«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың
кейбір мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 9 ақпандағы № 150 қаулысы
(2008.31.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 4 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2008.31.01. № 82 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) егер олар басқа салаларда пайдаланылмаса, қару-жарақты және оның оқ-дәрiлерiн, әскери техниканы, қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы элементтер мен оның аспаптарын, сондай-ақ монтаждау, реттеу, пайдалану, сақтау, жөндеу және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату жөніндегі лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптары бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен біліктiлiк талаптары өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.31.01. № 82 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 9 ақпандағы № 150 қаулысымен
бекітілген
Босатылатын әскери-техникалық құралдарды жою
(жою, пайдаға асыру, көму) және қайта өңдеу
жөніндегі лицензияланатын қызмет түрлерiне
қойылатын біліктiлiк талаптары
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен біліктiлiк талаптары өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 9 ақпандағы № 150 қаулысымен
бекітілген
Егер олар басқа салаларда пайдаланылмаса,
қару-жарақты және оның оқ-дәрiлерiн, әскери
техниканы, қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы
элементтер мен оның аспаптарын, сондай-ақ
монтаждау, реттеу, пайдалану, сақтау, жөндеу
және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда,
оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен
жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату
жөнiндегі лицензияланатын қызмет түрлерiне
қойылатын біліктiлiк талаптары
1. Жалпы ережелер
1. Бiлiктiлiк талаптары мынадай жұмыстар түрлерi бойынша лицензия алуға үмiткер заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - өтiнiш берушi) қолданылады:
1) егер олар басқа салаларда пайдаланылмаса, қару-жарақты және оның оқ-дәрiлерiн, әскери техниканы, қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы элементтер мен оның аспаптарын, сондай-ақ монтаждау, реттеу, пайдалану, сақтау, жөндеу және сервистік қызмет көрсетудi қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу;
2) егер олар басқа салаларда пайдаланылмаса, қару-жарақты және оның оқ-дәрiлерiн, әскери техниканы, қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы элементтер мен оның аспаптарын, сондай-ақ монтаждау, реттеу, пайдалану, сақтау, жөндеу және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды өндiру және жөндеу;
3) егер олар басқа салаларда пайдаланылмаса, қару-жарақты және оның оқ-дәрiлерiн, әскери техниканы, қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы элементтер мен оның аспаптарын, сондай-ақ монтаждау, реттеу, пайдалану, сақтау, жөндеу және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды сату.
2. Лицензиат жыл сайын лицензиарға лицензияланатын қызмет түрлерi жөнiнде жылдың қорытындысы бойынша есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 наурызынан кешiктiрмей есептер ұсынады.
2. Егер олар басқа салаларда пайдаланылмаса, қару-жарақты және оның
оқ-дәрiлерiн әскери техниканы, қосалқы бөлшектерді, жинақтаушы элементтер
мен оның аспаптарын, сондай-ақ монтаждау, реттеу, пайдалану, сақтау, жөндеу
және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы
материалдар мен жабдықтарды әзiрлеуге қойылатын бiліктілік талаптары
3. Көрсетiлген қызмет түрiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiліктілiк талаптары:
1) заңды тұлға үшін - өтініш берушінің басшысында (оның орынбасарында) жоғары немесе орта техникалық білімi, мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажы болуын, Тау-кен техникалық қадағалау органдарында қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiне тиiстi тексеруден өтуiн;
жеке тұлға үшiн - жоғары немесе орта техникалық білімi болуын, мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс стажы болуын, Тау-кен техникалық қадағалау органдарында қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiн тиiсті тексеруден өтуiн;
2) тиiстi жоғары және орта техникалық білімi болуын, Тау-кен техникалық қадағалау органдарында техникалық пайдалану ережелерiн және қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiне біліктiлiгiн тексеруден өткен біліктi мамандар болуын;
3) көрсетілген қызмет түрiне әзiрлемелер мәселелерi бойынша нормативтiк-техникалық құжаттар жиынтығы, сондай-ақ негізгi (базалық) модельдерге конструкторлық құжаттама түріндегі ғылыми база болуын;
4) жеке меншiк немесе оны жалдау құқығындағы мыналарды қамтитын өндiрiстiк техникалық база:
мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттар, жабдықтар, стендтер, Мемлекеттік тау-кен техникалық қадағалау қызметтерінiң тиiстi рұқсаты бар көтеру механизмдері мен салыстырып тексерiлген бақылау-өлшеу аппаратуралары;
өндiрiлген өнiмдердi сақтау әрі бақылаулық сынау жүргiзуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайлар;
жұмыс iстейтiн персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайдың болуын қамтиды.
Өндiрiстiк базаның аумағы оқшауланған, қоршалған, қарулы күзетпен қорғалуы тиiс, өрт қауіпсiздiгiнің және санитарлық нормалардың мiндеттi талаптарына сай болуы, сондай-ақ қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектілерден қауiпсiз қашықтықта орналасуы тиiс;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң немесе оның аумақтық органдарының мемлекеттік құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалана отырып, жұмыс жасауға, сондай-ақ режимдiк iс-шаралармен қамтамасыз етiлгендiгi әрi жеткiлiктiлiгiне берген рұқсаты;
6) iшкi iстер органдарының - бұйымдарды, олардың қосалқы бөлшектерiн, жинақтаушы элементтерi мен аспаптарын есепке алуды, оларды әзiрлеу кезiнде белгіленген шарттардың қамтамасыз етiлуiн бақылауды ұйымдастыру туралы;
өртке қарсы қызмет органдарының - өтiнiш бiлдiрілген қызмет түрiн жүзеге асыру шарттарының өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi туралы;
санитарлық, экологиялық, тау-кен техникалық қадағалау органдарының - азаматтардың өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта қауiпсiздігінiң қамтамасыз етiлгенi туралы тиiстi қорытындылары болуын қамтиды.
3. Егер олар басқа салаларда пайдаланылмаса,
қару-жарақты және оның оқ-дәрiлерiн, әскери техниканы,
қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы элементтер мен оның
аспаптарын, сондай-ақ монтаждау, реттеу, пайдалану,
сақтау, жөндеу және сервистiк қызмет көрсетудi қоса
алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар
мен жабдықтарды өндiру мен жөндеуге қойылатын
біліктілік талаптары
4. Көрсетiлген қызмет түрiн лицензиялау кезiнде қойылатын біліктілiк талаптары:
1) заңды тұлға үшiн - өтiнiш берушінің басшысында (оның орынбасарында) жоғары немесе орта техникалық білімi болуын, мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажы болуын, Тау-кен техникалық қадағалау органдарында қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiне тиiстi тексеруден өтуiн;
жеке тұлға үшiн - жоғары немесе орта техникалық білімi болуын, мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс стажы болуын, Тау-кен техникалық қадағалау органдарында қауіпсiздiк ережелерiн бiлуiне тиiстi тексеруден өтуiн;
2) тиiстi жоғары және орта техникалық білімi болуын, Тау-кен техникалық қадағалау органдарында техникалық пайдалану ережелерiн және қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiне біліктiлiгiн тексеруден өткен білікті мамандар болуын;
3) көрсетiлген қызмет түріндегі өндiру және жөндеу мәселелерi бойынша нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы, сондай-ақ негiзгi (базалық) модельдерге конструкторлық құжаттама түріндегі ғылыми база болуын;
4) жеке меншiк немесе оны жалдау құқығындағы мыналарды қамтитын өндiрiстiк техникалық база:
- мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттар, ангарлар, көлiк құралдары, жабдықтар, стендтер, Мемлекеттік тау-кен техникалық қадағалау қызметтерiнің тиiстi рұқсаты бар көтеру механизмдерi мен салыстырып тексерiлген бақылау-өлшеу аппаратуралары;
өндiрiлген өнiмдердi сақтау әрi бақылаулық сынау жүргiзуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайлар;
жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге арналған жөндеу-техникалық базасы;
жұмыс iстейтiн персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайдың болуын қамтиды.
