Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық
комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 197 Қаулысы
(2006.04.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 29 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi № 712-1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөніндегi 2003 - 2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының 5.3.3.3-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған Комиссия туралы ереже бекiтілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
2005 жылғы 2 наурыздағы
№ 197 қаулысына
Қосымша
Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге
асыруға арналған ведомствоаралық комиссияның
құрамы
ҚР Үкіметінің 2006.21.08. № 790 (бұр.ред.қара); 2006.04.12. № 1164 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен құрамы өзгертілді
Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі, төраға |
Мұхамбетов Ғабит Мұхамбетұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары |
Момышев - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Талғат Амангелдiұлы сауда министрлігінiң Техникалық реттеу
және метрология комитетi төрағасының
орынбасары, хатшы
Нұршабеков Ризат Рахатбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары |
Белоног Анатолий Александрович | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы |
Әбдiлманов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Алмаз Кәкімтайұлы министрлігінің Штабтар бастықтары
комитетi төрағасының орынбасары
Аппарбеков - Қазақстан Республикасы Төтенше
Серік Сейітұлы жағдайлар министрлігі Өртке қарсы
қызмет комитетінің төрағасы
Өмірбаев Нұрланбек Балықбайұлы | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетi төрағасының орынбасары |
Мұстафин - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Ғалым Сұңғатұлы министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы
күрес комитетi төрағасының орынбасары
Әбденов - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Серiк Сақбалдыұлы халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Халықты жұмыспен қамту және еңбек
туралы әрi еңбекті қорғау туралы
заңнаманың сақталуын мемлекеттік
бақылау департаментiнiң директоры
Әлиев - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ескендiр Шәмiлұлы монополияларды реттеу агенттігі
Телекоммуникация және аэронавигация
саласындағы реттеу және бақылау
департаментінің директоры
Бертісбаев - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Несіпқұл Бертісбайұлы минералдық ресурстар министрлігі Электр
энергетикасы және көмiр өнеркәсiбi
департаментiнiң директоры
Исаев Мұсабек | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры |
Брагин - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Александр Геннадиевич қорғау министрлігі Нормативтiк-құқықтық
қамтамасыз ету және халықаралық
ынтымақтастық департаментінің директоры
Епбаева - Қазақстан Республикасы Статистика
Айгүл Тохтарханқызы агенттігi Қызметтер саласындағы
статистика департаментінің директоры
Қожұмұратов - Қазақстан Республикасы Ауыл
Асылбек Әубәкiрұлы шаруашылығы министрлігі Ветеринария
департаментiнiң директоры
Могильный - Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым
Валерий Валентинович министрлігі Ғылым департаментiнiң
директоры
Қуанышбаева Роза Сақтағанқызы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментінің директоры |
Сармурзина - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Раушан Ғайсақызы минералдық ресурстар министрлігі
Технологиялық даму және мемлекеттік
активтердi басқару департаментiнiң
директоры
Беклемишев - Қазақстан Республикасының жабдықтар
Павел Иннокентьевич өндiрушілер және жер қойнауын
пайдаланушылар үшін қызметтер
қауымдастығының президентi
Казанцев - Кәсiпкерлер құқығын қорғау жөніндегі
Павел Олегович қауымдастықтың президентi
Худова - Қазақстан Республикасының жеңіл
Любовь Николаевна өнеркәсiп кәсіпорындарын басқару
қауымдастығының төрағасы
Әбдiрахманов - "Қазақстанның машина жасаушылар
Есiркеп Оңланбекұлы одағы" заңды тұлғалар бiрлестігiнiң
атқарушы директоры
Веснин - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Виктор Николаевич министрлігі Төтенше жағдайларды және
өнеркәсіптік мемлекеттік бақылау комитеті
төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 2 наурыздағы
№ 197 қаулысымен
бекiтілген
Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға
арналған ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және осы ереженi басшылыққа алады.
3. Комиссияның шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
2. Комиссияның негізгi мiндеттерi мен функциялары
4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыру жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу бойынша ұсыныстар жасау;
2) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын анықтау жөнiнде, техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдер талаптарының орындалуын мемлекеттік бақылау және қадағалау тетiгiн әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау болып табылады.
5. Комиссияның функциялары:
1) мемлекеттік органдардың, шаруашылық жүргізушi субъектiлер мен қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын талдауды жүзеге асыру, техникалық реттеу жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
2) техникалық реттеу саласындағы бiріншi кезектегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
6. Комиссияның:
1) Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi мемлекеттік органдардан материалдарды сұратуға және алуға;
2) өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша түсiнiктемелер алу үшiн мемлекеттік органдардың және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілiгiне қарай тартуға;
3) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерiн Комиссия отырыстарында тыңдауға;
4) техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды одан әрi жетілдiру жөнiнде мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгiзуге.
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2006.21.08. № 790 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Комиссия Төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарға төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке дербес жауап береді, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
ҚР Үкіметінің 2006.21.08. № 790 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Комиссия мүшелерi ұсынатын кезектi отырыстың күн тәртібінiң жобасына енгiзуге арналған мәселелер оларды қарау орындылығының негіздемесiмен отырысты өткізу жоспарланған мерзiмге дейiн 30 күннен кешiктiрмей электрондық түрде Комиссия хатшысына жiберiледi. Комиссия отырысын өткізуге материалдар дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады, ол отырысқа дейiн 3 күннен кешiктiрмей барлық қажетті құжаттарды Комиссия мүшелерiне жiбередi. Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
9. Комиссия отырыстары тоқсанына бiр рет өткiзiледi. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан кезде заңды деп есептеледi.
10. Комиссия шешiмдерi отырысқа қатысушылардың жалпы санының көпшілiк дауысымен қабылданады және Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi. Комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең болған кезде төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
1) Комиссия мүшелерi жазбаша түрде баяндалатын және Комиссияның хат-есебiне қоса берілетiн ерекше пiкiрге құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2006.21.08. № 790 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Комиссия отырыстарының өткізілу нәтижелері бойынша барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады.
11. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Техникалық реттеу және метрология комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол Комиссия отырыстарының арасындағы кезеңде оның ұйымдастыру мәселелерiн шешедi.