Өнімнің транзитіне рұқсат беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 130 Қаулысы
(2014.26.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 Қаулысымен күші жойылды
«Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығын қараңыз
«Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Өнімнің транзитіне рұқсат беру ережесі бекітілсін.
2. «Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 шілдедегі № 674 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 26, 276-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2008 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 11 ақпандағы
№ 130 қаулысымен
бекітілген
Өнімнің транзитіне рұқсат беру
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өнімнің транзитіне рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және өнімнің транзитіне рұқсат беру тәртібін анықтайды.
2. Осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнімнің (бұдан әрі - өнім) транзитіне рұқсат беруді экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
3. Осы Ережеде белгіленген талаптар өнімнің транзитіне байланысты Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларына, шетелдік заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш беруші) қолданылады.
2. Өтінішті және рұқсат алу үшін қажетті құжаттарды беру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2014.26.02. № 155 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Рұқсат алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;
2) заңды тұлға үшін - өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік* немесе анықтама, дара кәсіпкер үшін - өтініш берушіні дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
3) экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері бойынша уәкілетті органының өнімді шығаруға рұқсатының болуы туралы берген құжат;
4) өтініш беруші мемлекетінің заңнамасына сәйкес өнімнің транзитіне байланысты қызметті жүзеге асыруға құқықты растайтын құжат;
5) сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - СЭҚ ТН) бойынша және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бақылау тізім бойынша кодтарын көрсете отырып, өнімнің номенклатурасы мен көлемі (заттай және құндық мәндегі) қоса берілген өнімді жеткізуге арналған келісім-шарт;
6) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру полисі;
7) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі жөніндегі құзыретті органдар рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік актілерін бұзу айқындалған жағдайда өтініш беруші тарапынан тасымалдың нақты жағдайларына тексеру жүргізуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, кері тасымалдауға, сараптамаға және атқарушы органдардың басқа да қажетті әрекеттеріне байланысты шығыстарды, сондай-ақ айқындалған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтіру және/немесе экспорт мемлекетіне жүкті қайтару қажеттігіне байланысты шығыстарды өтеуге кепілдікті растайтын құжат;
8) өтініш берушінің транзитпен алып өтілетін өнімді физикалық қорғауды жүзеге асыруды қамтамасыз еткенін растайтын құжаттың және физикалық қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруға құқығын растайтын құжат;
9) егер жүк алушыға жүкті беру оған қатысы жоқ себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда, өнімді жүк жөнелтушінің бұл жүкті қайтадан қабылдауға келісімін растайтын құжат;
10) өтініш берілген транзиттік тасымалдауды жүзеге асырған кезде қозғалыс бағыттарын, кіру және шығу шекаралық пункттерін, көлік түрін Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органмен келісілгенін растайтын құжат.
2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне ресми аудармасымен, сондай-ақ 7) және 9) тармақшаларды қоспағанда, нотариалды куәландырылған көшірмелерде беріледі.
ҚР Үкіметінің 2014.26.02. № 155 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Егер шетел мемлекетінің мемлекеттік органы өтініш беруші болып әрекет еткен жағдайда:
1) осы Ереженің 4-тармағының 2), 4), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді;
2) осы Ереженің 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген келісімшарт болмаған жағдайда жіберілетін елдің және/немесе жөнелтетін елдің заңнамасында көзделген өнімді жеткізу қажеттілігін негіздейтін өзге де құжаттар ұсынылады.
6. Осы Ереженің 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес консулдық заңдастыру немесе апостиль қою туралы талаптар сақтала отырып ұсынылады.
7. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өнімді заңсыз алып өтуді болдырмау және оның жолын кесу мақсатында уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік органдарға қатысты бөлігінде, осы Ереженің 8-тармағына сәйкес осы Ереженің 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін келісуге жібереді.
8. Мемлекеттік органдар он күнтізбелік күн ішінде осы Ереженің 4 және 5-тармақтарында көрсетілген, уәкілетті орган жіберген құжаттарды мынадай номенклатура бойынша қарайды:
1) Қазақстан Республикасының қорғаныс және қоғамдық тәртіпті қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қылмысқа қарсы күрес саласындағы уәкілетті органдарында - жай қару-жарақ пен әскери техника, шикізат, материалдар, арнайы жабдықтар мен технологиялар, оларды өндіруге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;
2) Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету және атом энергиясын қауіпсіз пайдалануды реттеу саласындағы және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдарында - ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, жабдықтар, қондырғылар, технологиялар, иондық сәуле шығаратын көздер, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) жабдықтар және тиісті тауарлар мен технологиялар, оларды өндіруге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;
3) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, ветеринария, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, атом энергетикасын қоса алғанда, энергетика, минералдық ресурстар, мұнай-химия мен атом өнеркәсібі саласындағы және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдарында - экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерінде белгіленетін тізімдер, тізбелер бойынша химиялық қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін химикаттар, екіұдай қолданылатын тауарлар мен технологиялар;
4) Қазақстан Республикасының ветеринария, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органында - тізімдерін, тізбелерін экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері белгілейтін бактериологиялық (биологиялық) және уытты қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін ауру қоздырғыштар, олардың генетикалық өзгерген нысандары мен генетикалық материалдың фрагменттері;
5) аэроғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органда - тізімдерін, тізбелерін экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері белгілейтін зымырандық техника, қозғалтқыштар, олардың компоненттері, зымырандық техника жасау кезінде қолданылатын жабдық, материалдар мен технологиялар;
6) Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы уәкілетті органында - әскери мақсаттағы өнімге және екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) технологияларға байланысты ғылыми-техникалық ақпарат, көрсетілетін қызметтер және зияткерлік қызметтің нәтижелері.
9. Мемлекеттік органдар уәкілетті мемлекеттік органды қарау нәтижелері туралы хабардар етеді.
10. Мемлекеттік органдардың ұсынылған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша уәкілетті мемлекеттік орган рұқсат беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
11. Ұсынылатын мәліметтердің растығы үшін жауапкершілік өтініш берушіге жүктеледі.
12. Рұқсат беру туралы шешім осы Ереженің 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
3. Рұқсат беру
13. Транзитке рұқсат өнімнің саны мен номенклатурасына қарамастан СЭҚ ТН-ге сәйкес кемінде он белгіден тұратын деңгейдегі кодты көрсете отырып, тауардың бір түріне беріледі.
14. Транзитке рұқсат өтініш берушіге рұқсат берілген күннен бастап бір күнтізбелік жылға арналған мерзімге олардың бір транзит операциясын жүзеге асыруы үшін беріледі.
Егер өнім транзиті көрсетілген мерзімде жүзеге асырылмаса, онда транзитке рұқсат автоматты түрде жойылады.
15. Уәкілетті орган аумақтық кеден органдарын хабардар етуге арналған рұқсатты куәландыратын мөрлердің бедерлерін және уәкілетті тұлғалар қолдарының үлгілерін кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынады және уәкілетті тұлғалар өзгерген жағдайда, үш күнтізбелік күн ішінде кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға хабарлайды.
16. Уәкілетті орган үш күн мерзімде кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға транзитке берілген рұқсаттардың көшірмелерін жібереді.
17. Транзитке берілген рұқсат басқа заңды және жеке тұлғаға берілмейді.
4. Рұқсат беруден бас тарту
18. Уәкілетті орган мынадай:
1) осы Ереженің 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған немесе өтініш дұрыс толтырылмаған;
2) өтініш беруші рұқсат алу үшін көрсеткен мәліметтердің растығы анықталмаған;
3) мемлекеттік органдардың бірі келісуден бас тартқан;
4) егер баратын елге немесе жөнелтуші елге Қазақстан Республикасының, халықаралық ұйымдардың және оларға қатысты Қазақстан Республикасы осы салада оларды сақтау жөніндегі міндеттемелер қабылдаған жекелеген мемлекеттердің санкциялары салынған жағдайларда рұқсат беруден бас тартады.
Рұқсат беруден бас тарту кезінде өтініш берушіге рұқсат беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
Егер рұқсат осы Ережеде белгіленген мерзімде берілмесе немесе рұқсат беруден бас тарту өтініш берушіге негізсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы әрекеттерге шағым жасауға құқылы.
Ережеге
1-қосымша
1-данасы - өтініш берушіге
2-данасы - экспорттаушы елге
3-данасы - кеден органына
4-данасы - уәкілетті органға
Транзитке
РҰҚСАТ
1. Рұқсат № |
2. Өтініш беруші (заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы, телефоны) |
3. Жүк жөнелтуші (заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы, телефоны) | 6. Жүк жөнелтушінің елі |
4. Жүк алушы (заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы, телефоны) | 7. Баратын елі |
5. Өтініш берушінің елі | 8. Қолданылу мерзімі ұзартылуы |
9. Қазақстан Республикасының кеден органы: әкелу әкету | 10. Көлік түрі |
11. Төлем валютасы |
12. Тауардың атауы және то- лық сипаттамасы | 13. Тауардың СЭҚ ТН бойынша коды | 15. Өлшем бірлігі | 17. Жалпы құны (мың): төлем валютасымен, теңгемен, доллармен (USD) |
14. Тауардың бақы- лау тізімдері бойынша коды | 16. Саны |
18. Рұқсат сұрау үшін негіз (келі- сім-шарттың, шарттың №, оған қол қойылған күні) | 19. Келісілді |
20. Өтініш беруші ұйымнан (Т.А.Ә., лауазымы, қолы, МО, күні) | 21. Уәкілетті орган Өтініш «___» ______ 200____ ж. қарауға қабылданды |
22. Сақтандыру полистерінің нөмірлері, сақтандыру компаниясының атауы |
23. Рұқсаттың ерекше шарттары |
Ережеге
2-қосымша
Өнімнің транзитіне рұқсат беруге
арналған өтініш
1. Рұқсат № |
2. Өтініш беруші (заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы, телефоны) |
3. Жүк жөнелтуші (заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы, телефоны) | 6. Жүк жөнелтушінің елі |
4. Жүк алушы (заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы, телефоны) | 7. Баратын елі |
5. Өтініш берушінің елі | 8. Қолданылу мерзімі ұзартылуы |
9. Қазақстан Республикасының кеден органы: әкелу әкету | 10. Көлік түрі |
11. Төлем валютасы |
12. Тауардың атауы және то- лық сипаттамасы | 13. Тауардың СЭҚ ТН бойынша коды | 15. Өлшем бірлігі | 17. Жалпы құны (мың): төлем валютасымен, теңгемен, доллармен (USD) |
14. Тауардың бақы- лау тізімдері бойынша коды | 16. Саны |
18. Рұқсат сұрау үшін негіз (келі- сім-шарттың, шарттың №, оған қол қойылған күні) | 19. Келісілді |
20. Өтініш беруші ұйымнан (Т.А.Ә., лауазымы, қолы, МО, күні) | 21. Уәкілетті орган Өтініш «___» ______ 200____ ж. қарауға қабылданды |
22. Сақтандыру полистерінің нөмірлері, сақтандыру компаниясының атауы |
23. Рұқсаттың ерекше шарттары |