Өндiрiстiк базаның аумағы оқшауланған, қоршалған, қарулы күзетпен қорғалуы тиiс, өрт қауіпсiздігінің және санитарлық нормалардың мiндеттi талаптарына жауап беруi, сондай-ақ қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасуы тиiс;
5) өндiру және жөндеу жоспарланған қару-жарақты және оның оқ-дәрiлерiн, әскери техниканы, қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы элементтер мен оның аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтардың тактикалық-техникалық сипаттамасы;
6) техникалық-экономикалық негiздеменi және жұмыстар кезеңiн көрсетудi;
7) материалдарды, шала өнiмдердi, жинақтаушы бұйымдарды, қару-жарақ бұйымдарын, әскери техниканы олардың оқ-дәрiлерiн, қосалқы бөлшектерiн, жинақтаушы элементтерiн және оның аспаптарын есепке алу мен сақтау жөніндегі құжаттама;
8) жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөнiндегі нұсқаулықтар, ережелер және нормативтiк-техникалық құжаттар;
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң немесе оның аумақтық органдарының мемлекеттік құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалана отырып, жұмыс жасауға, сондай-ақ режимдiк іс-шаралармен қамтамасыз етілгендігі әрi жеткiліктілігіне берген рұқсаты;
10) ішкі iстер органдарының - қаруды, олардың оқ-дәрiлерiн, қосалқы бөлшектерiн, жинақтаушы элементтерiн есепке алуды, оларды өндiру мен жөндеу кезiнде белгiленген шарттардың қамтамасыз етiлуiн бақылауды ұйымдастыру туралы;
өртке қарсы қызмет органдарының - өтініш бiлдiрiлген қызмет түрiн жүзеге асыру шарттарының өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi туралы;
санитарлық, экологиялық, тау-кен техникалық қадағалау органдарының - азаматтардың өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта қауіпсiздігінің қамтамасыз етiлгенi туралы тиiстi қорытындылары болуын қамтиды.
4. Егер олар басқа салаларда пайдаланылмаса, қару-жарақты және оның
оқ-дәрiлерiн, әскери техниканы, қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы
элементтер мен оның аспаптарын, сондай-ақ монтаждау, реттеу, пайдалану,
сақтау, жөндеу және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда,
оларды өндiруге арналған арнайы материалдар
мен жабдықтарды сатуға қойылатын
біліктiлiк талаптары
5. Көрсетiлген қызмет түрiн лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптары:
1) заңды тұлға үшiн - өтiнiш берушінің басшысында (оның орынбасарында, мамандарында) жоғары немесе орта техникалық білімi, мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажы болуы, Тау-кен техникалық қадағалау органдарында қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiне тиiстi тексеруден өтуiн;
жеке тұлға үшiн - жоғары немесе орта техникалық білімi болуы, мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс стажы болуы, Тау-кен техникалық қадағалау органдарында қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiне тиiстi тексеруден өтуiн;
2) аумағы оқшауланған, қоршалған, қарулы күзетпен қорғалуы тиiс, өрт қауiпсiздiгiнiң және санитарлық нормалардың мiндеттi талаптарына жауап беруi, сондай-ақ қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасуы тиiс меншiк құқығындағы немесе жалға алынған мамандандырылған үй-жайлардың болуын;
3) тиiстi лицензиялары бар өтiнiш берушi, жеткiзушi мен сатып алушы арасында қару-жарақты және оның оқ-дәрiлерiн, әскери техниканы, қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы элементтер мен оның аспаптарын сатуды көздейтiн шарттар немесе ниет туралы хаттамалары;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң немесе оның аумақтық органдарының мемлекеттік құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалана отырып, жұмыс жасауға, сондай-ақ режимдiк iс-шаралармен қамтамасыз етілгендігі әрi жеткіліктілігіне берген рұқсаты;
5) iшкi iстер органдарының - қаруды, олардың оқ-дәрілерiн, әскери техниканы, қосалқы бөлшектерiн, жинақтаушы элементтерi мен олардың аспаптарын есепке алуы, оларды тасымалдау кезiнде белгiленген шарттардың қамтамасыз етiлуiн;
өртке қарсы қызмет органдарының - өтiнiш бiлдiрiлген қызмет түрiн жүзеге асыру шарттарының өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігі туралы;
санитарлық, экологиялық, тау-кен техникалық қадағалау органдарының - азаматтардың өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта қауіпсіздігінің қамтамасыз етілгені туралы тиісті қорытындылары болуын қамтиды.