112) егер заңды тұлғаны тарату конкурстық іс қозғамай оны білдіретін заңды және уәкілетті тұлғалардың болмаған кезінде жүргізілген жағдайда «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес кредит берушілер талаптарының тізілімін және қорытынды есеп беруді жасасуды ұйымдастыру;
113) ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен алып тасталды(бұр. ред. қара)
114) жоқ борышкердің мүлкін сатуды ұйымдастыру;
115) ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен алып тасталды(бұр. ред. қара)
116) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асыру;
117) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда-саттық кедендік статистикасын және арнайы кедендік статистикасын жүргізу;
118) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларға, оның ішінде Кеден кодексінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабар беруді тұрақты негізде қамтамасыз ету;
119) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу, жасау және пайдалану;
120) кеден ісі мәселелері жөнінде өтеусіз консультация жүргізуді жүзеге асыру;
121) кеден ісі саласындағы жауаптарды уақтылы қарауды және беруді немесе сауалдардан және ұсыныстардан туындайтын өзге де іс-әрекеттерді жасауды қамтамасыз ету;
122) ішкі аудит қызметі бар мемлекеттік органдардың жоспарларды орындауы және ішкі бақылау жүргізуі нәтижелері туралы есептерін қарау;
123) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді Бюллетеньде жариялауды жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау;
124) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңда көзделген есептілікті, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесінің жұмыс істеуі туралы ақпаратты жинауды, қорытуды және талдауды жүзеге асыру;
125) мемлекеттік сатып алу саласындағы ақпараттық жүйелерді әзірлеуге, енгізуге және пайдалануға қатысу;
126) мемлекеттік сатып алу туралы республикалық веб-сайттың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
127) жер қойнауын пайдалануға берілетін келісім-шарттарға салықтық сараптама жүргізу;
128) Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес алкоголь өнімдерін бір немесе өзге түрге жатқызу;
129) этил спиртін, алкоголь өнімін және темекі бұйымдарын өндіру және олардың айналымы саласында есепке алуды, есептілікті ұйымдастыру;
130) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқорды жүргізу;
131) салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
132) мұнай өнімдерін өндірудің және (немесе) олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және бірыңғай дерекқорды жүргізуге қажетті өзге де ақпаратты басқа да мемлекеттік органдарға беру нысандарын, тәртібін және мерзімін айқындау;
133) Қазақстан Республикасының салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындау;
134) жеке және заңды тұлғаларға салық міндеттемелерінің пайда болуы, орындалуы және тоқтатылуы мәселелерін түсіндіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
135) түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жатқызу;
136) бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасындағы түсімдерді қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттарына одан әрі есептей отырып бөлу;
137) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотынан түсімдер сомасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына аудару;
138) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде шетел валюталарының түрі бойынша банктік (корреспонденттік) шоттарды ашу, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Комитеттің шоттары арқылы шетел валютасындағы операцияларды жүргізу және есепке алу;
139) бюджеттен түсімдер сомасын қайтару жөніндегі салықтық және уәкілетті органдардың төлем құжаттарын орындау не оларды салық берешектерін өтеу есебіне есепке жатқызу;
140) инкассалық өкімдерді орындауға қызмет көрсету;
141) бюджет ақшасын басқару;
142) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттеріне республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджеттік ақшаларын орналастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша республикалық бюджетке сыйақылардың (мүдделердің) көлемін болжамдау;
143) республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептілікті және өзге де есептілікті Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес даярлау және мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыну;
144) жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді дайындау және жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсыну;
145) стратегиялық маңызы бар экономика салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингін ұйымдастыру және жүргізу;
146) меншіктің мемлекеттік мониторингінің бірыңғай электрондық дерекқорын жүргізу және оған мемлекеттік органдардың қол жетімділігін қамтамасыз ету;
147) негізгі өндірістік-техникалық, технологиялық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және өзге де өлшемдері бойынша мониторинг объектілерін бастан аяқ бақылау;
148) республикалық мемлекеттік меншік объектілерін сенімгерлік басқару шарттарына сәйкес сенімгер басқарушылардың міндеттемелерді орындау мәселесі бойынша бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде сенімгер басқарушыларды тыңдауды жүргізу;
149) меншіктің мемлекеттік мониторингінің мәні бойынша ақпараттарды жинау және жүйелі талдау жасау;
150) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
151) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша валюта түрлері бойынша ұлттық және шетел валютасында төлемдерді және ақшалай аударымдарды жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 152) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
152) банкроттық рәсімдерде дәрменсіз борышкерді оңалтуды және конкурстық басқарушылардың қызметіне, сондай-ақ сырттай байқау рәсімі кезінде сырттай байқау әкімшісінің қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
153) банкроттық туралы заңнамада белгіленген жағдайларда оңалтуды, конкурстық басқарушыларды және сырттай бақылау әкімшісін шеттету туралы шешім қабылдау;
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 154) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
154) борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөніндегі сауда-саттықтың жүргізілу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
155) жалған және көрінеу банкроттықтың белгілерін анықтау;
156) оңалтуды, конкурстық басқарушылардың және сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттеріне шағымдарды қарау;
157) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көрсетілген мән-жайларда жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қолдану;
158) банкроттық рәсімдерінде дәрменсіз борышкерлердің мүлкін және істерін басқаруға лицензиялары бар тұлғаларды тіркеп есепке алуды жүзеге асыру;
159) камералдық бақылауды жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 160) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
160) Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайда, тексеру актісінде көрсетілген нәтижелердің негізінде мұндай бұзушылықтарды жою мерзімін көрсете отырып, сыртқы байқау әкімшісіне (оңалтуды немесе конкурстық басқарушыға) ұсыныстар енгізу;
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 160-1) тармақшамен толықтырылды
160-1) хаттамалар жасау және банкроттық саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану туралы істерді қарау;
161) кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асырады және жетілдіреді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасау;
162) төмен тұрған кедендік органның және кеден органы лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау;
163) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құқық бұзған немесе қылмыс жасауға күдікті адамдарды ұстау және Қазақстан Республикасының кедендік немесе құқық қорғау органдарының қызметтік үй-жайларына жөнелту;
164) кедендік төлемдер мен салықтардың, оның ішінде белгіленген мерзімде бюджетке төленбеген сомасын, сондай-ақ олар бойынша өсімақыны өндіріп алу;
165) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттерінде қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін анықтаған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға бақылау материалдарын беру;
166) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын қорғауды және кедендік бақылау аймағы режимін сақтауды бақылауды қамтамасыз ету;
167) өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру;
168) Қазақстан Республикасының кедендік органдарына өндіріп алу жүктелген кедендік төлемдер мен салықтарды республикалық бюджетке уақытылы және толық енгізуді бақылау;
169) тауарлардың кедендік құнын дұрыс айқындауға бақылау;
170) Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу бекеттерінде радиациялық бақылауды жүргізу;
171) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша тергеуді жүзеге асыру;
172) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
173) өз құзыреті шегінде кедендік органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөнінде жұмыстар жүргізу;
174) Қазақстан Республикасының салық, валюта және өзге де заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда, алдын алуда және болдырмауда салық қызметі органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
175) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде қылмыстық белгілерді қамтитын іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы осындай факті анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде растайтын құжаттармен бірге құқық қорғау органдарына ақпарат беру;
176) хабардар ету үшін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетіне, мәслихаттардың тексеру комиссияларына тиісті бақылау жоспарлары мен актілерін жіберу;
177) мемлекеттік қаржылық бақылау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
178) салық заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
179) этил спиртін, алкоголь өнімін, темекі бұйымдарын және мұнай өнімдерін өндіруге және айналымына бақылауды жүзеге асыру жөнінде орталық мемлекеттік және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
180) салықтардың, өсімпұлдардың және айыппұлдардың есептелген сомасы бөлігінде, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексінде) белгіленген тәртіпте салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының әрекеті (әрекетсіздігі) бөлігінде салық тексерістерінің актілері бойынша хабарламаға заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау;
181) біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпаратты берген әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың теріс пиғылды қатысушысы деп тану туралы сотқа осындай факті анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей талап арыз беру;
182) бақылау объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі міндетті түрде орындалуға тиіс ұйғарымдарды жіберу;
