жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 463-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 463-бап өзгертілді
463-бап. Көлік құралдарын жүргізушілердің маршруттық көлік құралдарын тоқтатудың, тұрғын аймақтарда жүрудің, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың ережелерін сақтамауы және жол жүрісінің ережелерін басқа да өрескел бұзу
1. Көлік құралдарын жүргізушілердің маршруттық көлік құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралдарымен жүру кезінде қауіпсіздік белдіктерін, мотоциклдерді жүргізу және онымен жолаушыларды тасымалдау кезінде мотошлемдерді пайдалану, көлік құралдарын сүйретуге алу, тәуліктің қараңғы мезгілінде немесе анық көрінбейтін ала-көлеңке кезде жарық беретін аспаптарды пайдалану ережелерін сақтамауы -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2. Қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен не мамандандырылған автокөлік құралдарымен белгіленген ережелерді бұза отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз тасымалдау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүруі, сондай-ақ бөлінбейтін ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді мамандандырылған автокөлік құралдарымен белгіленген ережелерді бұза отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз тасымалдау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге деЙінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-1-баппен толықтырылды (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
463-1-бап. Жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту
1. Көлденең бағыттағы көлік құралдарының жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соқтыратын кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жол жүрісі ережелерінің жол қиылысынан өтуде басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талаптарын орындамау -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-2-баппен толықтырылды (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
463-2-бап. Маневр жасау ережелерін бұзу
1. Жол жүрісі ережелерінің жүру, қайта орналасу, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдында сигнал беру талаптарын орындамау -
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мұндай маневрлар жасауға тыйым салынған жерлерде кері бұрылу немесе артқа жүру -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстің 463-1-бабының екінші бөлігінде және 463-5-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі ережелерінің жүрудің басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талаптарын орындамау -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-3-баппен толықтырылды (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
463-3-бап. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарама-қарсы жүріп өту немесе басып озу ережелерін бұзу
1. Жол жүрісі ережелерін бұза отырып, жүргіншілер жолымен, жол жиегімен немесе тротуармен жүру -
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарама-қарсы жүріп өту немесе жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шықпай басып озу ережелерін бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көліктік немесе жаяу колоннаны кесіп өту не одан орын алу -
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Егер жол жүрісі ережелерімен тыйым салынған болса, жолдың жүру бөлігінің қарсы жүруге арналған жағына шығу -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
алты ай мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-4-баппен толықтырылды (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
463-4-бап. Көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою ережелерін бұзу
1. Осы Кодекстің 463-бабының бірінші бөлігінде, 466-бабында және осы баптың екінші-үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою ережелерін бұзу -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе қою ережелерін бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе оларды қою -
алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Басқа көлік құралдарының жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соқтырған, жолдың жүру бөлігінде көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою ережелерін бұзу -
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-5-баппен толықтырылды (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
463-5-бап. Арнайы жарық және дыбыс сигналдары іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу
1. Бір мезгілде жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу -
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сыртқы жағында арнайы түсті-графикалық схемалар, жазулар және белгілер бар, бір мезгілде жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу-
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер - он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-6-баппен толықтырылды (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
463-6-бап. Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өтіп кету
1. Осы Кодекстің 466-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өтіп кету -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-7-баппен толықтырылды (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
463-7-бап. Жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу
1. Басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралдарының жүргізушілерін қоспағанда, жол жүрісі ережелерінің жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 463-8-баппен толықтырылды (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
463-8-бап. Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 464-бап өзгертілді (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
464-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жүргiзiп үйренудi өткізу,
сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын
пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану ережелерiн бұзуы
1. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жүргiзiп үйренудi өткізу, сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгiсiн қолдану ережелерiн бұзуы, -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 464-1-баппен толықтырылды (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
464-1-бап. Көлік құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату ережелерін бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу
1. Көлік құралының алдыңғы бөлігіне қызыл түсті жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түсті жарық қайтаратын жабдықтарды, сол сияқты түсі мен жұмыс режимі көлік құралдарын пайдалануға жіберудің талаптарына сәйкес келмейтін жарық аспаптарын орнату -
аталған аспаптар мен жабдықтарды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға - он бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жарым мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигнализациясын қоспағанда) көлік құралына тиісті рұқсатсыз орнату -
аталған құрылғыларды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға - жиырма бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлік құралының сыртқы жағына жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 465-бап өзгертілді; 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 465-бап жаңа редакцияда (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
465-бап. Жол жүрісіне қатысушының жол жүрісі ережелерін авариялық ахуал туғызуға әкеп соғатындай дәрежеде бұзуы
1. Жол жүрісіне қатысушының авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтыратындай, яғни жол жүрісіне басқа қатысушыларды жүріс жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етіп, жол жүрісі ережелерін бұзуы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 466-бап жаңа редакцияда (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
466-бап. Теміржол өткелдерінен өту ережелерін бұзу
1. Теміржол өткелдерінен тыс жерден теміржолды кесіп өту, жабық тұрған немесе жабылып жатқан шлагбаумнан не бағдаршам немесе өткел кезекшісі тыйым салатын сигнал берген кезде теміржол өткелдеріне шығу, сол сияқты теміржол өткелінде тоқтау немесе тұру -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс- әрекеттер -
алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 467-бап өзгертілді; 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 467-бап жаңа редакцияда (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
467-бап. Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде көлік құралын жүргізуі, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйдегі адамға беру
1. Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде көлік құралын жүргізуі, не көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйдегі адамға беру -
екі жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтырған нақ сол іс-әрекеттер -
үш жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазалау әрекетінің белгілері жоқ зақым келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соқтырған іс-әрекеттер -
төрт жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
он тәулікке әкімшілік қамауға және бес жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс- әрекеттер -
он бес тәулікке әкімшілік қамауға және он жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
6. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адам жасаған іс-әрекеттер -
он тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер -
он бес тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады.
8. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралын жүргізу құқығы жоқ адамдар жасаған іс-әрекеттер -
он тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады.
9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер -
он бес тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады.
10. Осы баптың алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамау қолданылмайтын адамдар жасаған іс-әрекеттер -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Жүргізушінің мас күйде (алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан) болуы осы Кодекстің 629-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен айқындалады.
ҚР 03.07.03 ж. № 464-II Заңымен 467-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 467-1-бап өзгертілді
467-1-бап. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты
тасымалдауды көрсетілген тасымалдау бағыттарына
қызмет көрсету құқығын растайтын тиісті куәліксіз
жүзеге асыру
1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды көрсетілген тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығын растайтын тиісті куәліксіз жүзеге асыру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — он бестен отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 468-бап өзгертілді; 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 468-бап өзгертілді (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
468-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiн адамдардың
денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге
де мүлiктiң зақымдануына әкеп соқтыратындай дәрежеде бұзуы
1. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiн көлiк құралдарының, жүктердiң, жолдардың, жол құрылыстарының және басқа құрылыстардың немесе өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соқтыратындай дәрежеде материалдық залал келтiрiп бұзуы, -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе тоғыз ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазалау әрекетінің белгілері жоқ зақым келтiрген нақ сол iс-әрекеттер, -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға және бір жыл мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген көлiк құралдарын жүргiзу құқығы жоқ адам жасаған iс-әрекеттер, -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 469-бап өзгертілді (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
469-бап. Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу
Көлiк құралын басқарған адамның, жол қозғалысының белгiленген ережелерiн бұзып, өзi қатысушысы болып табылатын жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы, қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi болмаса, -
бір жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
Ескерту. Зардап шегушiге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылады.
ҚР 03.06.03 ж. № 428-II Заңымен 470-бап толықтырылды; ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 470-бап өзгертілді; 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 470-бап өзгертілді (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
470-бап. Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк
құралдарын басқаруы
1. Қолында жүргiзу құқығына жүргiзушiлiк куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген уақытша куәлiгi және заңдарда белгіленген өзге де құжаттары жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы, -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның (оқып-үйрену жүргiзуiнен басқа) оны басқаруы, сондай-ақ тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы, не басқару құқығы жоқ адамға көлiк құралын басқаруға беру (белгiленген ережелерге сәйкес жеке тәртiппен жүргiзудi үйрету жағдайларын қоспағанда), -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі болмаған адамның көлік құралын басқаруы, -
бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Көлік құралын жүргізу құқығынан айрылған жүргізушінің көлік құралын жүргізуі не көлік құралын жүргізу құқығынан айрылған адамға көлік құралын жүргізуге беру -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -