2. Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдiк және азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Әуе қорғанысы күштерiнiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың әскери қызметшiлерiнен өз құқықтары мен бостандықтарын шектеу жөнiнде түсiндiрме алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдiктiң және азаматтығы жоқ адамның заңды құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда тиiстi лауазымды адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бұл құқықтарды қалпына келтiруге, келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi.
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын
күзетуді ресурспен қамтамасыз ету
22.12.98 ж. № 327-1; 10.07.02 ж. № 338-II ҚР Заңдарымен 34-бап өзгерді; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
34-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 35-бап жаңа редакцияда
35-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң
Шекара қызметiн жасақтау
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiн адам ресурстарымен жасақтауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 36-бап жаңа редакцияда
36-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы
Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын қадағалау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының дәл және бiрыңғай қолданылуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен ол уәкiлеттiк берген прокурорлар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының