Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
««Министрліктер үйі» ғимаратын күтіп-ұстау және сақтандыру»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1232520 мың теңге (бір миллиард екі жүз отыз екі миллион бес жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы;»»Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1119 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Министрліктер үйі» ғимаратына (бұдан әрі - Ғимарат) шаруашылық қызмет көрсету; Ғимараттың технологиялық жабдықтарының іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, сақтандыру жағдайы туындаған кезде шығындарды өтеу, Ғимаратты жабдықтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Ғимараттың техникалық жабдықтарын қолдау және техникалық қызмет көрсету, Ғимаратты телекоммуникациялық қамтамасыз ету, қорғау, шаруашылық қызмет көрсету, конференц-залдарын, мәжіліс залдарын жабдықтау, Ғимаратты табиғи зілзала, өрт, жарылыс және басқа да тәуекел жағдайларына сақтандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | «Министрліктер үйі» ғимаратын күтіп-ұстау және сақтандыру | Мыналарды: электр техникалық жабдықтарды, инженерлік желілер мен коммуникацияларды, эфир-кабель теледидарын, желдеткіштің сору-шығару жүйесін, өрт қауіпсіздігін, өрт дабылы мен түтінді жоюды, сыртқы және ішкі желілері бар автоматты телефон станциясын қолдау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; сыртқы инженерлік желілерге қызмет көрсету; суық-жылумен жабдықтау, ыстық және суық сумен жабдықтау жүйесінің, лифтілер жұмысының, бейне қадағалау мен қол жеткізілімді бақылау, дизель-генератор жүйесін алдын алу жұмыстарын жүргізу, желдеткіш жабдығын жөндеу. Ғимаратты күзету және жарақтандыру. Ғимаратқа электр энергиясын, жылу энергиясын жеткізу және коммуналдық қызметтер көрсету. Жалпы алаңы 24 595,8 шм. Ғимаратқа шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Ғимаратты ағымдағы жөндеу. Ғимаратты сақтандыруға шарт жасасу, сақтандыру шарттарына сәйкес жасалған шарт бойынша сақтандыру жарналарын төлеу. Астана қаласы, Абай даңғ., 20 мекен-жайындағы ғимаратты ұстау. Орталық қойманы ұстау. Трансформаторлар мен жылу сорғыларын сатып алу. Өзге тауарлар мен ілеспе қызметтерді сатып алу. | Ай сайын, жыл ішінде | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жұмыс істейтін лифтілердің, желдеткіш және электротехникалық, санитарлық-техникалық жабдықтың, инженерлік желілер мен коммуникациялардың, эфир-кабельдік теледидардың, желдеткіштің шығару-сорғы жүйесінің, өрт қауіпсіздігінің, өрт дабылының және түтін шығарудың, кіруді бейне қадағалау мен бақылау жүйелерінің, сыртқы және ішкі желілері бар автоматты телефон станциясының үлес салмағы олардың жалпы санының 100 %-ын құрайды.
Түпкі нәтиже: Ғимараттың бүкіл технологиялық жабдықтарының іркіліссіз және апатсыз жұмыс істеуі, Ғимаратты сенімді сақтандыру жағынан қорғау, сондай-ақ сақтандыру жағдайлары туындаған кезде сақтандыру төлемдерін уақтылы төлеу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Ғимараттың 1 шаршы метрін ұстауға жұмсалатын шығындардың шартты құны 11559,0 теңгені құрайды.
Сапасы: мемлекеттік қызметшілер үшін қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
194-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 49516 мың теңге (қырық тоғыз миллион бес жүз он алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің»«Жаңа тұрғын үй саясаты туралы» 1993 жылғы 6 қыркүйектегі № 1344 Жарлығына сәйкес «Тұрғын үй құрылыс банкі» ЖАҚ берген жеңілдікті тұрғын үй несиелерін алған азаматтардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 304 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Тұрғынүйқұрылысбанкі» ЖАҚ жеңілдікті тұрғын үй кредиттерін алған азаматтар үшін теңгенің бос өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшудің әлеуметтік салдарын жұмсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшкеннен кейін туындаған жеңілдікті тұрғын үй кредиттерін алған азаматтардың ығысуына ішінара өтемақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу | «Тұрғынүйқұрылысбанкі» ЖАҚ-ның 2007 жылы берген жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы «ЦентрКредитБанк» АҚ-на төлеу. | 2008 жылғы 28 ақпанға дейін | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «ЦентрКредитБанкі» АҚ жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырмасын төлеу.
Түпкі нәтиже: жасалған кредит келісімдерінің ережелеріне сәйкес кредиттер бойынша берешекті өтеу бөлігінде орындалған міндеттемелер жөніндегі бағамдық айырманы өтеу жолымен жеңілдікті тұрғын үй кредиттерін алған азаматтарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы өтеуді алған салымшылардың үлесі.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ЦентрКредитБанкі» АҚ алдындағы міндеттемелерінің орындалу уақтылығы.
Сапасы:»»ЦентКредитБанкі» АҚ бағамдық айырмасын өтеу толықтығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
195-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақылар төлеу»
деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 716200 мың теңге (жеті жүз он алты миллион екі жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңы, «Тұрғын үй құрылысы ұзақ мерзімді қаржыландыру және ипотекалық несие беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 тамыздағы № 1290 қаулысы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 364 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы бойынша мемлекеттік сыйлықақылар беру бөлігінде Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамытудың мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы бойынша табысты көбейту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 024 | | Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлық- ақылар төлеу | Кейіннен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларының шоттарына есептеу үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына мемлекеттің сыйлықақысын аудару. | 2008 жылғы 10 ақпанға дейін | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларының шоттарына мемлекеттік сыйақыларды есептеу.
Түпкі нәтиже: тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы банктері салымшыларының санын көбейту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы банктеріне қосымша салымшыларды тарту нәтижесінде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесін дамыту.
Уақтылығы: заңнамаға сәйкес мемлекеттің сыйлықақысын төлеуге «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ шотына қаражатты уақтылы аудару.
Сапасы: тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша мемлекеттің сыйлықақысын дұрыс және толық есептеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
196-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Кедендік бақылау және кедендік инфрақұрылым объектілерін салу»
деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2508059 мың теңге (екі миллиард бес жүз сегіз миллион елу тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық стандарттарға және талаптарға сәйкес мемлекеттік шекарада тауарлар мен көлік-құралдарына бірлескен бақылауды, мемлекеттік шекараны қорғау мен сақтауды, Қазақстанның егемендігіне және аумақтық тұтастығына қол сұғушылықтың жолын кесуді, өткізілетін объектілердің ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, өсімдіктердің карантині жөнінде бақылауды, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын сақтауды жүзеге асыру, ұлттық, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасау, қару-жарақтардың, есірткі заттарының, психотроптық заттардың контрабандасын анықтау тұрғысынан нақты тексерудің сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік әлеуетті арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 026 | | Кедендік бақылау және кедендік инфрақұрылым объектілерін салу | «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес соманың шегінде белгіленген тәртіппен бекітілген мыналар бойынша іс-шараларға арналған жобалау- сметалық құжаттамаға сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру: 1. Солтүстік Қазақстан облысының «Бидайық» бірыңғай бақылау-өткізу пункттерін салуды аяқтау (21.04.2006 жылғы № 7-74-7/06 техникалық-экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); 2. Батыс Қазақстан облысының "Шаған" (Бірлік) бірыңғай бақылау-өткізу пункттерін салу (17.02.2006 жылғы № 7-74-1/06 техникалық- экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); 3. инфрақұрылымын салуды аяқтау: - Ақтөбе облысының «Қарғалы» кеден бекеті (17.02.2006 жылғы № 7-74-3/06 техникалық- экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); - Жамбыл облысындағы Қордай кеденінің «Ауқатты» кеден бекеті (22.02.2006 жылғы № 7-74-12/06 техникалық- экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); - Жамбыл облысындағы Қордай кеденінің «Сортөбе» кеден бекеті (17.02.2006 жылғы № 7-74-5/06 техникалық- экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); және 4. Солтүстік Қазақстан облысының «Жаңа жол» кеден бекетінде жолаушылар терминалын салуды аяқтау (17.02.2006 жылғы № 7-74-5/06 техникалық- экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); 5. Маңғыстау облысының Ақтау қаласында кедендік ресімдеу орталығымен Кедендік бақылау департаменті- нің ғимаратын салу (17.02.2006 жылғы № 7-74-5/06 техникалық- экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); 6. жобалық-сметалық құжаттамасын мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасын әзірлеу, жүргізу және құрылысты бастау: - Маңғыстау облысындағы «Темір Баба» бірыңғай бақылау-өткізу пункті (17.02.2006 жылғы № 7-74-2/06 техникалық-экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); - Маңғыстау облысындағы «Тажен» бірыңғай бақылау-өткізу пункті (17.02.2006 жылғы № 7-74-11/06 техникалық- экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); - Алматы облысындағы Қорғас кентінде инженерлік қамтамасыз етілген 3 қабатты 18 пәтерлік тұрғын үйлері (2 дана) (17.02.2006 жылғы № 20-35-/06 техникалық-экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); 7. жобалық-сметалық құжаттамасын және Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Жібек Жолы» өткізу пунктісін қайта құруын аяқтау мемлекеттік ведомствадан тыс сараптамасын әзірлеу, жүргізу (26.04.2007 жылғы № 18-140/2007 техникалық-экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы) | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында 6 объектілерін пайдалануға енгізу, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарындағы 3 объектінің мемлекеттік сараптамадан өткен, белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамасы, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облыстарындағы 5 объекті бойынша орындалған жұмыстардың көлемі.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту үшін кедендік бақылау және кедендік инфрақұрылым объектілерін дамыту.
Уақтылығы: жұмыстарды жүргізу кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
197-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Даярлау, қайта даярлау және қаржы жүйесі
органдарының мамандарын біліктілігін арттыру орталығы»
АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру»
деген 039 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 451235 мың теңге (төрт жүз елу бір миллион екі жүз отыз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық-негізі: «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңы; «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңы; «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру тиімділігін көтеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: оқытудың сапасы мен тиімділігін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 039 | | «Даярлау, қайта даярлау және қаржы жүйесі органдарының мамандарын біліктілігін арттыру орталығы» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру | «Даярлау, қайта даярлау және қаржы жүйесі органдарының мамандарын біліктілігін арттыру орталығы» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: кәсіби талаптарға сәйкес теориялық және практикалық білімдерді; іскерліктер мен дағдыларды жаңарту;
Тікелей нәтиже: қаржы жүйесі органдарының мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілі инфрақұрылым құру.
Түпкі нәтиже: білікті кадрлармен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
198-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшілігі
2008 жылға арналған
«Салық қызметі органдары объектілерін дамыту»
деген 040 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 884661 мың теңге (сегіз жүз сексен төрт миллион алты жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1686 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 969 қаулысы; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 96 қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 29-тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: салық органдары көрсететін қызметтердің сапасын арттыру, атап айтқанда салықтарды, бюджетке төленетін міндетті төлемдерді және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді ойдағыдай жинау үшін тиісті жағдайлар жасау; ақпаратты уақтылы және сапалы түрде қабылдау және өңдеу; салық төлеушілерге қызмет көрсету үшін оңтайлы жағдайлар жасау; бюджетке түсімдерді арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауды болдырмау; салық органдары салық төлеушілер үшін көрсететін қызметтердің сапасын «Салық органдарында Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтарын құру және жұмыс істеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 666 бұйрығына сәйкес келтіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: салық қызметі органдарының объектілерін салу және қайта жаңарту
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағдарламаның коды | Кіші бағдарламаның коды | Кіші бағдарламалардың (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 040 | | Салық қызметі органдары объектілерін дамыту | Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарын салу. Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарының 19 объектісінің құрылысын аяқтау, оларды одан әрі аяқтау үшін жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу.
Түпкі нәтиже: салық қызметі органдарының объектілерін салуға бөлінген қаражатты 100 % игеру;
Уақтылығы: міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес белгіленген мерзімдердің кестесіне сәйкес;
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
199-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының
мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға кредит беру»
деген 052 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 23560000 мың теңге (жиырма үш миллиард бес жүз алпыс миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығы, «Қазақстан Республикасындағы 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Қазақстанның ипотекалық компаниясы« АҚ мен «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ұзақ мерзімді жеңілдетілген кредит беру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ орта өлшемді қарыз алу ставкасын төмендету және «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ алдын ала тұрғын үй сатып алу займын алуды қаржыландыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағдарламаның коды | Кіші бағдарламаның коды | Кіші бағдарламалардың (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 052 | | Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға кредит беру | | | |
2 | | 100 | «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ды несиелендіру | Алдын ала тұрғын үй заемдарын беруді қаржыландыру мақсатында «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға кредит беру | Қаңтар- наурыз | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
3 | | 101 | «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-ды несиелендіру | «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ талаптарына сәйкес келетін, екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық кредит бойынша талап ету құқықтарын алу мақсатында «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ кредит беру. | Қаңтар- наурыз | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ талаптарына сәйкес келетін екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық кредиттер бойынша талап ету құқықтарын «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-ның иемденуі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде азаматтардың басым санаттарына «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жеңілдетілген ұзақ мерзімді бюджет кредиті есебінен алдын ала тұрғын үй қарызын ұсыну.
Түпкі нәтиже: екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық кредиттерді және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның тұрғын үй сатып алуға алдын ала тұрғын үй қарыздарын беруі.
Қаржы-экономикалық нәтиже: екінші деңгейдегі банктерді және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ты қорландыру.
Уақтылығы: ұзақ мерзімді бюджет кредиттерінің уақытылы бөлінуі.
Сапасы: республикалық бюджетте көзделген кредит қаражатын толық көлемде бөлу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
200-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасының