2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2. Салық төлеушiге осы баптың 1-тармағының 1), 4), 6), 7) тармақшаларына сәйкес шегерiм жасау құқығы өзi берген өтiнiштің және салық төлеушi табыс еткен растаушы құжаттардың негiзiнде жұмыс берушiлердің бiрiнен алатын табыстары бойынша берiледi.
153-бап. Салықты есептеу және ұстап қалу
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1. Қызметкердiң табысы бойынша жеке табыс салығының сомасы қызметкердiң салық жылы iшiнде төлем көзiнен салық салынатын табысына осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен ай сайын жүргiзiледi.
3. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 153-1-баппен толықтырылды
153-1-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар табыстарының жекелеген түрлерiнен жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі
1. Осы Кодекстің 178-бабының 14), 16) және 17) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеудi, төлеудi, сондай-ақ салық есептілігiн берудi салық агентi осы Кодекстің 187-1-бабының 1-тармағында көзделген шарттар орындалған жағдайда, осы Кодекстiң 152-бабында белгiленген салық шегерiмдерiн ескере отырып, осы Кодекстің 187-1, 188-баптарына сәйкес жүргiзедi.
2. Осы Кодекстiң 187-1-бабының 1-тармағында көзделген шарттар орындалмаған кезде осы баптың 1-тармағында көрсетiлген резидент жеке тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеудi салық агентi осы Кодекстiң 147 және 153-баптарына сәйкес жүргiзедi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Салық агенті күнтізбелік жыл ішінде осы бапта және осы Кодекстің 153-бабында белгіленген жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртіптерінің біреуін ғана қолдануға құқылы.
Жеке табыс салығын есептеудің және төлеудің таңдап алынған тәртібі күнтізбелік жыл ішінде өзгермейтін болуға тиіс.
4. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
§ 2. Төлем көзiнен салық салынатын бiржолғы төлемдерден
түскен табыс
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 154-бап жаңа редакцияда ; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 154-бап жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
154-бап. Біржолғы төлемдерден түскен табыс
Біржолғы төлемдерден түскен табысқа, мыналарды:
1) дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустар мен адвокаттарға өздерінің қызметіне байланысты табыстар бойынша төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға біржолғы талон негізінде арнайы салық режимін пайдалана отырып, қызметін жүзеге асыруға байланысты табыстар бойынша төлемдерді;
2) жеке тұлғалардан мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді сатып алғаны үшін оларға төленетін төлемдерді қоспағанда, салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы, сондай-ақ жеке тұлғаларға төленетін басқа да біржолғы төлемдер жатады.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 177-III (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 155-бап өзгертілді
155-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы төлем көзiнен салық салынатын бiржолғы төлемдерден түскен табысқа 145-баптың 1-тармағында белгiленген ставканы қолдану жолымен есептеледi.
§ 3. Төлем көзiнен салық салынатын жинақтаушы зейнетақы
қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 156-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
156-бап. Төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдерi
Төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдеріне салық төлеушілердің зейнетақы жинақтамаларынан жинақтаушы зейнетақы қорлары табыс есептеудің әрбір айы үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшеріндегі сомаға азайтылған төлемдер жатады.
157-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 153-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен есептеледi.
§ 4. Төлем көзiнен салық салынатын дивидендтер, сыйақылар,
ұтыстар түріндегі табыс
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 158-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
158-бап. Салық сомасын есептеу
1. Жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаларға төленетін дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыстарға 145-баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледі және осы Кодекстің 146-148-баптарына сәйкес ұсталады.
2. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған салық сомасы төлем көзінен осы салықты ұстап қалуын растайтын құжаттар болғанда салықтарды есептеу шығару мен төлеуді жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын дара кәсіпкер салық кезеңі үшін есептеген жеке табыс салығының есебіне жатқызылады.
§ 5. Стипендиялар
159-бап. Стипендиялар
Осы Кодекстiң 144-бабының 28) тармақшасында көзделген сомаларды қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқып жүргендерге төлеуге арналған ақша сомасы, сондай-ақ мәдениет, ғылым қайраткерлерiне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерiне және басқа жеке тұлғаларға төлеуге арналған ақша сомасы табыс көзiнен салық салынатын стипендия болып табылады.
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 160-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
160-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы төленетiн стипендия сомасына қолдану жолымен есептеледi.
§ 6. Төлем көзiнен салық салынатын, жинақтаушы сақтандыру
шарттары бойынша табыс
23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 161-бап өзгертілді
161-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс
1. Сақтандыру сыйлықақылары:
жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебiнен;
жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебiнен;
жұмыс берушiнiң жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердiң пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықтары есебiнен төленген, сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы болып табылады.
1-1. Жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыстарына осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда төленетiн сатып алу сомасы жатады.
2. Жеке тұлғалардың жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысына сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi сомасының сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кеткен сомасы да жатады.
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 162-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
162-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төленетiн табыс сомасына қолдану жолымен есептеледi.
25-тарау. Төлем көзінен салық салынбайтын
Табыстар
163-бап. Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар
Салық төлеушiнiң төлем көзiнен салық салынбайтын табыстарына, табыстардың мынадай түрлерi:
1) мүлiктiк табыс;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) жеке кәсіпкердің осы Кодекстің 169-бабына сәйкес айқындалатын табысы;
3) адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы;
4) осы Кодекстің 170-бабына сәйкес белгiленетiн өзге де табыстар жатады.
23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 164-бап өзгертілді
164-бап. Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1. Осы Кодекстiң 168-бабына сәйкес есептелетiн адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеудi салық төлеушi 152-бапқа сәйкес белгiленген салықтық шегерiмдер сомасына азайтылған, төлем көзiнен салық салынбайтын табыс сомасына 145-баптың 1-тармағында белгiленген ставканы қолдану жолымен дербес жүргiзедi.
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2. Салық төлеушiде төлем көзiнен салық салынбайтын табыстардың бiрнеше түрi болған кезде, адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, салық төлеушi жеке табыс салығын есептеудi осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы төлем көзiнен салық салынбайтын барлық табыс түрлерiнің сомасына қолдану жолымен дербес жүргiзедi.
3. Мынадай резидент жеке тұлғалар:
1) арнайы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер;
2) резидент болып табылатын және табысты Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен жеке табыс салығы салынбайтын қызметті жүзеге асырудан алатын шет мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар;
3) салық агенттерi болып табылмайтын тұлғаларға Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетуден, жұмыстар орындаудан табыс алатын Қазақстан Республикасының азаматтары жеке табыс салығын аванстық төлемдердi енгізу арқылы төлейдi.
Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу мен төлеуді, сондай-ақ салық есептілігiн берудi осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында айқындалған тұлғалар салық кезеңі iшiнде осы Кодекстiң 126 және 127-баптарына сәйкес жүргізеді.
Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу мен төлеуді, сондай-ақ салық есептілiгін беруді осы тармақтың 2) тармақшасында айқындалған тұлға салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 191 және 192-баптарында белгіленген тәртіппен мерзімдерде жүргізеді.
165-бап. Салық төлеу мерзiмдерi
1. Салық төлеушi осы Кодексте белгiленген жағдайларда енгiзiлген аванстық төлемдердi есептей отырып, салық жылының қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеудi жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей дербес жүзеге асырады.
2. Арнаулы салық режимдерiн қолданатын жеке кәсiпкерлер осы Кодекстiң 163-бабының 2) тармақшасында көрсетiлген табыс бойынша жеке табыс салығын 368-384, 391-397-баптарда белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде төлейдi.
§ 1. Мүлiктiк табыс
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 166-бап өзгертілді
166-бап. Мүлiктiк табыс
1. Салық төлеушiлердің мүлiктiк табысына:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшiн сатып алынған мүлiкті қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын:
а) бiр жылдан аз уақыт меншiк құқығында болған жылжымайтын мүлiктi;
б) бағалы қағаздарды, сондай-ақ заңды тұлғадағы қатысу үлесiн;
в) қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариаттарды;;
г) мемлекеттік тiркеуге жататын және бiр жылдан кем емес уақыт меншiк құқығындағы немесе механикалық көлiк құралын және (немесе) тiркемелердi иелiктен айыру құқығымен басқаруға сенімхат негiзiнде алынған механикалық көлiк құралдарын және тiркемелердi сату кезіндегі олардың құнының өсiмi;
2) осы Кодекстiң 154, 155-баптарына сәйкес төлем көзiнен салық салынатын табысты қоспағанда, мүлiктi жалға беруден алынған табыс жатады.
2. Мүлiктi сату құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма, мүлiктi сату кезіндегі құн өсiмiнен алынған, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген табыс болып табылады.
Сатып алу құны болмаған жағдайда мүлiктi сату құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсiмi болып табылады.
3. Бағалы қағаздарды сату кезіндегі құнның өсiмi осы Кодекстің 82-бабының 4-тармағына сәйкес белгiленедi.
§ 2. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы
167-бап. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы
Заң көмегiн, нотариаттық iс-әрекеттер ақысын қоса алғанда, адвокаттық және нотариаттық қызметтi жүзеге асырудан түскен табыстардың барлық түрлерi, сондай-ақ қорғау мен өкiлдiкке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған сомалар адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы болып табылады.
