Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған
тауарларды әкету кезiнде кедендiк баждарды алу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 Қаулысы
(2008.21.05 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 29 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен тақырыбы мен кіріспесі өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
Шикі мұнай мен мұнай өнiмдерінің iшкi нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.28.01. № 75 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне мұнай шикізатының әлемдік нарығындағы бағалар мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат берсін.
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін, шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкалары белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3-1. Осы қаулымен белгіленген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін шикі мұнайға кедендік баж ставкалары шикі мұнайға әкетілетін кедендік баждарды төлеуден босату көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша олар өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне қатысты қолданылмайды.
ҚР Үкіметінің 2008.21.05. № 480 қаулысымен 3-2 тармақпен толықтырылды
3-2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі ай сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне келісім-шарттардың деректемелерін және әкетілетін шикізаттың көлемін көрсетіп (келісім-шарттар бойынша бөлінісінде), жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша өндірілген шикі мұнайды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 15 қазандағы
№ 1036 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр ред. қара)
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан
әкетiлетін шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға
кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi
ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр ред. қара)
1. Осы Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетiн мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеудiң тәртібiн (бұдан әрi - кедендiк баж ставкалары) белгілейдi.
2. Осы Ереженiң мақсаты үшін мұнайдан жасалған тауарлар деп осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген тауарлар түсiніледi.
ҚР Үкіметінің 2008.28.01. № 75 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кедендiк баж ставкаларын есептеудi осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингінің (бұдан әрi - бағалар мониторингi) нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ұсынатын шикi мұнайға орташа нарықтық баға туралы деректер негiзiнде әрбір есепті тоқсанның қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жүзеге асырады.
4. Бағалар мониторингiнiң нәтижелерi бойынша орташа нарықтық баға өзгерген жағдайда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен кедендiк баж ставкалары мөлшерінiң өзгеруi туралы Қазақстан Республикасының Yкіметі шешімінің жобасын дайындайды.
ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр ред. қара)
5. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 долларға дейiн (қоса алғанда) қалыптасқан кезде шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету 0% ставкасы бойынша жүргiзіледi.
ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр ред. қара)
6. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 доллардан астам болып қалыптасқан кезде кедендiк баж ставкалары түзету коэффициенттерi ескерiле отырып, есептеледi.
Түзету коэффициентi - мұнай өнiмiнiң түрi мен сипаттамаларына қарай кедендiк баж ставкаларының мөлшерiн есептеу үшiн қолданатын коэффициент.
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 (бұр.ред.қара); 2008.08.04. № 328 (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр ред. қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Мұнайдан жасалған тауарларға қатысты кедендiк баж ставкаларын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледi:
КБС=Кх(Б-138,6),
мұнда КБС - кедендiк баж ставкаларының мөлшерi;
К - осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес шартты ставканың есеп айырысу формуласында қолданылатын және түзету коэффициентіне көбейтілген 0,35 және 0,4 коэффициенттерiнiң орта арифметикалық мәнiнiң 50%-ы;
Б - мониторинг кезеңiнде қалыптасқан шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы.
ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 8-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
8. Шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасының бағалар мониторингі кезеңі ішінде әкетілетін шикі мұнайға қатысты кедендік баж ставкалары 1 тонна үшін 138.6 доллардан астам қалыптасқан кезде осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес формулалар бойынша есептеледі.
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетілетін, шикі мұнай мен
мұнайдан жасалған тауарларға
кедендік баж ставкаларын
есептеу ережесіне
1-қосымша
Мұнайдан әзірленген тауарлардың тізбесi
СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуішi | Тауардың қысқаша атауы* |
2710 11 110 0- 2710 11 900 0 | Жеңіл дистилляттар және өнімдер |
2710 19 110 0- 2710 19 290 0 | Орташа дистилляттар: қайта өңдеудің ерекше процестері үшін; 2710 19 110 0 кіші қосалқы позицияда көрсетілгендерден басқа, процестердегі химиялық түрлендірулер үшін; өзге де мақсаттар үшін |
2710 19 310 0- 2710 19 490 0 | Ауыр дистилляттар: газойлдар |
2710 19 510 0**- 2710 19 690 0 | Ауыр дистилляттар: сұйық отын |
2713 11 000 0-2713 90 900 0 | Кокс және мұнай битумы |
* әкету кедендік бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшін тауарлар тек СЭҚ ТН кодымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлығы үшін келтірілген.
** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.28.01. № 75 (бұр.ред.қара); 2008.08.04. № 328 (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетілетін, шикі мұнай мен
мұнайдан жасалған тауарларға
кедендік баж ставкаларын
есептеу ережесіне
2-қосымша
200__ жылғы _____ тоқсанындағы мұнайға арналған
бағалар мониторингінің нәтижелерi
Күні | URALS (MED) ($/баррель) | Cю (URALS (MED) орташа мәні) | BRENT (DTD) ($/баррель) | Cб BRENT (DTD) орташа мәні) | C BRENT (DTD) (URALS (MED) орташа мәні) |
| min | max | min | max |
| | | | | | | |
Сатылатын шикі мұнайдың нарықтық бағасы "URALS (MED)", BRENT (DTD) күнделікті түзетулерінің орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалады.
URALS (MED) "min" - биржадағы бір күн бұрынғы "URALS (MED)"
ең төменгі нарықтық бағасы;
URALS (MED) "max" - биржадағы бір күн бұрынғы "URALS (MED)"
ең жоғары нарықтық бағасы;
BRENT(DTD) "min" - биржадағы бір күн бұрынғы "BRENT (DTD)" ең
төменгі нарықтық бағасы;
BRENT (DTD) "max" - биржадағы бір күн бұрынғы "BRENT (DTD)"
ең жоғары нарықтық бағасы;
С = (Сю + Сб)/2=____АҚШ доллары,
мұнда,
С - шикі мұнайдың күнделікті орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
Сю - биржадағы бір күн бұрынғы (URALS (MED) ең төменгі және ең жоғары мәндерінің күнделікті орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
Сб - биржадағы бір күн бұрынғы "BRENT (DTD)" ең төменгі және
ең жоғары мәндерінің күнделікті орташа арифметикалық нарықтық бағасы.
Ц = (С+С1+...+ Сn)/n х 7,5=____АҚШ доллары,
мұнда,
Ц - мониторинг кезеңіндегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы (бір тонна үшін);
Сn - мониторинг кезеңі ішіндегі мұндай түзетулер жарияланған күндердегі шикі мұнайдың орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
n - мониторинг кезеңі ішіндегі түзетулер жарияланған күндердің саны;
7,5 - баррельден тоннаға ауыстыру коэффициенті.
Мониторинг кезеңінде мұнайға орташа нарықтық баға 1 (бір) баррель үшін____АҚШ долларын, бір метрикалық тонна үшін____АҚШ долларын құрады.
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетілетін, шикі мұнай мен
мұнайдан жасалған тауарларға
кедендік баж ставкаларын
есептеу ережесіне
3-қосымша
СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуішi | Түзету коэффициенті | К |
2710 11 110 0- 2710 11 900 0 | 1,2 | 0,5х(0,35+0,4)/2х1,2=0,225 |
2710 19 110 0- 2710 19 290 0 |
2710 19 310 0- 2710 19 490 0 |
2710 19 510 0*- 2710 19 550 0 |
2710 19 610 0- 2710 19 690 0 | 0,8 | 0,5х(0,35+0,4)/2х0,8=0,15 |
* ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа
ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 4-қосымшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының
кедендік аумағынан әкетілетін
шикі мұнаймен мұнайдан жасалған
тауарларға кедендік баж ставкаларын
есептеу ережесіне
4-қосымша
Әкетілетін шикі мұнайға қатысты кедендік баж ставкаларын есептеу формуласы
Шикі мұнайға арналған орташа нарықтық баға, тоннасына доллармен | Кедендік баж ставкасын есептеу формуласы |
138,6-дан 438 дейін (қоса алғанда) | Қалыптасқан әлемдік баға мен 138.6 арасындағы айырмадан 5.0 % |
43 8-ден 547,5 дейін (қоса алғанда) | Қалыптасқан әлемдік баға мен 438 арасындағы айырмадан 14.97 АҚШ доллары +22.83 % |
547.5-тен 657 дейін (қоса алғанда) | Қалыптасқан әлемдік баға мен 547.5 арасындағы айырмадан 39.97 АҚШ доллары +38.21 % |
657-ден 766,5 дейін (қоса алғанда) | Қалыптасқан әлемдік баға мен 657 арасындағы айырмадан 81,81 АҚШ доллары +48.48 % |
766,5-тен 876 дейін (қоса алғанда) | Қалыптасқан әлемдік баға мен 766.5 арасындағы айырмадан 134.90 АҚШ доллары +55.82 % |
876 астам | Қалыптасқан әлемдік баға мен 876 арасындағы айырмадан 196.03 АҚШ доллары +61.34 % |
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен қосымшамен толықтырылды қаулысымен; ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 642 (бұр.ред.қара); 2007.15.02. № 114 (бұр.ред.қара); 2008.28.01. № 75 (бұр.ред.қара); 2008.08.04. № 328 (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред қара) қаулыларымен қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Үкіметінің
2005 жылғы 15 қарашадағы
№ 1036 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін,
шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкалары
СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуішi | Тауардың қысқаша атауы* | Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен) |
2709 00 900 0 | Шикі мұнай | 109.91 27.43*****»; |
2710 11 110 0- 2710 11 900 0 | Жеңіл дистилляттар және өнімдер | 123,3 |
2710 19 110 0- 2710 19 290 0 | Орташа дистилляттар: қайта өңдеудің ерекше процестері үшін; 2710 19 110 0 кіші қосалқы позицияда көрсетілгендерден басқа, процестердегі химиялық түрлендірулер үшін; өзге де мақсаттар үшін |
2710 19 310 0 - 2710 19 490 0*** | Ауыр дистилляттар: газойлдар |
2710 19 510 0**- 2710 19 550 0 | Ауыр дистилляттар: сұйық отын |
2710 19 610 0 - 2710 19 690 0*** | Ауыр дистилляттар: сұйық отын | 82,2 |
2713 11 000 0-2713 90 900 0 битумы | Кокс және мұнай | 82.2»; |
* әкету кедендік бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшін тауарлар тек қана СЭҚ ТН кодымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлылығы үшін келтірілген.
** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа
***СЭҚ TH 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0 кодтарынан басқа жыл сайын 15 ақпан - 15 қазан кезеңінде
***жыл сайын 15 сәуір - 15 тамыз кезеңінен басқа