5.3 Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралармен кешенді түрде жер ресурстарын қорғау
Жер ресурстарын қорғау мақсатында мыналар болжанады:
оңтайлы жер пайдаланудың экологиялық нормативтерін жасау және тәжірибеге енгізу;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1692 қаулысымен мақұлданған, «Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасына» сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық коридорлар торабының одан әрі дамуы.
Орман қорының жерлерін ұтымды пайдалану мәселелері 2004-2006 жылға арналған «Қазақстанның ормандары» салалық бағдарламасының шегінде жүзеге асырылатын болады.
5.4 Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету
Мемлекеттік жер кадастры бойынша ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету үшін мыналар көзделеді:
нарықтық экономика жағдайларына, сондай-ақ өндірістік (техникалық) жер кадастрлық процесс кезеңіне сәйкес келетін құқықтық, фискальдық, сондай-ақ көп мақсатты жер кадастры қағидаттарының, міндеттемелерінің құрамы мен мазмұнының ғылыми негіздемесін;
сандық және сапалық есепке алу, бонитеттеу әдістемесін жасау, сондай-ақ жерді мемлекеттік кадастрлық бағалауды енгізу;
мемлекеттік жер-кадастрлық құжаттамалардың пакетін;
аэроғарыштық түсірулердің материалдарын пайдалана отырып, кадастрлық карталарды жасау технологиясын;
пилоттық объектілерде МЖК ГАЖ жекелеген жүйелік кешендерінің технологиясын сынау мен енгізу әдістемесін әзірлеу;
жүйелі-бағытталған кешендердің технологиялық процестерін, жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру стандарттарын әзірлеуді зерттеу мен қорытуды жүргізу.
Жер мониторингі, зерттеу мен картографиялау жұмыстары бойынша:
жер мониторингінің ғылыми-әдістемелік негіздерін жетілдіру тұжырымдамасын;
жерлерді түгендеу мен сапалық (мелиоративтік) жай-күйінің (эрозиялық, дефляциялық процестер, ластану) әдістемесін әзірлеу;
тексерілетін аумақтардың жер пайдалану карталарын құрастыру (M 1:100000), ландшафттық карталарды (M 1:50000) жасау, еліміздің әртүрлі табиғи-ауыл шаруашылығы аймақтарындағы өте жоғары дәлдіктегі (1:10000) жер учаскелерін картаға түсіру және кадастрлық мәліметтерді бақылау.
Жерге орналастыру бойынша:
ландшафттық-экологиялық көзқарас негізінде нарықтық экономика жағдайында аумақтарды жоспарлау мен ұйымдастырудың тұжырымдамасын, қағидаттары мен әдістемесін;
ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлердің аумақтарын ұйымдастыруды талдау мен бағалауды ландшафттық қамтамасыз ету;
жерге орналастырудың республикалық, облыстық, аумақтық жобаларын жасаудың әдістемесін жасау, жер ресурстарын жақсарту мен пайдалану бағдарламасын, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірісі жерлерін ландшафтық-экологиялық көзқарас негізінде ұйымдастыру және оны өндіріске енгізу әдістемесін әзірлеу;
республиканың арнайы аудандарында облыс аумағының, шаруашылықтың, шаруа қожалығының жерлерінің 1:1000000, 1:100000, 1:25000, 1:10000 және 1:5000 масштабта ландшафтты-экологиялық картаға түсіруді жүргізу.
Ақылы жер пайдалану және жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғауды экономикалық ынталандыру жүйесі бойынша:
ақылы жер пайдалану жүйесінің тұжырымдамалық негізін;
жерлердің барлық санаттарын кадастрлық бағалау әдіснамасын және әдісін жасау, пилоттық объектілер негізінде аумақтарды бағалық аймақтарға бөлу;
инженерлік тораптарды және коммуникацияны пайдаланушылардан ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының сервитуттары үшін төленетін ақының анықтаудың тұжырымдамалық және әдістемелік көзқарасын әзірлеу;
жер сапасын көтеру (төмендету) және қорғау үшін экономикалық ынталандыру (санкция).
5.5 Кадрлық-қамтамасыз ету
Жер реформасын жүргізуді кадрлық қамтамасыз ету үшін мыналар көзделеді:
Бағдарламада: біліктілікті жоғарылату, жерге орналастыру қызметінің мамандарын қайтара даярлау, жер ресурстарын оқыту бойынша мамандарды даярлау, картография, фотограмметрия мен аэроғарыштық түсірулерді дешифрлеу, жер құқығы бойынша мамандарды дайындау.
5.6 Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Бағдарламада мыналар көзделеді:
жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау органдарын автокөлікпен, жеке компьютерлермен және басқа да техникамен қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
техникалық құралдармен, жылжымалы экспресс-зертханалармен және зертханалық кешендермен жабдықтау жөнінде;
геодезиялық және картографиялық жұмыстар өндірісі үшін қазіргі заманғы құрал-жабдықтарды енгізу жөнінде;
мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің орталығын салу жөнінде ұсыныстар дайындау.
5.7 Халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық қатынас саласында жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдарда мыналар көзделеді:
алдыңғы қатарлы шет ел тәжірибесін, әдістемелерін, технологияларын, аспаптарын, стандарттарды, жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғау, жер қатынастарын жетілдіру үшін жерге орналастыру, жер кадастры мен жер мониторингі саласындағы нормативтер мен жер пайдаланудың ландшафттық жоспарлауын;
Арал теңізі мен Арал, Балқаш өңірінің, Семей ядролық полигонының жер ресурстарын қорғау мен қайта қалпына келтіру бойынша кейінге қалдыруға болмайтын іс-шараларын жүзеге асыруда шет елдермен және халықаралық ұйымдармен бірлескен келісім бойынша;
халықаралық симпозиумдар, конгресстер, конференциялар, жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғау бойынша бірлескен жобаларды әзірлеуге қатысу;
шетелде, алдыңғы қатарлы фирмалар мен университеттерде республиканың жерге орналастыру қызметі үшін мамандарының тағылымдамадан және даярлықтан Агенттіктің мемлекеттік өндірістік бөлімшелерінің жеке қаражаты есебінен жылына 2-3 адамнан өтуі. Бір маманға 1000000 (бір миллион) теңге есебінен.
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асыру күтіледі. Бағдарламада көзделген іс-шараларды іске асыру іздестіру мен жобалау жұмыстарын жүргізу үшін технологиялар мен жабдықтар қолдануды талап етеді, жер мониторингін, мемлекеттік жер кадастрын, жер пайдалану мен қорғауды бақылауды жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған жүйесін бағдарламалық-техникалық қамсыздандыру және картография мен геодезияны, соның ішінде сандық карталарды тұрақты жетілдіруді және жаңартуды талап етеді.
Осы бағдарламаны іске асыруға үш жылға 4655318 мың теңге көлемінде қаржы қаражатын бөлу талап етіледі, (қосымшалары - Үкімет қаулыларының жобалары: Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары және Қаржылық қамтамасыз ету) соның ішінде: 2005 жылы - 1474669 мың теңге; 2006 жылы - 1905685 мың теңге; 2007 жылы - 1274964 мың теңге.
Бағдарламаны жергілікті бюджеттерден қаржыландыру көлемі жергілікті бағдарламаларға сәйкес белгіленеді.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
2005-2007 жылдары мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жерлерді мемлекеттік кадастрлық бағалауды жүзеге асыру, жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жасау жөніндегі және Агенттіктің ақпараттық ресурстары туралы ведомстволық сипаттағы қосымша нормативтік құқықтық құжаттар дайындалады.
