Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан мұнайдан жасалған
тауарларды әкету кезiнде кедендiк баждарды алу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 Қаулысы
(2008.28.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 8 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мұнай өнiмдерінің iшкi нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.28.01. № 75 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне мұнай шикізатының әлемдік нарығындағы бағалар мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат берсін.
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкалары белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 15 қазандағы
№ 1036 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан
әкетiлетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк
баж ставкаларын есептеу ережесi
1. Осы Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетiн мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеудiң тәртібiн (бұдан әрi - кедендiк баж ставкалары) белгілейдi.
2. Осы Ереженiң мақсаты үшін мұнайдан жасалған тауарлар деп осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген тауарлар түсiніледi.
ҚР Үкіметінің 2008.28.01. № 75 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кедендiк баж ставкаларын есептеудi осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингінің (бұдан әрi - бағалар мониторингi) нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ұсынатын шикi мұнайға орташа нарықтық баға туралы деректер негiзiнде әрбір есепті тоқсанның қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жүзеге асырады.
4. Бағалар мониторингiнiң нәтижелерi бойынша орташа нарықтық баға өзгерген жағдайда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен кедендiк баж ставкалары мөлшерінiң өзгеруi туралы Қазақстан Республикасының Yкіметі шешімінің жобасын дайындайды.
5. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 долларға дейiн (қоса алғанда) қалыптасқан кезде мұнайдан жасалған тауарларды әкету 0% ставкасы бойынша жүргiзіледi.
6. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 доллардан астам болып қалыптасқан кезде кедендiк баж ставкалары түзету коэффициенттерi ескерiле отырып, есептеледi.
Түзету коэффициентi - мұнай өнiмiнiң түрi мен сипаттамаларына қарай кедендiк баж ставкаларының мөлшерiн есептеу үшiн қолданатын коэффициент.
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Кедендiк баж ставкаларын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледi:
КБС=Кх(Б-138,6),
мұнда КБС - кедендiк баж ставкаларының мөлшерi;
К - осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес шартты ставканың есеп айырысу формуласында қолданылатын және түзету коэффициентіне көбейтілген 0,35 және 0,4 коэффициенттерiнiң орта арифметикалық мәнiнiң 50%-ы;
Б - мониторинг кезеңiнде қалыптасқан шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы.
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетілетін,
мұнайдан жасалған тауарларға
кедендік баж ставкаларын
есептеу ережесіне
1-қосымша
Мұнайдан әзірленген тауарлардың тізбесi
СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуішi | Тауардың қысқаша атауы* |
2710 11 110 0- 2710 11 900 0 | Жеңіл дистилляттар және өнімдер |
2710 19 110 0- 2710 19 290 0 | Орташа дистилляттар: қайта өңдеудің ерекше процестері үшін; 2710 19 110 0 кіші қосалқы позицияда көрсетілгендерден басқа, процестердегі химиялық түрлендірулер үшін; өзге де мақсаттар үшін |
2710 19 310 0- 2710 19 490 0 | Ауыр дистилляттар: газойлдар |
2710 19 510 0**- 2710 19 690 0 | Ауыр дистилляттар: сұйық отын |
* әкету кедендік бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшін тауарлар тек СЭҚ ТН кодымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлығы үшін келтірілген.
** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.28.01. № 75 қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетілетін,
мұнайдан жасалған тауарларға
кедендік баж ставкаларын
есептеу ережесіне
2-қосымша
200__ жылғы _____ тоқсанындағы мұнайға арналған
бағалар мониторингінің нәтижелерi
Күні | URALS (MED) ($/баррель) | Cю (URALS (MED) орташа мәні) | BRENT (DTD) ($/баррель) | Cб BRENT (DTD) орташа мәні) | C BRENT (DTD) (URALS (MED) орташа мәні) |
| min | max | min | max |
| | | | | | | |
Сатылатын шикі мұнайдың нарықтық бағасы "URALS (MED)", BRENT (DTD) күнделікті түзетулерінің орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалады.
