«Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске
асырудың кейбір мәселелерi туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 ақпандағы № 150 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған:
1) босатылатын әскери-техникалық құралдарды жою (жою, пайдаға асыру, көму) және қайта өңдеу жөніндегі лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын біліктiлiк талаптары;
2) егер олар басқа салаларда пайдаланылмаса, қару-жарақты және оның оқ-дәрiлерiн, әскери техниканы, қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы элементтер мен оның аспаптарын, сондай-ақ монтаждау, реттеу, пайдалану, сақтау, жөндеу және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату жөніндегі лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптары бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-МинистрiД. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 9 ақпандағы № 150 қаулысымен
бекітілген
Босатылатын әскери-техникалық құралдарды жою
(жою, пайдаға асыру, көму) және қайта өңдеу
жөніндегі лицензияланатын қызмет түрлерiне
қойылатын біліктiлiк талаптары
1. Жалпы ережелер
1. Осы біліктiлiк талаптары босатылатын әскери-техникалық құралдарды жою (жою, пайдаға асыру, көму) және қайта өңдеу жөніндегі лицензия алуға үмiткер заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - өтiнiш берушi) қолданылады.
2. Лицензиат жыл сайын лицензиарға жылдың қорытындысы бойынша лицензияланатын қызмет түрлерi жөнiнде есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 наурызынан кешiктірмей есеп тапсырады.
2. Бiлiктiлiк талаптары
3. Көрсетiлген қызмет түрiн лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптары:
1) заңды тұлға үшiн - өтiнiш берушінің басшысында (оның орынбасарында) жоғары немесе орта техникалық білімi, мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажы болуын, Тау-кен техникалық қадағалау органдарында қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiн тексеруден өтуi;
жеке тұлға үшiн - жоғары немесе орта техникалық білімi болуын, мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс стажы болуын, Тау-кен техникалық қадағалау органдарында қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiн тексеруден өтуi;
2) тиiстi біліктiлiгi бар әрi мемлекеттік стандарттар мен нұсқаулықтар талаптары орындалуын қамтамасыз ететiн, Тау-кен техникалық қадағалау органдарында қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiне тексеруден өткен мамандар болуын;
3) жеке меншiк немесе мыналарды қамтитын оны жалдау құқығындағы тиiстi өндiрiстiк-техникалық базаны:
- ғимараттар, құрылыстар, көтергiш механизмдер, жабдықтар, көлiк құралдары;
- сыныққа пайдаға асырылғандарын немесе қайта өңделген әскери-техникалық құралдарды топтары, түрлері, маркалары мен сорттары бойынша бөлек сақтауға арналған арнайы жабдықталған аумақтар немесе контейнерлерi бар үй-жайлар;
- қалдықтарды немесе қайта өңделген әскери-техникалық құралдар материалдарын сорттауға, кесуге, пакеттеуге арналған жабдықтар мен құрал-саймандары бар үй-жайлар немесе арнайы алаңдар;
- жұмысшы персоналын орналастыруға арналған санитарлық және өрт қауiпсiздiгi талаптарына жауап беретiн қызметтiк үй-жай болуын қамтиды.
Өндiрiстiк базаның аумағы өрт қауiпсiздiгi мен санитарлық нормалар талаптарына сай, қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, қоршалған, күзетiлетiн әрi оқшауланған болуы тиiс;
4) жою (жою, пайдаға асыру, көму) жоспарланған және босатылатын әскери-техникалық құралдарды қайта өңдеудiң тактикалық-техникалық сипаттамалары;
5) техникалық-экономикалық негiздемелер мен жұмыс кезеңдерiн көрсетулер;
6) мемлекеттік тiзiлiмде енгiзiлген, тиiстi орган салыстырып тексерген таразы шаруашылығы (автомобиль, темір жол таразылары);
7) радиацияны өлшеуге арналған белгiлi тәртіппен салыстырып тексерiлген аспаптар;
8) босатылатын әскери-техникалық құралдарды көму және қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтiк-техникалық құжаттар;
9) облыстардың, Астана, Алматы қалалары iшкi iстер органдарының олардың аумағында өтiнiш берушiнiң өндiрiстiк-техникалық базасы мен арнайы жабдықталған аумағы (үй-жайы) бар, босатылатын әскери-техникалық құралдарды сақтау мен тасымалдау кезiнде белгiленген жағдайларды есепке алуын, қамтамасыз етуiн бақылауды ұйымдастыру туралы;
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының мәлiмделген қызмет түрiн жүзеге асыру жағдайларының өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгi туралы;
санитарлық, экологиялық, тау-кен-техникалық қадағалау органдарының азаматтардың өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы тиiстi қорытындылары болуын қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 9 ақпандағы № 150 қаулысымен
бекітілген
Егер олар басқа салаларда пайдаланылмаса,
қару-жарақты және оның оқ-дәрiлерiн, әскери
техниканы, қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы
элементтер мен оның аспаптарын, сондай-ақ
монтаждау, реттеу, пайдалану, сақтау, жөндеу
және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда,
оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен
жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату
жөнiндегі лицензияланатын қызмет түрлерiне
қойылатын біліктiлiк талаптары
1. Жалпы ережелер
1. Бiлiктiлiк талаптары мынадай жұмыстар түрлерi бойынша лицензия алуға үмiткер заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - өтiнiш берушi) қолданылады:
1) егер олар басқа салаларда пайдаланылмаса, қару-жарақты және оның оқ-дәрiлерiн, әскери техниканы, қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы элементтер мен оның аспаптарын, сондай-ақ монтаждау, реттеу, пайдалану, сақтау, жөндеу және сервистік қызмет көрсетудi қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу;
2) егер олар басқа салаларда пайдаланылмаса, қару-жарақты және оның оқ-дәрiлерiн, әскери техниканы, қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы элементтер мен оның аспаптарын, сондай-ақ монтаждау, реттеу, пайдалану, сақтау, жөндеу және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды өндiру және жөндеу;
3) егер олар басқа салаларда пайдаланылмаса, қару-жарақты және оның оқ-дәрiлерiн, әскери техниканы, қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы элементтер мен оның аспаптарын, сондай-ақ монтаждау, реттеу, пайдалану, сақтау, жөндеу және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды сату.
2. Лицензиат жыл сайын лицензиарға лицензияланатын қызмет түрлерi жөнiнде жылдың қорытындысы бойынша есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 наурызынан кешiктiрмей есептер ұсынады.
2. Егер олар басқа салаларда пайдаланылмаса, қару-жарақты және оның
оқ-дәрiлерiн әскери техниканы, қосалқы бөлшектерді, жинақтаушы элементтер
мен оның аспаптарын, сондай-ақ монтаждау, реттеу, пайдалану, сақтау, жөндеу
және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы
материалдар мен жабдықтарды әзiрлеуге қойылатын бiліктілік талаптары
3. Көрсетiлген қызмет түрiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiліктілiк талаптары:
1) заңды тұлға үшін - өтініш берушінің басшысында (оның орынбасарында) жоғары немесе орта техникалық білімi, мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажы болуын, Тау-кен техникалық қадағалау органдарында қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiне тиiстi тексеруден өтуiн;
жеке тұлға үшiн - жоғары немесе орта техникалық білімi болуын, мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс стажы болуын, Тау-кен техникалық қадағалау органдарында қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiн тиiсті тексеруден өтуiн;
2) тиiстi жоғары және орта техникалық білімi болуын, Тау-кен техникалық қадағалау органдарында техникалық пайдалану ережелерiн және қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiне біліктiлiгiн тексеруден өткен біліктi мамандар болуын;
3) көрсетілген қызмет түрiне әзiрлемелер мәселелерi бойынша нормативтiк-техникалық құжаттар жиынтығы, сондай-ақ негізгi (базалық) модельдерге конструкторлық құжаттама түріндегі ғылыми база болуын;
4) жеке меншiк немесе оны жалдау құқығындағы мыналарды қамтитын өндiрiстiк техникалық база:
мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттар, жабдықтар, стендтер, Мемлекеттік тау-кен техникалық қадағалау қызметтерінiң тиiстi рұқсаты бар көтеру механизмдері мен салыстырып тексерiлген бақылау-өлшеу аппаратуралары;
өндiрiлген өнiмдердi сақтау әрі бақылаулық сынау жүргiзуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайлар;
жұмыс iстейтiн персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайдың болуын қамтиды.
Өндiрiстiк базаның аумағы оқшауланған, қоршалған, қарулы күзетпен қорғалуы тиiс, өрт қауіпсiздiгiнің және санитарлық нормалардың мiндеттi талаптарына сай болуы, сондай-ақ қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектілерден қауiпсiз қашықтықта орналасуы тиiс;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң немесе оның аумақтық органдарының мемлекеттік құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалана отырып, жұмыс жасауға, сондай-ақ режимдiк iс-шаралармен қамтамасыз етiлгендiгi әрi жеткiлiктiлiгiне берген рұқсаты;
6) iшкi iстер органдарының - бұйымдарды, олардың қосалқы бөлшектерiн, жинақтаушы элементтерi мен аспаптарын есепке алуды, оларды әзiрлеу кезiнде белгіленген шарттардың қамтамасыз етiлуiн бақылауды ұйымдастыру туралы;
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының - өтiнiш бiлдiрілген қызмет түрiн жүзеге асыру шарттарының өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi туралы;
санитарлық, экологиялық, тау-кен техникалық қадағалау органдарының - азаматтардың өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта қауiпсiздігінiң қамтамасыз етiлгенi туралы тиiстi қорытындылары болуын қамтиды.
3. Егер олар басқа салаларда пайдаланылмаса,
қару-жарақты және оның оқ-дәрiлерiн, әскери техниканы,
қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы элементтер мен оның
аспаптарын, сондай-ақ монтаждау, реттеу, пайдалану,
сақтау, жөндеу және сервистiк қызмет көрсетудi қоса
алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар
мен жабдықтарды өндiру мен жөндеуге қойылатын
біліктілік талаптары
4. Көрсетiлген қызмет түрiн лицензиялау кезiнде қойылатын біліктілiк талаптары:
1) заңды тұлға үшiн - өтiнiш берушінің басшысында (оның орынбасарында) жоғары немесе орта техникалық білімi болуын, мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажы болуын, Тау-кен техникалық қадағалау органдарында қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiне тиiстi тексеруден өтуiн;
жеке тұлға үшiн - жоғары немесе орта техникалық білімi болуын, мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс стажы болуын, Тау-кен техникалық қадағалау органдарында қауіпсiздiк ережелерiн бiлуiне тиiстi тексеруден өтуiн;
2) тиiстi жоғары және орта техникалық білімi болуын, Тау-кен техникалық қадағалау органдарында техникалық пайдалану ережелерiн және қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiне біліктiлiгiн тексеруден өткен білікті мамандар болуын;
3) көрсетiлген қызмет түріндегі өндiру және жөндеу мәселелерi бойынша нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы, сондай-ақ негiзгi (базалық) модельдерге конструкторлық құжаттама түріндегі ғылыми база болуын;
4) жеке меншiк немесе оны жалдау құқығындағы мыналарды қамтитын өндiрiстiк техникалық база:
- мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттар, ангарлар, көлiк құралдары, жабдықтар, стендтер, Мемлекеттік тау-кен техникалық қадағалау қызметтерiнің тиiстi рұқсаты бар көтеру механизмдерi мен салыстырып тексерiлген бақылау-өлшеу аппаратуралары;
өндiрiлген өнiмдердi сақтау әрi бақылаулық сынау жүргiзуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайлар;
жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге арналған жөндеу-техникалық базасы;
жұмыс iстейтiн персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайдың болуын қамтиды.
Өндiрiстiк базаның аумағы оқшауланған, қоршалған, қарулы күзетпен қорғалуы тиiс, өрт қауіпсiздігінің және санитарлық нормалардың мiндеттi талаптарына жауап беруi, сондай-ақ қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасуы тиiс;
5) өндiру және жөндеу жоспарланған қару-жарақты және оның оқ-дәрiлерiн, әскери техниканы, қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы элементтер мен оның аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтардың тактикалық-техникалық сипаттамасы;
6) техникалық-экономикалық негiздеменi және жұмыстар кезеңiн көрсетудi;
7) материалдарды, шала өнiмдердi, жинақтаушы бұйымдарды, қару-жарақ бұйымдарын, әскери техниканы олардың оқ-дәрiлерiн, қосалқы бөлшектерiн, жинақтаушы элементтерiн және оның аспаптарын есепке алу мен сақтау жөніндегі құжаттама;
8) жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөнiндегі нұсқаулықтар, ережелер және нормативтiк-техникалық құжаттар;
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң немесе оның аумақтық органдарының мемлекеттік құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалана отырып, жұмыс жасауға, сондай-ақ режимдiк іс-шаралармен қамтамасыз етілгендігі әрi жеткiліктілігіне берген рұқсаты;
10) ішкі iстер органдарының - қаруды, олардың оқ-дәрiлерiн, қосалқы бөлшектерiн, жинақтаушы элементтерiн есепке алуды, оларды өндiру мен жөндеу кезiнде белгiленген шарттардың қамтамасыз етiлуiн бақылауды ұйымдастыру туралы;
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының - өтініш бiлдiрiлген қызмет түрiн жүзеге асыру шарттарының өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi туралы;
санитарлық, экологиялық, тау-кен техникалық қадағалау органдарының - азаматтардың өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта қауіпсiздігінің қамтамасыз етiлгенi туралы тиiстi қорытындылары болуын қамтиды.
4. Егер олар басқа салаларда пайдаланылмаса, қару-жарақты және оның
оқ-дәрiлерiн, әскери техниканы, қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы
элементтер мен оның аспаптарын, сондай-ақ монтаждау, реттеу, пайдалану,
сақтау, жөндеу және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда,
оларды өндiруге арналған арнайы материалдар
мен жабдықтарды сатуға қойылатын
біліктiлiк талаптары
5. Көрсетiлген қызмет түрiн лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптары:
1) заңды тұлға үшiн - өтiнiш берушінің басшысында (оның орынбасарында, мамандарында) жоғары немесе орта техникалық білімi, мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажы болуы, Тау-кен техникалық қадағалау органдарында қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiне тиiстi тексеруден өтуiн;
жеке тұлға үшiн - жоғары немесе орта техникалық білімi болуы, мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс стажы болуы, Тау-кен техникалық қадағалау органдарында қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiне тиiстi тексеруден өтуiн;
2) аумағы оқшауланған, қоршалған, қарулы күзетпен қорғалуы тиiс, өрт қауiпсiздiгiнiң және санитарлық нормалардың мiндеттi талаптарына жауап беруi, сондай-ақ қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасуы тиiс меншiк құқығындағы немесе жалға алынған мамандандырылған үй-жайлардың болуын;
3) тиiстi лицензиялары бар өтiнiш берушi, жеткiзушi мен сатып алушы арасында қару-жарақты және оның оқ-дәрiлерiн, әскери техниканы, қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы элементтер мен оның аспаптарын сатуды көздейтiн шарттар немесе ниет туралы хаттамалары;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң немесе оның аумақтық органдарының мемлекеттік құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалана отырып, жұмыс жасауға, сондай-ақ режимдiк iс-шаралармен қамтамасыз етілгендігі әрi жеткіліктілігіне берген рұқсаты;
5) iшкi iстер органдарының - қаруды, олардың оқ-дәрілерiн, әскери техниканы, қосалқы бөлшектерiн, жинақтаушы элементтерi мен олардың аспаптарын есепке алуы, оларды тасымалдау кезiнде белгiленген шарттардың қамтамасыз етiлуiн;
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының - өтiнiш бiлдiрiлген қызмет түрiн жүзеге асыру шарттарының өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігі туралы;
санитарлық, экологиялық, тау-кен техникалық қадағалау органдарының - азаматтардың өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта қауіпсіздігінің қамтамасыз етілгені туралы тиісті қорытындылары болуын қамтиды.