Бағдарламаның жоспарланған іс-шараларын іске асырудан күтілетін нәтижелер:
мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің және жер мониторингінің құрылымы жасалады және оны жүргізу қамтамасыз етіледі;
ауыл шаруашылығы айналымына енгізілген және 31,4 млн. га (37,7%) алаңдағы жер мониторингі есебінен шаруашылық жүргізуші субъектілерге берілген жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғауды ақпараттық қамтамасыз ету;
14,2% алаңдағы егістіктің бонитет баллын анықтау;
тиісінше 1 млн. га және 2,3 млн. га ауыл шаруашылық алқаптарының ірі масштабты топырақ және геоботаникалық зерттеулерінің;
1 млн. га ауданда топырақ материалдарын жаңарту;
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер көлемінің 24,3%-ында топографиялық және сандық карталар жасау, аэрофотогеодезиялық, дешифрлеу жұмыстарының деңгейі көтеріледі;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттары: шаруа қожалықтарына - 55,2 мың жер учаскесіне, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына - 9,5 мың жер учаскесіне жасалады;
мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингінің, аумақты ландшафттық-экологиялық тұрғы негізінде ұйымдастырудың ғылыми негіздері әзірленеді, осы жұмыс түрлері бойынша әдістемелік және нұсқаулық материалдар, жер-кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстарына уақыт нормасы әзірленеді.
Осының барлығы:
жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеуде экономикалық әдістер мен инновациялық технологияларда жасауға;
жер ресурстары әлеуетін ұтымды пайдалану мен қорғау проблемаларын шешуге жүйелік тұрғыдан көшу;
жер алқаптарының құрылымын, олардың мелиоративтік жай-күйін жақсарту;
жерді жылжымайтын мүлік ретінде нарықтық айналымға енгізу, жер нарығын дамыту мен жерге төлемдердің бюджетке тұрақты түсуіне негіз жасау;
жер ресурстарын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанның жер қатынастары мен жер ресурстарын басқаруды құқықтық, экономикалық және ғылыми-техникалық қамтамасыз етуді жасау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық айтарлықтай дамытылады.
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
№ р/с | Іс-шаралар | Аяқ- талу нысаны | Орын- дауға жау- аптылар | Орын- далу мерзім-Ддерi | Бол- жамды шығыстар (мың теңге) | Қаржы- ландыру көздерi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Жер ресурстарын басқаруды жетілдіру |
1.1 | Қазақстан Респуб- ликасының, соның ішінде оларды пайдалану санат- тары бойынша 272,5 млн. га жерді мемлекеттік есепке алуды жүргізу | ҚР Yкі- метіне ақпа- рат | ЖРА | жыл сайын 10 қаң- тарға | 2005- 22000 2006- 23100 2007-24255 69355 | Респуб- ликалық бюджет |
1.2 | Жер учаскелерінің меншік иелеріне жер кадастры мен жерді пайдалану- шылар бойынша деректерді қағаз және электронды тасығыштарда жинақтау | ҚР Yкі- метіне ақпа- рат | ЖРА | жыл сайын 10 қаң- тарға дейін | 2005- 72000 2006- 75600 2007- 79380 226980 | Респуб- ликалық бюджет |
1.3 | 2005 жылы - 59356 мың га; 2006 жылы - 62330 мың га және 2007 жылы - 65446 мың га алаңда әкімшілік аудан- дар мен есептi орамдардың электрондық жер-кадастрлық карталарын жасау | Әкім- шілік аудан- дар кар- тасы | ЖРА, БҒМ | жыл сайын | 2005- 24000 2006- 25200 2007- 26460 75660 | Респуб- ликалық бюджет |
1.4 | Жер кодексі мен статистикалық есеп беру талап- тарына сәйкес жер-кадастрлық құжаттаманың нысандарын және олардың мазмұнын жетілдіру | Жер- ка- дастр- лық құжат- тама ны- сан- дары | ЖРА, СА | 2005 ж. IV тоқсан | | |
1.5 | СТжССОТ-пен сәйкестендірілген БМЖТ құжаттарын әзірлеу және жүргізу әдістемесі | Әдіс- теме, құжат- тар нысан- дары | ЖРА, Қаржы- мині | 2005 ж. IV тоқсан | | |
1.6 | Жерлерді мемле- кеттік кадастрлық бағалауды жүргізу әдістемесін жетілдіру* | Әдіс- теме | ЖРА | 2005 ж. IV тоқсан | | |
1.7 | Паспортпен қам- тамасыз ету мақсатында 3,2 млн. га, соның ішінде 2005 жылы - 1023,6; 2006 - 1074,8 және 2007 - 1128,5 мың га алаңда егістік топырағының бонитетін анықтау | ҚР Yкі- метіне ақпа- рат | ЖРА | жыл сайын 10 қаң- тарға | 2005- 156097 2006- 163902 2007- 172097 492096 | Респуб- ликалық бюджет |
1.8 | Қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен БММжТРЖ беріп, 31,4 млн. га алаңдағы жерге мониторинг жүргізу | ЖРА-ға ақпа- рат | АШМ, Қорша- ған- орта- мині | жыл сайын 20 жел- тоқсанға | 2005- 53578 2006- 56257 2007- 59069 168904 | Респуб- ликалық бюджет |
1.9 | Ведомстволық жер мониторингінің, сондай-ақ өнді- рістік мониторинг жүйелерінің бар- лық кәсіпорындары мен мекемелерін енгізіп, геоақпа- раттық жүйелер негізінде жер ресурстары мониторингінің бірыңғай мемле- кеттік жүйесін және жердің сапалы жай-күйін құру | ҚР Yкі- метіне ақпа- рат | ЖРА, Қорша- ған- орта- мині | 2007 ж. желтоқ- сан | | |
1.10 | Аэроғарыштық ақпараттарды пайдаланып, жоспарлы-карто- графиялық негіз, базалық, карто- графиялық және басқа да құжат- тарды жасап, еліміздің барлық аумағында қада- ғалау, зерттеу және түсіру әдістерін жетілдіру | Әдіс- теме | ЖРА, БҒМ | 2006 ж. IV тоқсан | | |
1.11 | Сандық және элек- тронды жер-када- стрлық карталарды дайындаудың жаңа технологияларын енгізу | Сандық және элек- тронды карта- лар | ЖРА, БҒМ | 2005 ж. IV тоқсан | | |
1.12 | 14,4 млн. га алаңдағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес барлық жер санаттарында ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеудi жүргізу жөнінде ұсыныс дайындау | ҚР Yкі- метіне ұсыныс | ЖРА | 2005 ж. маусым | | |
1.13 | 955,9 мың га алаңда топырақты іздестірулер жүргізу, соның ішінде 2005 жылы - 303,2; 2006 - 318,9 және 2007 - 334,3 мың га | ҚР Yкі- метіне ақпа- рат | ЖРА | жыл сайын 10 қаң- тарға | 2005- 37481 2006- 39355 2007- 41322 118158 | Респуб- ликалық бюджет |
1.14 | 2326,5 мың га алаңда геоботани- калық іздесті- рулер жүргізу, соның ішінде 2005 жылы - 738; 2006 - 774,9 және 2007 - 813,6 мың га | ҚР Yкі- метіне ақпа- рат | ЖРА | жыл сайын 10 қаң- тарға | 2005- 20000 2006- 21000 2007- 22050 63050 | Респуб- ликалық бюджет |
1.15 | 2124,2 мың га, соның ішінде 2005 ж. - 673,8; 2006 - 707,5 және 2007 - 742,9 мың га алаңдағы, яғни шаруашылық жүргізушi субъектілердің ауыл шаруашылығы алқаптарының 2,7% жерін паспортпен қамтамасыз ету мақсаты үшін топырақ материал- дарын жаңарту | ҚР Yкі- метіне ақпа- рат | ЖРА | жыл сайын 10 қаң- тарға | 2005- 83289 2006- 87453 2007- 91826 262568 | Респуб- ликалық бюджет |
1.16 | 6305 мың га, соның ішінде 2005 ж. - 2000, 2006 - 2100 және 2007 - 2205 мың га алаңдағы, яғни 73,2% ауыл шаруашылығы алқаптарын, топырақ және геоботаникалық контурларды есептеу | ҚР Yкі- метіне ақпа- рат | ЖРА | жыл сайын 10 қаң- тарға | 2005- 2200 2006- 2310 2007- 2426 6936 | Респуб- ликалық бюджет |
1.17 | 24,3% алаңдағы, соның ішінде 2005 жылы - 8,6%; 2006 жылы - 8,5% және 2007 жылы - 7,2% ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы жер ауданында аэрофотогеодези- ялық шифрлерді ашу жұмыстарын жүргізу, топо- графиялық және сандық карталар жасау | ҚР Yкі- метіне ақпа- рат | ЖРА | жыл сайын 10 қаң- тарға | 2005- 99069 2006- 104022 2007- 109223 312314 | Респуб- ликалық бюджет |
1.18 | Ландшафтық-эколо- гиялық көзқарас негізінде облыс- тық және өңірлік жерге орналасты- ру, жерді аймақ- тарға бөлу cxe- маларын (жобала- рын) және жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдар- ламаларын әзірлеу; жерге орналастыру жобаларын жасау: шаруашылықаралық, ішкішаруашылық; елді мекендердің жер-шаруашылық құрылысы; бұзыл- ған жерлердi қалпына келтіру және жаңа жердi игеру | ЖРА-ға ақпа- рат | Облыс әкім- дерi | жыл сайын 20 желтоқ- санға | | |
1.19 | Жерді мемлекет- тік кадастрлық бағалау жүргізу жөнінде ұсыныс дайындау | ҚР Yкі- метіне ұсыныс | ЖРА | 2005 ж. мамыр | | |
1.20 | Салық салу мақсаты үшін аймаққа бөлу | ҚР Yкі- метіне ақпа- рат | ЖРА, Қаржы- минi | 2005 ж. желтоқ- сан | | |
1.21 | Жер учаскелеріне қазіргі базалық төлем ставкаларын және оларға түзету коэффициенттерін нақтылау | ҚР Yкі- метіне ақпа- рат | ЖРА | 2005 ж. желтоқ- сан | | |
1.22 | Жер учаскелерi меншік иелері мен жер пайдаланушы- ларға, жердi ластағаны, оның құнарлылық және өзге де қасиет- терін жоғалту- ынан, ауыл шаруашылығы жерлерін айналым- нан шығару немесе құндылығы төмен жер санаты- ның құрамына ауыстырудан болған залалды өтеу тетігі* | Әдіс- теме | ЖРА, Қаржы- мині, AШM, Қорша- ған- орта- минi | 2006 ж. IV тоқсан | | |
1.23 | Жердің экология- лық жай-күйін жақсартқаны, оның құнарлылығын арттырғаны және экологиялық таза өнім өндіргенi үшін көтермелеу тетігі* | Әдіс- теме | ЖРА, Қаржы- мині, AШM, Қорша- ған- орта- минi | 2007 ж. IV тоқсан | | |
1.24 | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын жасау: шаруа қожалықтарына - 55213 жер учас- келеріне, соның ішінде 2005 жылы - 17514; 2006 жылы - 18390 және 2007 жылы - 19309 жер учаскелеріне; ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына - 9487 жер учас- келеріне, соның ішінде 2005 ж. - 3009; 2006 ж. - 3160 және 2007 ж. - 3318 | ҚР Yкі- метіне ақпа- рат | ЖРА | жыл сайын 10 қаң- тарға | 2005- 252000 2006- 264600 2007- 277830 794430 | Респуб- ликалық бюджет |
2. Топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру мен сақтау және жердің жағдайына теріс антропогендік әсерді жою жөніндегі ic-шаралар |
2.1 | Суармалы жердің алаңын кеңейту (суармалы жердi тиімді пайдалану жөніндегі іс-ша- ралар ҚР Прези- дентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 889 Жарлығымен бекітілген ҚР-дің 2003-2005 жыл- дарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасында және ҚР-дің Су кодексінде көзделген) | ЖРА-ға ақпа- рат | AШM, облыс әкім- дерi | жыл сайын 20 желтоқ- сан | | |
2.2 | Жалпы алаңы 5686,7 мың га тыңайған және сапасы жақсы бос қалған жерлердi түгендеу дерек- терінің, топырақ- ты зерттеу, сон- дай-ақ оларды ұтымды пайдалану іс-шараларын әзірлеу негізінде ауыл шаруашылығы айналымына тарту | ЖРА-ға ақпа- рат | AШM, облыс әкім- дерi | жыл сайын 20 желтоқ- сан | | |
2.3 | Аумақтарды ұйым- дастыру және шабындық пен жайылым айналымын енгізу, түсімді- лігі төмен ша- бындықтарды және жайылымдарды тү- бегейлі жақсарту, сондай-ақ шаруа- шылық жүргізушi субъектілер мен оларды одан әрi пайдалану үшін көзделген резер- втік аумақтарда бекітілген сулан- дыру құрылыстарын қайта жаңарту және жайылымдарды суландыру жөнін- дегі іс-шараларды әзірлеу | ЖРА-ға ақпа- рат | AШM, облыс әкім- дерi | жыл сайын 20 желтоқ- сан | | |
3. Коршаған ортаны корғау жөніндегі басқа іс-шаралармен кешендестіріп жер ресурстарын қорғау |
3.1 | Оңтайлы жер пай- даланудың эколо- гиялық норматив- терін әзірлеу және оны практикаға енгізу* | Оңтай- лы жер пайда- лану- дың норма- тив- терi | ЖРА, Қорша- ған- орта- минi | 2005 ж. IV тоқсан | | |
4. Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету |
4.1 | Нарықтық эконо- мика жағдайларына сәйкес келетін құқықтық, фис- калдық, сондай-ақ көп мақсатты жер кадастрының, сондай-ақ өнді- рістік (техноло- гиялық) жер-ка- дастрлық процесс кезеңнің қағи- даттарын, мін- деттерін, құрамы мен мазмұнын ғылыми негіздеу* | ҚР Yкі- метіне ақпа- рат | ЖРА | Жыл сайын | 2005- 13650 2006- 14350 2007- 15050 43050 | Респуб- ликалық бюджет |
4.1.1 | Жерді сандық және сапалық есепке алу және топырақты бони- тировкалау әдіс- темесін әзірлеу* | Әдіс- теме | ЖРА | 2005 ж. IV тоқсан | | |
4.1.2 | Мемлекеттік жер-кадастрлық құжаттаманың пакетін әзірлеу* | Жер- кадас- трлық құжат- тама нысан- дары | ЖРА | 2005 ж. IV тоқсан | | |
4.1.3 | Аэро және ғарыштық түсіру материалдарын пайдаланып, кадастрлық карталарды жасау технологиясын әзірлеу* | Када- стрлық карта- ларды жасау техно- логия- сы | ЖРА, TKM | 2007 ж. IV тоқсан | | |
4.1.4 | Пилоттық объекті- лерде МЖК ГАЖ жекелеген жүйелік кешендерінің әдістемесі мен технологиясын сынақтан өткізу және тәжірибелi пайдалануға енгізу әдістемесін әзірлеу* | Әдіс- теме | ЖРА | 2005- 2007 ж. IV тоқсан | | |
4.1.5 | Жүйелі-бағыттал- ған кешендер жиынтығының технологиялық процестерін, жер кадастрының авто- маттандырылған ақпараттық жүйе- сін қалыптастыру стандарттарын әзірлеу тәжірибе- сін зерттеу мен жинақтауды жүргізу* | Шолу, талдау | ЖРА, ККМ | 2005 ж. IV тоқсан | | |
4.2 | Жер мониторингі- нің ғылыми-әдіс- темелік тұжырым- дамасын әзірлеу және нығайту* | ҚР Yкі- метіне ақпа- рат | ЖРА | Жыл сайын | 2005- 7800 2006- 8200 2007- 8600 24600 | Респуб- ликалық бюджет |
4.2.1 | Жерді түгендеу мен жердің сапа- лық (мелиоратив- тік) жай-күйi (эрозиялық, дефляциялық процестер, ластану) әдістемесін жетілдіру* | Әдіс- теме | ЖРА, Қорша- ған- орта- мині, БҒМ, АШМ | 2006 ж. IV тоқсан | | |
4.2.2 | Тестілетін аумақ- тардың жерін пайдаланудың жер-кадастрлық карталарын (М 1:100000), ландшафттық карталарды (M 1:50000) жасау, еліміздің әртүрлі табиғи- ауыл шаруашылығы аймақтарындағы жер учаскелерін картаға түсіру өте жоғары дәлдікті рұқсат берілген түсіру- лер бойынша (1:10000) жер-кадастрлық деректердi бақылау* | Тесті- лене- тін аумақ- тардың жер- кадас- трлық карта- лары | ЖРА, БҒМ | 2007 ж. IV тоқсан | | |
4.3 | Ландшафты-эколо- гиялық көзқарас негізінде нарық- тық экономика жағдайында ау- мақтарды жоспар- лау мен ұйымдас- тырудың тұжы- рымдамаларын, қағидаттары мен әдістерін әзірлеу* | ҚР Yкі- метіне ақпа- рат | ЖРА | Жыл сайын | 2005 - 9816 2006 - 10270 2007 - 10821 30907 | Респуб- ликалық бюджет |
4.3.1 | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің аумағын ұйымдастыруды талдау мен баға- лауды ландшафт- тық қамтамасыз ету әдістемесін әзірлеу* | Шолу, талдау | ЖРА, БҒМ | 2005 ж. IV тоқсан | | |
4.3.2 | Жерге орналасты- рудың республи- калық, облыстық және өңірлік схемаларының (жобаларының) әдістемесін әзірлеу, жер ресурстарын пайдалану мен жақсарту бағдар- ламаларын, сон- дай-ақ ландшаф- тық-экологиялық көзқарас негі- зінде ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші- лердің жер пай- далану аумағын ұйымдастыруды және оларды өндіріске енгізу* | Әдіс- теме- лер | ЖРА, БҒМ | 2007 ж. IV тоқсан | | |
4.3.3 | Облыстың, базалық ауданның, шаруа- шылықтардың, соның ішінде шаруа қожалығының (фермерлік) ауылдық жерлерін 1:1000000, 1:100000, 1:25000, 1:10000 және 1:5000 масштабта экспе- риментті ландшаф- тық-экологиялық картаға түсірудi жүргізу* | Ауыл- дық аумақ- тар карта- лары | ЖРА, БҒМ | 2006 ж. IV тоқсан | | |
4.4 | Ақылы жер пайдалану жүйесінің тұжырымдамалық негізін әзірлеу* | ҚР Yкі- метіне ақпа- рат | ЖРА | Жыл сайын | 2005- 7800 2006- 8200 2007- 8600 24600 | Респуб- ликалық бюджет |
4.4.1 | Жерлердің барлық санаттарын кадастрлық баға- лауды айқындау, пилоттық объек- тілер негізінде аумақтарды аймақтық бағалау әдіснамасы мен әдістемесін әзірлеу* | Әдіс- теме | ЖРА | 2005- 2007 ж. IV тоқсан | | |
4.4.2 | Инженерлік желі- лер мен коммуни- кацияны пайда- ланушылардан ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына сервитуттар үшін төленетін төлем- дердің тұжырым- дамалық және әдістемелік жақтарын әзірлеу* | Әдіс- теме | ЖРА | 2006 ж. IV тоқсан | | |
5. Кадрмен қамтамасыз ету |
5.1 | Қазақстан Респуб- ликасының Үкіме- тіне Агенттіктің және оның аумақтық орган- дарының штат санын ұлғайту туралы ұсыныс дайындау | ҚР Yкі- метіне ұсыныс | ЖРА | 2005 ж. мамыр | | |
5.2 | Біліктіліктi жоғарылату, жерге орналастыру қыз- метінің маман- дарын қайта даярлау, жер ресурстарын зерделеу және басқару, карто- графия, фотограм- метрия мен аэроғарыштық түсірулердің шифрін ашу, жер құқығы бойынша мамандар даярлау | ҚР Yкі- метіне ақпа- рат | ЖРА, БҒМ | жыл сайын 10 қаң- тарға | 2005- 1777 2006- 1866 2007- 1955 5598 | Респуб- ликалық бюджет |
6. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету |
6.1 | Жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғауды мемле- кеттік бақылау органдарын мате- риалды-техникалық қамтамасыз ету, арнайы автотранс- портпен, жеке компьютермен және т.б. жабдықтау | ҚР Yкі- метіне ұсыныс | ЖРА | жыл сайын 10 қаң тарға | 2005- 12112 2006-0 2007-0 12112 | Респуб- ликалық бюджет |
6.2 | Жер ресурстарының және жердің сапалық жай-күйі- нің мониторингін жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды техникалық құралдармен, жылжымалы экспресс-зертха- налармен, сондай-ақ зертханалық кешендермен жабдықтау жөнінде ұсыныс дайындау | ЖРА-ға ұсыныс | АШМ, Қор- шаған- орта- минi | 2006 ж. мамыр | | |
6.3 | Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу мақсаттары үшін геодезиялық және картографиялық жұмыстар өндірісi үшін қазіргі заманғы жабдық- тарды енгізу жөнінде ұсыныс дайындау | ҚР Yкі- метіне ұсыныс | ЖРА | 2006 ж. маусым | | |
6.4 | Мемлекеттік жер кадастрының автоматтанды- рылған ақпараттық жүйесінің орталығын салу жөнінде ұсыныс дайындау | ҚР Yкі- метіне ұсыныс | ЖРА | 2006 ж. маусым | | |
6.5 | Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырыл- ған ақпараттық жүйесін құру | ҚР Yкі- метіне ақпа- рат | ЖРА | жыл сайын 10 қаң- тарға | 2005- 600000 2006- 1000000 2007- 324000 1924000 | Респуб- ликалық бюджет |
7. Халықаралық ынтымақтастық |
7.1 | Жер ресурстары мен жер қаты- настарын басқару проблемалары бойынша басқа мемлекеттердің өкілдерімен ведомстволық өзара іс-қимыл; ТМД-ға қатысушы елдердің Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемле- кетаралық ғылыми проблемалық кеңестің жұмысына қатысу; шет елдермен және халықаралық ұйымдармен Арал теңізі мен Арал, Балқаш өңірінің, Семей ядролық полигонының жер ресурстарын қорғау мен қайта қалпына келтіру бойынша шұғыл іс-қимылды жүзеге асыруда бірлесіп келісу; халықаралық симпозиумдардың, конгресстердің, конференциялардың жұмысына, жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнінде бірлескен жобалар әзірлеуге қатысу | ҚР Yкі- метіне ақпа- рат | ЖРА | жыл сайын 10 қаң- тарға | қажет етілмейдi | |
| Жиыны 2005 жыл | | | | 1474669 | |
| Жиыны 2006 жыл | | | | 1905685 | |
| Жиыны 2007 жыл | | | | 1274964 | |
| Барлығы | | | | 4655318 | |
Ескерту:
* көрсетілген іс-шаралар Іс-шаралар жоспарының «Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» 5-тармағының құрамында орындалатын болады
** осы Бағдарламада көзделген шығыстар тиісті жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде нақтылануы мүмкін.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігi
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi