48. ҰРТҚ және байланыс құралдарының пайдалану процесіндегі жарамдылығы, жөндеуге жарамдылығы және қолданылу ұзақтығы істен шығулар мен зақымданулар жөніндегі статистикалық деректерді, сондай-ақ олардың туындау себептерін талдау нәтижелері бойынша бағалануы тиіс.
49. ҰРТҚ және авиациялық электр байланысы құралдарының істен шығулары мен зақымдануларын есепке алу мен талдау мынадай:
1) топтап шығарылатын ҰРТҚ және байланыс құралдарының сенімділігін оларды пайдалану нәтижелері бойынша бағалау;
2) істен шығулар мен зақымданулардың себептерін, топтап шығарылатын және жаңадан әзірленетін ҰРТҚ және байланыс құралдарының сенімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар мен іс-шаралардың әзірленуін және іске асырылуы тиіс;
3) техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ) мен жөндеудің көлемдерін және мерзімділігін оңтайландыру;
4) пайдалану және жөндеу құжаттамасын жетілдіру, құрал-саймандар мен аспаптар қорының (бұдан әрі - ҚАҚ) құрамы мен шығыстық нормаларын оңтайландыру;
5) пайдаланылатын ҰРТҚ және байланыс құралдарының техникалық ресурстарын (қызмет ету мерзімдерін) негіздеу мақсаттарында жүргізіледі.
50. Құралдардың барлық істен шығулары мен зақымданулары, олардың пайда болу себептері және жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтіру уақыты ҰРТҚ және байланыс құралдарына берілген формулялар мен паспорттарда ескерілуі тиіс. Формулярды жүргізу ережесі осы Ережеге 5-қосымшада келтірілген.
51. Жабдық формулярсыз (паспортсыз) келіп түскен жағдайда формулярды РТЖБП қызметі ашып жүргізеді.
52. ҰРТҚ және байланыс құралдарының ұдайы жарамдылығының көрсеткіштерін талдау үшін қызмет ету мерзімі ішінде жыл сайын құралдардың істен шығулары мен зақымдануларының жинақтауыш-картасы толтырылады (Ережеге 6-қосымша).
§ 2. ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке қою
53. ҰРТҚ және байланыс құралдарының істен шықпауының қажетті деңгейіне, ұшу қауіпсіздігі талаптарын негізге ала отырып, резервке қою арқылы қол жеткізіледі.
54. Аса жоғары жиіліктер мен жоғары жиіліктер (бұдан әрі - АЖЖ, ЖЖ) ауқымындағы радиолокация, радионавигация, әуе радиобайланысы құралдарының, радиолокациялық ақпаратты бейнелеудің немесе әуе қозғалысын басқаруды автоматтандырудың (бұдан әрі - ӘҚБ АЖ), сондай-ақ АЖЖ ауқымындағы авиациялық әуе байланысының арналары радиотаратқыштарының жүзпайыздық резерві болуы тиіс.
55. Метео арнасын қоспағанда, АЖЖ ауқымындағы авиациялық әуе байланысының әрбір арнасында аннтенді-фидерлік жүйесі бар қабылдағыш және таратқыш құрылғыларының (не қабылдау-тарату құрылғысының) негізгі және резервтік жиынтықтары болуға тиіс. Диспетчерлік пункттер (Қарауыл, Шеңбер, Старт және Қону) арналарындағы радиобайланыс құралдары жиынтықтарының біреуі үшін ұзақтығы кемінде 2 сағат болатын химиялық ток көздерінен электрмен жабдықтау көзделуі тиіс.
56. 55-тармақта көрсетілгеннен басқа, авиациялық электр байланысының өзге де арналары үшін резервтік жабдық саны (радиостанциялар, радиотаратқыштар, радиоқабылдағыштар, АFТN автоматтандырылған жұмыс орындарын ұйымдастыруға арналған жабдықтар) осы Ережеге 4-қосымшада келтірілген формула бойынша анықталады.
57. Азаматтық авиация ұйымының тәулік бойғы жұмысы кезінде құжаттандыру жүргізу мақсаттарына арналған көпарналы құрылғылар ақпаратты құжаттандырудың бір объектісіне бір құрылғы есебімен резервтеледі.
58. Резервке ауыстырып қосу (өту) мүмкіндігінше барынша аз уақытта жүзеге асырылуы тиіс.
59. Пайдаланымдағы ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке ауыстырып қосудың (өткізудің) рұқсат етілген уақыты осы құралдарды жасаушы зауыттардың (жеткізуші зауыттардың) пайдалану құжаттамасында көрсетіледі. Қажет болған жағдайда, осы не басқа ҰРТҚ және байланыс құралын пайдалану құжаттамасында резервке ауыстырып қосудың (өткізудің) рұқсат етілген уақыты туралы деректер болмаған жағдайда, РТЖБП қызметі мен ӘҚҰ қызметінің мамандары бірлескен хаттама ресімдей отырып, осы құралдарды резервке ауыстырып қосудың (өткізудің) рұқсат етілген уақытына хронометраж жүргізеді.
60. ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке (электр байланысының айналма арналарына) ауыстырып қосудың (өткізудің) нормативтік уақыты, сондай-ақ инженер-техникалық персоналдың іс-қимылы ҰРТҚ және байланыс объектілерін резервтеу жөніндегі нұсқаулықтарда көрсетіледі. Нұсқаулықтарға объекті басшысы қол қояды, ол ӘҚҰ қызметінің басшысымен келісіледі, оны РТЖБП қызметінің басшысы бекітеді және ол объектіде болуға тиіс. ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке (электр байланысының айналма арналарына) ауыстырып қосудың (өткізудің) нормативтік уақытының деректері азаматтық авиация ұйымының (филиалының) басшысымен келісіледі, бекітеді және қозғалыс қызметіне қол қойғыза отырып, жұмыста пайдалану үшін беріледі (Ережеге 7-қосымша).
61. ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке ауыстырып қосудың (өткізудің) нормативтік уақытының деректері РТЖБП қызметінің ауысымдық инженерінің жұмыс орнында болуы тиіс.
4-тарау. ҰРТҚ және байланыс құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру
62. ҰРТҚ және байланыс құралдарын техникалық пайдалану ҰРТҚ және байланыс құралдарын оларға белгіленген қызмет ету мерзімі (ресурсы) кезеңінде олардың белгіленген сенімділік деңгейімен жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар кешені болып табылады.
63. ҰРТҚ және байланыс құралдарын техникалық пайдалану мыналарды қамтиды:
1) ҰРТҚ және авиациялық электр байланысы құралдарын пайдалануға енгізу кезеңіндегі іс-шаралар;
2) ҰРТҚ және байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету;
3) ҰРТҚ және байланыс құралдарын жөндеу;
4) қызмет ету мерзімін (ресурсын) ұзарту;
5) ұшу кезіндегі және жердегі тексерулерді жүргізу;
6) ҰРТҚ және байланыс құралдарына өнеркәсіптік бюллетеньдер бойынша жетілдіру жүргізу;
7) инженерлік-техникалық персонал даярлау және олардың біліктілігін жоғарылату;
8) материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
64. ҰРТҚ және байланыс құралдарын техникалық пайдаланудың құрамдас бөлігі жөндеу болып табылады. ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтіру және (немесе) жарамдылығы үшін олардың қызмет ету мерзімін (ресурсын) ішінара қалпына келтіре отырып, жөндеу жүргізіледі.
65. ҰРТҚ және байланыс құралдарын ағымдағы жөндеу олардың техникалық күйіне байланысты орындалады. Тораптарды, блоктарды ағымдағы жөндеу:
1) пайдаланушының күшімен шоғырлану орнында;
2) жөндеу қорын пайдалана отырып, жасаушы зауыттарда (немесе жөндеу органдарында);
3) кепілді жөндеу рәсімдері бойынша немесе шарттардың негізінде жасаушы кәсіпорындардың күшімен пайдалану орындарында жүргізілуі мүмкін.
66. Қызмет ету мерзіміне қол жеткізілгеннен (ресурсты өндіргеннен) кейін РТЖБП қызметі бұйымның техникалық күйіне тексеру жүргізеді, тиісті актіні ресімдейді (Ережеге 8-қосымша).
67. Тексерулердің нәтижелері бойынша жөндеу жүргізудің орындылығы, көлемі мен мерзімі белгіленеді.
68. Жоспарлы жөндеуді, бұйымды жасаушы кәсіпорынды не тікелей шарттар бойынша бұйымды жасаушыдан (әзірлеушіден) өкілеттігі расталған басқа да кәсіпорынды тарта отырып, РТЖБП қызметі жүргізеді.
69. РТЖБП қызметінде және тікелей объектілерде ҰРТҚ және байланыс құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру тиісті пайдалану құжаттамасына және уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітілген ҰРТҚ және байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қамтамасыз етіледі.
5-тарау. ҰРТҚ және байланыс құралдарын жердегі және ұшу кезіндегі тексерулер
§ 1. ҰРТҚ және байланыс құралдарын жердегі тексерулер
70. Жердегі тексерулер ҰРТҚ және байланыс құралдарының негізгі
техникалық параметрлерінің пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкестігін бағалау үшін мынадай жағдайларда:
1) ҰРТҚ және байланыстың құрылысы аяқталған объектілерін қабылдауға дайындау кезінде;
2) ұшулар кезіндегі мерзімдік тексерулер алдында;
3) ҰРТҚ және байланыс объектілерін қайта жаңартқаннан кейін;
4) әуе қозғалысын ұйымдастыру қызметінің (бұдан әрі - ӘҚҰ қызметі) талаптары бойынша жүргізіледі.
71. ҰРТҚ және байланыс құралдарын жердегі тексерулер мынадай
жұмыстарды қамтиды:
1) жабдықтың жұмыс істеу қабілеттігін тексеру;
2) жабдықты реттеуді және баптауды;
3) негізгі анықтауыш техникалық параметрлерін өлшеу;
4) баптау кестесі мен бақылау режимдері картасын (Ережеге 9-қосымша) және жердегі тексеру мен баптау хаттамасын (Ережеге 10-қосымша) жасау.
ҚР Үкіметінің 2008.26.06. № 614 қаулысымен 72-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
72. ҰРТҚ және байланыс құралдарын жердегі тексерулерді РТЖБП қызметінің инженерлік-техникалық персоналы жүргізеді. ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануға енгізу кезіндегі жердегі тексерулер жабдықтарды жасаушылардың (әзірлеушілердің) өкілдерімен бірлесіп жүргізілуі мүмкін.
ҰРТҚ және байланыс құралдарын жердегі тексерулер Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (1944 жыл, Чикаго қаласы) 10-қосымшада және Радионавигациялық құралдарды сынау жөніндегі басшылықта (Doc 8071 Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) белгіленген мерзімділікпен және көлемде жүргізіледі.
§ 2. ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшулар кезіндегі тексерулер
73. ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшулар кезіндегі тексерулер ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануға қойылатын нормативтік-пайдаланымдық құжаттаманың және жарамдылығын бағалаудың талаптарына тактикалық сипаттамалардың сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.26.06. № 614 қаулысымен 73-1-тармақпен толықтырылды
73-1. Міндеттерге байланысты ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшулар кезіндегі тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) пайдалануға беру кезінде;
2) кезеңдік;
3) арнайы.
ҚР Үкіметінің 2008.26.06. № 614 қаулысымен 73-2-тармақпен толықтырылды
73-2. Пайдалануға беру кезіндегі ұшулар кезінде тексерулер құралдар жұмысының сапасы туралы толық және жан-жақты ақпарат алу мақсатында және жабдықтың пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкестігін анықтау үшін ҰРТҚ және байланыс құралдарының параметрлері мен сипаттамаларын жердегі тексерулерден кейін жүргізіледі. Осы тексерулердің нәтижелері жердегі тексерулермен бір кешенде ҰРТҚ және байланыс құралдарының пайдалануға жарамдылығын анықтауға негіз болады.
ҚР Үкіметінің 2008.26.06. № 614 қаулысымен 73-3-тармақпен толықтырылды
73-3. Кезеңдік ұшулар кезіндегі тексерулер ҰРТҚ және байланыс құралдарының параметрлері мен сипаттамаларының пайдалану құжаттамаларының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында, тұрақты негізде жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.26.06. № 614 қаулысымен 73-4-тармақпен толықтырылды
73-4. Арнайы ұшулар кезіндегі тексерулер ҰРТҚ және байланыс құралдарының параметрлері мен техникалық сипаттамаларының пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі және мынадай жағдайларда орындалады:
1) жабдықтың кеңістіктік сипаттамасына әсер ететін бюлеттеньдер бойынша құралдарды жетілдіруді (жаңғыртуды) жүргізу - пайдалануға беру бағдарламасы бойынша;
2) алты айдан астам мерзімге регламенттен алынып тасталғаннан кейін жабдықтың жұмысын қалпына келтіру және оны пайдалануға беру - пайдалануға беру бағдарламасы бойынша;
3) құралдың антенна-фидерлік қондырғысын ауыстыру, жөндеу немесе оның орнатылған орнын өзгерту - пайдалануға беру бағдарламасы бойынша;
4) әуе кемелерінің қонуға аспаптық кіруінің радиомаяк жүйесін (РМС/ILS), азимуттық-алыстан өлшеуіш радиомаяктарды (VOR, DМЕ), жетекті радиостанцияларды (ПРС, NDB) жаңа жұмыс жиілігіне ауыстыру - жабдықтың негізгі және резервтік жиынтығын тексере отырып, кезеңдік бағдарлама;
5) әуе кемелерінің қонуға аспаптық кіруінің радиомаяктік жүйесі глиссадасының көлбеу бұрышын өзгерту - жабдықтың негізгі және резервтік жиынтығын тексере отырып, кезеңдік бағдарлама;
6) жердегі немесе ұшу кезіндегі бақылау нәтижелері бойынша құралдардың техникалық сипаттамаларының сәйкессіздігін анықтау - ҰРТҚ және байланыс құралдарын техникалық пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың басшысы бекіткен бағдарлама бойынша;
7) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру - тексеру жөніндегі комиссияның басшысы бекіткен бағдарлама бойынша;
8) радиокедергілердің көздерін және құралдардың тұрақсыз жұмысының басқа да себептерін анықтау - ҰРТҚ және байланыс құралдарын техникалық пайдалануды жүзеге асыратын ұйымның басшысы бекіткен бағдарлама бойынша.
ҚР Үкіметінің 2008.26.06. № 614 қаулысымен 74-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
74. ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшулар кезіндегі тексерулер Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (1944 жыл, Чикаго қаласы) 10-қосымшада және Радионавигациялық құралдарды сынау жөніндегі басшылықта (Doc 8071 Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) белгіленген мерзімділікпен және көлемде жүргізіледі.
75. АЖЖ ауқымындағы радиолокаторларды, жетекті радиостанцияларды және АВС арналарын ұшулар кезіндегі тексерулерді көліктік және жаттығулық ұшуларды орындайтын ӘК жүргізуі мүмкін. Азаматтық авиация әуеайлақтарында ҰРТҚ және байланыстың жердегі құралдарын ұшулар кезіндегі тексерулердің уақтылығын, толымдылығын және сапасын бақылауды азаматтық авиация ұйымының басшылары жүзеге асырады, ал осы құралдардың ұшулар кезіндегі тексерулерге даярлығының уақтылығы мен сапасын бақылауды РТЖБП қызметінің бастықтары жүзеге асырады.
76. ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшулар кезіндегі тексерулердің нәтижелері бойынша ұшулар кезіндегі тексеру актілері жасалады. АЖЖ ауқымындағы шолымдық радиолокатор (бұдан әрі - ШРЛ), автоматтандырылған радиоторуылдауыш (бұдан әрі - АРТ), және»АВС арналары үшін олардың ұшу биіктігіне байланысты іс-қимылы қашықтығының кестесі жасалады.
77. Радиомаяк жүйесін (бұдан әрі - РМЖ), барлық бағыттағы АЖЖ радиомаякты (бұдан әрі - VOR), алыстан өлшеуіш жабдықты (бұдан әрі -
DМЕ) және АРТ-ты ұшулар кезіндегі тексерулер арнайы ұшақ-зертханаларда жүргізіледі.
78. Ұшақ-зертханалардың арнайы борттық жабдығында осындай жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ұйым берген метрологиялық тексерудің
(калибровка) күші бар куәлігі болуы тиіс.
79. Ұшақ-зертханаларда жүргізілетін ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшулар кезіндегі тексерулерді ұшақ-зертханаға иелік ететін азаматтық авиация ұйымы жүзеге асырады.
80. ҰРТК және байланыс құралдарын қарапайым Әк-пен ұшулар тексерулерді азаматтық авиация ұйымы (ұшақты пайдаланушы) дербес жоспарлайды.
81. ҰРТҚ және байланыс құралдарына ұшулар кезіндегі тексерулер
жүргізу мерзімдерінің өзгерісі II және III санаттардағы РМЖ үшін алдыңғы ұшулар кезіндегі тексерулер күнінен бастап 365+60 тәуліктен, қалғандары үшін - 365+90 тәуліктен аспауы тиіс. Ұшулар кезіндегі тексерулер мерзімділігі бұзылған ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
6-тарау. ҰРТҚ және байланыс құралдарының қызмет ету мерзімін (ресурсын) ұзарту
82. Белгіленген қызмет ету мерзімі немесе ресурсы өтелген ҰРТҚ және байланыс құралдарына олардың техникалық күйін тексеру мақсатында тексерулер жүргізіледі.
83. ҰРТҚ және байланыс құралдарының қызмет ету мерзімін (ресурсын) ұзарту жөніндегі жұмысты азаматтық авиация ұйымы басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия жүргізеді.
84. Тексерулер нәтижелері бойынша (қажет болған жағдайда) жөндеу жүргізудің көлемі мен мерзімдері белгіленеді, жөндеу РТЖБП қызметінің және/немесе шарт бойынша жасаушы-зауыттың күшімен жүргізіледі.
85. ҰРТҚ және байланыс құралдарының техникалық күйін тексеру нәтижелері техникалық жай-күй актісімен (Ережеге 8-қосымша) ресімделеді.
86. ҰРТҚ және байланыс құралдарының қызмет ету мерзімінің (ресурсының) шекті жай-күйін және қызмет ету мерзімін (ресурсын) жол берілетін ұзарту уақыты аралығын анықтау заңнамада белгіленген тәртіппен орындалады.
7-тарау. ҰРТҚ және байланыс құралдарын есептен шығару
87. Белгіленген ресурсын өтеген, моральдық тозған, шекті жай-күйге жеткен ҰРТҚ және байланыс құралдары қызмет ету немесе сақтау мерзімдері өткен соң азаматтық авиация ұйымы теңгерімінен есептен шығарылады.
89. ҰРТҚ және байланыс құралдарын есептен шығару және жою Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
90. ҰРТҚ және байланыс құралдарының техникалық күйін анықтау кезінде, комиссия мыналарды:
1) ҰРТҚ және байланыс құралдарының күйін бағалауға, тозу дәрежесі мен себептерін анықтауға, осы құралдарды есептен шығаруға негіз болған ақауларды анықтауға;
2) пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығын және шекті жай-күйге жеткенге дейінгі техникалық ресурстың өтелгенін анықтауға;
3) актіде есептен шығарылатын жабдықты пайдаланудың орындылығы
туралы қорытынды беруге;
4) белгіленген нысан бойынша техникалық жай-күй актісін жасауға тиіс (Ережеге 8-қосымша).
91. ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдаланудың белгіленген мерзімінің өтуі, егер олар шектік күйге жетпесе, оларды есептен шығаруға негіз бола алмайды. Бұл жағдайда комиссия ресурсты (қызмет ету мерзімін) ұзартуы мүмкін.
92. ҰРТҚ және байланыстың жоғалған, сондай-ақ табиғи апаттар мен өрт салдарынан жарамсыз күйге келген құралдарын есептен шығару тиісті тексерулер жүргізілгеннен кейін акті бойынша жасалады.
93. ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалану процесінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде жұмсалған шығыс материалдары мен мүлік (дәнекер, құрастыру сымы, оқшаулау таспасы, бөлшектер, құрал-сайман, электр вакуумдық бұйымдар және т.б.) бөлімше (ұйым) басшысы бекіткен ай сайынғы комиссия актілерінің негізінде объектілер есебінен шығарылуы тиіс.
8-тарау. Авиациялық электр байланысына қойылатын талаптар
94. Азаматтық авиациядағы авиациялық электр байланысы мынадай негізгі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
1) әуе қозғалысын басқару (бұдан әрі - ӘҚБ) орталықтарының (пункттерінің) әуе кемелері экипаждарына әуе қозғалысының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқауларын, өкімдерін және басқа да түрлі хабарларын беру және олардан ұшудың барлық кезеңдерінде мәліметтер мен хабарлар алу;
2) ұшуларды жоспарлау мен ұйымдастыру, әуе қозғалысын басқару процесінде ӘҚБ орталықтарының (пункттерінің) өзара іс-қимылы;
3) азаматтық авиация ұйымдары қызметтерінің жедел өзара іс-қимылы;
4) әкімшілік-басқару және өндірістік ақпарат беру;
5) азаматтық авиацияның түрлі автоматтандырылған басқару жүйелерінің (бұдан әрі - АБЖ) деректерін беру.
95. Азаматтық авиацияның авиациялық электр байланысына қойылатын негізгі талаптар:
1) байланысты орнатудың уақтылығы;
2) байланыстың сенімділігі мен үздіксіздігі;
3) талап етілетін ақпарат беру жылдамдығын қамтамасыз ету;
4) талап етілетін ақпарат беру шынайылығын қамтамасыз ету;
5) ақпарат беру кезінде қажетті жасырындылықты қамтамасыз ету.
9-тарау. Авиациялық электр байланысын ұйымдастыру және оның құрылымы жөніндегі негізгі ережелер
96. Авиациялық электр байланысы үш бөлікке бөлінеді:
1) авиациялық әуе электр байланысы;
2) жердегі авиациялық электр байланысы;
3) авиациялық радиохабар тарату.
97. Авиациялық әуе электр байланысы мыналар үшін:
1) әуе қозғалысын басқару (ӘҚБ) орталықтарының (пункттерінің) диспетчерлері әуе кемелері экипаждарымен радиотелефондық байланысты тікелей жүргізу үшін және рульдеу басталғаннан қонғанға дейін және рульдеу аяқталғанға дейін ұшудың барлық кезеңінде деректер беруі;
2) әуе қозғалысын басқару (ӘҚБ) орталықтарының (пункттерінің) ұшып жүрген әуе кемелері экипаждарымен радиотелефондық байланыс, соның ішінде радиооператорлардың көмегімен радиотелефондық байланыс жүргізуі;
3) ӘҚБ орталықтарының (пункттерінің) және байланыстың авариялық-құтқару қызметтерінің апатқа ұшыраған әуе кемелерінің экипаждарымен радиотелефондық байланыс жүргізуі үшін ұйымдастырылады.
98. Жердегі авиациялық электр байланысы мыналар үшін:
1) ӘҚБ орталықтарының (пункттерінің) өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
2) азаматтық авиация ұйымдары қызметтерінің өзара іс әрекеттерін қамтамасыз ету;
3) азаматтық авиацияның өндірістік-диспетчерлік қызметтері мен
әкімшілік басқару персоналының қызметін ұйымдастыру;
4) азаматтық авиация әуе кемелерінің ұшуларын қамтамасыз ету;
5) деректемелер беру.
99. Авиациялық радио хабарлау мыналар үшін ұйымдастырылады:
1) ұшудағы әуе кемелерінің экипажын жедел ұшу ақпараттық қызмет көрсету кезінде ақпараттандыру (АФИС);
2) әуеайлақ ауданында ақпаратты автоматты түрде беру (АТИС);
3) бағыттағы әуе кемелерінің экипаждары үшін метео ақпаратты автоматты түрде беру (ВОЛМЕТ).
10-тарау. Авиациялық электр байланысы жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жалпы талаптар
100. Авиациялық электр байланысы стансасы жұмысының уақытын (сағатын) стансаны жүргізуші ұйымдардың басшылары анықтайды.
101. Ұшулардың аэронавигациялық ақпараттар жинақтарындағы «Жұмыс уақыты» бағамында әдеттегі белгіленген жұмыс режимі көрсетілуі тиіс.
102. Егер авиациялық электр байланысы органының (стансанық) жұмыс уақыты регламенттік, сынақтық жұмыстарды өткізуге, аппаратура-
ларды алмастыруға, әуежайдың жұмыс уақытының (жұмыс режимінің) өзгеруіне байланысты белгіленген режимнен өзгерсе, онда аэронавигациялық ақпараттар жинақтарына белгіленген тәртіпте өзгертулер енгізіледі және де өзгертілген жұмыс уақытының іске асуының басталуына дейін 1 аптадан кешіктірмей хабарландырулар таратылады (бұдан әрі - НОТАМ).
103. Авиациялық электр байланысы стансасы (бұдан әрі - станса)
олардың жұмысының әдеттегі сағаттың ұшулар өндірісін қамтамасыз ету үшін қажетті шартталған трафик мөлшерінде ұзартады.
104. Жұмысты тоқтатудан алдын станса ол туралы тікелей байланыстағы барлық басқа стансаларды хабардар етеді, жұмыс сағатын ұзартуды талап етпейтіндігін анықтайды, егер әдеттегі жұмыстың басталуынан ерекшелігі болса жұмыстың қайта басталуы туралы хабарлайды.
105. Станса желі құрамында тұрақты жұмыс істеген жағдайда жалпы тізбек бойынша қабылдау мен беруді қамтамасыз ете отырып, ол өзінің жұмысты тоқтату туралы ойын, не бас стансаға, егер ондай болған жағдайда, не осы желі ішіндегі барлық басқа стансаларға хабарлайды. Ол кезекшілікті екі минут бойы жалғастырады, ал кейін егер осы кезең ішінде ол шақыру алмаса, жұмысты тоқтатуы мүмкін.
106. Апаттық, шұғыл жағдайларда, заңсыз араласуларда немесе жол кесулерде немесе іске қосылуы мүмкін тәулік бойы жұмыс істемейтін стансалар қажетті байланыс құралдарымен қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін өз жұмысының әдеттегі сағатын ұзартады.
107. Әрбір авиациялық электр стансасы өз жұмысын осы Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес жүзеге асыруы тиіс.
108. Барлық авиациялық электр стансалар бүкіл әлемдік үйлестірілген уақытты пайдалануы тиіс (бұдан әрі - UTC). Тәуліктің соңы болып түн ортасы саналады, яғни 24.00, ал басталуы - 00.00.
109. Ерекшелік ретінде электрлік байланыстың жергілікті желісінде осы желі үшін анықталған уақытты пайдалануға жол беріледі.
11-тарау. Авиациялық әуе электр байланысына қойылатын жалпы талаптар
110. Авиациялық әуе электр байланысы:
1) қозғалыс қызметі диспетчерлерінің радиотелефондық байланысын ұшудан қонғанға дейінгі барлық ұшулар бойы әуе кемелерінің экипаждарымен тікелей үздіксіз жүргізуді;
2) қозғалыс қызметінің диспетчерлерінің радиотелефондық байланысын ұшудағы әуе кемелерінің экипаждарымен радиооператорлар арқылы жүргізуді;
3) қажет болған кезде қозғалыс қызметінің диспетчерлерімен (бұдан әрі - радиооператорлармен) және ұшудағы әуе кемелерінің экипаждары арасында радиотелеграфтық есту байланысын жүргізу мүмкіндігін;
4) қозғалыс қызметінің диспетчерлік пункттер (бұдан әрі - радиобюро) мен әуе кемелерінің экипаждары арасындағы хабарлама алмасуға үздіксіз даярлықты;
5) жоғары сапалы байланысты;
6) іздеусіз және жалғастыру байланысты;
7) әуе кемелерінің экипаждарына хабарламаларды циркулярлық беру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
111. Авиациялық әуе электр байланысы Қазақстан Республикасы әуе қозғалыстарын басқарудың қабылданған қағидаттарына сәйкес ұйымдастырылады.
112. Авиациялық әуе электр байланысы сертификатталған электр байланысы мен деректемелерді беру құралдарын (үлгі сертификаты бар жабдықтарды) пайдалану арқылы ұйымдастырылуы тиіс.
113. Әрбір азаматтық авиация ұйымдарында әуе қозғалысы ұйымының қабылданған құрылымы негізінде авиациялық әуе электр байланысын ұйымдастыру схемасы әзірленеді.