114. Авиациялық әуе электр байланысын ұйымдастыру үшін диапазондары: өте жоғары жиілік (бұдан әрі - ӨЖЖ), жоғары жиілік (бұдан әрі - ЖЖ) радиобайланыс және спутниктік байланыс құралдарының
пайдаланылады. ЖЖ диапазонының құралдары әуе кемелерінің экипаждарымен алыс байланыстарды және ӨЖЖ радио байланысы жоқ ұшу учаскелеріндегі байланысты қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
115. Әрбір қозғалыс қызметінің диспетчерлік пункттерінде авиациялық әуе электр байланысы құралдарының болуы, олардың радио мәліметтері, жұмыс режимдері аэронавигациялық ақпараттар жинақтарында жүргізіледі.
116. Авиациялық әуе электр байланысы жоғары сенімділікке ие болуы тиіс. Әуе кемелерімен байланысты жоғалту ұшудың ерекше жағдайы
ретінде қарастырылады. Егер радиобайланыстың бар арналарын пайдалана
отырып 5 минут бойы бірнеше рет жасалған шақыруларда оның әрбірі бойынша экипаж (диспетчер) жауап бермесе, әуе кемесімен радио байланыс жоғалды деп саналады. Байланыс жоғалған кезде оны қалпына келтіру бойынша мүмкін болатын барлық шаралар тез қолданылуы тиіс.
117. Авиациялық әуе электр байланысы сенімділігін арттыру үшін әрбір радиостанса желісі белгіленген талаптарға сәйкес резервтерге алынуы тиіс.
118. 96-тармақтағы айтылғандарды қоспағанда, хабарламаларды беру оларды беруге жердегі электр байланысын пайдалану мүмкін болған
жағдайларда авиациялық әуе электр байланысы жиілігінде жүргізілмейді.
119. Авиациялық станса бір уақытта бірнеше борттық стансалармен шақырылған жағдайда әуе кемелерімен байланысты белгілеу тәртібіне қатысты шешімді авиациялық тіркелген станса қабылдайды.
120. Дәлдеп келтіру мен радио стансаларды тексеру үшін сынақтық сигналдарды беру 10 секундтан аспайтын уақытқа жалғасуы және радиотелефон бойынша дауыспен берілетін сандардан (бір, екі, үш және т.б.) тұруы тиіс, осыдан кейін сынақтық сигналдарды беретін стансалардың радио шақыру белгілері жүргізіледі.
121. Қажет болған жағдайда әуе кемелерімен қашықтықты ұлғайту
және радиобайланыстың үздіксіздігі бойынша ұйымдастырушылық-техникалық шаралар жүргізілуі тиіс. Ондай шаралар:
1) ұшу трассаларына шығарылған ӨЖЖ диапазонының қайта таратқыштарын ұйымдастыру;
2) биік жерлерді және биік құрылыстарды оларға ӨЖЖ диапазонындағы радиобайланыс құралдарын орналастыру үшін пайдалану;
3) жоғары қуатты және арнайы антенналық жүйедегі ӨЖЖ диапазонында радиобайланыс құралдарын пайдалану;
4) пайдалануға жаңа радиобайланыс және спутниктік байланыс құралдарын енгізу;
5) ӨЖЖ арналары қабылдамаған (олар болмаған) немесе радиобайланыстың үздіксіздігі бұзылған кезде диспетчерлердің нұсқауларын және экипаждардың хабарлауларын беру үшін ЖЖ арналарды ұйымдастыру болуы мүмкін.
122. Авиациялық әуе электрбайланысын ұйымдастыру кезінде:
1) қолданылатын радиоқұралдарының тактикалық-техникалық мүмкіндігін;
2) қолданылатын радиотехникалық құралдардың электрмагниттік үйлесімділігін;
3) жиілікті іріктеуін;
4) радио толқынның, атмосфералық, өнеркәсіптік және басқа да электрлік бөгеттерді өткізу жағдайын, авиациялық әуе электр байланысын оның жұмысы барысында жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық-техникалық шараларды жүргізу мүмкіндігін ескеру қажет.
123. Әуе кемелерімен радиотелефондық байланысты белгілеу мен жүргізу тәртібі, авиациялық әуе электр байланысы арналарында авариялық сигналдарды беру мен қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталады.
124. Авиациялық әуе электр байланысы өңдейтін хабарлар санаты және байланысты белгілеу кезектілігі мен хабарларды беру тәртібі осы Ереженің 11-қосымшасымен анықталады.
125. Ұшу қауіпсіздігіне қатысты хабарламалар:
1) қозғалыс пен Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (DOC4444 АТМ/501) «Аэронавигациялық қызмет көрсету ережесі. Әуе қозғалысын ұйымдастыру (РАNS-АТМ) құжатында нысаны анықталған басқаруға қатысты хабарлауларды;
2) ұшу-пайдалану агенттігімен немесе әуе кемесінің бортында жасалған және ұшудағы немесе ұшуға даяр әуе кемесіне тікелей қатысы бар хабарламаларды;
3) ұшудағы немесе ұшуға даяр әуе кемесіне тікелей қатысы бар (радиохабарларын тарату үшін жеке берілетін немесе тағайындалатын) метеорологиялық ақпараттарды;
4) ұшудағы немесе ұшуға даяр әуе кемесіне қатысы бар басқа да хабарлауларды қамтиды.
126. Метеорологиялық хабарлаулар - әуе кемелерінің бортына немесе бортынан берілетін метрологиялық ақпарат.
127. Ұшулар тұрақтылығына қатысты хабарламалар:
1) әуе кемелердің ұшуларының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін басты маңызы бар құралдарды пайдалануға немесе техникалық қызмет көрсетуге қатысты хабарламаларды;
2) әуе кемелеріне қызмет көрсетуге қатысты хабарламаларды;
3) ұшу-пайдалану агенттіктердің өкілдері беретін және әдеттегі
сызбадан ауытқуларға байланысты туындаған жолаушылар мен экипажға
және жүктерге байланысты қажеттіліктердің өзгерістеріне қатысты
нұсқауларды;
4) жоспарланбаған қонуларға қатысты хабарламаларды;
5) әуе кемелерінің ұшуларын қамтамасыз ету үшін жедел қажетті бөлшектер мен материалдарға қатысты хабарламаларды;
6) ұшуларды орындау графигіндегі өзгерістерге қатысты хабарламаларды қамтиды.
12-тарау. Әуеайлақ ауданындағы авиациялық әуе электр байланысы
128. Әуеайлақ ауданындағы авиациялық әуе электр байланысы осы әуеайлақ үшін қабылданған әуе қозғалысы басқармасының сызбасына сәйкес ұйымдастырылады.
129. Әуеайлақ ауданындағы авиациялық әуе электр байланысы ӨЖЖ диапазонындағы радиобайланыс құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
130. Әуеайлақ ауданында әуе қозғалысын басқару мен байланысты
қамтамасыз ету үшін мынадай радио желілері ұйымдастырылуы мүмкін:
1) аудан;
2) «мұнара»;
3) қатынас (секторлар саны бойынша);
4) шеңбер;
5) ұшу және қону;
6) бағыттау;
7) авариялық-құтқару (ӘҚБ барлық пункттері үшін жалпы);
8) АТИС;
9) ВОЛМЕТ.
131. Қосалқы ретінде пайдаланылатын А, Б және В сыныптағы
азаматтық авиация әуеайлақтарында, сондай-ақ бірлесіп тірек етілетін және бірлесіп пайдаланылатын әуеайлақтарда 124,0 МГц жиілігінде ӨЖЖ даипазонындағы жеке командалық-старттық радиобайланыс қосымша ұйымдастырылады.
132. Бағыттау, ұшу және қону, шеңбер радио желілер бірлестігі осы әуеайлақ үшін ұшулар өндірісі жөніндегі нұсқау мен аэронавигациялық ақпараттар жинақтарында міндетті түрде жазылатын қабылданған әуе қозғалысын басқару сызбасына және әуе кемелерінің интенсивті қозғалысына байланысты қозғалыс қызметімен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда радиобайланыстың жеке жиілігі тағайындалады.
13-тарау. Әуе трассаларында және жергілікті әуе желілерінде авиациялық әуе электр байланысын ұйымдастыру
133. Әуе трассаларында, жергілікті әуе желілерінде (бұдан әрі - ЖӘЖ) авиациялық әуе электр байланысы әрбір әуе трассасы мен ЖӘЖ-ге арналған әуе қозғалысын басқарудың белгіленген схемасына сәйкес ұйымдастырылады.
134. Әуе трассаларында және ЖӘЖ-де әуе қозғалысын басқаруды қамтамасыз ету ӨЖЖ және ЖЖ диапазондарындағы радиобайланыс құралдарымен жүзеге асырылады.
135. Әуе трассаларында, ЖӘЖ-де әуе қозғалысын басқаруды қамтамасыз етудің негізгі құралдары болып, берілген нақты шарттардағы әуе кемесінің барлық тереңдігіне басқаруды қамтамасыз ететін сол диапазондағы радиобайланыс құралдары табылады.
136. Әуе трассаларында және бірінші санаттағы ЖӘЖ-де әуе козғалысын және байланысты басқаруды қамтамасыз ету үшін мынадай радиожелілер ұйымдастырылады:
1) ӨЖЖ диапазонында секторлары саны бойынша әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданы (бұдан әрі - ӘҚҚКА) аймағында басқару үшін;
2) ЖЖ диапазонында ӘҚҚКА аймағындағы әуе байланысы (ӨЖЖ өріспен жабылмаған кезде);
3) ӨЖЖ диапазонында авариялық-құтқарушылық байланыс.
137. ӘҚҚКА аймағындағы басқару үшін ӨЖЖ диапазонындағы радиожелілер саны осы ӘҚҚКА аймағында ұйымдастырылатын секторлар санымен анықталады. Метрлік радиотолқындардың таралу ерекшелігін ескере отырып ӘҚҚКА-ның барлық аймағы бойынша әуе қозғалысын үздіксіз басқаруды қамтамасыз ету үшін басқаруды тікелей ӘҚҚКА диспетчері жүзеге асыруы тиіс бір немесе бірнеше ӨЖЖ қайта таратушылар, сондай-ақ көмекші аудандық орталықпен (бұдан әрі - КРО) ұйымдастырылуы мүмкін. ӨЖЖ қайта таратушылар және ӘҚҚКА радиостансасының жұмысы ӘҚҚКА диспетчерінің радиостансасының жиіліктерінде немесе орнынан қозғалған негізгі жиіліктер әдісі бойынша жасалуы тиіс.
138. ӘҚҚКА аймағында авиациялық әуе байланысы үшін ЖЖ диапазонды радиожелілері бірнеше ӘҚҚКА диспетчерлері үшін бір жиілікте, сондай-ақ «жиіліктер топтамасы» қағидаты бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.
139. ӨЖЖ диапазонындағы ақпараттты беру радиоарналары әуе кемелері экипаждарының және:
1) қажетті коммерциялық ақпаратты алу үшін - әуежайлар мен авиакомпаниялар;
2) әуе кемесінің материалдық бөліктерінің жай-күйі, жанар-жағармай материалдарымен (ЖЖМ) қосымша қоректендіру туралы өтінімдерді, жекелеген бөліктерді ауыстыру туралы ақпаратты алу үшін авиациялық базалар, орталықтар (бұдан әрі - АТБ (АТО)) арасында байланыс үшін ұйымдастырылады.
140. Екінші санаттағы ЖӘЖ-де және ЖӘЖ әуеайлақтарының аудандарында әуе қозғалысы мен байланысты басқаруды қамтамасыз ету үшін мынадай радиожелілер үйымдастырылады:
1) ӘҚБ және ЖӘЖ-дегі байланыс;
2) ЖӘЖ әуеайлақтар ауданында ӘҚБ;
3) ЖӘЖ әуежайларымен байланыс.
141. ЖӘЖ-де ЖӘЖ әуеайлақтары аудандарында әуе қозғалысын басқару үшін радиожелілерін ұйымдастыру әрбір ЖДП үшін белгіленген ӘҚБ сызбаларымен анықталады.
142. ЖӘЖ-дегі және ЖЖ мен ӨЖЖ диапазонындағы ЖӘЖ әуеайлақтары аудандарындағы ӘҚБ радиожелілері әрбір ЖДП үшін жекелеген жиіліктерде ұйымдастырылады.
14-тарау. Авиациялық жұмыстарды орындаудағы авиациялық электр байланысы
143. Авиациялық жұмыстарды (АЖ) орындау кезіндегі авиациялық электр байланысын ұйымдастыру әуе кемелері ұшуларын, авиациялық жұмыстарды және ұйымдардың өндірістік қызметін басқаруды қамтамасыз ету бойынша орындалатын міндеттер сипаттамасына сәйкес болуы тиіс.
144. Әуе кемелерінің ұшуларын басқаруды қамтамасыз ету үшін электр байланысының қолданыстағы желілері (арналары) пайдаланылады. Қажет болған жағдайда электр байланысының жекелеген желілері (арналары), соның ішінде байланыстың тұрақты немесе уақытша (ұтқыр) тораптарын құру, сондай-ақ басқа ведомстволардың, заңды және жеке тұлғалардың арналарын жалға алу немесе бөгеттеу жолымен ұйымдастырылуы мүмкін.
145. Әуе кемелерінің ұшуларын ұйымдастыру және электр байланысын қамтамасыз ету АЖ орындау кезіндегі авиациялық электр байланысын ұйымдастыру жөніндегі схемасы мен нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады. Авиациялық электр байланысын ұйымдастыру жөніндегі схемасы мен нұсқаулықты азаматтық авиация ұйымының басшысы бекітеді.
146. АЖ орындау кезіндегі авиациялық электр байланысы жөніндегі нұсқаулықта:
1) электр байланысының желілері мен арналарының тізбесі және олардың мәні;
2) желілердің және арналардың радиодеректері;
3) жұмыс уақыты;
4) әуе кемелері экипаждарының жердегі тілшілермен байланысын орнату ерекшеліктері көрсетіледі.
147. Әуе кемелері экипаждарының байланыстың тұрақты тораптары
жоқ ұшуларды басқару пунктерімен тұрақты байланысты ұйымдастыру үшін радиобайланыстың жылжымалы тораптары пайдаланылуы мүмкін.
15-тарау. Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстары үшін авариялық электр байланысы
148. Авариялық радиожелілер әуе трассаларындағы және әуеайлақтар аудандарындағы (РО, АРО, КДП, ҚЖДП) немесе қозғалыс қызметі анықтайтын кез келген басқа диспетчерлік пункттегі ӘҚБ-ні қамтамасыз ететін диспетчерлік пункттер үшін ұйымдастырылады.
149. Қозғалыс қызметінің диспетчерлік пункттері авариялық радиожелілерін үздіксіз тыңдауды және әуе кемелерінің экипаждарымен байланыс жүргізуді қамтамасыз ететін құралдармен жабдықталады.
150. Авариялық радиожелілер олар ұйымдастырылған диспетчері пункттер жұмысы анықтайтын уақыт бойы жұмыс істейді.
151. Авариялық радиожелілер:
1) негізгі радиожелі бойынша ақпаратты беру қиыншылығы;
2) мәжбүрлі қону жасаған әуе кемелерінің, және іздестіру-құтқару операцияларымен айналысқан әуе кемесінің арасында байланыс орнату қажеттілігі;
3) борттық радиомаяктардың жүмысын қамтамасыз ету;
4) негізгі радиожелісі бойынша радиобайланысты жоғалту шарттарында ғана пайдаланылады.
152. Әуе кемелерінің, сондай-ақ іздестіру-құтқару жұмыстарымен айналысатын әуе кемелері мен жердегі қызметтерінің арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін 123,1 МГц жиілікте қосымша радиожелі ұйымдастырылады.
16-тарау. Спутниктік электр байланысы
153. Спутниктік электр байланысы ӘҚБ орталықтарының, электр байланысы стансаларының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету, сондай-ақ ӘҚБ орталықтарының әуе кемелерімен байланысын қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған.
154. Спутниктік электр байланысы әдетте, электр байланысының жердегі құралдарын пайдалануы қиын және мүмкін емес аудандарда пайдаланылады.
155. Спутниктік электр байланысы:
1) байланыстың спутниктік арналарын жалға алу;
2) локалдық жүйелерді құру;
3) өңірлік жүйелерді құру;
4) азаматтық авиация спутниктік байланысының республикалық немесе халықаралық жүйесін құру жолымен ұйымдастырылуы мүмкін.
17-тарау. Авиациялық жердегі электр байланысын ұйымдастыру жөніндегі талаптар
§ 1. ӘҚБ орталықтарының (пункттерінің) өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған электр байланысы
156. Авиациялық жердегі радиобайланыс желілері (арналары) электр байланысының жердегі желілерін ұйымдастыру мүмкіндігінің болмауы кезінде және қажет болған жағдайда, электр байланысының жергілікті желілерін (арналарын) резервте сақтау үшін ӘҚБ орталықтарының (пункттерінің) өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылуы тиіс.
157. Радиобайланыс ЖЖ-ның республикалық желілерінің құрылымын (басты радиостансаларын көрсетумен қоса), радиожелі корреспондеттерінің құрамын әуе қозғалысын ұйымдастыру және ұшуларды және байланысты қамтамасыз етудің радиотехникалық құралдарын пайдалану жөніндегі мемлекеттік кәсіпорын анықтайды.
158. ӘҚБ орталықтардың (пункттердің) өзара іс-қимылдарын қамтамасыз ету үшін сөйлесу (телефондық) байланыс арналары ӘҚБ орталықтарындағы (пункттеріндегі) диспетчерлер жұмыс орындарына жедел байланыс аппаратурасын қондырумен қоса тікелей немесе коммутаторлық қосу қағидаты бойынша ұйымдастырылады.
159. Сөйлеу байланысының коммутаторлық арналары әуе қозғалысын
аудандық ұйымдастыру немесе алып жүретін радиоорталық (ӘҚҚКА,
АЖРО) өзара іс-қимыл үшін ӘҚБ қызметімен келісім бойынша 15 секундтан аспайтын уақытша байланыс орнатумен қамтамасыз ету шартымен пайдаланылуы мүмкін.
160. Сөйлесу байланысының арналары ретінде әдетте тондық жиектегі байланыс арналары пайдаланылады. Тондық жиіліктегі байланыс арналарын пайдалану мүмкіндігі болмаған бағыттарда радиорелелік арналарын, радиобайланыс арналарын (желінің), спутниктік байланыс арналарын, мәліметтер желі арқылы беруді ұйымдастырады.
161. Сөйлесу байланысының арналары ӘҚБ пункттерінің байланысты
ұйымдастыру сызбасы немесе жердегі байланысты ұйымдастыру және мәліметтерді ӘҚБ-ның (ӘҚБ АЖ) автоматтандырылған жүйелеріне (АБЖ) беру сызбасына сәйкес ұйымдастырылады.
§ 2. Ішкі әуежайлық электр байланысы
162. Ішкі әуежайлық электр байланысы ӘҚБ органдарының, өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін және оларды өзара байланыстыру үшін ұйымдастырылады.
163. Ішкі әуежайлық электр байланысы желілері әуе айлақ аймағындағы электромагниттік үйлесімділік талаптарын орындауға жауапты кәсіпорын (бөлімше) қызметі әзірлеген және кәсіпорын басшысы бекіткен сызбалар бойынша жердегі жылжымалы стансалардың радиобайланыс желілерін қоса алғанда электр байланысы құралдарын және деректерді беруді пайдалану арқылы ұйымдастырылуы тиіс.
164. Ішкі әуежайлық электр байланысы:
1) әуе кемелерінің рейстерін жоспарлау, дайындау және қызмет көрсету, тасымалдарды ұйымдастыру және жолаушыларға қызмет көрсету және т.б. үрдісінде ӘҚБ органдарының, әуежайлар мен авиакомпаниялар қызметтерінің қызметін жедел басқару мүмкіндігін;
2) ӘҚБ органдары мен әуежай қызметтерінің өзара іс-қимылын;
3) әуе көлігі қызметтерін пайдаланатын кәсіпорындардың, жолаушылардың және басқа тұлғалардың қажетті ақпаратты алуын қамтамасыз етуі тиіс.
165. Жалпы пайдалану желілеріне қосылу тәртібі, жалпы пайдалану желілер трафигіне жіберуді реттеу тәртібі, және ведомстволық желілер мен жалпы пайдалану желілері арасындағы өзара әрекеттесу тәртібі қолданыстағы заңнамаға және қосылуы жүзеге асатын желілерді пайдалану ережелеріне сәйкес реттеледі.
166. Перрондағы жолаушыларға қызмет көрсетумен және әуе кемелерін даярлаумен, арнайы авто көліктерді басқарумен, жылжымалы перрондық механизация құралдарымен және т.б. шұғылданатын азаматтық авиация ұйымдары жұмысшыларының жедел байланысын қамтамасыз ету үшін қуаттылығы аз диапазондағы (5 Ваттқа дейін) стационарлық, тез және қолмен алып жүрілетін ӨЖЖ радистансалардың көмегімен азаматтық авиация ұйымдарының жылжымалы жер бетіндегі стансаларымен технологиялық радио байланысы ұйымдастырылады.
167. Ішкі әуежайлық радиобайланысы қызметтерін жұмыс технологиясына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс.
168. Әуежайдың, авиакомпанияның әрбір қызметтері үшін тиісті шақыратын белгілері бар жеке радиожелілері (радиобағыттар) ұйымдастырылуы керек. Қажет болған жағдайда бірнеше желілерді жеке шақыру белгілерімен бір желіге біріктіруіне жол беріледі.
169. Әрбір әуежайда барлық радио желілерінің (радиобағыттардың) кескінін, радиостансалардың үлгілерін, олардың жиілігі мен белгіленген шақыру белгілерін көрсете отырып ішкі әуежайлық радио байланысының жалпы сызбасы әзірленуі тиіс.
170. Рұқсат етілмеген жиіліктерде және бекітілмеген шақыру
белгілерімен жұмыс істеуге тыйым салынады.
171. Технологиялық, іздеу және авариялық-құтқару жұмыстары өндірісімен, стихиялық апатты жою, БЭРТҚ қызметінің объектілеріндегі жөндеу жұмыстарының өндірісімен байланысты ерекше жағдайларды қоспағанда тасымалданатын радиостансалар азаматтық авиация ұйымының аумағынан шығарылмайды.
172. Радиостансаларды техникалық пайдалану, оларды жөндеу, жұмыс істеу қабілетін тексеру, беру және алу, сақтау, жұмысты есепке алу, қызметтердің жұмысшыларының радиостансалардағы жұмысқа рұқсат алуы мен жіберілуі және олардың жұмысын бақылау тәртібін осы желіні пайдаланушы азаматтық авиация ұйымдары әзірлейді.
§ 3. Әуе кемелерінің халықаралық ұшуларын қамтамасыз етуге арналған электр байланысы
173. Әуе кемелерінің халықаралық ұшуларын қамтамасыз етуге арналған электр байланысы:
1) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің өзара әрекеттесуші ӘҚБ орталықтарының (пункттерінің) сөйлеу байланысымен қамтамасыз ету;
2) аэронавигациялық ақпараттар және ұшуларды жоспарлау мен әуе
кемелерінің қозғалысы бойынша, соның ішінде әуе кемелерінің экипажына ақпараттарды беруді қамтамасыз ету;
3) деректемелерді беру;
4) метеорологиялық ақпараттар беру мақсатында ұйымдастырылады.
174. Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің ӘҚБ орталықтарының (пункттерінің) өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету үшін тікелей сөйлеу байланысы арналары ұйымдастырылуы тиіс.
175. Телефондық арналарды ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған кезде сөйлеу арнасы басқа құралдармен (радиоарнасы, радиорелейлік, спутниктік және т.б.) ұйымдастырылуы мүмкін. Сонымен қатар байланысты белгілеу уақыты 15 секундтан аспауы тиіс.
176. Сөйлеу байланысы арналары үшін резерв ретінде АFTN арналары, жалпы пайдаланудағы халықаралық телефондық байланыс желісі, және басқа да байланыс жүйелері пайдаланылуы мүмкін.
177. Өзара әрекеттесу арналарын ұйымдастыру тәртібі мен оларды
пайдалану тәртібі мүдделі тараптардың арасындағы келісім негізінде белгіленеді және онда мерзімі мен арналарды ашу тәртібі, арналарға алдын ала тексеру мен сынақ жүргізу тәртібі, ӘҚБ орталықтары (пункттері) диспетчерлерінің арналарды пайдалану және олардың жұмысын бақылау тәртібі, төлемдер мен өзара есеп айырысу, екі жақтың
ӘҚБ орталықтарының (пункттерінің) немесе арнаны қабылдау пункттерінің деректемелері көрсетіледі.
178. Аэронавигациялық ақпараттар және ұшуларды жоспарлау мен әуе кемелерінің қозғалысы бойынша ақпараттар АFTN арналары бойынша берілуі тиіс.
179. Қазақстан Республикасы және басқа елдердің азаматтық авиациясы әуе кемелерінің халықаралық ұшулары үшін қажетті метеоақпараттарды беру мен қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
180. Авиакомпаниялардың арасындағы коммерциялық және қызметтік
ақпараттарды алмасу АFTN желісінің арналары бойынша және авиациялық электр байланысының халықаралық қоғамының деректемелерін беру (бұдан әрі - СИТА) халықаралық абоненттік телеграфтық байланыс желісі бойынша (бұдан әрі - ТЕЛЕКС) жүзеге асырылуы мүмкін.
181. Халықаралық желілердің және электр байланысы жүйелерінің (АFTN, Телекс, Телефакс) арналарын пайдалану кезінде осы желілер үшін қабылданған электр байланысын белгілеу мен жүргізу ережелері сақталуы тиіс.
18-тарау. Деректерді беру желілері
182. Деректерді беру желілері әртүрлі автоматтандырылған басқару жүйелерінде дискретті ақпараттарды беру үшін ұйымдастырылады:
1) әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан
әрі - ӘҚБ АЖ);
2) өндірістік-шаруашылық қызметті басқарудың автоматтандырылған жүйесі;
3) әуе қозғалысын жоспарлауды басқарудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі - ӘҚЖБ АЖ);
4) авиабилеттерді сату мен орындарды брондауды басқарудың автоматтандырылған жүйесі;
5) коммерциялық қызметті басқарудың автоматтандырылған жүйесі;
6) басқа да функционалдық БАЖ.
183. Деректерді беру үшін:
1) деректерді берудің авиациялық жер бетіндегі байланыс желілері;
2) заңды және жеке тұлғалардың байланыс желілері мен арналары пайдаланылуы мүмкін.
19-тарау. Авиациялық орнықты электр байланысының желісі
184. Авиациялық орнықты электр байланысының желісі осы желі авиациялық электр байланысы стансалары арасындағы хабарлаулар алмасу үшін арналған.
185. Желі АFTN қайта тарату стансаларының жүйесін пайдалану негізінде халықаралық талаптарға сәйкес құрылуы тиіс.
186. Желіні ұйымдастыру үшін жалдау құқығындағы электр байланысы мемлекеттік желілерінің арналары және азаматтық авиация ұйымдарының меншіктік электр байланысы арналары пайдаланылады.
187. Байланыстың әрбір бағытындағы арналардың (телеграфтық немесе деректерді беру) түрі және саны арналардың өткізу қабілеттілігі мен айналып өту жолдарын ұйымдастыру қажеттілігін ескере отырып ақпараттардың көлеміне қатысты есеппен анықталады.
188. АFTN стансалары арасында өткізгіш немесе спутниктік арналарды резервтеу үшін байланыстың барлық түрі қолданылуы мүмкін. АFTN ісінде жұмыс тәртібі мен хабарлауларды өңдеу АFTN желісінің жұмысын анықтайтын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
20-тарау. Авиациялық радио хабарларын тарату
189. Әуе кемелерінің экипаждарына метеорологиялық және ұшу ақпараттарын беруді қамтамасыз ету үшін радио хабарлардың арнайы желісі ұйымдастырылады.
190. Әуеайлақ ауданындағы әуе кемелерінің экипаждарын А, Б, В, Г, Д сыныптарындағы әуеайлақтарда ұшу және метеорологиялық ақпараттармен жедел қамтамасыз ету үшін АТАЖ радио хабарлау желілері ұйымдастырылады.
191. Ұшудағы әуе кемелерінің экипаждарын метеорологиялық ақпараттармен қамтамасыз ету үшін ӨЖЖ немесе ЖЖ диапазондарындағы ВОЛМЕТ радио хабарлаулар беру ұйымдастырылуы мүмкін.
192. ЖЖ диапазонындағы ВОЛМЕТ радио хабарлаулар беру ақпараттарын сенімді қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында бұл желілер 1500-3000 км шегінде бір уақытта бірнеше жиілікте жұмыс істейді.
193. Радио хабарлауларды беру желілерінде, қосылмаған
әуежайлардың ауа райы болжамын және нақты ауа райын әуе кемелерінің
экипаждары қозғалыс қызметінің диспетчерлерінен немесе осы әуежайлардың радиооператорларынан авиациялық әуе электр байланысы желілері бойынша сұрайды.
194. Ұшуда радио хабарлауларды беру желілері бойынша ақпараттар алу үшін әуе кемелерінің экипаждары аэронавигациялық ақпараттар жинақтарын басшылыққа алады.
195. Метеорологиялық ақпараттарды радиохабарландыру кезінде гидрометеорологиялық қызмет белгілеген жеке терминология қолданылуы тиіс. Радиохабарлар үшін метеорологиялық ақпарат радиобюроға коды ашылған түрінде түсуі тиіс.
196. Радиохабарларды беру телефондық режимде минутына 90 сөзден аспайтын жылдамдықта жүргізіледі.
197. Халықаралық әуежайлардың және әуе трассаларының метеорологиялық ақпараттарымен экипаждарды қамтамасыз ету үшін ағылшын тіліндегі радио хабарлауларды беру ұйымдастырылады.
198. Радио хабарлау материалдарының мәтіндері жасаушымен беруге ыңғайлы нысанда даярланады.
200. Радио хабарлауларды беру көрсетілген жиілікте және көрсетілген уақытта жүргізіледі.
201. Барлық радиохабарларды беру бағдарламалары мен жиіліктері
тиісті құжаттамаларда жарияланады. Жиіліктің немесе беру уақытының кез келген өзгерістері НОТАМ көмегімен нақтылы өзгерістерге дейін кемінде екі апта алдын хабарланады. Сонымен қатар, ондай кез келген өзгерістер туралы егер ол іс жүзіне асырылатын болса, нақты өзгерістерге дейін 48 сағат бұрын барлық тұрақты берілетін радиохабарларда хабарларланады, ондай хабарлаулар бір рет басында және бір рет әрбір радио хабарлаулардан кейін беріледі (Ережеге 11-қосымша).