2. Салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаға салық төлеушiнің шағымын қарау нәтижелерi бойынша салық қызметінің жоғары тұрған органы мынадай шешiмдердiң бiрiн шығарады:
1) салық тексеруi актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаны өзгерiссiз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру;
2) салық тексеруi актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның толық немесе бiр бөлiгiнде күшiн жою.
556-бап. Жоғары тұрған салық органы шешiмiнің мазмұны
Шағымдарды қарау нәтижелерi бойынша салық қызметінің жоғары тұрған органының шешiмiнде:
1) шешiм қабылданған уақыт пен орын;
2) салық төлеушiнiң шағымын қараған салық органының атауы;
3) шағым берген салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты не толық атауы;
4) салық тексеруi актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның қысқаша мазмұны;
5) шағымның мәнi;
6) шағым бойынша шешiм шығару кезiнде басшылыққа алынған салық заңдарының ережелерiне сiлтеме жасалған негiздеме көрсетiлуге тиiс.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 557-бап өзгертілді
557-бап. Жоғары тұрған салық органына шағым берудің салдары
1. Жоғары тұрған салық органына салық төлеушiнің шағым беруi салықтық тексеру актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.
2. Салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаның орындалуы салық қызметінің жоғары тұрған органының жазбаша шешiмi шығарылғанға және осы Кодекстiң 557-2-бабының 1-тармағында аталған кезең аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
3. Салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаның күшi жойылған жағдайда салықтық тексеру актісiнiң де күші жойылады.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 558-565-баптар алып тасталды
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 100-1-тараумен толықтырылды
100-1-тарау. Салық төлеушінің шағымын қараудың нәтижелері
бойынша шешімді қайта қараудың тәртібі
557-1-бап. Шешімді уәкілетті органда қайта қарау
1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес шағымды қараудың нәтижелерi бойынша шешiмдi қайта қарауды уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргiзедi.
2. Уәкілетті орган шағымды қарау жөніндегі өзінің өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде оның қызметiне араласуға тыйым салынады.
3. Уәкілетті органның осы Кодексте белгiленген негiзде және тәртiппен шығарылған шешiмi салық органдары үшiн мiндеттi болып табылады.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 557-2-бап өзгертілді
557-2-бап. Уәкiлеттi органға шағымданудың тәртібі мен мерзімдерi
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1. Уәкiлеттi органға шағым салық төлеушi шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмдi алған кезден бастап не осы Кодекстің 555-бабының 1-тармағында аталған мерзiм аяқталған соң салық қызметінің жоғары тұрған органының шешiмi болмаған жағдайда отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмдi дәлелдi себеп бойынша өткiзiп алған жағдайда, шағым беретiн салық төлеушiнiң өтiнiш беруi бойынша уәкiлеттi орган бұл мерзiмдi қалпына келтiруi мүмкiн.
3. Уәкiлеттi органға шағым беру осы баптың ережелерi ескерiле отырып, осы Кодекстің 553-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Салық төлеушi шағымның көшiрмесiн салық төлеушiнiң шағымын қараған салық қызметінің жоғары тұрған органына да жiберуге тиiс.
557-3-бап. Уәкiлеттi органға жiберiлетiн шағымның нысаны мен мазмұны
1. Уәкiлеттi органға жiберiлетiн шағым нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 554-бабында белгiленген талаптарға сай болуға тиiс.
2. Уәкiлеттi органға жiберiлетiн шағымға салық төлеушiнің шағымын қараған салық қызметінің жоғары тұрған органы шешiмiнің көшiрмесi қоса тiркелуге тиiс.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 557-4-бап өзгертілді
557-4-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға жiберiлетiн шағымды қарау тәртібі
1. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлген, уәкiлеттi мемлекеттік органға жіберiлген шағымды, осы Кодекстiң 557-8-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оның тiркелген күнiнен бастап отыз жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттік орган қарайды.
Салық төлеушiлердiң мониторингтелуi тиiс шағымдары бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган көрсетiлген мерзiмдi ұзартуға құқылы, бiрақ ол он бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
2. Уәкiлеттi мемлекеттік орган iстi мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелдi шешiм шығарады және оны өтiнiш беруші - салық төлеушiге жiбередi немесе тапсырады және көшiрмесiн салық төлеушiнiң шағымын қараған салық органына жібередi.
557-5-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға жiберiлген шағым бойынша шешiм қабылдау
Уәкiлеттi мемлекеттік орган шағымды қараудың қорытындысы бойынша:
1) шағымды қанағаттандырусыз қалдыруға;
2) салық органының шағым жасалған шешiмiнiң күшiн жоюға;
3) шешiмдi өзгертуге немесе жаңа шешiм шығаруға құқылы.
557-6-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік орган шешiмiнің мазмұны
Уәкілеттi мемлекеттік органның шешiмiнде:
1) шешiмнiң қабылданған уақыты мен орны;
2) шағым берген салық төлеушiнiң тегі, аты, әкесiнiң аты не толық атауы;
3) салық қызметінің жоғары тұрған органының шағым жасалып отырған шешiмiнің қысқаша мазмұны;
4) шағымның мәнi;
5) Қазақстан Республикасының салық заңдарының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме мен қорытындылар көрсетiлуге тиiс.
557-7-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға шағым берудiң салдары
1. Уәкiлеттi мемлекеттік органға шағым беру жазбаша шешiм шыға-рылғанға дейiн салықтық тексеру актiсi бойынша шағым жасалған хабар-ламаның орындалуын тоқтата тұрады.
2. Салықтық тексеру актiсi бойынша хабарламаның күшi жойылған жағдайда салықтық тексеру актiсiнiң де күшi жойылады.
557-8-бап. Қосымша тексеру жүргізудің тәртібі мен мерзімдері
1. Салық қызметі органы салық төлеушінің шағымын қараған кезде, қажет болған жағдайда, қосымша тексеру тағайындауға құқылы.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
2. Қосымша тексеру осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі. Бұл ретте қосымша тексеру шағымды қарайтын салық қызметі органының осындай тексеруді жүргізу туралы шешімін алған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
3. Шағымды қараудың мерзімі қосымша тексеруді өткізу кезеңінде тоқтатыла тұрады.
4. Айқындық жеткілікті болмаған немесе деректер толық болмаған, сондай-ақ қосымша тексерудің барысында бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде шағымды тексеруші орган қайта тексеруді тағайындауға құқылы.
5. Шағым бойынша шешім қосымша тексерудің нәтижелерін ескере отырып шығарылады.
101-тарау. Салық қызметі органдары лауазымды
адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
566-бап. Шағымдану құқығы
Әрбiр салық төлеушiнiң жоғары тұрған салық қызметi органына немесе сотқа салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануға құқығы бар.
567-бап. Шағымдану тәртібі
Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртiппен шағым жасалады.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 568-бап өзгертілді
568-бап. Салық қызметi органдары лауазымды адамдарының салық заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылығы
Салық қызметi органдарының салық заңдарының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, 2001 жылғы 12 маусым
№ 210-ІІ ҚРЗ