“Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық
комиссия құру туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі № 758 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 15 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2005 жылғы 21 шілдедегі
№ 758 қаулысына
қосымша
Әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамы
Балиева - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Зағипа Яхияқызы министрi, төрайым
Мамонтов - Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы
Николай Иванович iстердi қарау жөнiндегі мамандандырылған
құрамның төрағасы, Қазақстан
Республикасы Жоғарғы сотының судьясы,
төрайымның орынбасары (келісім бойынша)
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Ерлан Әскерұлы министрлігі Заңнама департаментiнiң
директоры, хатшы
Әмiров - Қазақстан Республикасының Парламентi
Иран Әмiрұлы Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Жолдасбаева - Қазақстан Республикасының Парламентi
Нұрлығайым Шалданқызы Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Аюбаев - Қазақстан Республикасы Республикалық
Мұхтар Ақатұлы ұлан қолбасшысының бірiншi орынбасары
(келісім бойынша)
Бақтыбаев - Қазақстан Республикасы Бас
Iлияс Жақыпбекұлы прокурорының бірiншi орынбасары
(келісім бойынша)
Гамарник - Қазақстан Республикасының Білім және
Геннадий Николаевич ғылым бірiншi вице-министрi
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Асқар Қуанышұлы және байланыс агенттігі төрағасының
бірiншi орынбасары
Iзмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Бақтықожа Салахатдинұлы және минералдық ресурстар бірiншi
вице-министрi
Абайділдин - Қазақстан Республикасының
Талғатбек Жәмшитұлы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi
Айманбетова - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
Гүлбану Зарлыққызы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Әйтекенов - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Медiбайұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрi
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы шаруашылығы вице-министрi
Әшитов - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Батыржан Зайырқанұлы халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi
Базарбаева - Қазақстан Республикасы Қаржы
Әсия Бақытқызы министрлiгінiң Салық комитетi
төрағасының орынбасары
Баймағанбетов - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Серiк Нұртайұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы және сауда вице-министрi
Белоног - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Александрович сақтау вице-министрi, Қазақстан
Республикасының Бас мемлекеттік
санитарлық дәрiгерi
Досжан - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ардақ Дүкенбайұлы ақпарат және спорт вице-министрi
Досмұхаметов - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы
Қанат Мұхаметкәрiмұлы мен қаржы ұйымдарын реттеу және
қадағалау агенттiгi төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Кәрбозов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Қозы-Көрпеш Жапарханұлы қауiпсiздiк комитетi төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Қошанов - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Ерлан Жақанұлы коммуникация вице-министрi
Күренбеков - Қазақстан Республикасы Президентінің
Амантай Жәнкеұлы Күзет қызметi бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
Орымбаев - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ардақ Сиязбекұлы монополияларды реттеу агенттiгi
төрағасының орынбасары
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович жағдайлар вице-министрi
Райымбеков - Қазақстан Республикасы Жер
Қаналбек Өтжанұлы ресурстарын басқару агенттiгi
төрағасының орынбасары
Сүнтаев - Қазақстан Республикасы Қаржы
Тілеген Иматұлы министрлігінiң Кедендiк бақылау
комитетi төрағасының орынбасары
Тасболатов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Абай Бөлекпайұлы министрінің орынбасары
Тортаев - Қазақстан Республикасы Статистика
Бауыржан Қадырұлы агенттігі төрағасының орынбасары
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Алик Жатқамбайұлы вице-министрi
Айсағалиева - Қазақстан кәсiпкерлерi форумының
София Серiкбайқызы атқарушы директоры (келісім бойынша)
Доскенов - Орталық Қазақстан кәсiпкерлерi
Талғат Қазыкенұлы қауымдастығының президентi - Қазақстан
кәсiпкерлерi форумы Қарағанды қаласы
бойынша өкiлдiгiнiң директоры (келісім
бойынша)
Ермаков - "Секрет+Сервис" кәсiпкерлерге қызмет
Владимир Александрович көрсету орталығы" мекемесiнiң
директоры (келісім бойынша)
Палташева - Алматы кәсiпкерлерi қауымдастығының
Мұнавара Тұрсынқызы директоры (келісім бойынша)
Шестаков - Қазақстан Кеден брокерлерi
Геннадий Алексеевич қауымдастығының төрағасы (келісім
бойынша)
Штарк - Астана қаласы кәсiпкерлерiнiң
Михаил Владимирович құқықтарын қорғау жөніндегі
қауымдастығының атқарушы директоры
(келісім бойынша)
Баймаханов - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
Мұрат Тәжiмұратұлы академиясының академигі (келісім бойынша)
Жиреншин - Қазақ гуманитарлық-заң университетi
Қазбек Әбусағитұлы конституциялық және әкiмшiлiк құқық
кафедрасының меңгерушiсi, заң
ғылымдарының докторы, профессор
(келісім бойынша)
Жұмағұлов - "Қазақстан Республикасы Заң шығару
Марат Иманғалиұлы институты" акционерлік қоғамы
басқармасының төрағасы, заң ғылымдарының
кандидаты (келісім бойынша)
Нұғманова - "Қазақстан Республикасы Заң шығару
Эльмира Әбдiкқызы институты" акционерлік қоғамының
басқармасы төрағасының орынбасары, заң
ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 21 шілдедегі
№ 758 қаулысымен
бекітілген
Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi
жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары
3. Комиссияның негiзгі мiндеттерi:
1) қолданыстағы әкiмшiлiк заңнаманы талдау;
2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне енгізу үшiн ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды қарау;
3) мемлекеттік органдардың әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ұсыныстарын қарау;
4) әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру жөнiндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгізу;
5) Комиссияның құзыретiне жататын өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады.
4. Өзiнiң мiндеттерiне сәйкес Комиссияның:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға;
2) әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуге;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн (келісім бойынша) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды мемлекеттік және басқа да ұйымдардан заңнамада белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
5) Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де құқықтарға құқығы бар.
3. Комиссия қызметiн ұйымдастыру
5. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарына төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
6. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
7. Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссия отырысының хаттамасын ресiмдеудi Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
Комиссияның отырысына материалдар оны өткiзгенге дейiн кемiнде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне жiберiледi.
8. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бірақ жарты жылда кемiнде бір рет өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде заңды деп есептеледi.
9. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келісімi бойынша белгiлейдi.
10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер, олар үшiн Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлген болса, қабылданды деп есептеледi, Комиссия отырысы хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуi тиiс.
11. Комиссияның құзыретiне қатысты қажеттi материалдарды әзiрлеу үшiн ұйымдар, жоғарғы оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары біліктi мамандар тартылуы мүмкiн.
12. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде тоқтатады.