Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысы
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
10-тармақта «дәрменсіз борышкерді соттан тыс тарату рәсімінде» деген сөздер алынып тасталсын;
11-тармақта:
1) тармақшада «дәрменсіз борышкерді соттан тыс тарату рәсімінде» деген сөздер алынып тасталсын;
58) тармақшада «және дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінде» деген сөздер алынып тасталсын;
59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«59) мониторинг, оның ішінде борышкерден оның қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты ақпарат пен құжаттарды талап ету жолымен;»;
98) тармақша сол күйінде қалдырылсын;
99) тармақшада «және соттан тыс тарату рәсімінің» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 103-1) тармақшамен толықтырылсын:
«103-1) сотқа сыртқы байқау рәсімін енгізу туралы іс қозғау туралы өтінішпен жүгіну;»;
106) тармақшада:
«немесе кредит берушілерді соттан тыс тарату рәсімін жүргізу туралы шешім қабылданғанға» деген сөздер алынып тасталсын;
«немесе соттан тыс тарату рәсімін жүргізу туралы шешім қабылдағаннан» деген сөздер алынып тасталсын;
107) тармақшада:
«өтініш беру» деген сөздер алынып тасталсын;
«басқарушы» деген сөз «басқарушылар» деген сөзбен ауыстырылсын;
«сотқа» деген сөзден кейін «өтініш бере алады» деген сөздермен толықтырылсын;
113) және 115) тармақшалар алынып тасталсын;
152) тармақшада «және», «таратудың соттан тыс рәсімінде» деген сөздер алынып тасталсын;
154) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«154) борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөніндегі сауда-саттықтың жүргізілу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;»;
160) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«160) Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайда, тексеру актісінде көрсетілген нәтижелердің негізінде мұндай бұзушылықтарды жою мерзімін көрсете отырып, сыртқы байқау әкімшісіне (оңалтуды немесе конкурстық басқарушыға) ұсыныстар енгізу;
мынадай мазмұндағы 160-1) тармақшамен толықтырылсын:
«160-1) хаттамалар жасау және банкроттық саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану туралы істерді қарау;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |