Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық
комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі № 758 Қаулысы
(2008.07.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 16 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2005 жылғы 21 шілдедегі
№ 758 қаулысына
Қосымша
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 172 (бұр.ред.қара); 2006.07.09. № 846 (бұр.ред.қара); 2007.20.03. № 217 (бұр. ред. қара); 2007.05.10. № 905 (бұр.ред.қара); 2008.07.04. № 323 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді
Әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамы
Балиева - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Зағипа Яхияқызы министрi, төрайым
Қосдәулетов - Қазақстан Республикасының
Дулат Рашитұлы Әділет вице-министрі,
төрайымның орынбасары;
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Ерлан Әскерұлы министрлігі Заңнама департаментiнiң
директоры, хатшы
Жолдасбаева - Қазақстан Республикасының Парламентi
Нұрлығайым Шалданқызы Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Тәжияқов - Ұлттық Банк төрағасының орынбасары;
Бисенғали Шамғалиұлы
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы шаруашылығы вице-министрi
Күренбеков - Қазақстан Республикасы Президентінің
Амантай Жәнкеұлы Күзет қызметi бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
Құдайбергенов - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ескендір Көпбосынұлы монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының орынбасары
Ноздрин Валерий - Қазақстан Республикасы
Владимирович Жоғарғы Сотының судьясы
(келісім бойынша);
Үкібаев Ермек - Қазақстан Республикасы
Елеуханұлы Республикалық ұланы қолбасшысының
бірінші орынбасары (келісім бойынша);
Омаров - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Қадыр Тоқтамысұлы сақтау вице-министрi
Бектұров Азат - Қазақстан Республикасының
Ғаббасұлы Көлік және коммуникация
вице-министрі;
Супрун - Қазақстан Республикасының
Виктор Васильевич Парламенті Мәжілісінің
Аппараты Басшысының орынбасары
(келісім бойынша)
Мұқанов - Қазақстанның тауар өндірушілері
Төлеген Мұқанұлы мен экспорттаушылары
одағының вице-президенті;
Құрбанбаева Гүлнәр - Қарағанды облысы кәсіпкерлер
Төретайқызы қауымдастығының директоры
(келісім бойынша);
Амандықов Қайрат - Қазақстан Республикасының
Якудаұлы Кәсіподақтар одағы федерациясы
төрағасының орынбасары
(келісім бойынша);
Бірәлиев - Қазақстан Республикасының
Әлжан Хамидолаұлы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі;
Қожамжаров - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Қайрат Пернешұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
төрағасының орынбасары;
Беседин - Астана қаласының Кәсіпкерлер
Юрий Анатольевич қауымдастығы заң қызметінің басшысы;
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович жағдайлар вице-министрi
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Алик Жатқамбайұлы вице-министрi
Қуанғанова - Қазақстан кәсіпкерлері форумы
Гүлнәр Шаймұратқызы атқарушы директорының орынбасары;
Жиреншин - Қазақ гуманитарлық-заң университетi
Қазбек Әбусағитұлы конституциялық және әкiмшiлiк құқық
кафедрасының меңгерушiсi, заң
ғылымдарының докторы, профессор
(келісім бойынша)
Нұғманова Эльмира - заң ғылымдарының
Әбдікқызы кандидаты (келісім бойынша)
Бекбаев - Қазақ гуманитарлық-заң университеті
Ерзат Зейноллаұлы Құқықтық қамтамасыз ету және
сараптама орталығы директорының
орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты;
Әбілқайырова - Қазақстан Республикасы
Бақытгүл Адайбекқызы Парламентінің Сенаты заңнама
және құқықтық саясат
комитетімен өзара іс-қимыл
бөлімінің бас консультанты
(келісім бойынша)
Құрманов - Қазақстан Республикасының
Алмас Мұхаметкәрімұлы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау вице-министрі
Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау вице-министрі
Тұрғанов - Қазақстан Республикасының
Дүйсембай Нұрбайұлы Энергетика және минералдық
ресурстар вице-министрі
Нұриманов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Мақсұт Әнуарбекұлы қауіпсіздік комитеті
төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Сарпеков Рамазан Құмарбекұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Дәленов Руслан Ерболатұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Атабаев Әсет Асанбайұлы | - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы дирекциясы Құқық департаментінің директоры (келісім бойынша) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 21 шілдедегі
№ 758 қаулысымен
бекітілген
Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi
жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары
3. Комиссияның негiзгі мiндеттерi:
1) қолданыстағы әкiмшiлiк заңнаманы талдау;
2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне енгізу үшiн ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды қарау;
3) мемлекеттік органдардың әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ұсыныстарын қарау;
4) әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру жөнiндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгізу;
5) Комиссияның құзыретiне жататын өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады.
4. Өзiнiң мiндеттерiне сәйкес Комиссияның:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға;
2) әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуге;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн (келісім бойынша) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды мемлекеттік және басқа да ұйымдардан заңнамада белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
5) Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де құқықтарға құқығы бар.
3. Комиссия қызметiн ұйымдастыру
5. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарына төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
6. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
7. Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссия отырысының хаттамасын ресiмдеудi Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
Комиссияның отырысына материалдар оны өткiзгенге дейiн кемiнде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне жiберiледi.
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 172 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Комиссияның отырыстары күнтізбелік жылғы айдың екінші дүйсенбісінде, қажет болған кезде Комиссия төрағасы белгілейтін өзге де күндерде де өткізіледі. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде жартысы қатысқан кезде заңды деп саналады.
9. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келісімi бойынша белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 172 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне сұрау салу жолымен қабылданады және егер, олар үшiн Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлген болса, қабылданды деп есептеледi, Комиссия отырысы хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуi тиiс.
11. Комиссияның құзыретiне қатысты қажеттi материалдарды әзiрлеу үшiн ұйымдар, жоғарғы оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары біліктi мамандар тартылуы мүмкiн.
12. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде тоқтатады.