Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 197 Қаулысы
(2009.17.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен ; ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 558 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi № 712-1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөніндегi 2003 - 2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының 5.3.3.3-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған Комиссия туралы ереже бекiтілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
2005 жылғы 2 наурыздағы
№ 197 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 2006.21.08. № 790 (бұр.ред.қара); 2006.04.12. № 1164 (бұр. ред. қара); 2007.29.10. № 1006 (бұр.ред.қара); 2009.17.02. № 174 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрамы өзгертілді
Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге
асыруға арналған ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия сауда министрі, төраға |
Мұхамбетов Ғабит Мұхамбетұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары |
Момышев Талғат Амангелдіұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, хатшы |
Әубәкіров Серік Ғабдолұлы | - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы |
Асқаров Альберт Мұхтарұлы | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары |
Веснин Виктор Николаевич | - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары |
Смағұлов Дәулетбай Оспанұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары |
Могильный Валерий Валентинович | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары |
Сабыров Дәлелхан Қамалбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары |
Баймұратов Әбілхан Есенұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Байланыс департаментінің директоры |
Брагин Александр Геннадиевич | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры |
Елеусізова Құралай Болатқызы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры |
Епбаева Айгүл Тоқтарханқызы | - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Өндіріс статистикасы департаментінің директоры |
Жансүгіров Болат Амангелдіұлы | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік коммуникация кешенін дамыту департаментінің директоры |
Құсайынова Айна Біржанқызы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және Дүниежүзілік Сауда Ұйымы департаментінің директоры |
Сәлімгереев Мәлік Жаңабайұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры |
Сарбасов Ақмәди Әділұлы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Заң департаментінің директоры |
Сармузина Раушан Ғайсақызы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мұнай-химия департаментінің директоры |
Тоқсейітова Рәбиға Әлібекқызы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаментінің директоры |
Бірекешев Серікқали Аманғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары |
Жаманова Нұргүл Рамазанқызы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті директорының орынбасары |
Кәменов Ғалым Нұржанұлы | - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы ақпарат қызметінің директоры (келісім бойынша) |
Тлебаев Манат Бейшенұлы | - «Инжиниринг және трансферттік технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы Технологиялар трансферті департаментінің директоры |
Иса Әбжаппар Үкібайұлы | - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы Техникалық комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Есмұханова Жеміс Жанұзаққызы | - «Ұлттық аккредиттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша) |
Худова Любовь Николаевна | Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Тюгина Ирина Валерьевна | - «Астана қаласы кәсіпкерлерінің құқығын қорғау қауымдастығы» директорының орынбасары (келісім бойынша) |
Цой Игорь Владимирович | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриялық даму департаментінің Директоры |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 2 наурыздағы
№ 197 қаулысымен
бекiтілген
Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға
арналған ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және осы ереженi басшылыққа алады.
3. Комиссияның шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
2. Комиссияның негізгi мiндеттерi мен функциялары
ҚР Үкіметінің 2009.17.02. № 174 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыру жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу бойынша ұсыныстар жасау;
2) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын анықтау жөнiнде, техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдер талаптарының орындалуын мемлекеттік бақылау тетiгiн әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау;
3) Қазақстан Республикасында сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеуді жетілдіру және дамытуға жәрдемдесу жөнінде ұсыныстар дайындау.
ҚР Үкіметінің 2009.17.02. № 174 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Комиссияның функциялары:
1) мемлекеттік органдардың, шаруашылық жүргізушi субъектiлер мен қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын талдауды жүзеге асыру, техникалық реттеу жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу;
2) техникалық реттеу саласындағы бiріншi кезектегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
6. Комиссияның:
1) Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi мемлекеттік органдардан материалдарды сұратуға және алуға;
2) өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша түсiнiктемелер алу үшiн мемлекеттік органдардың және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілiгiне қарай тартуға;
3) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерiн Комиссия отырыстарында тыңдауға;
4) техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды одан әрi жетілдiру жөнiнде мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгiзуге.
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2006.21.08. № 790 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Комиссия Төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарға төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке дербес жауап береді, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
ҚР Үкіметінің 2006.21.08. № 790 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Комиссия мүшелерi ұсынатын кезектi отырыстың күн тәртібінiң жобасына енгiзуге арналған мәселелер оларды қарау орындылығының негіздемесiмен отырысты өткізу жоспарланған мерзiмге дейiн 30 күннен кешiктiрмей электрондық түрде Комиссия хатшысына жiберiледi. Комиссия отырысын өткізуге материалдар дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады, ол отырысқа дейiн 3 күннен кешiктiрмей барлық қажетті құжаттарды Комиссия мүшелерiне жiбередi. Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
9. Комиссия отырыстары тоқсанына бiр рет өткiзiледi. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан кезде заңды деп есептеледi.
10. Комиссия шешiмдерi отырысқа қатысушылардың жалпы санының көпшілiк дауысымен қабылданады және Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi. Комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең болған кезде төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
1) Комиссия мүшелерi жазбаша түрде баяндалатын және Комиссияның хат-есебiне қоса берілетiн ерекше пiкiрге құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2006.21.08. № 790 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Комиссия отырыстарының өткізілу нәтижелері бойынша барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады.
11. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Техникалық реттеу және метрология комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол Комиссия отырыстарының арасындағы кезеңде оның ұйымдастыру мәселелерiн шешедi.