168-бап. Салықты есептеу және төлеу
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы алынған табыс сомасына қолдану жолымен ай сайын есептеледi.
2. Есептi ай үшiн жеке табыс салығының сомасы есептi айдан кейiнгi айдың 5-iнен кешiктiрiлмей төленуге тиiс.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3-параграфының тақырыбы өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
§ 3. Жеке кәсiпкердің табысы
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 169-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 169-бап жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
169-бап. Дара кәсіпкердің табысы
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, дара кәсіпкердің табысы осы Кодекстің 79-124, 130-баптарына сәйкес есептеледі.
2. Арнайы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлердің табысы осы Кодекстің 15-тарауына сәйкес айқындалады.
§ 4. Басқа табыстар
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 170-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
170-бап. Төлем көзiнен салық салынбайтын басқа табыстар
Төлем көзiнен салық салынбайтын басқа табыстарға, осы Кодекстiң 149-162-баптарында көрсетiлмеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегі көздерден алынған табыстар жатады.
26-тарау. Жеке табыс салығы бойынша декларация
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 171-бап жаңа редакцияда; ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 171-бап өзгертілді
171-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация
1. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушiлер:
1) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстары барлар;
2) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) алынып тасталды (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi шетел банктеріндегi шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
2007.26.03 № 240-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енеді) (бұр. ред. қара)
5) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актілеріне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес декларация беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;
6) Қазақстан Республикасы Парламентiнің депутаттары, судьялар;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) осы Кодекстiң 144-бабының 12) тармақшасында көрсетілген, табыстары олар үшiн белгіленген салық салынбайтын шектен асып кеткен жеке тұлғалар табыс етеді.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Осы Кодекстiң 144-бабының 6) тармақшасында көрсетiлген жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша декларацияны уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен ұсынады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 172-бап өзгертілді
172-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация табыс ету
мерзiмдерi
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының сайлау туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация есепке тiркелген орны бойынша салық органына салық жылынан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
2. Арнаулы салық режимiн қолданатын жеке кәсiпкерлер арнаулы салық режимi қолданылатын қызметiнен түскен табыстарынан жеке табыс салығы бойынша декларация табыс етпейдi.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 173-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
173-бап. Шетел салығын есепке алу
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерле төленген жеке табыс салығының сомалары осы Кодекстің 129-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын төлеу кезiнде есепке алынады.
Салықтан есепке алынатын сомасының мөлшерi осы Кодексте белгіленген жеке табыс салығының ставкасын қолдана отырып, осы табыстан Қазақстан Республикасында есептелуi мүмкін салық сомасынан аспауға тиiс.
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 174-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
174-бап. Салық төлемiнің расталмауы
171-баптың 2), 3), 5) және 6) тармақшаларына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырушы салық төлеушiлер жеке табыс салығын төлегенiн растамаған жағдайларда, жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы төленгенi расталмаған табыс сомасына осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы қолдану жолымен жүргiзiледi.
7-бөлім. Резидент еместердің табысына
салық салу ерекшеліктері
27-тарау. Жалпы ережелер
175-бап. Жалпы ереже
Осы бөлiм резидент емес жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстарына корпорациялық және жеке табыс салығын салу ерекшелiктерiн ашады.
176-бап. Резиденттер мен резидент еместер
1. Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе өмiрлiк мүдделерiнің орталығы Қазақстан Республикасында орныққан немесе осы баптың 4-тармағында аталған жеке тұлғалар осы Кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттерi деп танылады.
2. Жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде аяқталатын кез келген үздiксiз он екi айлық кезеңде кемiнде бiр жүз сексен үш күнтiзбелiк күн Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады.
Егер ағымдағы салық кезеңiнде және өткен екi салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында болған күндердiң санына мынадай:
ағымдағы салық кезеңiнде болған күндердiң санына - 1;
өткен бiрiншi салық кезеңiнде болған күндердiң санына - 1/3;
өткен екiншi салық кезеңiнде болған күндердiң санына - 1/6 коэффициенттерiн әрбiр салық кезеңiне қолдана отырып анықталған күндердiң саны кемiнде бiр жүз сексен үш күнтiзбелiк күн болған жеке тұлға да ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады.
Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында отыз күнтiзбелiк күннен аз тұрған болса, онда мұндай жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрақты болатын адам деп танылмайды.
Егер жеке тұлға Қазақстан Республикасында болуы аяқталатын жылдан кейiнгi жылда резидент болмаса, ол тұлға Қазақстан Республикасында болатын соңғы күнiнен кейiнгi кезең үшiн осы тармақтың мақсатында резидент емес ретiнде қаралады.
3. Мынадай шарттар бiр мезгiлде орындалған жағдайда:
1) жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы болса немесе оның Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты (ықтиярхаты) болса;
2) жеке тұлғаның отбасы және (немесе) жақын туыстары Қазақстан Республикасында тұрса;
3) кез келген уақытта жеке тұлғаның тұруы және (немесе) оның отбасы мүшелерiнiң тұруы үшiн оған және (немесе) оның отбасы мүшелерiне жеке меншiк құқығындағы немесе өзге де негiздерде тиесiлi жылжымайтын мүлкi Қазақстан Республикасында бар болса, жеке тұлғаның өмiрлiк мүдделерiнiң орталығы Қазақстан Республикасында орныққан деп қарастырылады.
4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiш немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдамай, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтiнiш берген мынадай жеке тұлғалар:
мемлекеттік билiк органдары шет елге iссапарға жiбергендер, оның iшiнде дипломатиялық, консулдық мекемелердiң, халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi, сондай-ақ аталған жеке тұлғалардың отбасы мүшелерi;
тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына немесе азаматтарына тиесiлi көлiк құралдарының экипаж мүшелерi;
Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде орналасқан әскери базалардың, әскери бөлiмдердiң, топтардың, контингенттердiң немесе құрамалардың әскери қызметшiлерi мен азаматтық қызметкерлерi;
Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде орналасқан және Қазақстан Республикасының меншiгi немесе Қазақстан Республикасының субъектiлерi болып табылатын объектiлерде (оның iшiнде концессиялық шарттар негiзiнде) жұмыс iстейтiндер;
оқу немесе практикадан өту мақсатымен Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде жүрген студенттер, стажерлар мен практиканттар оқу немесе практикадан өтудiң бүкiл кезеңiнде;
сабақ беру, консультациялар беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде жүрген оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер сабақ берудiң немесе аталған жұмыстарды орындаудың бүкiл кезеңiнде Қазақстан Республикасында тұрған уақытына және осы бапта көзделген басқа да өлшемдерге қарамастан резидент жеке тұлғалар деп танылады.
5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және (немесе) өздерiнiң тиiмдi басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан өзге заңды тұлғалар да осы Кодекстiң мақсатында резиденттер деп танылады.
Негiзгi басқаруды жүзеге асыратын және заңды тұлғаның кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу үшiн қажет стратегиялық коммерциялық шешiмдердi қабылдайтын орын тиiмдi басқару орны (нақты басқару органы) деп танылады.
6. Осы баптың ережелерiне сәйкес резидент болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар осы Кодекстiң мақсатында резидент еместер деп танылады.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 177-бап өзгертілді
177-бап. Резидент еместiң тұрақты мекемесi
1. Кәсiпкерлiк қызметтi, оның iшiнде уәкiлеттi тұлға арқылы жүзеге асырылатын қызметтi толық немесе iшiнара жүзеге асыратын тұрақты қызмет орны, атап айтқанда:
1) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, тауарларды өндiрумен, ұқсатумен, жинақтаумен, орап-буумен, берумен, өткізумен байланысты қызмет жүзеге асырылатын кез келген орын;
2) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, резидент еместiң кез келген басқару орны, филиалы, бөлiмшесi, өкiлдiгi, бюросы, кеңсесi, офисi, кабинетi, агенттiгi, фабрикасы, шеберханасы, цехы, зертханасы, дүкенi, қоймасы;
3) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, көмiрсутектерiн өндiру орындарын қоса алғанда, табиғи ресурстарды өндiрумен байланысты қызметтi жүзеге асыратын кез келген орын: шахта, кенiш, мұнай және (немесе) газ скважинасы, карьер, жер үстi немесе теңiз мұнаралары және (немесе) скважиналары;
4) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, құбырмен, газ құбырымен, табиғи ресурстарды барлаумен және (немесе) игерумен, құрал-жабдықтарды орнатумен, монтаждаумен, құрастырумен, жөнге келтiрумен, iске қосумен және (немесе) қызмет көрсетумен байланысты қызметтi жүзеге асыратын (оның iшiнде бақылау және байқау қызметiн жүзеге асыратын) кез келген орын;
5) қызмет көрсету мерзiмдерiне қарамастан, ойын автоматтарын (жалғамаларын қоса), компьютерлiк желiлер мен байланыс арналарын, аттракциондарды, көлiк немесе өзге де инфрақұрылымды пайдаланумен байланысты қызметтi жүзеге асыратын кез келген тұрақты орын резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi деп танылады.