Кеден органдары алатын кеден алымдарының, алымдар мен төлемдердің
ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 8 шілдедегі № 669 қаулысы
(2006.24.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 26 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 294-297, 299-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Кеден органдары алатын кеден алымдарының, алымдар мен төлемдердің ставкалары бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 8 шілдедегі
№ 669 қаулысымен
Бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.24.03. № 202 қаулысымен өзгеріс енгізілді (бұр.ред.қара)
Кеден органдары алатын алымдарының,
алымдар мен төлемдердің ставкалары
Кеден төлемдерінің атауы | ЕВРО-мен ставка |
Кеден шекарасы арқылы заңды және жеке тұлғалар өткізетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу үшін кеден алымдары Тауарлар иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында сақтағаны үшін кеден алымдары (ашық орын) Тауарларды иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында сақтағаны үшін алымдары (жабық үй-жай) Тауарларды иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында сақтағаны үшін кеден алымдары (жайластырылған үй-жай - арнайы жабдықтарды пайдалана, ерекше температуралық режимді және т.б. жасай отырып арнайы бейімделген үй-жайы) Тауарларды кедендік алып жүру үшін кеден алымдары Ауданы мынадай кеден қоймасын құруға арналған лицензия бергені үшін алынатын алымдар: 1000 м2 дейінгіні қоса алғанда 1000-нан 2000 м2 дейінгіні қоса алғанда 2000 м2 астамды қоса алғанда Бажсыз сауда дүкенін құруға арналған лицензия бергені үшін алымдар Ауданы мынадай еркін қойманы құруға арналған лицензия бергені үшін алымдар: 1000 м2 дейін 1000 м2 астам Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензия бергені үшін алымдар Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия бергені үшін алымдар Кеден тасымалдаушысы ретіндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия бергені үшін алымдар Кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алымдар Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлем | Жүктің кедендік декларациясының негізгі парағы үшін 50 евро және жүктің кедендік декларациясының әрбір қосымша парағы үшін 20 евро Тәулігіне 1 шаршы метр үшін 0,17 евро Тәулігіне 1 шаршы метр үшін 0,48 евро Тәулігіне 1 шаршы метр үшін 0,86 евро 50 км-ге дейінгі қашықтыққа 9 евро, 50-ден 100 км-ге дейінгі қашықтыққа 11 евро, 100-ден 200 км-ге дейінгі қашықтыққа 18 евро, 200-ден 400 км-ге дейінгі қашықтыққа 81 евро, 400-ден 600 км-ге дейінгі қашықтыққа 117 евро, 600-ден 800 км-ге дейінгі қашықтыққа 134 евро, 800-ден 1000 км-ге дейінгі қашықтыққа 206 евро, 1000-ден 1500 км-ге дейінгі қашықтыққа 293 евро, 1500-ден 2000 км-ге дейінгі қашықтыққа 455 евро, 2000 км-ден астам қашықтыққа 599 евро 9000 евро 14000 евро 19000 евро 20000 евро 19000 евро 28000 евро 8000 евро 5000 евро 5000 евро 200 евро 50 евро |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 8 шілдедегі
№ 669 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі
1. "Кеден төлемдерінің ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 7 қарашадағы № 1479 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 35, 441-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 тамыздағы № 1061 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 35, 336-құжат).
3. "Астық пен оны қайта өңдеу өнімдерінің экспортын мемлекеттік қолдау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 сәуірдегі № 380 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 12, 116-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 7 қарашадағы № 1479 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы № 63 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 2, 26-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 7 қарашадағы № 1479 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 сәуірдегі № 415 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 11, 104-құжат).