Астық пен оны қайта өңдеу өнімдерінің экспортын мемлекеттік қолдау
жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 ж. 8 сәуірдегі № 380 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 08.07.03 ж. № 669 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды
Астық экспортының мүмкіндіктерін кеңейту және экспорттаушылардың мүдделерін қорғау, астық рыногының инфрақұрылымын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 08.07.03 ж. № 669 қаулысымен 1-тармақ алынып тасталды
1. "Кеден төлемдерінің ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 7 қарашадағы № 1479 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 35, 441-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"кеден органдары құрған уақытша сақтау қоймаларында тауарлардың сақталғаны үшін кеден алымы" деген жолдар "СЭҚ ТН (ТМД) коды 1001-1109 тауарлардан басқасы тәулігіне тауардың кедендік құнының 0,2% деген сөздермен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Қаржы министрлігі, Ұлттық Банкі (келісім бойынша), Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (келісім бойынша) бір ай мерзім ішінде элеваторлардың астық қолхаттарын кепіл құжаты ретінде пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны енгізудің мүмкіндігін қарасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісілген ұсыныс енгізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі