Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі міндеттемелерін 100% орындау.
Уақтылығы:
1) қарыз шарттарында белгіленген мерзімде негізгі борышты, сыйақыларды, кредит берушілерден ақы төлеуге шоттардың негізінде мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша өзге төлемдерді уақтылы төлеу;
2) бюджеттік бағдарламаны іске асыру мерзімі ішінде мемлекет кепілдік берген қарыздар жөніндегі мерзімі өткен төлемдердің болмауы.
Сапасы: қарыз берушілердің мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және қызмет көрсету жөніндегі мүдделерін 100% қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
189-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджеттер
бойынша қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерві»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 600000 мың теңге (алты жүз миллион теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қолма-қол ақша тапшылығын жабуға төмен тұрған бюджеттердің шығыс бөлігінің орындалуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қолма-қол ақша тапшылығын жабуға төмен тұрған бюджеттерге кредит беру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджеттер бойынша қолмақол ақша тапшылығын жабуға арналған резерві | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері болған кезде қолма-қол ақша тапшылығын жабуға төмен тұрған бюджеттерге кредит беру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жергілікті атқарушы органдарға жасалған кредит келісімдеріне сәйкес қолма-қол ақша тапшылығын жабуға 600 000 мың теңге сомасына кредит қаражатын беру.
Түпкі нәтиже: төмен тұрған бюджеттер бойынша қолма-қол ақша тапшылығын 100 % жабу.
Сапасы: жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне сәйкес кредит қаражатын толық көлемде бөлу, бюджеттер бойынша қолма-қол ақша тапшылығын толық жабу үшін жергілікті атқарушы органдардың кредит қаражатына мұқтаждығын 100 % қамтамасыз ету.
Уақтылығы: қолма-қол ақша тапшылығын толық жабуға жергілікті бюджеттерге бюджеттік кредиттерді уақытылы бөлу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
190-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Үкіметтік борышқа қызмет көрсету»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 47001577 мың теңге (қырық жеті миллиард бір миллион бес жүз жетпіс жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 201-бабы; «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының үкіметтік борышын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін орындау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары бойынша дефолт фактісіне жол бермеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қарыз берушілер алдындағы үкіметтік қарыздар бойынша сыйақыларды (мүдделерді) төлеу және үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша міндеттемелерді толық және уақтылы орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Үкіметтік борышқа қызмет көрсету | | | |
2 | | 100 | Қарыздар бойынша сыйақыларды (мүдделерді) төлеу | Үкіметтік қарыздар бойынша және үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша сыйақыларды (мүдделерді) төлеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: үкіметтік қарыздар бойынша және үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша мөлшері 47 001 577 мың теңге сыйақыларды төлеу.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы Үкіметінің үкіметтік борышқа қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерін 100 % орындау.
Уақтылығы:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тікелей міндеттемелері болып табылатын үкіметтік борышқа қызмет көрсету жөніңдегі міндеттемелерді қарыз шарттарында және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру шарттарында белгіленген мерзімде орындау;
2) бюджеттік бағдарламаны іске асыру мерзімі ішінде үкіметтік борышқа қызмет көрсету бойынша мерзімі өткен төлемдердің жоқ болуы.
Сапасы: үкіметтік борышқа қызмет көрсету жөніндегі қарыз берушілердің мүдделерін 100 % қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
191-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Кеден қызметін жаңғырту»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 677142 мың теңге (алты жүз жетпіс жеті миллион бір жүз қырық екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 ақпандағы жолдауы; «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына және бәсекелестікке қабілеттігіне ықпал ететін тұрақты, тиімді жұмыс істейтін кеден жүйесін қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 1) кеден қызметінің жұмысын Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру жөніндегі халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес келтіру;
2) кеден рәсімдерін бірыңғай қолдануды қамтамасыз ету, айқындылық деңгейін арттыру және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға алаламай және әділ қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
3) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға көрсетілетін қызмет көрсетулердің сапасын арттыру, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін кедендік ресімдеу мерзімдерін 4 күннен 1 күнге дейін және шығындарды қысқарту;
4) тиімді әкімшілендіру есебінен алынған кедендік баждар мен жинақтардың 2008 жылдан 2012 жылдар кезеңіне ең аздығы 30 млрд. теңгеге көлемін көтеру;
5) қазіргі заманғы әлемдік тәжірибенің қолдану жолдарымен тауарлардың контрабандасына және басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күрес тиімділігін арттыру;
6) кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіншіліктер мен деңгейін азайтуы сыбайлас жемқорлықты түсінуін талдау бойынша халықаралық ресми басылымдарда Қазақстанның рейтингін нығайтуда көзқарасын өзгерту;
7) ұлттық, экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін арттыру;
8) кеден қызметінің ақпараттық жүйесін жаңғырту және «электронды Қаржымині» және «электронды үкіметінің» шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Кеден қызметін жаңғырту | | | |
2 | | 016 | Республикалық бюджеттен сыртқы заемдарды бірлесіп қаржыландыру есебінен | Кешенді көз шолу және функционалдық талдау негізінде ұйымдастырушылық құрылымын және штаттық санын оңтайландыру. Лауазымды адамдарын ұйымдастырушылық және кеден қызметінің реформалау әдістемелеріне оқыту. Стратегиялық жоспарландыру және жобаларды басқару әдістемелерін жетілдіру, стратегиялық жоспарландыру және жобаларды басқару әдістемелерін әзірлеу. Стратегиялық жоспарландыру әдістемелеріне кеден органдардың қызметкерлерін оқыту. Жедел басқару жүйесінде мониторингті процестердің әдістемелерін талдау және әзірлеу. Лауазымды тұлғаларын Жедел басқару орталығының ақпараттық жүйелері жұмысына оқыту. Дүниежүзілік Сауда ұйымының талаптарына кеден заңнамасына сәйкес бағалау және талдау жүргізу. Кеден органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және талдау. Лауазымды тұлғаларын тергеу және сыбайлас жемқорлыққа тыс қызметін жүргізу әдістемелеріне. техникасына оқыту. Кадрлармен басқару бойынша жеке кеңесшілерін тарту: 1. Кадрлармен басқару стратегиясы мен саясатын әзірлеу бойынша маманы (халықаралық) Кадрлармен басқару стратегиясы мен саясатын әзірлеу бойынша маман (жергілікті) Қызметкерлерге біліктілік талаптарын анықтау үшін құзыретіне кешенді бағалау және талдау жүргізу Кеден органдардың кадрлық бөлімшелерінің қызметкерлерін кадрмен басқару ақпараттық жүйесіне оқыту: 1. Кадрлық бөлімшелердің қызметкерлерімен семинар; ақпараттық жүйесінің жұмысына оқыту. Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің рәсімдерін есепке ала отырып жобаны іске асыруға жеке кеңесшілерді тарту: 1. Өзгерістерді басқару бойынша сарапшы; 2. Сұрау салуға талдау және жүргізу бойынша маман; 3. Бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы бойынша маман. Өзгертулермен басқару стратегиясын әзірлеу. Кеден заңнамасы құрылымы және зерттеудің ұйымдастыру мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен қосымша заңнаманы жаңарту. Тұрақты жетілдіруді және өзгерістермен басқару мәселелері бойынша кеден органдардың лауазымды тұлғаларына кеңес беру және оқыту. Қаражаттарды шығындан- дыру әдістемесі бойынша жеке кеңесшілерді тарту. Қаржы-шаруашылық қызметті қамтамасыз