2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімінен шартты түрде шығарылған әрекетсіз заңды тұлғамен осындай шығарылған кезден бастап жасалған операциялар бойынша шығыстар;
2) құрылысқа және негiзгi қаражаттарды, материалдық емес активтердi сатып алуға арналған шығыстар мен салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табыс алуына қатысты емес күрделi сипаттағы басқа да шығыстары;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша мемлекеттік бюджетке енгізуге жататын (енгізілген) айыппұлдар мен өсімпұлдарды қоспағанда, мемлекеттік бюджетке енгізуге жататын (енгізілген) айыппұлдар мен өсімпұлдар;
4) шегерiмдерге жатқызудың осы Кодекспен белгiленген нормасынан асып түсетiн жылдық жиынтық табыс алуға байланысты шығыстар;
5) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген нормадан артық төленуге тиiс (төленген) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасы;
6) кәсіпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын объектiлердi салу, пайдалану мен күтiп-ұстау жөніндегі шығыстар;
7) салық төлеушiнің өтеусiз негiзде берген мүлкiнің, орындаған жұмыстарының, көрсеткен қызметтерiнің құны;
8) қызметiн өнiмдi бөлу жөніндегі келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы қосымша төлеген төлем сомасы шегерiмге жатпайды.
§ 3. Тiркелген активтер бойынша шегерiмдер
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 105-бап толықтырылды; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 105-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 218-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
105-бап. Тiркелген активтер
Тiркелген активтер - жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн пайдалануға енгiзетiн және осы Кодекстiң 101-бабына сәйкес салық салу мақсатында ескерiлетiн негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн және жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын негiзгi құралдар мен материалдық емес активтер.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 106-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
106-бап. Тiркелген активтердің құны
1. Осы Кодекстiң 92-103-баптарына сәйкес негiзгi құралдардың бастапқы құнына оларды сатып алу, өндiру, салу, монтаждау және орнату жөніндегі шығындар, сондай-ақ салық төлеушiнiң шегерiмге құқығы бар шығындардан басқа, олардың құнын арттыратын басқа да шығындар енгізiледi.
2. Құрылтайшылар, қатысушылар негiзгi құралдарды жарғылық капиталға өздерiнiң салымы ретiнде енгiзген кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалатын құн осы құралдардың бастапқы құны болып табылады.
Негiзгi құралдарды өтеусiз алған кезде бастапқы құн аталған құралдарды қабылдау-беру актiсiнiң деректерi бойынша, бiрақ олардың нарықтық құнынан асырмай белгiленедi.
3. Құрылысқа алынған және құрылыс жүргiзу кезеңiнде төленетiн (төленуге тиiс) кредиттер (қарыздар) үшiн сыйақы құрылыс объектiсiнiң құнына енгiзiледi.
4. Құрылтайшылардың, қатысушылардың шығындарын қоса алғанда, материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) жасау жөніндегі шығындар олардың бастапқы құны болып табылады.
5. Тiркелген активтердiң құны осы Кодексте белгiленген тәртiппен және шарттармен амортизациялық аударымдарды есептеп шығару арқылы шегерiмге жатқызылады.
04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 107 - бап өзгертілді
107-бап. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу
1. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу амортизациялық iшкi топтар , топтар бойынша жүргiзiледi. Амортизациялауға жатпайтын тiркелген активтерге:
1) жер;
2) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды
3) мұражай құндылықтары;
4) сәулет және өнер ескерткiштерi;
5) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, жағажолдар, бульварлар, скверлер;
6) аяқталмаған күрделi құрылыс;
7) фильм қорына жататын объектiлер;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) Қазақстан Республикасының шама бірлігінің мемлекеттік эталондары;
8) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылған салық заңдарына сәйкес бұрын құны толығымен шегеруге жатқызылған негiзгi құралдар;
9) инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген, осы Кодекстiң 138-140-баптарына сәйкес құны шегерiмге жатқызылатын (жатқызылған) тiркелген активтер жатады.
2. Әрбір ішкі топ, топ бойынша амортизациялық аударымдар амортизация нормасын қолдану арқылы, бірақ ішкі топтың, топтың салық кезеңінің соңындағы құн балансына осы Кодекстің 110-бабында белгіленген шекті нормадан асырмай есептеледі.
Салық төлеушi таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда амортизациялық аударымдар салық кезеңіндегі қызмет кезеңiне сәйкес түзетiледi.
3. Үйлер мен ғимараттар (мұнай, газ ұңғымалары мен беріс құрылғыларын қоспағанда) бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке айқындалады және І топтың негізгі құралының құны ішкі топтың құн балансына теңестіріледі.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 108-бап толықтырылды; 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 108-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 108-бап жаңа редакцияда
108-бап. Амортизациялық ішкі топтардың, топтардың
құн балансын айқындау
1. Әрбір амортизациялық ішкі топ (І топтың), топ бойынша салық кезеңінің басында ішкі топтың (І топтың), топтың құн балансы деп аталатын қорытынды сомалар айқындалады.
І топтың құн балансы негізгі құралдардың әрбір объектісі бойынша ішкі топтардың құн баланстарынан және осы Кодекстің 113-бабының 2-1-тармағына сәйкес құралған ішкі топтың құн балансынан тұрады.
2. Ішкі топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің соңындағы құн балансы:
ішкі топтың (І топтың), топтың өткен салық кезеңінің соңындағы құн балансы ретінде айқындалған, өткен салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, сондай-ақ осы Кодекстің 111 және 113-баптарына сәйкес жүргізілетін түзетулер ескерілген ішкі топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құн балансы,
қосу
осы Кодекстің 109-бабына сәйкес айқындалған құн бойынша салық кезеңінде келіп түскен тіркелген активтер,
алу
осы Кодекстің 109-бабына сәйкес айқындалған тәртіппен салық кезеңінде шығып қалған тіркелген активтер ретінде айқындалады.
3. 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, ішкі топтардың 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құн балансы 2005 жылы амортизацияның қосарлы нормасы қолданылған тіркелген активтер ескеріле отырып, осы Кодекстің 110-бабының 1-тармағында айқындалған топтар бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бөлінеді.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 109-бап өзгертілді
109-бап. Тiркелген активтердiң келiп түсуi және шығып қалуы
1. Сатып алу, оның ішінде қаржы лизингі шарты бойынша лизинг алушының сатып алуы, құрылыс салуы, жарғылық капиталға салым ретінде өтеусіз алуы кезінде келіп түскен тіркелген активтер осы Кодекстің 106-бабына сәйкес айқындалатын құн бойынша мынадай тәртіппен есепке алынады:
І топ бойынша - тиісті ішкі топтың құн балансын құрайды;
II, ІІІ және IV топтар бойынша - топтың құн балансына енгізіледі.
2. Шығып қалатын тіркелген активтер тиісті ішкі топтардың құн балансын (І топ бойынша) немесе II, ІІІ және IV топтардың құн балансын:
өткізу, қаржы лизингіне беру кезінде - өткізу құнына;
жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде - осы Кодекстің 106-бабына сәйкес айқындалатын құн бойынша;
құрылтайшы, қатысушы мүлікті алып қойған кезде - мәмілеге қатысушылар айқындаған құн бойынша;
тіркелген активтер сақтандырылған жағдайда, олар есептен шығарылған, жоғалған, жойылған, бүлінген, ысырап болған кезде - сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартына сәйкес төлейтін сақтандыру төлемінің сомасын негізге ала отырып айқындалатын құн бойынша, өзге де жағдайларда - салық мақсаттарында айқындалған (І топ бойынша) қалдық құны бойынша;
өтеусіз беру кезінде - баланстық құны бойынша кемітеді.
3. Егер тiркелген активтiң бiр бөлiгi ғана өткiзiлсе, сату кезеңiнде тiркелген активтiң құны қалған және өткiзiлген бөлiктiң арасында бөлiнедi.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 110-бап өзгертілді; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 110-бап жаңа редакцияда ; 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 110-бап жаңа редакцияда
110-бап. Тіркелген активтер амортизациясының
шекті нормалары
1. Амортизацияға жататын тіркелген активтер амортизацияның мынадай шекті нормаларымен топтарға бөлінеді:
Топ № | Тіркелген активтердің атауы | Амортизацияның шекті нормасы (%) |
I | Үйлер, құрылыстар (мұнай, газ ұңғымалары мен беріліс құрылғыларын қоспағанда) | 10 |
II | Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын қоспағанда, машиналар және жабдық | 25 |
III | Кеңсе машиналары мен компьютерлер | 40 |
IV | Басқа топтарға қосылмаған тіркелген активтер | 15 |
2. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға енгізілген тіркелген активтер бойынша салық төлеуші кемінде үш жылдың жылдық жиынтық табысын алу мақсатында осы тіркелген активтерді пайдаланған жағдайда, пайдаланудың бірінші салық кезеңінде амортизациялық аударымдарды амортизацияның қосарлы нормалары бойынша есептеуге құқылы. Осы тіркелген активтер пайдаланудың бірінші салық кезеңінде топтың құн балансынан бөлек есепке алынады. Келесі салық кезеңінде осы тіркелген активтер тиісті топтың құн балансына енгізілуге жатады.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 111-бап өзгертілді
111-бап. Тiркелген активтер бойынша басқа да шегерiмдер
1. Ішкі топтың (І топ бойынша) барлық тіркелген активтері немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тіркелген активтері шығып қалғаннан кейін ішкі топтың (І топ бойынша) немесе топтың (II, ІІІ және IV топтар бойынша) салық кезеңінің соңындағы құн балансы шегерімге жатқызылады.
2. Егер ішкі топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) салық кезеңінің соңындағы құн балансы 300 айлық есептік көрсеткіштен кем соманы құраған жағдайда, салық төлеуші ішкі топтың (І топ бойынша) немесе топтың (II, ІІІ және IV топтар бойынша) құн балансының шамасын шегерімге жатқызуға құқылы.
3. Салық төлеушi тiркелген активтер бойынша осы Кодекстің 138-140-баптарына сәйкес қосымша шегерiмдер жасауға құқылы.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 111-1-баппен толықтырылды
111-1-бап. 2005.22.11 № 89-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 112 -бап өзгертілді
112-бап. Қаржы лизингi шарттарымен берiлген (алынған) тiркелген активтер
1. Қаржы лизингiне (қаржы лизингi бойынша) берiлген (алынған) тiркелген активтердiң құны лизинг алушының iшкi тобының , тобының құн балансында ескерiледi.
2. Егер активтер оларды қаржы лизингiне бергенге дейiн iшкi топтың , топтың құн балансына енгiзiлген болса, лизинг берушiдегi тиiстi iшкi топтың , топтың құн балансы қаржы лизингiне берiлген тiркелген активтердің құнына азайтылуға тиiс.
23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 113-бап өзгертілді; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.06 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 113-бап жаңа редакцияда; 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 113-бап жаңа редакцияда; 2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 113-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
113-бап. Жөндеуге жұмсалған шығыстар бойынша шегерімдер
1. Мына негізгі құралдарды:
1) осы топқа енетін;
2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін негізгі құралдарды жөндеуге салық төлеуші жұмсаған іс жүзіндегі шығыстар бойынша әрбір топқа қатысты шегерім жасауға оларды жылдық жиынтық табыс алу үшін пайдаланған жағдайда рұқсат етіледі.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Қызмет етудің нормативтік мерзімін ұлғайтпайтын және негізгі құралдардың өндірістік қуатын арттырмайтын, техникалық құжаттамаға сәйкес негізгі құралды сақтау және оларды техникалық бабында ұстау мақсатында жүргізілетін, негізгі құралдардың детальдарын (бөлшектерін) және құрамдас бөліктерін ауыстыруға байланысты осы Кодекстің 92-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын шығыстарды қоспағанда, негізгі құралдарды жөндеуге арналған іс жүзіндегі шығыстар сомасы топтың салық кезеңінің соңындағы құн балансынан белгіленген мынадай шекте әрбір топ бойынша шегеріледі:
Топ № | Топтың атауы | Шекті норма (%) |
I | Үйлер, құрылыстар (мұнай, газ ұңғымалары мен беріліс құрылғыларын қоспағанда) | 15 |
II | Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын қоспағанда, машиналар және жабдық | 25 |
III | Кеңсе машиналары мен компьютерлер | 15 |
IV | Басқа топтарға қосылмаған тіркелген активтер | 15 |
2-1. Осы баптың 2-тармағында аталған шектен асатын сома мынадай тәртіппен ескеріледі:
1) І топ бойынша:
егер ішкі топтың құн балансының құрамына кіретін негізгі құрал салық кезеңінің соңында іс жүзінде шығып қалса - құн өсімінен түсетін табыстың немесе ішкі топтың құн балансынан шығып қалған тіркелген актив құнының асып кетуінен түскен табыстың тиісті мөлшерін іс жүзіндегі шығыстарға барабар азайтады және (немесе) ішкі топтың тиісті құн балансын ұлғайтпайды;
өзге де жағдайларда - ішкі топтың тиісті құн балансын іс жүзіндегі шығыстарға барабар ұлғайтады;
топтың құн балансына енгізілмейтін негізгі құралдар бойынша - жеке ішкі топтың құн балансын құрайды және келесі салық кезеңдерінде осындай шығыстар ішкі топтың осы балансын ұлғайтуға жатқызылады;
2) II, III және IV топтар бойынша: топтың құн балансы болған кезде - оның ұлғайтылуына жатқызылады;
топтың құн балансы болмаған кезде - топтың келесі салық кезеңінің басталғандағы құн балансын құрайды.
3. Бюджет қаражатынан алынған субсидиялар есебінен жүргізілген жөндеуге жұмсалған шығыстар шегерімге жатпайды және топтардың құн балансын ұлғайтпайды.
4. Негізгі құралдардың нормативтік қызмет ету мерзімін ұлғайтпайтын және олардың өндірістік қуатын арттырмайтын, техникалық құжаттарға сәйкес негізгі құралды сақтау әрі оларды техникалық бабында ұстау мақсатында жүргізілетін, негізгі құралдардың детальдарын (бөлшектерін) ауыстыруға байланысты жалгер жалға алынған негізгі құралдарға қатысты жүргізген және жалға берушінің жалға беруші шартына сәйкес өтемейтін шығыстары осы Кодекстің 92-бабына сәйкес шегерімге жатқызылады.
5. Осы Кодекстің 138-140-баптарына сәйкес құны шегерімге жатқызылатын (жатқызылған) инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалған іс жүзіндегі сома осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында айқындалған тәртіппен шегерімге жатқызылады.
§ 4. Ұзақ мерзiмдi келісім-шарттар бойынша
табыстар мен шегерiмдер
114-бап. Ұзақ мерзiмдi келісім-шарттар бойынша табыстар мен шегерiмдер
1. Ұзақ мерзімдi келісім-шарттарға қатысты табыстар мен шегерiмдер олардың нақты орындалу бөлiгiнде салық кезеңi iшiнде ескерiледi.
Тауарларды тиеп жiберуге, жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге жасалған, қолданылу мерзiмi бiр жылдан артық келісім-шарт (шарт) ұзақ мерзiмдi келісім-шарт болып табылады.
2. Келісім-шарттың орындалу үлесi салық кезеңiнiң соңына дейiн жұмсалған шығыстар сомасын осы келісім-шарт бойынша жалпы шығыстар сомасымен салыстыру арқылы анықталады.
16-тарау. Салық төлеушілердің кейбір санаттарына
салық салу жөніндегі жекелеген ережелер
§ 1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына салық салу
23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 115-бап өзгертілді
115-бап. Салық салу объектiсi
1. Сақтанушылар мен қайта сақтанушылардан салық кезеңі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша алуға жатқызылған (алынған), сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзған кезде қайтарылған, сақтандыру сыйлықақыларының сомасына, сондай-ақ қайта сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақыларының сомасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары және Сақтандыру төлемдерiн кепiлдендiру қорына мiндеттi жарналар түріндегі табысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына олардың сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыратын бөлігінде корпорациялық табыс салығын салу объектісі болып табылады.
Сақтандыру қызметінің мынадай кіріс түрлері:
1) қайта сақтандыру шарттары бойынша алуға жататын (алынған) комиссиялық сыйақылар;
2) инвестициялық кірістер, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін депозиттерге, бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына орналастырудан алуға жататын (алынған) бағам айырмасы жөніндегі кірістер;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына байланысты дебиторлық және кредиторлық берешектерді қайта бағалау жөніндегі бағам айырмасы;
4) қайта сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеу жөніндегі сақтандыру төлемдері мен шығыстарындағы қайта сақтандырушының үлесі;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша үшінші тұлғалардан суброгация (регресс) тәртібімен қойылатын талаптар бойынша кірістер;
6) 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес шегерімдерге жатқызылған сақтандыру резервтеріне аударымдар сомаларын қоспағанда, салық кезеңі ішіндегі сақтандыру резервтерінің мөлшерін азайту;
7) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға берілген заемдар бойынша кірістер;
8) шығыстары 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес шегерімге жатқызылған күмәнді міндеттемелерді қоспағанда, сақтандыру қызметінен күмәнді міндеттемелер бойынша алынатын кірістер;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен жасалған мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшiн сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымдарына беретiн өтемақы төлемдері;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10) эмитент меншікті акцияларын орналастырған кезде алған олардың құнының номиналдық құнынан асып түсуі және эмитент меншікті акцияларын өткізген кездегі құн өсімі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының салық салу объектісі болып табылмайды.
2. Өзге қызметтен алуға жататын (алынған) жиынтық жылдық кіріс пен осы тармақта белгіленген тәртіппен анықталатын шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептеліп, салық салынатын кіріс осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген өзге қызметтен алуға жататын (алынатын) кірістер бойынша корпорациялық табыс салығын салу объектісі болып табылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге қызмет бойынша шегерімге жатқызуға жататын шығыстар сомасы, шығыстардың жалпы сомасында қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген сақтандыру сыйақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзған кезде қайтарылған, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жалпы кірістер сомасындағы өзге қызметтен алуға жататын (алынған) кірістерінің үлес салмағы негізге алына отырып, барабар әдіспен белгіленеді.
116-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының табыстары мен шығыстарының есебi
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық салу мақсатында сақтандыру сыйлықақыларын орналастыру қызметiн қоса алғанда, сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырудан алынатын табыстары бойынша және осы Кодекстiң 115-бабының 1-тармағында аталмаған өзге де қызметтiң табыстары, шығыстары бойынша бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 117-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
117-бап. Корпорациялық табыс салығының ставкалары
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша тiркелген аударымдар түрiнде корпорациялық табыс салығын:
1) жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша - алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 4 процентi;
2) аннуитеттiк сақтандыруды қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша - алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 2 процентi;
3) аннуитеттiк сақтандыру бойынша - алынуға тиiс (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 1 проценті;
2006.05.07. № 164-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
4) өзара сақтандыру бойынша - алынуға тиіс (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 1 проценті мөлшерінде төлейді.
2. Осы Кодекстің 115-бабының 2-тармағында аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық кезеңi iшiнде алуға жататын (алған) табыстарға осы Кодекстің 135-бабының 1-тармағында белгiленген ставка бойынша корпорациялық табыс салығы салынуға тиiс.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 118-бап өзгертілді
118-бап. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация және есеп айырысу
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыстар бойынша салық органдарына есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей бiр ай iшiнде есептелген корпорациялық табыс салығы бойынша ай сайынғы есеп-қисапты табыс етедi.
Осы Кодекстің 115-бабының 2-тармағында көрсетілген кірістер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары аванстық төлем сомаларының есеп-қисабын осы Кодекстің 126-бабында белгіленген тәртіппен ұсынады.
2. Салық кезеңiнің қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары осы Кодекстiң 137-бабында белгiленген мерзiмде барлық табыстар жөнiнде декларация табыс етуге мiндеттi.
3. Түпкiлiктi есеп айырысу мен корпорациялық табыс салығын төлеу осы Кодекстiң 127-бабында белгiленген мерзiмде жүргiзiледi.
119-бап. Корпорациялық табыс салығын төлеу мерзiмдерi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары негiзiнде сақтанушылар мен қайта сақтанушылардан алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыстар бойынша корпорациялық табыс салығын есептi айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн төлейдi.
2. Осы Кодекстiң 115-бабының 1-тармағында аталғандарды қоспағанда, салық кезеңi iшiнде алынуға жататын (алынған) табыстар бойынша осы Кодекстiң 126-бабында белгiленген тәртiппен аванстық төлемдер төленедi.
§ 2. Басқа санаттардағы салық төлеушiлерге салық салу
29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен 119-1-баппен толықтырылды; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 119-1-бап өзгертілді
119-1-бап. Мұнай-химия өнеркәсiбіндегі қызметтi жүзеге асыратын жекелеген ұйымдарға салық салу