2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы (үзінді)
Осы редакция 2008 жылғы 2 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
181, 182, 183, 184, 185, 186, 187, 188, 189, 190, 191, 192, 193, 194, 195, 196, 197, 198, 199, 200, 201, 202, 203-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
181-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және
оның атқарылуына бақылауды қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 31174986 мың теңге (отыз бір миллиард бір жүз жетпіс төрт миллион тоғыз жүз сексен алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 21, 373, 368, 397, 531-баптары; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексі; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі; «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңының 13-бабы; Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңы; «Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы; «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңы; «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауы; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы; «Қазақстан Республикасында этил спирті мен алкогольді өнімдер импортын лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1031 қаулысы; «Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының нысанды киімі мен айырым белгілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1247 қаулысы; «Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бірыңғай мемлекеттік бақылау жүйесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 қыркүйектегі № 1358 қаулысы; «Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің «Кинологиялық орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 ақпандағы № 230 қаулысы; "Халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағалар қолдану кезінде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлеріне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 маусымдағы № 788 қаулысы; «Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 1586 қаулысы; «Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 449 қаулысы; «Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 579 қаулысы; «Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 тамыздағы № 655 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1115 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1114 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1127 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1133 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1134 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1470 қаулысы; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 96 қаулысы; «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысы; «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік бюджетті атқару, кедендік бақылау, салықтардың және бюджетке түсетін міндетті түсімдердің толық түсуін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды толық және уақтылы аударуды қамтамасыз ету, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, темекі бұйымдарын, этил спирті мен алкоголь өнімдерін, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттық (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсімі, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдері, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік және аудит салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесін басқарудың тиімді моделін жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Мемлекеттік бюджетті атқару, бюджеттік есепке алу, кедендік, салықтық бақылау, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, темекі бұйымдарын, этил спирті мен алкоголь өнімдерін, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттық (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсімі, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдері, мемлекеттік меншікті басқару, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік және аудит салаларында салааралық үйлестіру, әдістемелік басқару және бақылауды жүзеге асыру. Республикалық бюджетті тиімді басқаруды және жергілікті бюджеттерді атқаруға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыруды және пайдалануды қамтамасыз ету, бюджеттік есепті жүргізуді қамтамасыз ету, бюджет жүйесінде бюджеттік және бухгалтерлік есепті әрі есептілікті дамыту мен жетілдіру. Лауазымдық міндеттерді тиімді орындау және кәсіби шеберлікті жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, ептілікті және дағдыны жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және оның атқарылуына бақылауды қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық аппаратына жүктелген міндеттерді барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін оны бекітілген штат саны лимитіне сәйкес күтіп-ұстауды қамтамасыз ету. Киім-кешек заттарын және басқа да нысанды және арнайы киімді сатып алу, тігу және жөндеу. Мыналарды: нормативтік-құқықтық актілерді; трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау үшін пайдаланылатын ресми ақпарат көздерін сатып алу. Нормативтік-құқықтық актілерді, жарнамаларды, кітапшаларды, салық қызметтерін ұсыну регламенттерін, қатаң есептілік бланкілерін, халыққа қызмет көрсету үшін бланкілерді басып шығару. Бақылау-кассалық машиналарына пломбалар жасау. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салық мәселелері жөнінде халыққа хабарлау. Ірі салық төлеушілерге әкімшілік жүргізу. Мынадай: агенттердің жеке тұлғалардан және мемлекеттік органдардың өкілдерінен салық және Қазақстан Республикасының бюджетіне төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге қабылдаған қолма-қол ақшаны есепке алу; кеден органдарының статистикалық жинақтарын жариялау жөніндегі; Фискалдық құжаттама жөніндегі халықаралық бюроның электрондық базасының қызметтерін; Халықаралық аудиторлық фирмалардың қызметтерін; «Медиа-жүйелерінің» қызметтерін; құпия өндірілетін бланкілерді жасау; «Баға туралы ақпарат» бюллетенін көбейту; статистикалық деректердің баспа басылымдарын шығару бойынша полиграфиялық жұмыстарды жүргізу; жетекші аудиторлық компаниялардың өкілдерін тарта отырып, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын қолдану жөніндегі бес күндік семинарларды облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында өткізу; Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының глоссарийін ағылшын тілінен мемлекеттік тілге аудару; соңғы нұсқаға сәйкес халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын мемлекеттік тілге аудару, соңғы нұсқаға сәйкес халықаралық аудит стандарттарын мемлекеттік және орыс тіліне аудару, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының кітабын мемлекеттік тілде шығару; бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын аккредиттеу үшін куәліктердің бланкілерін сатып алу; бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу үшін куәліктердің бланкілерін сатып алу; кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу үшін куәліктердің бланкілерін сатып алу; Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын насихаттау үшін бейне роликтерді түсіру; Қазақстандағы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының сайтын жасау; пайдаланушыларға қол жетімді, жыл сайын ұйымдар өткізетін қаржылық есептіліктің электрондық дерек қорын - қаржылық есептіліктің депозитарийін жасау; аудиторлық қызметпен айналысуға берілетін мемлекеттік лицензиялардың бланкілерін шығару жөніндегі қызметтерді сатып алу. Таралымы кемінде 30 000 дана (12 жолақ), дүркінділігі аптасына кемінде 5 рет, мемлекеттік сатып алу туралы хабарландырулары бар «Мемлекеттік сатып алу бюллетені» газетін басып шығаруды ұйымдастыру. «Жылдың үздік салық төлеушісі» атты акцияны өткізу. Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Бекітілген штат саны лимитіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінің аумақтық бөлімшелерін күтіп-ұстауды қамтамасыз ету. Энергия ресурстарын санауыштарының көрсеткішін алу және елден тыс жерлерде радиациялық бақылау жүргізу. «Заңгер» анықтамалық құқықтық жүйесін сатып алу. Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру қызметін 7 тақырыптар бойынша алу: 1) бюджеттік заңнама; 2) салықтық заңнама; 3) кедендік заңнама; 4) әкімшілік заңнама; 5) мемлекеттік кадрлық саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және іс жүргізу мен электрондық құжат айналымы; 6) қаржы есептілігі мен аудиттің халықаралық стандарттары; 7) қазынашылық органдарында ақпараттық жүйе мен ақпараттық қауіпсіздік. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін үйрету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
5 | | 008 | Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі аумақтық бөлімшелерінің ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізуді ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
6 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін, оның ведомствалары мен олардың аумақтық бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандыру. Жабдықтарды және басқа негізгі құралдарды ұстау, оларға қызмет көрсету және жөндеу. Жабдықтарды және таразыларды түгендеу. Ғимараттар сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының ақпараттық жүйелерін және міндеттерін сүйемелдеу. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының бағдарламалық-аппараттық құралдары мен жабдықтарына жүйелік-техникалық қызмет көрсету, ақпараттық жүйелеріне және желілеріне әкімшілік жүргізу. Телекоммуникациялық жабдықтар, прийтерлер сатып алу. Лицензиялық бағдарламалық қамтымды сатып алу. Министрліктің, оның ведомствалары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің есептеу техникасы құралдарына жинақтаушылар, қосалқы бөліктер мен шығыс материалдарын сатып алу. Интернет және VPDN желілеріне қатынау қызметтерін сатып алу. Ведомстволардың корпоративтік телекоммуникациялық желісінің байланыс арналары арқылы деректерді беру және оған қосымша қосылу қызметтерін алу, байланыс арналарын кеңейту, жер серігі байланыс арналарын жерүсті байланыс арналарына ауыстыру, байланыс арналарын жалға алу қызметтерін сатып. Лицензиялық, бағдарламалық қамтымды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағдарламалық құралдарын техникалық қолдауды ұзартуға қызметтерді және лицензияларды сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
8 | | 101 | Кинология орталығы | Кедендік бақылау комитетінің кинологиялық орталығын ұстауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының кеден органдарын асыл тұқымды иттермен қамтамасыз ету. Кеден органдары бойынша жануарларды азықпен, ветеринарлық-медициналық препараттармен, жабдықтармен, жарылғыш және есірткі заттарын алмастырғыштармен, асыл тұқымды, саптық қызметтік-іздестіру иттері үшін вакциналармен қамтамасыз ету. Кеден органдарының кинологтарын оқыту. Министрліктің Кедендік бақылау комитетінің кинологиялық орталығын материалдық-техникалық жарақтандыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
9 | | 102 | Кедендік сараптама жүргізу | Кедендік зертханаларды аккредиттеу бойынша жұмыстар жүргізу. Зертханаларды аккредиттеу бойынша консалтингтік қызметтер. Менеджмент сапасының жүйесін сертификаттау. Мемлекеттік стандарт органдарында өлшеулерді жүргізу әдістемелерін әзірлеу және аттестаттау. Аспаптар мен жабдықтардың өлшеу құралдарын тексеру. Қазақстан Республикасы Өлшеу құралдарын есепке алудың мемлекеттік тізіліміне аспаптар мен жабдықтарды енгізу. Қазақстан Республикасы Өлшеу құралдарын есепке алудың мемлекеттік тізіліміне мемлекеттік стандарттық үлгілерді енгізу. Ғылыми-техникалық әдебиеттерді сатып алу. Ғылыми-техникалық мерзімді басылымдарға жазылу. Кедендік сараптама мәселелері бойынша оқу бейне фильмдер дайындауды ұйымдастыру. Кедендік зертханалардың қызметкерлерінің жыл сайынғы медициналық тексеруден өтуін және оларға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Зерттеудің ерекше түрлерін өткізуге рұқсаттар мен лицензиялар алу, мамандарды аттестаттау үшін Қазақстан Республикасының Мемстандарт органдарында және басқа да мамандандырылған зерттеу мекемелерінде оқыту және тағылымдардан өткізу, біліктілігін арттыру. ҒЗИ және басқа да зертханалардағы шарт негізінде зерттеулерді орындау және ақпараттар алу. Оқу-әдістемелік зертханалық сыныптарды ресімдеу және жабдықтау. Кедендік сараптаманы жүргізу процесін жүзеге асыру үшін кедендік зертханаларды материалдық-техникалық жабдықтау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
10 | | 103 | Оқу-әдістемелік орталық | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің оқу-әдістемелік орталықтарын ұстауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру және оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету. Басқа да қызметтер сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бюджетті атқару жөніндегі рәсімдерді ұйымдастыру, бюджеттер атқарылуының мониторингі, республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында бюджет қаражатымен қамтамасыз ету; Қаржы министрлігі жүйесі органдарының әкімшілендіру рәсімдерінің тиімділігін, ақпараттық ашықтығын және айқындылығын арттыруды қамтамасыз ету, ақпараттық-техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің оқу-әдістемелік орталықтары негізінде орташа есеппен 2150 адам кеден органдары қызметкерлерімен оқу өткізу жоспарланып отыр; кәсіби шеберлігін жетілдіру орташа есеппен - 3925 адам, оның санында өңірлік органдардан - 3706 адам; Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарын және Халықаралық аудит стандарттарын оқыту орташа алғанда - 7560 адам; мемлекеттік тілді оқыту орташа алғанда - 4871 адам, оның санында өңірлік органдардан - 4418 адам; ағылшын тілін оқыту орташа алғанда - 30 адам.
Түпкі нәтиже: мемлекеттік органдардың республикалық бюджетті сапалы, уақытылы атқаруы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ақпараттық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі.
Қаржы-экономикалық нәтиже: салық және Қазақстан Республикасының бюджетіне басқа міндетті төлемдерді төлеуге жеке тұлғалар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің күн сайын өткізетін қолма-қол ақшасының көлемі 19 млн. теңгеден артықты құрайды; Агенттер қабылдаған бюджеттің кірісіне аударылған салық және салыққа жатпайтын түсімдердің жалпы көлемінен қолма-қол ақшаның үлес салмағы 0,28 %-ды құрайды; 2008 жылы Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына көшкен ұйымдардың үлес салмағы 1 %-ды, 2009 жылы - 1,2 %-ды, 2010 жылы - 1,4 %-ды құрайды; ақпараттың жеделдігін және дұрыстығын көтеру, мемлекеттік қызмет көрсетуді жеделдету; мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің жалпы сомасындағы кедендік төлемдер мен салықтардың үлес салмағы 28 %-ға дейін; қатаң есептілік бланкілерінің бір бірлігін басып шығарудың шартты құны орташа есеппен 3 теңге; кеден органы бойынша қызметтік-іздестіру итін ұстауға арналған шығынның орташа шартты құны 294 мың теңге; 1 кедендік сараптама жүргізу шығындарының шартты орташа құны 255,8 мың теңге. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға арналған шығындардың шартты құны орташа есеппен 19852 теңге; бір мемлекеттік қызметкерге Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарын және Халықаралық аудит стандарттарын оқыту орташа шығындары - 15 900 теңге; бір мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік тілді оқыту орташа шығындары - 16118 теңге; бір мемлекеттік қызметкерге ағылшын тілін оқыту орташа шығындары - 19852 теңге.
Уақтылығы: жоспарланған іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес орындау.
Сапасы: мемлекеттік бюджетті атқару, бюджеттік есепке алу, кеден, салықтық бақылау, ішкі қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу, темекі өнімдерінің, этил спирті мен алкоголь өнімінің, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), соттан тыс борышкерді тарату рәсімі, мемлекеттік меншікті басқару, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдері, бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік пен аудит салаларында заң бұзушылықтарға жол бермеу; кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; ақпараттық жүйенің жұмыстары, ұсынған есептер, ақпараттық қызметтер сапасына қанағаттанатын клиенттердің барынша көп санына ұмтылу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
182-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Инвестициялық жобалардың аудитін жүзеге асыру»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 16500 мың теңге (он алты миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Несие жөніндегі келісімді (Арнайы операциялар) (Су қорларын басқару және жерді қалпына келтіру жобасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Қарыз туралы келісімді (Кәдімгі операциялар) (Су қорларын басқару және жерді қалпына келтіру жобасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің арасындағы (Жол көлігі саласын қайта құрылымдау жобасы) Қарыз туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 20 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы автомобиль жолдары саласын дамыту жобасы жөніндегі заем туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Қарапайым операциялар) (Аймақтық маңызы бар Алматы - Бішкек жолын қайта жаңарту жобасы) (Қазақстандық құрауыш) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Заем туралы келісімді (»Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1 фаза)» жобасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 20 наурыздағы Заңы; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді бекіту (Нұра өзенін тазарту жобасы) туралы» 2004 жылғы 26 мамырдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы «Автожол саласын (Атырау-Ақтау) қайта құрылымдау» Қарыз туралы келісімді бекіту туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкінің арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәріз салалық жобасы) бекіту туралы» (Жай операциялар) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендіруден кейінгі екінші жобасы) ратификациялау туралы« Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту жобасы) және Қазақстан Республикасы мен Ғаламдық экологиялық қордың атқарушы ұйымы ретінде қатысушы Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Траст-қордың гранты туралы келісімді (Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 наурыздағы № 170 қаулысы.