Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 328 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
I. «Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы. 2005 ж,. № 38. 533-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
тақырыбындағы «аумағынан» деген сөзден кейін «шикі мұнай мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспедегі «Мұнай өнімдерінің» деген сездердің алдынан «Шикі мұнай мен» деген сөздермен толықтырылсын:
1 және 3-тармақтардағы «әкетілетін» деген сөзден кейін «шикі мұнай мен» деген сөздермен толықтырылсын:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы каулымен белгіленген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін шикі мұнайға кедендік баж ставкалары шикі мұнайға әкетілетін кедендік баждарды төлеуден босату көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша олар өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне қатысты қолданылмайды.»:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
тақырыбындағы «әкетілетін» деген сөзден кейін «шикі мұнай мен» деген сөздермен толықтырылсын;
мына:
«СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші | Тауардьш қысқаша атауы | Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)» * |
деген тақырыптан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: |
«2709 00 900 0 | Шикі мұнай 27.43*****»; | 109.91 |
мына: |
«2710 19 610 0- 2710 19 690 0**** | Ауыр дистилляттар: сұйық отын | 82.2» |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: |
«2713 11 000 0-2713 90 900 0 битумы | Кокс және мұнай | 82.2»; |
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«***** - экспортталатын шикі мұнайға. газ конденсатына ренталық салық төлеушілер үшін.»;
көрсетілген каулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу ережесінде:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы «әкетілетін» деген сөзден кейін «шикі мұнай мен» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы «кезде» деген сөзден кейін «шикі мұнай мен» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың бірінші абзацындағы «кезде» деген сөзден кейін «әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға қатысты» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтағы «Кедендік» деген сөздің алдынан «Мұнайдан жасалған тауарларға қатысты» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасының бағалар мониторингі кезеңі ішінде әкетілетін шикі мұнайға қатысты кедендік баж ставкалары 1 тонна үшін 138.6 доллардан астам қалыптасқан кезде осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес формулалар бойынша есептеледі.»;
көрсетілген Ережеге 1. 2. 3-қосымшалардағы «әкетілетін» деген сөзден кейін «шикі мұнай мен» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада Мұнайдан әзірленген тауарлардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«2713 11 000 0-2713 90 900 0 | Кокс және мұнай битумы»; |
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялык комитетіне Қазақстан Республикасының Үкіметі кабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 8 сәуірдегі
№ 328 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының
кедендік аумағынан әкетілетін
шикі мұнаймен мұнайдан жасалған
тауарларға кедендік баж ставкаларын
есептеу ережесіне
4-қосымша
Әкетілетін шикі мұнайға қатысты кедендік баж ставкаларын есептеу формуласы
Шикі мұнайға арналған орташа нарықтық баға, тоннасына доллармен | Кедендік баж ставкасын есептеу формуласы |
138,6-дан 438 дейін (қоса алғанда) | Қалыптасқан әлемдік баға мен 138.6 арасындағы айырмадан 5.0 % |
43 8-ден 547,5 дейін (қоса алғанда) | Қалыптасқан әлемдік баға мен 438 арасындағы айырмадан 14.97 АҚШ доллары +22.83 % |
547.5-тен 657 дейін (қоса алғанда) | Қалыптасқан әлемдік баға мен 547.5 арасындағы айырмадан 39.97 АҚШ доллары +38.21 % |
657-ден 766,5 дейін (қоса алғанда) | Қалыптасқан әлемдік баға мен 657 арасындағы айырмадан 81,81 АҚШ доллары +48.48 % |
766,5-тен 876 дейін (қоса алғанда) | Қалыптасқан әлемдік баға мен 766.5 арасындағы айырмадан 134.90 АҚШ доллары +55.82 % |
876 астам | Қалыптасқан әлемдік баға мен 876 арасындағы айырмадан 196.03 АҚШ доллары +61.34 % |