмет бабымен орын ауыстырғанда және әскери қызметтен босағанда стационарда емделуге барып, қайтқанда темір жол, әуе қатынасы, су және автомобиль көлiгiмен тегiн жүру, бұған қоса он тоннаға дейiн өз мүлкiн тегiн тасымалдауға құқығы бар.
Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы) отбасыларының мүшелерiне, бірге жүретiнiне әскери қызметшiлер қызмет бабымен Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстырған және олар әскери қызметтен босатылған кезде тегiн жүрiп-тұруға олармен бірдей жеңiлдiктер берiледi.
Аталған жағдайлардағы шығындар құрылымында әскери қызметшiлер әскери қызметте тұратын Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың қаражаты есебiнен жасалады.
Жергiлiктi өкiлдi органдар мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге қала iшiнде, қала маңына және жергiлiктi жерлерде қатынайтын қоғамдық көлiктiң барлық түрiне (таксиден басқа) жол жүруге жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен жеңiлдiктер беруге құқылы.
Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге, әскери (арнаулы) оқу орындарының бірiншi және екiншi курстарының курсанттарына пошта жiберiлiмдерi үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мөлшерде ақшалай өтем төленедi.
Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттары:
стационарлық емделуге барған және керi қайтқан кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша теміржол, әуе, су және автомобиль көлiктерiнде;
әскери қызметтен босағанда, сондай-ақ демалысқа барған және керi қайтқан кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша теміржол, су және автомобиль көлiктерiнде тегiн жүруге құқылы.
ҚР 10.10.01 ж. № 247-II; 08.07.03 ж. № 478-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 17 -бап өзгертілді
17-бап. Азаматтарды әскери қызметтен босату және оларды еңбекке орналастыру
Әскери қызметшiлер «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әскери қызметтен босатылуға құқылы.
20 және одан да көп жыл қызмет атқарған әскери қызметшiлердi олардың өздерi мен отбасы мүшелерiне заңдарда белгiленген нормалар бойынша тұрғын жай бермейiнше, әскери қызметтен жасына, денсаулық жағдайына, штат қысқартылуына байланысты босатуға болмайды.
Әскери қызметшiлердi (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) әскери қызметтен заңсыз босатқан ретте осыған байланысты келтiрiлген зиян Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың есебiнен толық көлемiнде өтелуге тиiс. Негiзсiз босатылған әскери қызметшiлер бұрынғы лауазымымен (ал оның келісімi бойынша оған тең немесе төмен) әскери қызметке орналастырылады және заңсыз босатылғаннан кейiн алмаған қаражаттың барлық түрлерiмен қамтамасыз етiледi. Бұл кезең қызмет еткен жылына және кезектi әскери атақ беру үшiн қызмет еткен мерзiмiне қосылады.
Аталған реттерде әскери қызметшiлердi қайтадан әскери қызметке алу және оларға келтiрiлген зиянды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Әскери қызметшiлерге әскери қызметтен босатылған кезде мынадай бір жолғы жәрдемақы төленедi:
жасына, ауыруына, денсаулық жағдайының шектелуiне немесе штат* қысқартылуына байланысты босатылған әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтің әскери қызметшілері мен әскери оқу орындарының курсанттарынан басқа)
*Ескерту: Әскери қызметтен басқа негiздер бойынша босатылған
азаматтарға бір жолы төленетiн жәрдемақының құрамы
мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгiлейдi.
әскери қызметте 10 жылдан 15 күнтiзбелiк жылға дейiн қызмет еткендерге - ақшалай қаражатының төрт айлықақысы;
15 жылдан 20 жылға дейiн - ақшалай қаражатының бес айлықақысы;
20 жылдан 25 жылға дейiн - ақшалай қаражатының алты айлықақысы;
25 жылдан 30 жылға дейiн - ақшалай қаражатының жетi айлықақысы;
30 жылдан көп - ақшалай қаражатының сегiз айлықақысы;
мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге - айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде, ал ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетiм балалар қатарындағы аталған адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде төленедi.
Әскери қызметтен өту кезеңiнде мемлекеттік орденмен (ордендермен) наградталған әскери қызметшiлерге берiлетiн бір жолғы жәрдемақының мөлшерi ақшалай қаражаттың екi айлықақысына көбейтiледi.
Мерзiмдi әскери қызметтi өткерген адамдардың өздерi шақырылған нақ сол кәсiпорынға жұмысқа қабылдану кезінде басым құқығы болады.
Әскери қызметтен босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыру, олардың мамандық алуы, зейнетақы алу құқығынсыз әскери қызметтен босатылған адамдарды жұмыспен қамту Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
3 Бөлiм. Әскери қызметшiлердiң мiндеттерi
18-бап. Жалпы мiндеттер
Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендiгiн қорғау, оның сыртқы және iшкi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қарулы шабуылға тойтарыс беру және агрессорды жеңiлiске ұшырату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерiн қорғау мен оның халықаралық мiндеттемелерiне сәйкес мiндеттердi орындау жауынгерлiк борыштың мәнi болып табылады, ол әскери қызметшiлердi:
- әскери антқа адал болуға, өз халқына қалтқысыз қызмет етуге, өз Отанын каhармандықпен және шеберлiкпен қорғауға;
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен мемлекет заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтауға, командирлерге (бастықтарға) сөзсiз бағынуға, олардың бұйрықтарын дәл және мерзiмiнде орындауға;
- өз халқының қорғаушысы абыройын және жауынгерлiк даңқын, әскери атақтың абыройын және жауынгерлiк жолдастықты қымбат тұтуға;
- әскери шеберлiктi жетiлдiре беруге, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдануға әрдайым әзiр ұстауға, әскери мүлiктi сақтауға;
- тәртiптi, қырағы болуы, мемлекеттік, әскери және қызметтiк құпияның ашылуына жол бермеуге, шарт бойынша мiндеттемелердi қатаң сақтауға мiндеттейдi.
19-бап. Қызметтiк және арнаулы мiндеттер
Әскери қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерi мен осы мiндеттердi орындау тәртібі әскери жарғылармен және басқа нормативтiк актiлермен белгiленедi.
Командирлер (бастықтар) дара басшылар болып табылады және бейбiт кез бен соғыс уақытында қарамағындағылардың өмiрi мен қызметiнiң барлық жағына, атап айтқанда: тұрақты жауынгерлiк және жұмылдырушылық әзiрлiкке, олардың жауынгерлiк мiндеттердi ойдағыдай орындауына; адам құрамының жауынгерлiк әзiрлiгiне, әскери тәртібіне, моральдық-психологиялық жай-күйiне және әскери қызметтiң қауiпсiздiгiне; қару-жарақтың, әскери техника мен мүлiктiң жай-күйiне және сақталуына; материалдық-техникалық, медициналық, қаржылық және тұрмыстық жағынан қамтамасыз етуге жауап бередi.
Әскери қызметшiлер жауынгерлiк кезекшiлiкте (жауынгерлiк қызметте), тәулiктiк және гарнизондық нарядта жүргенде, сондай-ақ дүлей апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатыстырылған кезде арнаулы мiндеттердi орындайды. Аталған мiндеттер мен оларды орындау тәртібі заң актілерімен, әскери жарғылармен және солардың негiзiнде әзiрленген басқа да нормативтiк актiлермен белгiленедi.
ҚР 08.07.03 ж. № 478-II Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
20-бап. Қаруды сақтау, алып жүру және қолдану құқығы
Әскери қызметшiлер әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезiнде қаруды алып жүруге және қолдануға құқылы.
Әскери қызметшiлердiң қаруды алып жүру ережелерi әскери жарғылармен белгiленедi. Штаттық (жеке) қаруды қолдану тәртібі осы Заңмен және басқа заң актілерімен белгiленедi.
Әскери қызметшiлер соңғы шара ретiнде қаруды және өзi немесе бөлiмше құрамында мынадай жағдайларда:
- күзетiлудегi әскери және азаматтық объектiлерге, қарауылдарға, әскери бөлiмдердiң тұрғын жайы мен ғимараттарына топ болып немесе жеке жасалған қарулы шабуылға тойтарыс беру үшiн;
- қаруды және әскери техниканы күш қолданып иелену әрекетiн тыю үшiн;
- егер әскери қызметшiлер мен жай адамдарды өзге әдiстермен және құралдармен қорғау мүмкiн болмаса, оларды өмiрiне немесе денсаулығына қатер төндiретiн шабуылдан қорғау үшiн;
- егер қылмыскердi қарсыласуын өзге әдiстермен және құралдармен жеңу немесе қаруын тартып алу мүмкiн болмаса, қылмыс жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен не ауыр қылмыс жасау кезiнде үстерiнен түскен адамдарды, сондай-ақ қаруын тапсыру туралы заңды талаптарды орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшiн;
- жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн қолдануға құқылы.
Қару қолдану оны қолданбақшы ниет туралы ескертудi көздеуге тиiс. Күтпеген қарулы шабуыл, ұрыс техникасын, көлiк құралдарын, теңiз және өзен кемелерiн пайдалана отырып шабуыл жасаған кезде, сондай-ақ қамаудан қару алып қашқан жағдайда қару ескертусiз қолданылуы мүмкiн.
Әскери қызметшiлер қауiп дабылын беру немесе көмек шақыру үшiн қару қолдануға құқылы.
Қаруды қолдану және пайдалану кезiнде әскери қызметшi айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн мүмкiн болған шаралардың бәрiн қолдануға, ал қажет болған жағдайда зардап шеккендерге дереу медициналық көмек көрсетуге мiндеттi.
Әйелдер мен кәмелетке толмағандар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен не әскери қызметшiнiң (әскери қызметшiлердiң) өмiрiне қатер төндiретiн топталып шабуыл жасаған реттерде, егер мұндай шабуылды басқа әдiстермен және құралдармен тойтару мүмкiн болмаған жағдайларды қоспағанда, оларға қару қолдануға тыйым салынады.
Қару қолданылатын немесе пайдаланылатын әрбір реттi әскери қызметшi командирiне (бастығына) баяндайды.
4 Бөлiм. Әскери қызметшiлердiң жауапкершiлiгi
ҚР 08.07.03 ж. № 478-II Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
21-бап. Әскери қызметшiлердiң әскери тәртiптi бұзғаны
және құқық бұзушылық жасағаны үшiн жауаптылығы
Әскери қызметшiлер әскери тәртiптi бұзғаны үшiн әскери жарғыларда белгiленген тәртiппен жауапты болады.
Әскери қызметшi әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жасаған қылмысы мен өзге де құқық бұзушылықтары үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкiмшiлiк немесе материалдық жауаптылықта болады.
ҚР 08.07.03 ж. № 478-II Заңымен 22-24-баптар (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының