Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакциналауды жақсарту жөніндегі
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 23 мамырдағы № 488 қаулысы
(2008.22.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2008.22.01. № 40 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бiрiншi кезектi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығын және "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын одан әрi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) оларға қарсы алдын ала егулер жүргiзiлетiн жұқпалы және паразиттiк аурулардың тiзбесi;
2) жоспарлы алдын ала егiлуге тиiс халықтың топтары;
3) алдын ала егулер жүргiзу ережесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) алдын ала егулер жүргiзу тәртібі мен мерзiмдерiне сәйкес халықты вакциналауды;
2) медициналық мекемелерi жоқ елдi мекендерде тұратын халықты вакциналау мақсатында жылжымалы егу бригадаларының жұмыс iстеуiн;
3) 14 жасқа дейінгі балаларды егу паспорттарымен қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 23 мамырдағы
№ 488 қаулысымен
бекітілген
Оларға қарсы алдын ала егулер жүргізiлетiн жұқпалы және
паразиттiк аурулардың тiзбесi
ҚР Үкіметінің 09.12.03 ж. № 1250 қаулысымен тізбе өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара); ҚР Үкіметінің 2008.22.01. № 40 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мынадай жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi:
құтырма
іш сүзегi
"В" вирусты гепатитi
көктемгi-жазғы кене энцефалитi
дифтерия
көкжөтел
қызылша
полиомиелит
сiреспе
туберкулез
оба
эпидемиялық паротит
қызамық
b типті гемофилдік жұқпа
2. Мынадай жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау жергiлiктi бюджеттердің қаражатты есебiнен жүргiзiледi:
"А" вирусты гепатитi
тұмау
күйдiргi
туляремия
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 23 мамырдағы
№ 488 қаулысымен
бекiтілген
Жоспарлы алдын ала егiлуге тиiс адамдардың топтары
ҚР Үкіметінің 09.12.03 ж. № 1250 қаулысымен өзгерістер енгізілді (күшіне енетін мерзімін қара); ҚР Үкіметінің 2008.22.01. № 40 Қаулысымен өзгертілді (бұр.ред.қара)
Жұқпалы ауруларға қарсы вакциналауға мынадай халық топтары жатады:
1) алдын ала егулер жүргiзу тәртібі мен мерзiмдерiне сәйкес жасы бойынша (туберкулез, iш сүзегi, көкжөтел, қызылша, полиомиелит, сiреспе, эпидемиялық паротит, "В" вирусты гепатитi, қызамық, b типті гемофилдік жұқпа);
2) аса қауiптi жұқпалы аурулардың (көктемгi-жазғы кене энцефалитi, күйдiргi, туляремия, оба) табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс iстейтiн халық;
3) өзiнiң кәсiби қызметiнiң түрi бойынша қатер топтарына жататын адамдар, соның iшiнде:
медицина қызметкерлерi ("В" вирусты гепатитi, тұмау);
кәрiз және тазалау құрылыстарының қызметкерлерi (iш сүзегi);
4) өз денсаулығының жағдайы мен эпидемиологиялық айғақтар бойынша қатер топтарға жататын адамдар:
қанын алмастырғандар ("В" вирусты гепатитi);
иммунитетi әлсiреген (жиi ауыратын және әлсiреген балалар), балалар үйлерiнiң, сәбилер үйлерiнiң балалары, қарттар үйлерiнiң контингенттерi (тұмау);
кез келген жануар тiстегендер, түкiргендер (құтырма);
терi қабаттары мен шырышты қабықтарының тұтастығы бұзылуынан жарақаттанғандар жараланғандар (сiреспе);
5) эпидемиологиялық айғақтар бойынша "A" вирусты гепатитiне қарсы балаларды вакциналау аурушаңдығы жоғары өңiрлерде жүргiзiледi ("A" вирусты гепатитi).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 23 мамырдағы
№ 488 қаулысымен
бекітілген
Алдын ала егулерді жүргiзу ережесi
1. Халықты алдын ала егудi медициналық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы болған кезде меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалар жүргiзедi.
2. Халықты вакциналау қосымшаға сәйкес мерзiмдерде жүргізіледi.
3. Егулердi жүргiзуге рұқсаты бар жоғары және орта медициналық білімдi адамдарға алдын ала егулердi жүргiзуге рұқсат етiледi. Рұқсатты жыл сайын арнайы құрылған комиссия бередi.
4. Егулердi ұйымдастыру, алдын ала егулердi жүргiзетiн мамандарды даярлау үшiн жауапкершiлiк егулердi жүзеге асыратын медициналық ұйымдардың басшыларына жүктеледi.
5. Егулер арнайы жабдықталған егу кабинетiнде жүргiзiледi. Үйде және егуге уақытша жабдықталған үй-жайларда егулердi жүргiзуге ерекше жағдайларда - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы бұйрығымен рұқсат етіледi.
6. Елдi мекенде иммундауды жүргiзу үшiн жағдай болмағанда (медициналық ұйымның, медицина қызметкерінің немесе вакциналарды сақтау үшiн жағдайдың болмауы) егулердi жылжымалы егу бригадасы жүргiзедi. Жылжымалы бригадалардың жұмыс iстеу peжимiн аумақтық денсаулық сақтау органдары айқындайды.
7. Халықты вакциналау үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен тiркелген препараттарды пайдалануға рұқсат етiледi.
8. Вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды сақтау, тасымалдау және қолдану Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтiк құқықтық кесiмдерiнің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Халықты вакциналау үшiн бiр реттік шприцтер ғана пайдаланылады.
10. Егулердi жүргiзу алдында егiлетiн адамның медициналық құжатына егуге рұқсатты ресiмдей отырып, егiлетiн адамды міндеттi түрде дәрiгер, ал ол болмаған кезде - фельдшер қарайды. Дәрiгер немесе фельдшер қараған кезде егiлетiндермен немесе балалардың ата-аналарымен вакцинаға әдеттен тыс әсер пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажеттігі туралы түсiндiру жұмысын жүргiзедi.
11. Егулердi жүргiзу алдында медицина қызметкерi вакцинаның сапасын, оның таңбалануын, ампуланың (сауыттың) бүтіндігін, вакцинаның ерiтiндiге және препаратқа қоса берiлген нұсқаулыққа сәйкестiгiн мұқият тексередi.
12. Егiлген адамдар егiлгеннен кейінгі әсерлер пайда болған жағдайда шаралар қабылдау үшiн өздерi егу алған медициналық ұйымда 30 минут бойы қадағалауда болуға тиiс. Вакциналауды жылжымалы егу бригадасы жүргiзген жағдайда, егiлген адамдар егудi жүргiзген медицина қызметкерінің қадағалауында болуға тиiс.
Алдын ала егулер жүргізу
ережесіне қосымша
ҚР Үкіметінің 09.12.03 ж. № 1250 қаулысымен қосымша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара); ҚР Үкіметінің 2008.22.01. № 40 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Алдын ала егулерді жүргізу мерзімдері
Егілетіндер жасы мен контингенті | Оларға қарсы алдын ала жүргізілетін жұқпалы аурулар |
Туберкулез (БЦЖ) | Полиомиелит (ОПВ) | «В» Вирусты гепатиті | Көкжөтел, дифтерия, сіреспе (АКДС) | b типті гемофильдік жұқпа (Hib) | Дифтерия, сіреспе (АДС) | Дифтерия (АД-М) | Дифтерия, сіреспе (АДС-М) | Қызылша, қызамық, паротит (ККП) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1) жасы бойынша | | | | | | | | | |
1-4 күн | + | | + | | | | | | |
2 ай | | + | + | + | + | | | | |
3 ай | | + | | + | + | | | | |
4 ай | | + | + | + | + | | | | |
12-15 ай | | + | | | | | | | + |
18 ай | | | | + | + | | | | |
6 жас (1 сынып) | + | | | | | + | | | + |
12 жас | | | | | | | + | | |
15 жас | | | | | | | | | |
16 жас | | | | | | | | + | |
әрбір 10 жылдан кейін | | | | | | | | + | |
жасына қарамас- тан | 2) аса қауіпті жұқпалы аурулардың табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін халық | | | | | | | | | |
3) өзінің кәсіби қызметі бойынша қатер топтарына жататын адамдар, соның ішінде: | | | | | | | | | |
медицина қызметкерлері | | | + | | | | | | |
кәріз және тазалау құрылыс- тарының қызметкерлері | | | | | | | | | |
4) өз денсау- лығының жағдайы ммен эпидемио-логиялық ай- ғақтар бойынша қатер топтары- на жататын адамдар, соның ішінде: | | | | | | | | | |
қан құйыл- ғандар | | | + | | | | | | |
иммунитеті әлсірегендер | | | | | | | | | |
кез келген жануар тістегендер, сілекейін қалдырғандар | | | | | | | | | |
тері қабаттары мен шырышты қабықтатары тұтастығының бұзылуымен жарақаттанған- дар, жараланғандар | | | | | | | | + | |
5) эпи- демиологиялық айғақтар бойынша | | | | | | | | | |
(кестенің жалғасы)
Егілетіндер жасы мен контингенті | Оларға қарсы алдын ала жүргізілетін жұқпалы аурулар |
Қызамақ | Көктемгі- жазғы кене энцефалиті | Оба | Күйдіргі | Туляремия | Іш сүзегі | Құтырма | «А» вирусты гепатиті | Тұмау |
1 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
1) жасы бойынша | | | | | | | | | |
1-4 ай | | | | | | | | | |
2 ай | | | | | | | | | |
3 ай | | | | | | | | | |
4 ай | | | | | | | | | |
12-15 ай | | | | | | | | | |
18 ай | | | | | | | | | |
6 жас (1 сынып) | | | | | | | | | |
12 жас | | | | | | | | | |
15 жас | + | | | | | | | | |
16 жас | | | | | | | | | |
әрбір 10 жылдан кейні | | | | | | | | | |
жасына қарамастан | 2 )аса қауіпті жұқпалы аурулардың табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін халық | | + | + | + | + | | | | |
3) өзінің кәсіби қызметі бойынша қатер топтарына жататын адамдар, соның ішінде: | | | | | | | | | |
медицина қызметкерлері | | | | | | | | | + |
кәріз және тазалау құрылыс- тарының қызметкерлері | | | | | | + | | | |
4) өз денсау- лығының жағдайы мен эпидемиоло- гиялық ай- ғақтар бойынша қатер топтарына жататын адамдар, соның ішінде: | | | | | | | | | |
қан құйыл- ғандар | | | | | | | | | |
иммунитеті әлсірегендер | | | | | | | | | + |
кез келген жануар тісте- гендер, сіле- кейін қалдыр- ғандар | | | | | | | + | | |
тері қабатары мен шырышты қабықтатары тұтастығының бұзылуымен жарақаттанған-дар, жаралан- ғандар | | | | | | | | | |
5) эпидемио- логиялық айғақтар бойынша | | | | | | | | + | |