Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 197 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы № 790 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен; ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 558 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 197 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі, төраға |
Мұхамбетов Ғабит Мұхамбетұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары |
Нұршабеков Ризат Рахатбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары |
Белоног Анатолий Александрович | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы |
Өмірбаев Нұрланбек Балықбайұлы | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетi төрағасының орынбасары |
Исаев Мұсабек | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры |
Қуанышбаева Роза Сақтағанқызы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментінің директоры |
көрсетілген құрамнан Mыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы, Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы, Жұмағалиев Асқар Куанышұлы, Байсеркин Бауыржан Сәтжанұлы, Ермұханов Әділша Мағрыпұлы, Боярина Людмила Васильевна, Пирогов Алексей Георгиевич шығарылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
7-тармақта «жүзеге асырады» деген сөздерден кейін «және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке дербес жауап береді, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды»;
10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Комиссия отырыстарының өткізілу нәтижелері бойынша барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |