Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және
оларды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының
1993 ж. 20 қаңтардағы N 1901-XII Заңы
Осы редакция ҚР 08.07.03 ж. N 478-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Әскери қызметшiлердiң мәртебесi және әлеуметтiк қорғалуы Қазақстан Республикасының Контституциясымен, осы Заңмен, басқа да заң актiлерiмен, соның iшiнде Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық құқылық актiлермен белгiленедi.
Осы заңда қызметшiлердiң құқықтары, бостандықтары, әскери борышын атқару кезiндегi мiндеттерi мен жауапкершiлiгi белгiленiп, оларды әлеуметттiк қорғау жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың алғашқы негiздерi айқындалады.
I Бөлiм. Жалпы ережелер
ҚР 19.10.93 ж. N 2453-XII Заңымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Әскери қызметшiлер және әскери қызмет
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, ұлттық қауiпсiздiк органдарында, Республикалық ұланда мемлекеттiк әскери қызмет атқаратын адамдар әскери қызметшiлер болып табылады.
Оларға офицерлер, прапорщиктер, мичмандар, старшина, сержант және қатардағы жауынгер қызметiндегi әскери қызметшi әйелдер (бұдан әрi - әскери қызметшi әйелдер), әскери оқу орындарының курсанттары, мерзiмдi қызметтегi старшиналар, сержанттар, солдаттар мен матростар, шарт бойынша әскери қызметтен өтушi әскери қызметшiлер жатады.
Әскери қызметшiлер әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде мемлекеттiң қорғауында болады. Олар әскери жарғыларда сәйкес өздерiне бастық болып табылатын адамдарға ғана бағынады және олардың әскери қызметiне араласуға ешкiмнiң де құқығы жоқ.
Әскери қызметшiлер әскери қызметтi нақты орындаудың барлық жағдайында: ұрыс қимылдарына қатысу, әскери күзетшiшiлiкте (жауынгерлiк қызметте) жүргенде, жаттығуларда, жиындарда, қызмет бабындағы iссапарларда, қызметiн атқаратын жерге бара жатқанда және кейiн қайтқан кезде, әскери бөлiмде кемеде, объектiде, мекемеде, кәсiпорында, әскери оқу орнында (бұдан әрi - әскери бөлiм), қызмет уақытының белгiленген регламентi бойында немесе басқа жерде және басқа уақытта, егер қызмет бабы осыны қажет етсе, ал мерзiмдi қызметтен өтушi әскери қызметшiлер әскери қызметтен өтудiң бүкiл уақытында әскери қызмет мiндеттерiн атқарушы болады.
Әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасы азаматтары үшiн белгiленген, олардың жеке басы мен азаматтығын куәландыратын құжаттар, сондай-ақ әскреи қызметшiлердiң жеке басы мен құқылық жағдайын куәландыратын құжаттар берiледi.
2-бап. Әскери қызметшiлердiң мәртебесi
Әскери қызметшiлердiң мәртебесi әскери қызметшiлердiң Қазақстан Республикасының азаматы ретiнде заңмен белгiленген iшiнара тыйым салу мен шектеулерi бар жалпы құқықтарын, бостандықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ олардың қызмет ерекшелiктерiне байланысты құқығын, мiндетi мен жауапкершiлiгiн қамтиды.
Әскери қызметшiлердiң мәртебесi олардың құқықтары мен мiндеттерiн орындауда, сондай-ақ әскери қызметтен өту кезiнде де, әскери қызметтен босатылғаннан кейiн де оларды әлеуметтiк қорғаудың мемлекеттiк кепiлдiктерiн көздейдi.
Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң Қазақстан Республикасының Конституциясымен және осы Заңмен белгiленген құқықтары мен бостандықтарын шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.
Әскери қызметшiлердiң осы Заңмен белгiленген құқықтары мен бостандықтарына iшiнара тыйым салу және шектеу, олардың ерекше мiндетi мен жауапкершiлiгi қосымша құқықтар мен жеңiлдiктер арқылы өтiледi.
Әскери қызметшiлердiң соғыс кезiндегi және төтенше жағдай уақытындағы мәртебесiнiң ерекшелiктерi соғыс уақытының заңдарымен және төтенше жағдай режимi туралы заңмен белгiленедi.
ҚР 19.10.93 ж. N 2453-XII Заңымен 3-бап өзгертiлдi
3-бап. Әскери қызметшi мәртебесi бар адамдар
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, ұлттық қауiпсiздiк органдарында, Республикалық ұланда әскери қызметтен өтушi адамдар, сондай-ақ әскери құрылысшылар мен әскери жиында жүрген әскери мiндеттiлер әскери қызметшi мәртебесiне ие болады.
Азамат әскери қызметке белгiленген (шақырылған, кiрiскен) күннен бастап әскери қызметшi мәртебесiне ие болады және одан әскери қызметтен босатылуына байланысты әскери бөлiмнiң тiзiмiнен шығарылған күннен бастап айырылады.
Әскери қызметшi мәртебесi туралы заңдардың жекелеген ережелерi мен нормалары олардың отбасы мүшелерiне, әскери қызметтен босатылған адамдарға, сондай-ақ әскери қызметтен өту кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен немесе мүгедек болған әскери қызметшiлерiнiң отбасы мүшелерiне де қолданылады.
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Бiрiккен Қарулы Күштерiнiң қатарында әскери қызметтен өтушi Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiндегi әскери қызметтен босатылған және басқа да ТМД елдерiне тұрақты тұруға қоныс аударған адамдардың мәртебесi мемлекетаралық келiсiмдермен белгiленедi. Бас мемлекеттердiң армиясында әскери қызметтен өтушi Қазақстан Республикасының азаматтарына бұл Заң қолданылмайды, бұған әскери қызметтен босатылған және Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға келген адамдар қосылмайды.
Тұтқынға түскен, сондай-ақ бейтарап елдерде еркiнен айырылған әскери қызметшiлердiң әскери қызметшi мәртебесi сақталады. Әскери командование мен уәкiлдiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар аталған әскери қызметшiлердiң құқықтарын қорғау жөнiнде халықаралық құқық нормаларына сәйкес шаралар қолдануға мiндеттi.
Әскери қызметшiлер бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда олардың, сондай-ақ отбасы мүшелерiнiң әскери қызметшiлер мәртебесiнде көзделген құқықтарын жүзеге асыру уақытша тоқтатыла тұрады (тоқтатылады) немесе заңда көзделген тәртiп бойынша шектеледi.
ҚР 19.10.93 ж. N 2453-XII Заңымен 4-бап өзгертiлдi; ҚР Президентiнiң 07.11.95 ж. N 2606 Жарлығымен 4-бап өзгертiлдi
4-бап. Әскери қызметшiлердi әлеуметтiк және құқылық
жағынан қорғау кепiлдiктерi
Мемлекет әскери қызметшiлердi әлеуметтiк және құқылық жағынан қорғауға кепiлдiк бередi, оларды қажеттi тұрмыс жағдайымен қамтамасыз етiп, қызметiнiң мемлекеттiк қызметтiң басқа түрлерiнен ерекше сипатын ескере отырып, тиiстi қызмет жағдайын жасайды.
Барлық әскери қызметшiлер атқаратын қызметi мен әскери атағына қарамастан заң алдында тең. Құқықтары мен мiндеттерiндегi әскери қызметтен өту шарттарындағы, материалдық жағынан қамтамасыз етiлуiндегi кез келген ерекшелiктер мемлекеттiк нормативтiк актiлерiмен ғана белгiленедi.
Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiне белгiленген құқықтар мен бостандықтарды iске асыру, олардың заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң командованиесiне, ұлттық қауiпсiздiк органдарының басшылығына, Республикалық ұланның командованиесiне жүктеледi.
Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру жөнiндегi мiндеттерiн сақтамағаны үшiн кiнәлi басшылары, командирлер мен бастықтар, басқа лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi.
Әскери қызметшiлер құқығына және ар-намысы мен қадір-қасиетiне нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекет жасаған бастықтардың үстiнен тiкелей сотқа шағым беруге құқылы.
Әскери қызметшiлердiң өмiрiне, денсаулығына, тұрғын үйi мен мүлкiне, ар-намысы мен қадiр-қасиетiне қол сұққан адамдар қолданылып жүрген заңдарда көзделген тәртiппен жауап бередi. Олардың әскери қызмет мiндеттерiн атқаруға байланысты құқықтарын бұзатын және оларға нұқсан келтiретiн әрекеттер жауаптылықты анықтау мен жаза тағайындаған кезде жағдайды ауырлататын мән-жайлар деп танылады.
II Бөлiм. Әскери қызметшiлердiң құқықтары және оларды
әскери асыру кепiлдiктерi
ҚР Президентiнiң 07.11.95 ж. N 2606 Жарлығымен 5-бап толықтырылды
5-бап. Мемлекеттiк және қоғамдық өмiрге қатысу
Қазақстан Республикасының әскери қызметшi-азаматтары мемлекеттiк және қоғамдық өмiрге қатысуға, мемлекеттiк өкiмет органдарына сайлауға және сайлануға құқылы.
Әскери қызметшiлердiң құқықтары мен мүдделерiн қоғамдық (ұжымдық) қорғау мiндетi олардың қоғамдық бiрлестiктерiне (әртүрлi категориялы әскери қызметшiлердiң жиналыстары мен кеңестерiне) жүктеледi.
Әскери қызметшiлер партиялардың, кәсiптiк одақтардың қатарында тұрмауға, қандай да бiр саяси партияны жақтамауға тиiс.
6-бап. Ереуiлдерге, тосқауылдарға және өзге де
наразылық әрекеттерiне қатысу
Әскери қызметшiлердiң ереуiлдер, тосқауылдар және әскери бөлiмнiң, мекеменiң жауынгерлiк әзiрлiгiне терiс ықпал ететiн өзге де рұқсат берiлмеген наразылық әрекеттерiн ұйымдастыруына және оларға қатысуына тыйым салынады.
7-бап. Жүрiп-тұру бостандығы
Әскери қызметшiлердiң жүрiп-тұру бостандығы әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердi жауынгерлiк әзiрлiкте ұстаумен, олардың қажет болған жағдайда қызмет атқаратын орнына дер кезiнде жетуiмен ұштастырылуға тиiс.
ҚР Президентiнiң 07.11.95 ж. N 2606 Жарлығымен 8-бап өзгертілдi
8-бап. Еңбек ету құқығын iске асыру
Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметке кiруде құқықтары тең. Мемлекет әскери қызметшiлерге: қызмет атқаруға, қызметi бойынша ауысуға, кәсiптiк бiлiктiлiгi мен iскерлiк сапасына сай кезектi әскери атақ құқығына кепiлдiк бередi.
Әскери қызметтiң ауыр климаттық, экологиялық, физикалық немесе кәсiптiк жағынан қолайсыз жағдайда атқарылуы ақшалай үстеме қосу және қызмет еткен жылына жеңiлдiк беру арқылы өтеледi.
Климаттық және экологиялық жағдайлары ауыр жерлердегi қызмет мерзiмi шектеледi және одан өту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Офицерлердiң, прапорщиктердiң, мичмандардың әйелдерiне (күйеулерiне) мамандығы бойынша еңбекке орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде күйеулерiмен (әйелдерiмен) бiрге тұрған бүкiл кезеңi жасына байланысты зейнетақы тағайындау үшiн қажеттi жалпы жұмыс стажына қосылады және осы кезеңде оларға Қазақстан Республикасында жұмысшылар мен қызметшiлер үшiн белгiленген ең аз жалақы мөлшерiнде ай сайынға жәрдемақы төленедi. Аталған жерлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiне жұмысқа қабылдау кезiнде және қызметкерлердiң санын немесе штатын қысқарту кезiнде жұмыста қалуға, сондай-ақ өндiрiсте қол үзiп кәсiптiк жағынан даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға бiрiншi кезекте жiберу мен оқу кезеңiнде орташа жалақысын сақтауға артықшылық құқық берiледi.
Әскери қызметшiлердiң, соның iшiнде қызметтен өту кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшiлердiң балаларына атқарушы органдар тұрғылықты жерi бойынша мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнде кезектен тыс орын бередi, оның ақысы мемлекеттiк мектеп жасына дейiнгi мекемелер үшiн белгiленген мөлшерде алынады.
Әскери қызметшiлерге кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген түрiмен айналысуға, сондай-ақ жұмыс атқаруға, қызмет жағдайын пайдалана отырып қызмет көрсетуге және осы үшiн сыйақы мен жеңiлдiк алуға тыйым салынады.
Әскери қызметшiлердi әскери қызметiмен байланысты емес жұмыстарды атқаруға қатыстыруға Қазақстан Республикасының заңдары белгiлейтiн тәртiппен жол берiледi. Бұл орайда осы жұмыстарды атқаратын басқа адамар үшiн көзделген жеңiлдiктер әскери қызметшiлерге де қолданылады.
ҚР Президентiнiң 07.11.95 ж. N 2606 Жарлығымен 9-бап өзгертiлдi
9-бап. Қызмет уақыты және демалыс. Еңбек демалысы
Офицерлердiң, прапорщиктердiң, мичмандардың, әскери қызметшi әйелдердiң, шарт бойынша әскери қызметтен өтушi әскери қызметшiлердiң апта сайынғы қызмет уақытының жалпы ұзақтығы жұмысшылар мен қызметшiлер үшiн заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығынан аспауға тиiс, ал мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлер үшiн ол әскери жарғылардың талаптарына сәйкес белгiленедi.
Қызмет аптасының ұзақтығы мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлер, әскери-оқу орындарының, оқу орталықтарының (бөлiмдердiң) курсанттары, тыңдаушылары үшiн бiр демалыс күнi кемiнде 6 күндiк болып белгiленедi.
Офицерлерге, прапорщиктерге, мичмандарға, әскери қызметшi әйелдерге, шарт бойынша әскери қызметтен өтушi әскери қызметшiлерге аптасына кемiнде бiр тәулiк, бiрақ айына кемiнде алты тәулiк демалыс берiледi.
Тiзбесiн Қорғаныс министрi, әскери қызметшiлер әскери қызмет атқаратын басқа да министрлiктердiң басшылары белгiлейтiн жауынгерлiк кезекшiлiк (жауынгерлiк қызмет), жаттығулар мен басқа шаралар қызмет уақытының жалпы ұзақтығы шектеусiз өткiзiледi.
Әскери қызметшiлер апта сайынғы қызмет уақытының белгiленген ұзақтығынан тыс, сондай-ақ демалыс, мереке және жұмыс iстемейтiн күндерi әскери қызмет мiндетiн атқаруға қатыстырылған жағдайда оларға командир (бастық) аптаның басқа күндерiнде демалыс бередi.
Офицерлерге, прапорщиктерге, мичмандарға, әскери қызметшi әйелдерге және шарт бойынша қызметтен өтушi әскери қызметшiлерге жыл сайынғы негiзгi еңбек демалысы берiледi, оның ұзақтығы жалпы қызмет еткен жылына, әскери қызметтiң ерекшелiктерi мен жағдайларына байланысты болады және төмендегiдей болып белгiленедi:
Әскери қызметте 10 күнтiзбе жыл еңбек сiңiрсе - 30 тәулiк;
10 жылдан 15 жылға дейiн - 35 тәулiк;
15 жылдан 20 жылға дейiн - 40 тәулiк;
20 жыл және одан көп болса - 45 тәулiк;
жауынгерлiк кезекшiлiк атқарушы ұшу жұмысындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тiзбедегi орындарда әскери қызмет атқарушы адамдарға - 45 тәулiк.
Еңбек демалысы ұзақтығына демалысын өткiзу орнына беру мен қайтуға қажеттi уақыт кiрмейдi.
Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа) демалысы әскери қызмет мүддесiн және әскери қызметшiнiң тiлегiн ескере отырып екi бөлiп берiлуi мүмкiн.
Әскери қызметшiлердiң мына категорияларына:
өз мiндетiн денсаулыққа зиянды (ауыр) жағдайда атқарғаны үшiн, қызметiнiң ерекше сипаты (ұзақ мерзiмдi iссапар, вахталық әдiспен жауынгерлiк кезекшiлiк атқару және олардың тұрақты орналасқан орнынан тыс жерлерге ұзақ уақытқа жiберiлген реттерi) үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде;
экологиялық апат аймақтарында қызмет атқарғаны үшiн қолданылып жүрген заң актiлерiне сәйкес қосымша еңбек демалысы (демалыс) берiледi.
Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге көтермелеу түрiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпыәскери жарғыларында белгiленген тәртiппен қысқа мерзiмдi демалыс берiледi.
Әскери қызметшiлерге қажет болған жағдайда сырқаттануына байланысты, отбасы жағдайына байланысты қысқа мерзiмдi демалыс, ал әскери-оқу орындарында оқитындарға каникул берiледi.
Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасына) адъюнктураға, әскери докторантураға дайындалу және түсу емтихандарын тапсыру үшiн, сондай-ақ азаматтық жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын тапсыру үшiн оқу демалыстары берiледi, ал ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесiне талаптанушыларға заңмен белгiленген тәртiп бойынша шығармашылық демалыстар берiледi.
Әскери қызметшiлердiң жұмыс iстейтiн зайыптарына (жұбайларына) жыл сайынғы демалыс олардың жұбайларының (зайыптарының) кезектi демалысымен бiр мезгiлде берiлуге тиiс. Бұл орайда демалыстың ұзақтығы жалақысын сақтамай қосымша демалыс беру есебiнен жұбайы (зайыбы) демалысының ұзақтығына тең болуы мүмкiн.
ҚР 16.11.99 ж. N 476-I; 10.10.01 ж. N 247-II Заңдарымен 10-бап өзгертілді
10-бап. Ақшамен және материалдық жағынан
қамтамасыз ету
Мемлекет әскери қызметшiлердi азаматтардың әскери қызметке ынта-ықыласын арттыратын мөлшерде ақша қаражатымен қамтамасыз етедi.
Әскери қызметшiлерге ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол қызметтен өтудiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ерекше жағдайлары үшiн төленетін ақшалай қаражат пен үстеме ақыны қамтиды.
Әскери қызметшiлердiң ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және әскери атағы бойынша айлықақыдан тұрады.
Әскери қызметшiлердiң ақша қаражаты тiршiлiк құнының өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiпке сәйкес қайта қаралуға тиiс.
Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы) бiр жерден екiншiсiне көшуiне байланысты (соның iшiнде әскери бөлiм немесе бөлiмше құрамында) қызметiн ауыстырған жағдайда оларға әскери қызметшiнiң өзiне екi айлық лауазымдық айлықақысы және онымен бiрге көшкен әрбiр отбасы мүшелерiне лауазымдық айлықақысының жартысы көтерме жәрдемақы төленедi.
Әскери қызметшiлер мемлекет есебiнен заттай мүлiкпен қамтамасыз етiледi.
Казармалық жағдайдағы мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлердiң, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарының қызметтен өту жағдайы ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар бойынша азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi.
Парашютпен секiрудi жүзеге асыратын әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери қызметшiлер әскери кезекшiлiктi атқарған, әскери эшелондарға iлесiп жүрген, дала iс-қимылдары шараларына қатысқан және стационарда емделуде болған кезде осы кезеңге Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген норма бойынша азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi.
Шекаралық заставаларда, шалғайдағы аудандарда орналасқан оқшауланған жабық гарнизондарда қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа), олардың отбасы мүшелерi ақылы азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi. Азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң тәртiбi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Әскери қызметшiлердiң қалауы бойынша (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы) оларға киiм-кешек орнына ақшалай өтем төленуi мүмкiн.
ҚР 19.10.93 ж. N 2453-XII Заңымен; ҚР Президентiнiң 05.10.95 ж. N 2488; ҚР Президентiнiң 07.11.95 ж. N 2606 Жарлықтарымен 11-бап өзгертiлдi
11-бап. Меншiк құқығы. Салық жөнiндегi жеңiлдiктер
Әскери қызметшi "Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес меншiк иесi болуға, өз мүлкi мен басқа да меншiк объектiлерiн иеленуге, пайдалануға және оларға билiк етуге құқылы.
Әскери қызметшiлердiң меншiгi олардың ақшалай және заттай үлес алуы (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы), жеке үй жанындағы шаруашылығын жүргiзу, әскери қызметке шақырылғанға (кiргенге, белгiлегенге) дейiн алынған кiрiсi, мұрагерлiк, сый ретiнде көшкен мүлiк, сондай-ақ осы Заңмен тыйым салынбаған басқа да қызмет есебiнен құрылады және көбейтiледi.
Мемлекет әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасының азаматтары ретiнде меншiктi жекешелендiру процесiнде одан басқа азаматтармен тең үлес алуға кепiлдiк бередi.
Жалпы әскери қызметiнiң ұзақтығы күнтiзбе есебiмен 20 жыл және одан да көп болған әскери қызметшiлерге олардың тiлектерi бойынша әскери бөлiм жарағында тұратын автомобильдердi, автотрактор техникасын және басқа мүлiктi тозуын ескере отырып қалыптасқан бағамен сатып алуға мүмкiндiк берiледi.
10 күнтiзбе жылдан астам уақыт қызмет атқарған офицерлерге, прапорщиктерге, мичмандарға, әскери қызметшi әйелдерге, шарт бойынша қызметтен өтушi әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес бiрiншi кезекте жер учаскелерi берiледi.
Әскери қызметшiлерге жасына байланысты босатылуынан кем дегенде үш жыл бұрын әскери командованиенiң ұсынысы бойынша атқарушы органдары қалап алған тұрғылықты жерi бойынша өмiр бойы иеленiп, мұраға қалдыру құқығымен жеке тұрғын үй құрылысы, шаруа (фермер) шаруашылығын жүргiзу және кәсiпкерлiк қызметпен (қызметтен босағаннан кейiн) айналысу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiлеген мөлшерде жер учаскесi берiледi.
Әскери қызметке шақырылған (кiрген, белгiленген), әскери оқу орындарын бiтiрген соң қызметке тағайындалған, жаңа әскери қызмет орнына ауыстырылған немесе жiберiлген әскери қызметшiлердiң 3 айдың iшiнде бастапқы жабдықтар сатып алуына Қазақстан Республикасында жұмысшылар мен қыметшiлер үшiн белгiленген ең аз айлық жалақысының 30 мөлшерiне дейiн процентсiз несие алуға құқы бар.
ҚР 19.10.93 ж. N 2453-XII Заңымен 12-бап өзгертiлдi; ҚР Президентiнiң 07.11.95 ж. N 2606 Жарлығымен 12-бап өзгертiлдi; ҚР 02.04.97 ж. N 88-I Заңымен 12-бап жаңа редакцияда; ҚР 07.04.99 ж. N 374-I; 16.11.99 ж. N 476-I; 10.10.01 ж. N 247-II Заңдарымен 12-бап өзгертiлдi
12-бап. Тұрғын үй алу құқығы
Офицерлер, прапорщиктер, мичмандар, әскери қызметшi әйелдер, шарт бойынша қызметтен өтушi әскери қызметшiлер, олардың отбасылары мемлекет есебiнен тұрғын үймен қамтамасыз етiледi.
Тұрғын үй салуды жүзеге асыратын республикалық, атқарушы органдар, министрлiктер, ведомстволар, бiрлестiктер мен ұйымдар белгiленген тәртiп бойынша мемлекеттiк мұқтаждарға өтiнiмдер қабылдап, әскери басқару органдарының әскери қызметшiлерге тұрғын үй салу үшiн бөлiнген қаражаттарын дер кезiнде игередi немесе оларға салынған үйлер мен пәтерлердi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жағдайлар бойынша сатады.
Офицерлер, прапорщиктер, мичмандар, әскери қызметшi әйелдер, шарт бойынша әскери қызметтен өтушi әскери қызметшiлер және олардың отбасы мүшелерi тұрғын үй алғанға дейiн әскери бөлiмiнiң мекен-жайына тiркелуге құқылы. Аталған әскери қызметшiлерге тұрғын жай алғанға дейiн уақытша тұруға жарамды жай (жатақхана) берiледi.
Атқарушы органдар әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң уақытша тұруы үшiн тұрғын жайларды жалға беру iсiнде әскери бөлiмдерге (әскери қызметшiлерге) көмек көрсетедi.
Запастан екi жылдық мерзiмге әскери қызметке шақырылған офицерлерге, прапорщиктерге, мичмандарға, әскери қызметшi әйелдерге, шарт бойынша әскери қызметтен өтушi әскери қызметшiлерге қызметiнiң алғашқы бес жылына жатақхана немесе қызмет жайы берiледi.
Осы мерзiм iшiнде олардың және отбасы мүшелерiнiң әскер қызметiне кiргенге дейiн тұрған тұрғын үйге құқығы сақталады және оларды жұмыс немесе тұратын жерi бойынша тұрғын үй алу кезегiнiң мерзiмiнен шығарып тастауға болмайды. Әскери қызметiн осы мерiзмнен астам жалғастырған жағдайда аталған әскери қызметшiлерге жалпы негiзде кезектiлiк ретiмен қолайлы пәтерлер берiледi.
Жергiлiктi басқару органдары бөлген тұрғын жайлар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнің және әскери қызметшiлер әскери қызметте тұратын басқа да министрлiктердiң тұрақты пайдалануына бекiтiлiп берiледi.
Жасына, денсаулық жағдайына немесе штаттың қысқаруына байланысты әскери қызметтен босатылған офицерлердi, прапорщиктердi, мичмандарды, әскери қызметшi әйелдердi, шарт бойынша қызметтен өтушi әскери қызметшiлердi атқарушы органдар тұрғын жайлармен бiрiншi кезекте қамтамасыз етедi.
Офицерлер, прапорщиктер, мичмандар, әскери қызметшi әйелдер және шарт бойынша қызметтен өтушi әскери қызметшiлер жасына байланысты әскери қызметтен босатылғанға дейiн үш жыл бұрын не әскери қызметтен денсаулық жағдайына немесе ұйымдық-штаттық шараларға байланысты босатылатын жылы әскери командованиенiң ұсынысы бойынша атқарушы органдар қалап алған тұрғылықты жерi бойынша тұрғын үй алаңына мұқтаждардың немесе тұрғын үй-құрылыс (тұрғын үй) кооперативтерi мүшелерiнiң тiзiмiне енгiзедi. Қабылданған шешiм туралы жергiлiктi органдар әскери командованиеге үш айлық мерзiмде хабарлайды.