183) тапсырыс берушіге және мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі туралы осы фактілердің анықталған күнінен бастап үш күннен кешіктірмей хабарлау;
184) лицензиаттардың Қазақстан Республикасының Кеден кодексімен және лицензиялау туралы заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде олардың лицензиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
185) Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру;
186) кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексеру;
187) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кеден органдарының лауазымды тұлғаларын және олардың отбасы мүшелерін құқыққа қарсы әрекеттерден қорғау;
188) ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
189) кедендік істер саласындағы жасалған құқық бұзушылықтар, оның ішінде солар бойынша тексеру жүргізу сатысында, сондай-ақ олар бойынша іс жүргізу шешімі қабылданған барлық фактілер туралы статистикалық және жедел ақпаратты жинау, қорыту және талдау жасау;
190) өз құзыреті шегінде прокурорлардың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының сот актілерін, жазбаша тапсырмаларын орындау, оларға жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасауға жәрдем көрсету;
191) республикалық жергілікті бюджеттерді атқару кезінде мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің бюджеттік қаражаттарды пайдаланудың тиімділігі, нәтижелілігі, нысаналылығы және негізділігі (заңдылығы) қаржылық есептілікке сәйкес келуін бақылау;
192) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттарын мақсатсыз, негізсіз және тиімсіз пайдалануды анықтау, жолын кесу және жол бермеу;
193) бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын, кәсіби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктен айыру жөнінде шешім қабылдау;
194) ішкі аудит қызметтерінің Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын сақтауын бақылау;
195) мемлекеттік органдардың және барлық меншік нысандары ұйымдарының салыққа жатпайтын түсімдерді тиісті бюджеттерге енгізу толықтығы мен уақтылылығына қатысты мәселелері жөніндегі қызметін бақылау;
196) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшасы өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің ақшаны қалыптастыруын және пайдалануын бақылау;
197) мемлекеттік қаржылық бақылау объектісіне жіберілетін нұсқамалардың және бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша олар қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылау;
198) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
199) бюджеттік кредиттерді, мемлекеттік кепілдіктерді және мемлекет кепілдемелерін ұсыну шарттары мен рәсімдерінің сақталуын бақылау;
200) бюджеттік кредиттердің, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекеттік кепілдемелердің, байланысты гранттардың және мемлекет активтерінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылау;
201) аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметін бақылау;
202) төтенше мемлекеттік бюджеттің атқарылуын бақылауға қатысу;
203) Қазақстан Республикасы заңнамасының республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі есеп пен есептілікті жүргізу, гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін, иелігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіндегі талаптарының бұзылу себептеріне баға беру;
204) мынадай:
әлеуетті өнім берушінің, конкурсқа қатысушының, өнім берушінің немесе олардың уәкілетті өкілінің тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының немесе конкурстық комиссияның, сараптама комиссиясының, сарапшының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешіміне шағымданған жазбаша өтініш берген;
бақылау объектісінің әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеті (әрекетсіздігі) туралы ақпарат түскен;
бақылау объектілерінің нұсқамаларды орындамауы туралы ақпарат түскен;
мемлекеттік сатып алуды жинау, жинақтау және талдау нәтижелері бойынша;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайларда жоспардан тыс тексеруді жүзеге асыру;
205) мынадай салықтық бақылауды:
салық төлеушілерді тіркеп есепке алуды;
салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды;
бюджетке түсетін түсімдерді есепке алуды;
қосылған құн салығын төлеушілерді есепке алуды;
салықтық тексерулерді;
камералды бақылауды;
салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметіне мониторингті;
фискалды жадысы бар бақылау-кассалық аппараттарды қолдану ережесін;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне белгі қоюды және акциз бекеттерін орнатуды;
мемлекет меншігіне өткен мүліктің есепке алыну, сақтау, бағалау, әрі қарай пайдалану және өткізу тәртібін, сондай-ақ мемлекет меншігіне өткен мүлікті берудің толықтығын және уақтылылығын тексеруді;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дұрыс есептеу, толық өндіріп алу және уақтылы аудару мәселелері жөніндегі уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға бақылауды жүзеге асыру;
206) акциздік маркалардың және қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгі қойылуға жататын акцизделетін өнімдер бойынша есепке алу-бақылау маркаларының әзірленуін, сақталуын, сатып алынуын, есепке алынуын және берілуін бақылау;
207) мемлекет меншігіне өткен мүліктің есепке алыну, сақтау, бағалау, әрі қарай пайдалану және өткізу тәртібін, оны Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті органға берудің толықтығын және уақтылылығын, сондай-ақ оны сатқан жағдайда ақшасының бюджетке толық және уақтылы түсуін бақылау;
208) халықаралық шарттарға әкімшілік жүргізу және салық салу мәселелері бойынша шет мемлекеттердің құзырлы органдары арасында ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
209) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін көздейтін заңнаманың сақталуын бақылау;
210) нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыреттер шегінде салыққа жатпайтын төлемдердің түсімін бақылау;
211) трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау, мәміле бағасының тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасынан ауытқу мәселесі бойынша тексеру, мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісі анықталған кезде салық салу объектілерін түзету;
212) темекі бұйымдарының өндірісі және айналымы көлемдерінің теңгерімдерін бақылау;
213) темекі бұйымдарын өндіру және олардың айналымы көлемдерінің теңгерімдерін есепке алуды және талдауды жүргізу;
214) этил спирті өндірісінің технологиялық желісін және алкоголь өнімдерінің құйылу желісін тиісті спирт өлшеуші аппараттармен және есепті бақылау құралдарымен, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу зауыттарында, мұнай өнімдері базасында және автомобильдерге құйып беру станцияларында есепті бақылау құралдарымен жабдықтау;
215) мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларының жиынтық қаржыландыру жоспарына сәйкестігін бақылау;
216) мемлекеттік мекемелердің шоттарына тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның есепке алынуының дұрыстығын бақылау;
217) мемлекеттік мекемелердің ұсынатын міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, жеке қаржыландыру жоспарларына, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың, төлем тапсырмаларының, шот-фактуралардың, хабарлама-шоттарының, орындалған жұмыстар актілерінің, жүкқұжаттардың және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттардың және азаматтық-құқықтық мәмілелердің бюджет заңнамасына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру;
218) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның шығыстары бойынша операциялардың жүргізілуін бақылау;
219) мемлекеттік мекемелердің шетел валютасында операциялар жүргізу кезінде валюталық заңнаманың сақталуы бойынша тексеру ұйымдастыру;
220) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік қаражаты, валюталық және ағымдағы шоттар бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы туралы тоқсандық және жылдық есептерін қабылдау және тексеруді жүзеге асыру;
221) Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің және қабылдануы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде қарастырылған бюджеттің атқарылу тәртібін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу кезінде мемлекеттік мекемелердің төлемдерінің жүзеге асырылуын тоқтата тұру;
222) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер көлемдерінің номенклатурасын және көлемдерін талдау;
223) мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасасқанға дейін конкурстарды ұйымдастырушылардың, тапсырыс берушілердің және конкурстық комиссиялардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып қабылдаған шешімдерін қайта қарау немесе күшін жою туралы шешім қабылдау;
224) конкурстық комиссияның, конкурсты ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің іс-әрекетіне шағым жасаған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуды тиісті тексеру жүргізу кезеңіне, бірақ отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұру;
225) егер тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты өткізу кезінде оның қорытындыларына ықпал еткен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол берілген жағдайда және егер өткізілген конкурс конкурстың жеңімпазын айқындауға және шартты жасасуға әкеп соқтырмаса, конкурсты жарамсыз деп тану туралы шешімді қабылдау;
226) конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзарту.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
12. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерді және өзінің функцияларын жүзеге асыру барысында заңнамада бекітілген тәртіппен:
өз құзыреті шегінде атқаруға міндетті болатын нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
мемлекетті органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамамен бекітілген тәртіппен қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы.
13. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі Министрдің ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлер) болады.
14. Министр Министрліктің басшылығын жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауап береді.
15. Министр:
1) өз орынбасарларының міндеттерін айқындайды;
2) еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Министрліктің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды;
4) барлық мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
5) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
6) Министрліктің ведомстволары туралы ережелерді бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының Президентіне Кеден органдарының қызметкерлеріне жоғары басшылық құрамының арнайы атағын беру туралы ұсыным енгізеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құзыреттерді іске асырады.
16. Министрлік қабылдайтын шешімдер министрдің бұйрықтарымен ресімделеді.
17. Министрліктің аппаратын басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісім бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы жүзеге асырады.