етудің жаңа автоматтандырылған жүйесін пайдалана отырып, жұмыс істеуге пилоттық аймақтағы кеден органдарының қызметкерлерін оқыту. Кедендік заңнама бойынша жеке кеңесшілерді тарту: 1. заңнама бойынша маман; 2. кедендік заңнама бойынша мамандар. Халықаралық кеңесшілермен көмек көрсету заңнамасын жаңарту және кеден заңнамасының құрылымын және ұйымдастырғанды зерттеу. Заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Заңнаманы жетілдіру мәселелеріне қызметкерлерді оқыту. Кеден тарифтері бойынша жеке кеңесшілерді тарту. Ықпалдасқан тарифті қолдану бойынша кеден органдарының қызметкерлеріне оқыту жүргізу. Тәуекелдерді басқару бойынша жеке кеңесшіні тарту. Кедендік ресімдеу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тиімділігін бағалау (пилоттық енгізуді бағалау, Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау, толық масштабтық енгізу бағасын қосқанда). Көліктік құралдар мен тауарларды декларациялау электрондық нысандарын қолдану үшін кедендік ресімдеу рәсімдерін, бизнес-процестердің модельдерін, ведомствоаралық ауыстыру үшін құжаттардың форматтарын әзірлеу (бизнес-процестердің жаңа жүйелердің шеңберінде пайдалану мақсатында). Кеден органының лауазымды тұлғаларын жаңа кеден рәсімдеріне, статистиканың ақпаратын талдау әдістеріне, тәуекелдермен басқаруға оқыту. Тәуекелдерді басқару жүйесінің шеңберінде посткедендік бақылаудың 1) кедендік ресімдеудің негізгі этапында кедендік бақылаудың орның толтыратын тауарлар шығарғаннан кейін құжаттамалық тексерістерге; 2) тексерістерге түректе- нетін үдемелі жүйесін құру. Тәуекелдерді басқару базасындағы посткедендік бақылауды жүргізу және ұйымдастыру әдістеріне оқыту, бақылаудың сапасын қамтамасыз ету әдістеріне оқыту. Құқық қорғау қызметі бойынша сарапшыны тарту. Құқық қорғау қызметінің рәсімдерін жетілдіру: 1. кеден қызметі ішінде тергеу рәсімін әзірлеу; 2. кедендік тергеулер рәсімдерін әзірлеу. Контрабандаға қарсы күрестің, тергеудің, жедел-іздестіру қызметің жүргізу құралдары, рәсімдері және әдістері бойынша үйрету, тренировкаларын, оқытуды жүргізу. Кеден органының лауазымды тұлғаларын бірлескен өткізу пунктінде жұмыс әдістеріне үйрету. Ақпараттық технологиялар бойынша жеке кеңесшілерді тарту: ақпараттық технологияларды жоспарлау және стратегиялық дамыту бойынша маманды. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды басқару және ұйымдастырудың жаңа рәсімдеріне қызметкерлерді оқыту. Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің рәсімдерін есепке алып жеке сарапшыларды тарту. 1. сатып алу бойынша маман; 2. сатып алу бойынша маман (ақпараттық коммуникациялық технологияларды); 3. қаржылық басқару бойынша маман; 4. ағылшын тіліндегі құжаттарды дайындау бойынша маман. Аударма қызметтері. Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметкерлері үшін жобаны басқару, сатып алу мен қаржыны басқару рәсімдерін және әдістерін үйрету. Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметкерлері үшін шетелге таныстыру және оқу сапарлары мен турлары. Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметкерлері үшін оқу әдебиетін сатып алу мен мерзімді және оқу басылымдарына жазылу. Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметкерлері үшін мобильді компьютерлерді және стандартты бағдарламалық қамтымды сатып алу. Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметкерлері үшін серверлік және компьютерлік жабдықтарды сатып алу. Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметкерлері үшін пайдаланушының жұмыс станциясын сатып алу. Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметкерлері үшін стандартты (операциялық және қолданбалы) бағдарламалық қамтымды және жабдықтарды сатып алу. Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметкерлері үшін лицензиялық бағдарламалық қамтымды сатып алу. Қарыз алуды ұйымдастырғаны үшін донорға біржолғы комиссия төлеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) шекаралық бекеттерде кедендік өндірістің орташа уақытын қысқарту;
2) ішкі кедендерде кедендік тазалаудың орташа уақытын төмендету;
3) Қазақстан Республикасы кеден органдары қызметтерінің тиімділігі негізгі көрсеткіштерін қосатын, қызметтерді ұсыну стандарттарын әзірлеу;
4) қазіргі заманғы әлемдік тәжірибені қолдану жолымен тауарлардың контрабандасына және басқа құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін күшейту;
5) кеден органдарында жемқорлық үшін деңгейді және мүмкіндікті төмендету, ол жемқорлықты тануды талдау бойынша Қазақстанның халықаралық ресми баспаларда рейтингін жоғарылатуда орнын табуы қажет;
6) кеден қызметінің ақпараттық жүйесін жаңғырту және «электрондық қаржымині» және «электрондық үкіметтің» шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже:
1) кедендік ресімдеу үшін қажетті құжаттар саны 2006 жылмен салыстырғанда қысқарып және 2008 жылы - 11-13 құрайды;
2) тәуекелдермен басқаруға негізделген кедендік бақылау және ресімдеу рәсімдері жөніндегі және 2008 жылы «Қызыл коридор»<40 %;
3) тәуекелдермен басқаруға негізделген посткедендік бақылау, операциялардың жалпы көлемінің пайызы ретінде 2006 жылмен салыстырғанда 2008 жылы - 10 % құрайды;
4) тәуекелдерге негізделген аудиттің нәтижесі бойынша есептелген қосымша мемлекеттік кірістердің өсуі 2006 жылмен салыстырғанда 2008 жылы - 10 % құрайды;
5) тауарлар мен көлік құралдарының физикалық тексеріп қарауының қысқаруы 2006 жылмен салыстырғанда 2008 жылы - 60 % құрайды;
6) жедел ақпарат бойынша анықталған қылмыстық істердің санының өсуі 2006 жылмен салыстырғанда 2008 жылы - 6 % құрайды;
7) Қазақстан Республикасының басқа құқық қорғау органдарымен бірлескен іс-шараларды жүргізу кезінде кеден ісі саласында анықталған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар санының өсуі 2006 жылмен салыстырғанда 2008 жылы - 6 % құрайды;
8) кеден ісі саласында анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар санының өсуі, әкімшілік өндіріс сапасының жоғарылауы 2006 жылмен салыстырғанда 2008 жылы - 6 % құрайды;
9) Кеден ісі саласында экономикалық қылмыстар бойынша мемлекетке келтірілген шығындар сомасының өсуі 2006 жылмен салыстырған 2008 жылы - 6 % құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтиже: кедендік рәсімді және құқық қорғау қызметін жетілдіру жобаланған кедендік төлемдер мен салықтар көрсеткішінің 2 % қосымша жиынына жағдай туғызады.
Уақтылығы: Іс-шара жоспарын орындау мерзіміне сәйкес қойылған міндеттерді жүзеге асыру.
Сапасы: кеден рәсімдерін бірыңғай қолдануды қамтамасыз ету, мөлдірлік деңгейін жоғарылату және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды алаламай және әділ қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
192-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет,
осымен және кредит беруге байланысты дауларды реттеу, кредиттер және мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау есебінен алынған немесе
өндіріп алынған мүлікті есепке алу, сақтау»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 715100 мың теңге (жеті жүз он бес миллион бір жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заңының 2, 17, 22-баптары; «Стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 4 қазандағы Заңының 7, 13-баптары; «Мемлекеттік меншік бойынша ақпараттық алмасуын қамтамасыз ету және ақпараттық деректер қорын енгізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысы; «Мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің жұмыс істеуіне және оларды басқарудың тиімділігіне кешенді мониторинг жүйесін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 шілдедегі № 998 қаулысы; «Экономикалық стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асыратын объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысы; «Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 маусымдағы № 620 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: Республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік меншікті, жекешелендіруді және жекешелендіруден кейінгі қызметті басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жекешелендірудің барлық құралдарын пайдалана отырып, оның ішінде брокерлерді тарту жолымен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында жекешелендіру объектілерін сатуды әзірлеу және жүзеге асыру; жекешелендіруден кейінгі бақылауды қамтамасыз ету; республикалық меншіктің, мемлекеттің меншік үлесі бар кәсіпорындардың активтерін басқару тиімділігін талдауды жүргізу; стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін ұйымдастыру және жүргізу; мониторингі есебінің бірыңғай ақпараттық деректер қорын сүйемелдеу және дамыту; Жарғылық капиталда мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, заңды тұлғалардың тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) жүргізу; сотқа және сотқа дейінгі тәртіпте заң консультанттарын тарта отырып, жекешелендіруге, республикалық меншікті басқаруға және жекешелендіруден кейінгі қызметке байланысты дауларды шешу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет, осымен және кредит беруге байланысты дауларды реттеу, кредиттер және мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау есебінен алынған немесе өндіріп алынған мүлікті есепке алу, сақтау | Мыналарды: - бәсекелі ортаға берілуі тиіс 19 акционерлік қоғамның және 840 басқа да объектілердің (құрылысы аяқталмаған, көліктің, жылжымайтын мүліктің және т.б.) құнын, сондай-ақ инвестицияларды, сатып алынатын мүлікті, қаржы жағдайын бағалау; - жекешелендірілген 29 объектілер бойынша келісім-шарттық міндеттемелердің орындалуын тексеру; - республикалық меншіктің 63 объектілері бойынша активтерді басқару тиімділігін талдау; - стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы 17 акционерлік қоғамның 58 құрылымдық бөлімшелерде мемлекеттік меншіктің мониторингі; - жекешелендіру объектілерін сату, соның ішінде қор биржасында; - мониторингтің деректер қорын сүйемелдеу және дамыту жөніндегі жұмысы қызметін сатып алу. Сауда-саттықты ұйымдастырушының, қаржылық кеңесшінің, акциялардың мемлекеттік пакеттерімен мәмілелерді тіркеу жөніндегі бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың және Тізілімді жүргізу жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ жекешелендіру мен мемлекеттік меншікті басқаруға байланысты мәселелер бойынша әдістемелік және заң қызметтерін көрсету қызметтерін сатып алу. Қазақстан Республикасы аумағында және халықаралық төрелік органдардағы заң консультанттарын тарта отырып, жекешелендіруге, республикалық мүлікті басқару мен жекешелендіруден кейінгі қызметке байланысты дауларды реттеу. Республикалық меншік объектілері бойынша сауда-саттық туралы ақпараттық хабарламалардың жарияланымдары. Жылжымайтын мүлік объектісінің жер телімдерін бағалау. | Ай сайын, жыл ішінде | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: республикалық бюджетке республикалық меншік объектілерін жекешелендіруден жоспарланған көлемде ақшаның, республикалық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакеттеріне дивидендтердің, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістерінің бір бөлігінің түсуі.
Түпкі нәтиже: республикалық меншіктің, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы объектілерді басқарудың тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеп шығару; стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы 40 объектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды және жекешелендірілген объектілер бойынша келісім-шарттық міндеттемелердің орындауын жүзеге асыру; Мемлекеттік меншік объектілерінің тізілімінде толық, сенімді, жүйелік есепті қамтамасыз ету, басқарушылық шешімдер қабылдау үшін есепке алу қызметінің объектілерін талдау кезінде Тізімнің деректер қорын пайдалану.
Қаржы-шаруашылық нәтиже: Орташа алғанда бір сағат ішінде сатып алынатын қызметтердің шығындары мынадай:
- жекешелендіру объектілері құнын бағалауға - 5,3 мың теңге;
- шарттық міндеттемелердің орындалуын тексеруге - 4,1 мың теңге;
- активтерді басқару тиімділігінің мониторингіне - 8,3 мың теңге;
- мониторингтің деректер қорын сүйемелдеу және дамытуға 7,3 мың теңге;
- отандық заңды консультанттар - 9,5 мың теңге және шетелдік заң консультанттары - 60 мың теңге.
Мынадай:
- акциялар иесі тізіліміндегі бір акционерлік қоғамның бағалы қағаздарымен мәмілелер жүргізуге - 21,5 мың теңге;
- бір жер телімінің құнын бағалауға - 8,0 мың теңге орташа шығыстар.
Ақпараттық хабарлама алаңының бір шаршы сантиметр жарияланымының орташа құны - 0,24 мың теңге.
Уақтылығы: белгіленген мерзімде толық көлемде жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы: тиімді басқару, менеджментті және зерттелген объектілердің қаржы-шаруашылық қызметін жақсарту мақсатында республикалық меншіктің құрылымын оңтайландыру, мемлекеттік меншіктің бірыңғай деректер қорын жүргізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
193-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі