Қазақстан Республикасының шекарадағы өкiлдерi Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын басшылыққа алады.
Шекарадағы өкiлдер реттемеген мәселелер дипломатиялық арналар бойынша шешiледi.
4. Шекаралық тәртіп
ҚР 15.07.96 ж. № 31-1 Заңымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Шекаралық аймақ және шекаралық өңiр
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі шекаралық аймақ және шекаралық өңiр белгiлейдi.
ҚР 15.07.96 ж. № 31-1; 10.07.02 ж. № 338-II Заңдарымен 18-бап өзгердi
18-бап. Қазақстан Республикасының шекаралық тәртібі және
аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңының
тәртiптерi
Шекаралық аймақ пен шекаралық өңiрде, Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңында", Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтардың келу, уақытша болу, тұру, жүрiп-тұру тәртібін, жұмыстар жүгiзу, пристаньдарда, айлақтарда, өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн кемелер мен мұз арқылы жүруге арналған құралдар тоқтай тұратын пункттерде есеп жүргiзу және ұстау, олардың Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен iшкi суларында жүзу және қозғалу тәртібін регламенттейтiн шекаралық тәртiп, Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңының тәртібін белгiлейдi.
Пристаньдарда, айлақтарда және тоқтайтын пункттерде өздiгiнен жүретiн, өздiгiнен жүрмейтiн кемелер мен құралдарды есепке алу мен ұстаудың, олардың Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен iшкi суларында, шекаралық өзендер мен басқа да су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде жүзуi мен қозғалуының осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген тәртібі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына iргелес жатқан тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағына да немесе шекаралық аймақ белгiленбеген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметi күзететiн теңiз жағалауына да қолданылады. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңiзiнде) және континенттiк қайраңында, шекаралық өзендер және өзге де су қоймалары суларының Қазақстанға қарайтын бөлiгiнде кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру қызметтерi мен өзге де қызметтер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған қызмет Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңында - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне хабарлай отырып, ал Қазақстан Республикасының iшкi суларында, шекаралық өзендер мен өзге де су қоймаларының Қазақстанға қарайтын бөлiгiнде олардың рұқсатымен жүзеге асырылады.
15.07.96 № 31-1; 10.07.02 ж. № 338-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 19-бап өзгердi
19-бап. Шекаралық аймақ пен шекаралық өңiрге бару
Егер басқа тәртiп белгiленбесе, шекаралық аймақта тұрақты тұрмайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз бұл аймаққа кіруiне тыйым салынады.
Қазақстьан Республикасы шекаралық аудандарының тұрғындары үшiн адамдардың шекаралық аймаққа, шекаралық өзендер мен басқа да су қоймаларының қазақстандық бөлiгiнде орналасқан аралдарға баруы (өтуi) жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.
Қызметтiк iссапарларға, емделу мекемелерiне, демалыс үйлерiне, туристiк базаларға баратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар шекаралық аймаққа жеке басын куәландыратын құжаттары болған жағдайда iссапар куәлiктерi мен жолдамалары бойынша бара алады. Сондай-ақ әскери қызметшiлердiң қызмет қағаздары, өту куәлiктерi, өту билеттерi баруға құқық беретiн құжаттар болып табылады, Парламент пен мәслихаттар депутаттары және сол аумақ қарауына жататын лауазымды адамдар - Парламент пен мәслихаттар депутатының куәлiктерi немесе қызмет куәлiктерi бойынша өтедi. Шекаралық аймаққа баруға, уақытша болуға, тұруға және жұмыстар жүргiзуге рұқсатты Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметi бередi.
Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар шекаралық аймаққа, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары беретiн өткізу қағаздары бойынша өтедi.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 20-бап өзгерді
20-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына
тiкелей жақын жерде шаруашылық, кәсiпшiлiк, зерттеу,
iздестiру және өзге қызмет жүргiзу, бұқаралық қоғамдық-саяси,
мәдени және басқа шаралар жүргiзу
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау мүдделерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметi құрғақтағы, шекаралық өзендердегi және басқа су қоймаларындағы Мемлекеттік шекараға жақын жерде шаралар өткізудiң орнын, уақытын, қатысушылар санын, сондай-ақ хабарлау тәртібін белгiлейдi, ондай шаралар мыналар:
жердi, ормандарды пайдалануға, кен iстерiн, геологиялық iздестiру жұмыстарын жүргiзуге байланысты шаруашылық және басқа жұмыстар;
су шаруашылығы құрылыстарын салу мен пайдалануға және суды пайдаланудың басқа түрлерiне байланысты жұмыстар;
аң, балық аулау, басқа да кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру және өзге де қызмет;
елдi мекендерден тыс жерде қоғамдық-саяси, мәдени және өзге бұқаралық шаралар жүргiзу.
10.07.02 ж. № 338-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 21-бап өзгердi
21-бап. Карантин өңiрi
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлiмшелерiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметi эпидемиологиялық және эпизоотикалық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының бойындағы жер өңiрiнде (карантин өңiрiнде) ұйымдар мен азаматтарға қарасты малды ұстауға және жаюға тыйым салуы мүмкiн. Тiкелей мемлекеттік шекара маңында тұратын (жұмыс iстейтiн) азаматтардың, сондай-ақ карантин өңiрiнде орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметi бөлiмшелерiнiң малын (үй хайуанаттарын) ұстау мен бағу бұған кiрмейдi.
Карантин тәртібін енгiзе отырып карантин аймағын белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiмдердi:
1) екi немесе одан да көп облыстар аумағында - Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында облыстың жергiлiктi атқарушы органы қабылдайды.
Карантин белдеуiнiң ветеринарлық тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы
арқылы өткізу пункттеріндегі тәртіп
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 22-бап өзгерді
22-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы
арқылы өткізу пункттеріндегі тәртiп
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi мен кеден органдарының бақылау өткізу пункттерiнiң қызметiне жағдайлар жасау және оны қолдап отыру мүддесi үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі осы пункттерде адамдар мен көлiк құралдарының болуын және жүрiп-тұруын, сондай-ақ адамдарды, көлiк құралдарын, жүктi және тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізуге байланысты басқа да қызметтi регламенттейтiн тәртiп белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының Үкіметі шекаралық және кедендiк бақылау қызметiне жағдай жасау жөнiнде шараларды қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi өткізу пункттерiнде бөгде адамдардың өтiп кеуiне жол бермеу және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтiп кетуiне тыйым салу мақсатында қосымша тәртiп ережелерiн белгiлейдi.
2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ҚР Заңымен 6-тарудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелерін реттеу
саласындағы өкілеттіктері
15.07.96 ж. № 31-1; 10.07.02 ж. № 338-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 23-бап өзгердi
23-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
өкiлеттiктерi
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетудi қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзiрлеп, iске асырады;
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету саласындағы қызметiн басқарады және олардың осы Заңды орындауын бақылауды жүзеге асырады.
2. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
15.07.96 ж. № 31-1; 10.07.02 ж. № 338-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 24-бап өзгердi
24-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының
өкiлеттiктерi
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi:
1) мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жалпы жүйесiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етедi;
2) халықаралық қатынас арналарында саяси, әлеуметтiк-экономикалық және қылмыстық жағдайды, сондай-ақ шектес мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне қатысты болуы мүмкiн дағдарысты жағдайларды талдап, болжам жасауды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзу жөніндегі қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеу жүргiзедi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында ұсталған адамдардың құқық бұзуының мән-жайларын анықтауға және тексеруге, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк тәртiппен де қатысады;
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауды тiкелей қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне оралымды басшылықты жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретiн құжаттарды ресiмдейдi;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң басшылығына Қазақстан Республикасына қатысты шектес мемлекеттердiң шекара және виза саясатындағы, басқа мемлекеттердегi мемлекеттік шекара арқылы өту тәртiбіндегі өзгерістер туралы, шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекараны делимитизациялау мен демаркациялаудың жүргiзiлуi туралы хабарлап отырады;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң шекаралық өкiлдерi реттемеген жанжалдарды дипломатиялық тәртiппен шешедi.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі:
1) Қазақстанда үнемi тұрмайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймаққа кіруге құқық беретiн құжаттарды ресiмдейдi;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiмен бiрлесiп, шекаралық тәртiп ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
3) Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарындағы құқық тәртібінiң жай-күйi, тұрғылықты жерiнен белгiсiз мән-жайларда кетiп қалған адамдар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне қатысты құқыққа қарсы ниеттерi бар қылмысты топтар мен адамдар туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне хабарлап отырады;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын және оның тәртібін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі тәртiптi бұзған адамдарды iздестiруде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында азаматтар жасаған құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтау мен тексеруде жәрдемдеседi;
5) туындаған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, шекара бұзушыларды шекарада iздестiру, шектес мемлекеттер азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кіруiне немесе жаппай өтуiне тойтарыс беру кезiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң ұсынуы бойынша шекаралық аймақтағы (өңiрдегi) жекелеген жер учаскелерiне немесе объектiлерге Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың баруын уақытша шектейдi немесе баруына тыйым салады;
6) Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарының халқына құқықтық тәрбие беруге қатысады, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында және ол арқылы өткізу пункттерiнде құқық бұзушылықтың алдын алуды жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн күзетудi және қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының күзетi мен қорғанысына қатысуын қамтамасыз етедi.
5. Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетiн адамдарға, көлiк құралдарына, жүктер мен тауарларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау жасауды жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өз өкiлеттiктерi шегiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауды, оның тәртібін және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңының тәртібін қамтамасыз етуге жәрдем көрсетедi.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 25-бап өзгерді
25-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi Әуе қорғанысы
күштерiнiң негiзгi құқықтары
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы күштерi:
Мемлекеттік шекарадан заңсыз өтiп кету қаупi туған кезде немесе заңсыз өтiп кеткен кезде Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде және Қазақстан Республикасынан тыс әуе кеңiстiгiнде әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттарын тану үшiн әскерлердегi құралдарды пайдалануға;
қажет болған жағдайларда белгiленген тәртiп бойынша әуе кеңiстiгiнде жағдайды анықтау және мемлекеттік шекарадан заңсыз өтудiң алдын алу немесе тыйым салу жөнiнде шаралар қолдану үшiн қарулы күштердiң басқа түрлерi мен мемлекеттік органдардың күштерi мен құралдарын тартуға;
Мемлекеттік шекарадан заңсыз өтiп кету қаупi туған кезде әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттарының Қазақстанның әуе кеңiстiгiнiң жекелеген аудандарында ұшуына толық тыйым салуға немесе оны шектеуге;
Мемлекеттік шекарадан заңсыз өткен және Қазақстанның әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін бұзған әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттарын Қазақстан Республикасының аумағына қондыру жөнiнде шаралар қолдануға;
Мемлекеттік шекарадан заңсыз өткен әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттары экипаждары мүшелерiнiң шекарадан заңсыз өтiп кету мән-жайларын анықтау және, егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса, оларды анықтау және тергеу органдарына беру үшiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң бөлiмшелерiне немесе өзге де жерлерге шақыруға;
Мемлекеттік шекараны бұзушылардың ұшуына тыйым салуға құқылы.
ҚР 2002.07.10. № 338-II Заңымен 26-бап жаңа редакцияда
26-бап. Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасы мәселелерi бойынша мiндеттерi
Заңды тұлғалар, олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы күштерiне, кеден органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге көмек көрсетуге, олардың заңды талаптарын орындауға, оларға қажеттi ақпарат беруге құқылы.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 27-бап өзгерді
27-бап. Азаматтардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы
мәселелерi бойынша мiндеттерi мен құқықтары
Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының белгiленген тәртібін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнiң тәртібін, Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңының тәртiптерiн, сондай-ақ шекаралық тәртiптi сақтауға және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметi мен осы тәртiптiң сақталуын бақылауды жүзеге асыратын органдардың заңды талаптарын орындауға және оларға осы мiндеттердi орындауда жәрдем көрсетуге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының азаматтары шекараны күзету жөніндегі ерiктi жасақтардың құрамында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң штаттан тыс қызметкерлерi ретiнде және басқа түрлерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге ерiктiлiк негiзiнде қатыса алады. Азаматтарды Қазақстан Республикасының шекарасын күзетуге тартуды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Шекаралық аймақ пен өңiрде және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектейтiн нормалар мiндеттi түрде жариялануға тиiс.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 28-бап өзгерді
28-бап. Қазақстан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
комитетi Шекара қызметiнiң, кеден және басқа органдарының,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетудегi өзара
iс-қимылы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелерi бойынша бақылауды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi, кеден және басқа органдары шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен мемлекеттік органдар деңгейiнде жасалған және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында негiзделген келісімдерiнде белгiленетiн тәртiп бойынша өзара iс-қимылды ұйымдастырып, жүзеге асырады.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын
күзетуге қатысушы әскери қызметшілер мен басқа
да азаматтардың құқылық жағынан қорғалуы
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 29-бап өзгерді
29-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын
күзетуге қатысушы әскери қызметшiлердiң құқылық
жағынан қорғалуы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың әскери қызметшiлерi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде мемлекеттік өкiмет өкiлдерi болып табылады. Олардың талаптарын азаматтар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi.
Әскери қызметшiнiң талаптарына бағынбау, оған тiл тигiзу, қарсылық көрсету, әскери қызметшiге қоқан-лоққы жасау, оған күш қолдану немесе оның өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне қол сұғу, сондай-ақ әскери қызметшiнiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындауына бөгет жасайтын басқа да әрекеттер заңда белгiленген жауапқа тартылады.
Қазақстан Республикасының заңдарында әскери қызметшi қызмет борышын атқаруына байланысты жасалған қылмысты қол сұғулардан әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң өмiрiн, денсаулығын, намысын, қадiр-қасиетiн және мүлкiн құқылық жағынан қорғау белгiленедi.
30-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын
күзетуге қатысушы азаматтардың құқылық жағынан қорғалуы
Мемлекеттік шекараны күзетуде азаматтардың Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне жәрдемдесуiне байланысты азаматтар мен олардың отбасы мүшелерi жөнiнде құқыққа қарсы әрекеттер жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапқа тартылады.
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын
күзету кезінде қаруды, ұрыс техникасын және
арнаулы құралдарды қолдану
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 31-бап өзгерді
31-бап. Қару мен ұрыс техникасын қолдану
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетудi жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы күштерi қару мен ұрыс техникасын:
Қазақстан Республикасының аумағына қарулы шабуыл жасауға және қарулы басуға тойтарыс беру, Мемлекеттік шекарада қарулы арандатуға тыйым салу үшiн;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы күштерiне қарулы шабуыл жасауға тойтарыс беру үшiн;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өткен және қарулы қарсылық көрсеткен адамдарға, теңiз (өзен) кемелерiне, әуеде ұшу аппараттарына қарсы;
әуе және теңiз (өзен) кемелерiн айдап әкетуге жол бермеу үшiн;
Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі қызмет мiндеттерiн немесе қоғамдық борышын орындап жүрген әскери қызметшiлерге, басқа да адмдарға жасалған шабуылға, олардың өмiрiне тiкелей қатер төнген кезде оған тойтарыс беру үшiн;
азаматтарды олардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуылдан қорғау, сондай-ақ кепiлге алынғандарды босату үшiн қолданылады. Қарулы басып кіруге тойтарыс беру үшiн, тұтқиылдан қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен кезде, ұрыс техникасын пайдаланып шабуыл жасаған кезде, ұсталған адамдардың тартып алынған қарумен қашып кетуi кезiнде қару ескертусiз қолданылуы мүмкiн.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген басқа реттерде қару қолданардың алдында оны қолдану ниетi туралы ескерту жасалуға және ескерту мақсатында оқ атылуға тиiс.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету кезiнде қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң қаруы мен ұрыс техникасы қолданылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң әскери қызметшiлерi Мемлекеттік шекараны күзету жөнiнде қызмет атқарған кезде дабыл белгiсiн беру немесе көмек шақыру үшiн қару қолдануға құқылы.
32-бап. Арнаулы құралдарды қолдану
Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі мiндеттерiн орындаған кезде әскери қызметшiлер қол кiсендерiн, резина таяқтар, көзден жас ағызатын және пайдалануға рұқсат етiлген басқа да заттарды (газдарды), алаңдатушы әсер ететiн жарық-дыбыс құрылғыларын, көлiктi зорлап тоқтатуға арналған құрылғыларды қолдануға, сондай-ақ күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн және қызмет иттерiн пайдалануға құқылы. Арнаулы құралдарды қолдану мен пайдалану белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы
туралы Қазақстан Республикасы заңдарын бұзғаны
үшін жауаптылық
ҚР 15.07.96 ж. № 31-1; 10.07.02 ж. № 338-II Заңдарымен 33-бап өзгердi
33-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы
туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны
үшiн жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы заңдардың бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.