202. Бағдарламаларға сәйкес жүргізілетін радио хабарлаулар берілімі (белгіленген тәртіпте жүргізілетін ұжымдық берілім) жалпы шақырылымдағы бағдарламада белгіленген уақытта басталады. Егер радио
хабарлаулар берілімі кешіктіріліп жатса, белгілі уақытқа қысқа хабарландыру беріледі, онда абонентке күтуді ұсынады және кешіктіру кезеңінің шамасы минутта көрсетіледі.
203. Берілімді күту қажеттігі туралы белгілі бір хабарламадан кейін бірнеше уақыт бойы радиохабарлар берілімі көрсетілген күту уақытты аяқтамай басталмайды.
204. Радиохабарлар берілім бөлінген уақыт шегінде жүргізілген кезде әрбір стансада берілім үшін бөлінген кезеңнің ақырына қарай барлық материалдардың берілімі бітуіне қарамай тез аяқталады.
205. Белгіленген тәртіпте ұжымдық радиохабарлар берілімін жүргізу кезінде кезекпен әрбір станса белгіленген уақытта өз берілімдерін бастауға дайын. Егер қандай да бір себеппен станса белгіленген уақытта өз радио хабарлаулар берілімін бастамаса, ол стансадан кейін беруі тиіс станса күтеді және өзінің радио хабарлаулар берілімін ол үшін белгіленген уақытта бастайды.
206. Радио хабарлаулар берілімін жүргізу үшін жауапты стансаның жұмысында үзіліс болған жағдайда, бұл берілім, егер мүмкін болса, алғашқы стансаның жұмысы қалпына келгенше, басқа стансамен жүргізіледі.
207. Радиотелефон бойынша жүргізілетін әрбір радио хабарлаулар бастамасы жалпы шақырылымнан, стансаны тағайындаудан және берілім уақытынан (UTC) құралады.
21-тарау. Есепке алу және есеп берушілік
208. Есепке алу және пайдалану құжаттамаларына шығыс жеделхаттары, радиобайланыс арналарының аппараттық журналдары, радиобайланыс арналарының борттық журналдары, магниттік, оптикалық және электрондық тасығыштар (дискілер, дискеттер), бақылау орама және ленталық жазбалар, телеграммаларды (хабарламаларды) есепке алу және жеткізу журналдары жатады.
209. Электрбайланыс арналары бойынша тәулік сайынғы есепке алуға:
1) цифрлық, телеграфтық және телефон арналары бойынша - байланысты бұзушылықтың саны мен созылуы;
2) радио арналары бойынша - радиобайланыс арнасының аппараттық
журналы бойынша берілген және берілетін хабарлаулар саны жатады.
210. AFTN стансалары үшін құжаттамаларды есепке алу мен пайдалану тізбесі, сондай-ақ ережесі және сақтау мерзімі AFTN желісінің жұмысы бойынша қолданыстағы Қазақстан Республикасының құжаттарында анықталған. Магниттік (магнитофондық) жазбаларды тасығыштарды сақтау тәртібі осы Ереженің 12-қосымшасында көрсетілген.
211. Радио байланыстың аппараттық журналдары 30 тәулік бойы сақталады.
212. Байланыс стансаларында журналдарды сақтау мерзімі соңғы жазбаның күні көрсетілгеннен бастап есептеледі.
213. Құжаттарды тапсыру немесе жою қабылдау тапсыру жөнелтпе құжаттармен немесе жою туралы актілермен ресімделеді.
Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр
байланыс ережесіне
1-қосымша
РТЖБП қызметі ауысымдық инженерінің журналы
200__жылғы «__»________ басталды
200__жылғы «__»________ аяқталды
___________________________________________
Азаматтық авиация кәсіпорны
Күні | Объектінің (құралдың) атауы, қонудың ЖК-сы | Қосылу уақыты | Ажыратылу уақыты | Жұмыс ұзақтылығы | Ажыратылу себептері | ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмысы бойынша ескертулер | Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты |
| | | | | | | |
Журналды жүргізу тәртібі
1. Кезекшілікті тапсырған тұлға қонудың ЖК-сын, күнін, уақытын жазады; барлық бағандарға көлденең кезекшілікті тапсыру сәтіндегі ҰРТҚ және байланыс құралдары жұмысының қысқаша сипаттамасын, ауысым бойынша тапсырылуы тиіс басшылықтың өкімдерін көрсетеді: мынадай нысан бойынша «Кезекшілікті тапсырдым» (қолын қояды), кезекшілікті қабылдаған тұлға - «Кезекшілікті қабылдадым» (қолын қояды) деген жазулар жазылады.
2. Кезекшілік барысында журналға ҰРТҚ және авиациялық электр байланысы құралдарының жұмысындағы барлық өзгерістер (МК қонуы ауысуы, автоматтандырылған объектілердің жұмыс істеу қабілеттігін тексеру, істен шығулар мен зақымданулар т.б.) объектінің (құралдың) атауын, қосылу, ажыратылу уақыттарын, ажыратылу себептерін, жұмысқа қабілетсіз күйінің ұзақтығын, ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмысы туралы ұшқыш және диспетчерлік құрамның ескертулерін, ауысым жұмысы жөніндегі ескертулерді, қабылданған шараларды көрсете отырып журналға жазылады.
3. UTC уақыт.
Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр
байланыс ережесіне
2-қосымша
«Бекітемін»
Азаматтық авиация
ұйымының басшысы
____________________
«__» __________ 200___жыл
Істен шығуларды (байланыстың бұзылуын) тексеру актісі
_________________________________________________________________
(ҰРТҚ және байланыс объектісінің, авиациялық электр арнасының атауы)
Істен шығу датасы (жылы, айы, күні)______________________
Жұмыс істеу қабілеттігінің бұзылу уақыты___ сағат________минут
Жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтіру уақыты__сағат_______минут
Істен шығу ұзақтығы___ сағат________минут
Істен шыққан құралдың (байланыс арнасының) атауы | Зауыттық нөмірі | Соңғы ТҚ-дан кейінгі істеген жұмысы | Пайдаланудың басынан бастап істеген жұмысы |
| | | |
200__ «__»_________ №____ бұйрықпен тағайындалған мынадай құрамдағы
Комиссия:
Төраға ___________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
мүшелері__________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
___________________________________________________________________
(ҰРТҚ және байланыс объектісінің, авиациялық электр арнасының атауы)
істен шығуларына тексеру жүргізді.
Тексеру барысында мыналар анықталды:
1. Жағдай (оқиға туралы ақпарат, істен шығудың сипаты мен оның салдары, техникалық персоналдың тегі, аты-жөні) ____________________________________________________
2. Талдау (себептер, тех. персоналдың қатесі, жұмысты ұйымдастырудағы кемшіліктер, және басқа да ауытқулар) ____________________________________________________
3. Істен шығуды сыныптау (объектінің немесе құралдың істен шығуы, эл. жабдықтаудың бұзылуы, байланыс желісінің зақымдануы, инженер-техник персоналдың дұрыс емес іс-қимылы) _________________________
4. Әуе қозғалысының басқаруға ықпалы ________________________
5. Инженер-техник құрамның іс-қимылындағы бұзушылықтар _______
6. Қорытындылар _____________________________________________
7. Ұсынымдар _____________________________________________
Комиссия төрағасы ______________________________
Комиссия мүшелері ______________________________
Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр
байланыс ережесіне
3-қосымша
Объектінің ауысымдық инженерінің (технигінің)
жедел журналы
______________________________________________________
(объектінің атауы)
200__жылғы «__»________ басталды
200__жылғы «__»________ аяқталды
Күні, уақыты | Мазмұны | Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, қолы |
| | |
Журналды жүргізу тәртібі
Журналды объектінің кезекші инженері (технигі) жүргізеді.
Журналға мынадай жазулар жазылады:
1) объектіні және кезекшілікті қабылдағаны, объектінің жұмысқа дайындығы, кезекшілікті тапсыру туралы жазулар жазылады;
2) жабдықтың кезекші (персоналы бар объектілерде) қосылу, ажыратылу уақыттары, жұмысындағы барлық бұзушылықтар және олардың себептері туралы;
3) кезекшілік кезінде лауазымдық тұлғалардан келіп түскен нұсқаулар мен өкімдер туралы;
4) лауазымдық тұлғалардың объектіні тексеру нәтижелері туралы;
5) қолданыстағы электр қондырғыларының жұмыс өндірісі туралы;
6) объектіде стажировка жүргізу туралы;
7) автоматтандырылған объектілер үшін журнал
«________ объектісінің жедел журналы» деп аталады.
Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр
байланыс ережесіне
4-қосымша
ҰРТҚ және байланыс резервтік құралдарының сенімділік көрсеткіштері мен санын есептеуге арналған
формулалар
Істен шығуға (зақымдануға) істелген жұмыс шамасын анықтау
Т қос
Тi = ----------, n = 1, 2, 3, ..., болған кезде
n
мұндағы Ті - істен шығуға (зақымдануға) істелген орташа жұмыс, сағатпен;
Тқос - белгілі бір уақыт мерзіміндегі құралдардың (бір үлгідегі құралдар тобының) атқарған қосынды жұмысы, сағатпен;
n - құралдардың (бір үлгідегі құралдар тобының) осы мерзімдегі істен шығулар (зақымданулар) саны.
2. Қалпына келтірудің орташа уақытының шамасын анықтау
ТҚқос
Тқ = -----------, n = 1, 2, 3,..., болған кезде
n
мұндағы Тқ - құралдардың жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтірудің орташа уақыты;
ТҚқос - құралдардың (бір үлгідегі құралдар тобының) жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтірудің есептік кезеңдегі қосынды уақыты.
1. Резервтік құралдар санын анықтау
Крез= V K қбас, мұндағы
Крез - резервтік құралдар саны;
К қбас - қолданыстағы байланыс арналарының саны.
Есептеу нәтижесі бүтін санға дейін артығымен деңгелектенеді.
Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр
байланыс ережесіне
5-қосымша
ҰРТҚ және байланыс құралдарына арналған формулярды жүргізу ережесі
1. Формуляр ҰРТҚ және байланыс құралдарының жасаушы кәсіпорын кепілдік берген негізгі параметрлері мен сипаттамаларын куәландыратын, осы құралдардың жай-күйін көрсететін және оны пайдалану (жұмыс ұзақтығы мен жағдайлары, ТҚ, жөндеу түрлері, құрамдас бөліктері мен бөлшектерін ауыстыру және басқа да барлық пайдалану кезеңін қамтитын деректер) жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжат болып табылады.
2. Осы құрал бекітілген объект басшысы формулярдың сақталуына және оның дұрыс жүргізілуіне жауапты болып табылады.
Формуляр жоғалған жағдайда, оның телқұжаты «Қазаэронавигация» РМК УК, ҚБ және Тп рұқсатымен ашылып жүргізіледі.
3. Формулярды барлық бөлімдер бойынша жүргізу міндетті. Формулярды барлық жазулар анық және мұқият жүргізілуі тиіс. Өшірулерге және куәландырылмаған түзетулерге жол берілмейді.
4. Формулярдың барлық парақтары толтырылғанда қосымша парақтар жапсырылады. Қосымша парақтарды формулярға жапсыру мүмкін болмағанда, ол жаңасына ауыстырылады. Жаңа формулярға ескі формулярдың әрбір бөлімі бойынша қорытынды деректер енгізіледі. Бұл жазулар Азаматтық авиация ұйымы басшысының қолымен және елтаңбалық мөрмен бекітіледі. Ескі формуляр акті бойынша істен шығарылады.
5. Құралдың істеген жұмысы туралы деректер санауыш көрсеткіштерінің немесе объектінің ауысымдық инженерінің (техниктің) жедел журналындағы жазулар негізінде ай сайын енгізіледі.
6. Құралдың негізгі параметрлерін бақылау өлшеулері бағанына жазулар өлшеулер нәтижесінде жүргізіледі.
7. «Құралдың техникалық жай-күйі» деген мәліметтерге белгіленген нормаларға сәйкес келмейтін техникалық параметрлер және анықталған негізгі ақаулықтар жазылады.
«Қорытындылар» деген бағанға анықталған кемшіліктерді жоюға арналған іс-шаралар жазылады.
8. Формулярға құралдарды жөндеу туралы жазуды жөндеу кәсіпорнының басшылары жазады, олар жөндеу түрін, ол қашан және қайда жүргізілгенін көрсетеді.
Құралдың деталдарын ауыстыру және ағымдағы жөндеу туралы жазуларды жөндеуді жүргізген тұлғалар жатады. Бұл ретте олар ауыстырылған құрамдас бөліктердің атауын, децималдық және сызбалық нөмірлерін, олардың істеген жұмысын, оларды ауыстыру себептерін көрсетеді.
9. Сақтаудан шығару туралы жазулар құралды пайдалануға арнап орнату уақытында жазылады.
Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр
байланыс ережесіне
6-қосымша
Бас тартулар мен зақымданулардыың жинақтауыш-картасы
Құрал үлгісі______, зауыттық нөмірі ________
Әзірленген күні________, пайдалануға енгізілген күні________
_______________ объектіде, кәсіпорында орнатылған
күні | Істеген жұмысы | Істен шығу | Зақым дану | Істен шығулар мен зақымданулар саны, оның ішінде себептер бойынша |
|
Пайдаланудың басынан бастап | бір істен шығуы | бір зақымдануға | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
| | | | | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | | | | |
(Бұйымның істен шығулары мен зақымдануларының жинақтауыш-картасының екінші беті)
Жинақтауыш-карта жылына бір рет 1 қаңтарға қарағандағы жағдай бойынша толтырылады.
Істен шығулар мен зақымданулардың себептері 1-11 цифрларымен көрсетіледі, олар мыналарды білдіреді:
1 - электр вакуумдық аспаптардың істен шығуы;
2 - жартылай өткізгіш аспаптардың істен шығуы;
3 - резисторлардың істен шығуы;
4 - конденсаторлардың істен шығуы;
5 - орамды элементтердің істен шығуы (трансформаторлардың, электр қозғалтқыштарының орамдарының);
6 - құрастыру жгуттары мен жиынтық қосқыш кабельдер оқшауламасының бұзылуы, ЖЖ кабельдік ағытпалардың істен шығуы;
7 - коммутациялық элементтердің (реленің, түйіспелердің, магнит қосқыштардың) істен шығуы;
8 - механикалық элементтердің (редукторлардың, тістегіштердің, мойынтіректердің және т.б.) істен шығуы;
9 - антеннді-фидерлік құрылғылардың істен шығуы;
10 - істен шығу - бабынан шығу немесе ретсіздеу;
11 - себебі анықталмаған істен шығу.
«Себептер бойынша істен шығулар мен зақымданулар саны» деген бағанды толтырғанда бір түрдегі істен шығулар мен зақымданулар қосылады және бір санмен көрсетіледі.
Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр
байланыс ережесіне
7-қосымша
«Келісілген» ӘҚҰ қызметінің бастығы Азаматтық авиация _______________ 200__жылы «__»_______ | «Бекітемін» ұйымының бастығы _______________ 200__жылы «__»_______ |
ҰРТҚ объектілерін және авиациялық әуе байланысын резервке
қайтып қосудың (өткізудің) нормативтік уақыты
ҰРТҚ объектілерін және авиациялық әуе байланыс арнасындағы байланыстың атауы | Нормативтік уақыт, с. |
Бастапқы қосу | Резервтік құралға өту | Электр энергиясының резервтік көзіне өту |
| | | Электр энергиясының резервтік көзіне қайта қосу | Объектінің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру |
ДПРМ - МК - 68 | 45 | 45 | 15 | 60 |
Жер бетіндегі арналарды резервке қайтып қосудың (өткізудің) нормативтік уақыты
Жер бетіндегі байланыс бағытының, арнаның атауы (корреспондент)* | Резервтік арна (айналып өту жолы) | Резервке қайта қосудың нормативтік уақыты (айналып өту жолы) |
* Арналардың атауы, байланыс бағыттары олардың ұшу қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызына қарай тәртіппен кестеге жазылады. Сызбадағы арнаның реттік нөмірі оның резервпен қамтамасыз ету мен жұмыс істеу қабілеттілігін қалпына келтіру кезектілігін анықтайды.
БЭРТҚ қызметінің бастығы ________________
Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр
байланыс ережесіне
8-қосымша
«Бекітемін»
Ұйым бастығы
_______________
200__ж.»__»______
ҰРТҚ мен байланыс құралдарының техникалық жай-күйінің актісі
____________________________________________________
(пайдаланушы кәсіпорынның атауы)
_________________________________________ жасалды.
(күні, айы, жылы)
Комиссия құрамында төраға ________________________________
және мүшелері_____________________________________________
________________________________________ бұйрықпен тағайындалған,
_______________________ техникалық жағдайына қарай жүргізді.
(құралдың атауы)
Зауыттық нөмірі _______________, шығарылған күні _______________
Пайдаланудан бастап ҰРТҚ мен байланыс құралдарының сағаттық жұмысы
______________________
Қызмет ету мерзімі ____________________________________________
Жөндеу жүргізілген (жөндеу түрі) ______________________________
_______________________________________________________________
(қашан және жөндеу саны)
Жоспарлы жөндеуден кейінгі ҰРТҚ мен байланыс құралдарының сағаттық жұмысы _____________________________
Негізгі бұғаулар мен агрегаттардың техникалық жай-күйі___________
ҰРТҚ мен байланыс құралдарының техникалық жай-күйі туралы комиссияның қорытындысы: қызмет ету мерзімі (ресурсы) ___________
жылға (сағатқа) ұзартуға жатады,
жөндеуге (жөндеу түрі) жатады ___________________________________
______________________________________________ жоюға жатады
Комиссия төраға ________________________________________________
Комиссия мүшелері ______________________________________________ 200__ж. «__»______
Келісілген:_____________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр
байланыс ережесіне
9-қосымша
Бақылау режимінің картасы және дәлдеп келтіру кестесі
1. Бақылау режимінің картасы және дәлдеп келтіру кестесі әрбір құралға оны пайдалануға енгізу кезінде және техникалық тексеруден кейін аралап ұшып шығудан алдын және зауыттық пайдалану құжаттамаларының деректемелері негізінде құралдарды реттеу жасалынады.
Бақылау режимінің картасында жиіліктің кернеу шамалары, түзеткіштердің шығу шамалары, антеннаға барабар қуаттылықтағы радиотаратқыш сатыларының немесе магнетрон токтары және әрбір жабдық үшін басқа да спецификалық режимдер мен параметрлерінің шамалары көрсетіледі.
Картада көрсетілген бақылау параметрлерін тексеру үшін ауыстырылып қосқыштардың немесе арнайы өткізгіштердің көмегімен әртүрлі бақылау нүктелеріне қосылатын панелдік өлшеу құралдары, сондай-ақ қосымша (алып жүретін) өлшеу құралдары пайдаланылады. Бақылау режимінің картасына бақыланатын режим анықталған қосымша өлшеу құралдарының типі және нөмірі жазылады.
Құралдың бақыланатын параметрлері бақылау режимінің картасында көрсетілген шамаларға сәйкес келуі тиіс.
2. Дәлдеп келтіру кестесінде жұмыс және резервтік жиіліктер ұсынылады, олардың кезінде құралды номиналды пайдалануға қол жеткізілетін дәлдеп келтіру және реттеу органдарының жағдайлары көрсетіледі. Бақылау режимінің және дәлдеп келтіру кестесінің карталарын объектілердің инженерлері (техниктері) жасайды.
ҰРТҚ-ның және байланыстың жердегі құралдарының бақылау режимдері және дәлдеп келтіру кестелері карталарының нысандары жабдықтың типіне байланысты әрбір объектіде әзірленеді.
Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр
байланыс ережесіне
10-қосымша
Жердегі тексеру мен дәлдеп келтіру хаттамасы
_____________________________________________
(құрал атауы)
зауыт нөмірі ________________ шығарылу күні _____________________
кәсіпорында белгіленген
____________________________________________________
(Азаматтық авиация ұйымының атауы)
Тексерілетін шамалар | Номиналдық мәні, рұқсаты, бірлігі, өлшемі | Өлшеу кезінде алынды | Қолданылатын өлшеу аппаратурасы | Ескерту |
| | | | |
Қорытынды: _____________________________________________________
(құралдың белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігі
__________________________________________________________________
және ұшуда тексеруге даярлығы туралы қорытынды беріледі)
Өлшеуді жүргізген (жүргізгендер):
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр
байланыс ережесіне
11-қосымша
НОТАМ хабарлауы
Хабарлар санаты және кезектілік тәртібі: | Радиотелефондық дабыл: |
1) авариялық шақыру, апат туралы хабарлау немесе сөз тіркесі | МЕЙДЕЙ (MAYDAY) |
2) медициналық-санитарлық көліктер- дің дабылдарынан ілесе берілетін хабарлауларды қоса қамтитын жедел хабарлаулар 3) ұшу қауіпсіздігіне қатысты хабарлау 4) метеорологиялық хабарлау 5) ұшу тұрақтылығына қатысты хабарлау | PAN, PAN немесе PAN, РAN MEDICAL |
НОТАМ хабарлауын 2)-5)-тармақшаларында көрсетілгендерді қоса алғанда, кез келген санатына жатқызуға болады. Санат тиісті әуе кемесі үшін НОТАМ хабарлауының мазмұны және мәнділігімен анықталады.
Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр
байланыс ережесіне
12-қосымша
Кезекті ақпарат тасығыштарды (магниттік таспа) есепке алу
журналы
______________________________________________________
(азаматтық авиация кәсіпорнының атауы)
_____ж. «___»______ басталды
_____ж. «___»______ аяқталды
Жазу құрылғысының (магниттік) нөмірі | Магниттік таспаның (тасығыш) нөмірі | Жазу күні мен уақыты | Күні, уақыты, лауазымды және тұлғаның қолы |
басталуы | аяқталуы | өшіруді тоқтата тұру туралы нұсқау берушінің | Тыңдауға арналған лентаны (тасығышты) алушының | таспаны (тасығышты) өшіруге нұсқау берушінің |
| | | | | | |