URALS (MED) "min" - биржадағы бір күн бұрынғы "URALS (MED)"
ең төменгі нарықтық бағасы;
URALS (MED) "mах" - биржадағы бір күн бұрынғы "URALS (MED)"
ең жоғары нарықтық бағасы;
BRENT(DTD) "min" - биржадағы бір күн бұрынғы "BRENT (DTD)" ең
төменгі нарықтық бағасы;
BRENT (DTD) "mах" - биржадағы бір күн бұрынғы "BRENT (DTD)"
ең жоғары нарықтық бағасы;
С = (Сю + Сб)/2=____АҚШ доллары,
мұнда,
С - шикі мұнайдың күнделікті орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
Сю - биржадағы бір күн бұрынғы (URALS (MED) ең төменгі және ең жоғары мәндерінің күнделікті орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
Сб - биржадағы бір күн бұрынғы "BRENT (DTD)" ең төменгі және
ең жоғары мәндерінің күнделікті орташа арифметикалық нарықтық бағасы.
Ц = (С+С1+...+ Сn)/n х 7,5=____АҚШ доллары,
мұнда,
Ц - мониторинг кезеңіндегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы (бір тонна үшін);
Сn - мониторинг кезеңі ішіндегі мұндай түзетулер жарияланған күндердегі шикі мұнайдың орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
n - мониторинг кезеңі ішіндегі түзетулер жарияланған күндердің саны;
7,5 - баррельден тоннаға ауыстыру коэффициенті.
Мониторинг кезеңінде мұнайға орташа нарықтық баға 1 (бір) баррель үшін____АҚШ долларын, бір метрикалық тонна үшін____АҚШ долларын құрады.
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетілетін,
мұнайдан жасалған тауарларға
кедендік баж ставкаларын
есептеу ережесіне
3-қосымша
СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуішi | Түзету коэффициенті | К |
2710 11 110 0- 2710 11 900 0 | 1,2 | 0,5х(0,35+0,4)/2х1,2=0,225 |
2710 19 110 0- 2710 19 290 0 |
2710 19 310 0- 2710 19 490 0 |
2710 19 510 0*- 2710 19 550 0 |
2710 19 610 0- 2710 19 690 0 | 0,8 | 0,5х(0,35+0,4)/2х0,8=0,15 |
* ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен қосымшамен толықтырылды қаулысымен; ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 642 (бұр.ред.қара); 2007.15.02. № 114 (бұр.ред.қара); 2008.28.01. № 75 (бұр.ред.қара) қаулыларымен қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2005 жылғы 15 қарашадағы
№ 1036 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін,
мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкалары
СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуішi | Тауардың қысқаша атауы* | Баж ставкасы (1000 кг үшін доллар- мен) |
2710 11 110 0- 2710 11 900 0 | Жеңіл дистилляттар және өнімдер | 123,3 |
2710 19 110 0- 2710 19 290 0 | Орташа дистилляттар: қайта өңдеудің ерекше процестері үшін; 2710 19 110 0 кіші қосалқы позицияда көрсетілгендерден басқа, процестердегі химиялық түрлендірулер үшін; өзге де мақсаттар үшін |
2710 19 310 0 - 2710 19 490 0*** | Ауыр дистилляттар: газойлдар |
2710 19 510 0**- 2710 19 550 0 | Ауыр дистилляттар: сұйық отын |
2710 19 610 0 - 2710 19 690 0*** | Ауыр дистилляттар: сұйық отын | 82,2 |
* әкету кедендік бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшін тауарлар тек қана СЭҚ ТН кодымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлылығы үшін келтірілген.
** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа
***СЭҚ TH 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0 кодтарынан басқа жыл сайын 15 ақпан - 15 қазан кезеңінде
***жыл сайын 15 сәуір - 15 тамыз кезеңінен басқа