01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды; 2005.14.10. № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 13-1-бап өзгертілді
13-1-бап. Геологиялық және тау-кен бөлулерi
1. Барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығының иегерi жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиiстi операцияларды геологиялық немесе тау-кендiк бөлуге сәйкес белгiленген жер қойнауы учаскесiнiң шектерінде ғана жүргiзуге құқылы.
2. Өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының иегерi барлау жөніндегі операцияларды тау-кендiк бөлумен белгiленген жер қойнауы учаскесiнiң шектерiнде жүргiзуге құқылы. Қорлар өсiп, оларды мемлекеттік сараптама растаған жағдайда келісім-шартқа тараптардың жазбаша келісімiмен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерістер енгiзiлуге тиiс.
3. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган конкурс жеңiмпазының немесе осы Заңда көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығы конкурс өткiзбей ұсынылатын тұлғаның өтiнiш берген күнiнен бастап жиырма күн iшiнде оларға геологиялық бөлудi бередi.
4. Тау-кендiк бөлудi жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган конкурс жеңiмпазына немесе осы Заңда көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығы конкурс өткiзбей ұсынылатын тұлғаға, аталған тұлға тау-кендiк бөлу жобасын ұсынған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей бередi.
11.08.99 ж. № 467-I; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға беру
1. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқығын ақылы не тегiн негiзде, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыру жолымен басқа тұлғаға iшiнара немесе толықтай беруi, құрылатын заңды тұлғаның жарғылық қорына жарна ретiнде берудi, жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын пайдаланушының банкроты кезiнде конкурстық өндiрiс процесiнде не жер қойнауын пайдаланушыларды - мемлекеттік кәсiпорындарды жекешелендiру процесiнде сатылатын мүлiктiк кешен құрамында берудi (жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыруды), сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге берудi қоса алғанда, құзыреттi органның рұқсатымен жүзеге асырылады. Құзыреттi органның рұқсаты немесе рұқсат беруден дәлелдi бас тартуы өтiнiш берген күннен бастап қырық бес күн iшiнде берiледi.
1-1. Жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлге қойылып алынған кредит келісім-шартпен көзделген жер қойнауын пайдалану мақсаттарына ғана пайдаланылуға тиiс.
1-2. Жер қойнауын пайдалану құқығының кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған кезде кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алу айналымы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
1-3. Жер қойнауын пайдалану құқығын сот қарауынан тыс мәжбүрлi түрде iске асыру кезiнде мемлекеттік органдардың кепiлге алынған мүлiктi сот қарауынан тыс өткізу рәсiмiн тоқтата тұруға және жер қойнауын пайдалану құқығына, соның iшiнде кепiлге алынған мүлiкке тыйым салу жолымен шара қолдануға құқығы жоқ.
2. Құзыреттi органның нақты тұлғаға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсаты осындай әрбiр жағдайда жеке берiледi. контрактта жер қойнауын пайдаланушының қалауымен жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға беруге жер қойнауын пайдаланушының жалпы рұқсатын белгiлеуге жол берiлмейдi.
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен контракттың негiзiнде жер қойнауын пайдаланушыға берiлген жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге деген жер қойнауын пайдаланушының құқығын беру осы органның келісімiмен жүргiзiле алады.
4. Өз мұқтажын қанағаттандыруға қажеттi кең тараған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру астында кең тараған пайдалы қазбалары немесе жерасты сулары бар жер учаскесiн жеке меншiкке немесе жердi пайдалануға берумен қатар жүргiзiледi. Жер учаскесiн уақытша жер пайдалануға берген ретте, кең тараған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өз мұқтажын қанағаттандыру үшiн пайдалану шарттары уақытша жер пайдалану туралы шартта ескерiлуi мүмкiн.
Өз мұқтажын қанағаттандыруға қажеттi кең тараған пайдалы қазбаларға және жерасты суларына арналған жер қойнауын пайдалану құқығын астында олар жатқан жер учаскесiнсiз беруге жол берiлмейдi.
5. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде, сондай-ақ заңдарда көзделген басқа да негiздер бойынша, осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында көзделген ережелер сақтала отырып жүргiзiледi. Осы баптың 1 және 9-1-тармақтарына сәйкес берiлетiн рұқсаттың болуынсыз жасалған жер қойнауын пайдалану құқығын өзгеге беру жөніндегі мәмiле ол жасалған кезден бастап жарамсыз деп есептеледi.
6. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі барлық шығыс, егер беру шартында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушыға жүктеледi.
7. Жер қойнауын пайдаланушының контрактыға қандай болсын қатысы сақталып қалатын кезге дейiн ол және жер қойнауын пайдалану құқығы ауысқан тұлға контракт бойынша ортақ жауапкершiлiкте болады.
9. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер учаскесiн , тау-кендiк және (немесе) геологиялық бөлудi қайта ресiмдеуге, сондай-ақ жер учаскесiне құқықты тiркеуге және заңдарға сәйкес онымен мәмiле жасасуға сөзсiз негiз болып табылады.
9-1. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдаланушының өтiнiшi мен оғАн қоса берiлген жер қойнауын пайдаланушы пайдасына осындай берудi жүргiзуге ниеттенген жеке және заңды тұлға туралы ақпараттың негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған рұқсатты беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Құзыреттi орган:
1) егер жер қойнауын пайдалану құқығын беру көзделген тұлға жер қойнауын пайдаланушыға келісім-шартпен жүктелетін мiндеттемелердi немесе міндеттемелердiң бiр бөлiгiн (жер қойнауын пайдалану құқығы iшiнара берiлген жағдайда) орындауға қабiлетсiз болған;
2) жер қойнауын пайдаланушы құзыреттi органға көрiнеу жалған ақпарат берген;
3) егер жер қойнауын пайдалану құқығын беру елдiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталмауына әкелiп соққан жағдайларда, оның ішiнде құқықтар келісім-шарт шеңберiнде шоғырландырылған және (немесе) құқықтар жер қойнауын пайдалану саласында операциялар жүргiзуге шоғырландырылған жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат беруден Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен бас тартуға құқылы.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дау айтылуы мүмкiн.
9-2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісім-шартқа тиiстi өзгерістер немесе толықтырулар тiркелген кезден бастап жасалған болып есептеледi. Құзыреттi орган контрактiні тiркеуден жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі азаматтық-құқықтық мәмiле жасасу фактiсi болмаған жағдайда не Жер қойнауын пайдаланушы құзыреттi органға соның негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат берiлген жалған ақпарат ұсынуы фактiсi болған жағдайда не осы баптың 9-3 және 9-4-тармақтары сақталмаған жағдайда бас тартуға құқылы.
9-3. Жер қойнауын пайдалану құқығын басқа адамға iшiнара берген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы мен осындай жеке немесе заңды тұлға контракт бойынша құқықтарды бiрлесiп жүзеге асыру мен мiндеттердi орындау кезiнде туындайтын өзара мiндеттемелер бойынша келісімге келуге тиiс. Жер қойнауын пайдаланушылардың арасындағы бiрлескен қызмет туралы шарт не құқықтар мен мiндеттердi осындай шектеу туралы өзге де шарт құзыреттi органмен келісіледi және ол контрактiнiң тараптары үшiн мiндеттi күшi бар контрактiге қосымша болып табылады.
9-4. Иеленушiлерi бiрнеше жеке немесе заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдалану құқығының бөлiгiн берген жағдайда мұндай беру тек осы жер қойнауын пайдалану құқығының барлық осындай иеленушiлерiнiң келісімiмен ғана мүмкiн болады.
10. Заңды тұлғаны тарату тәртібімен беру, кепілге берілген жер қойнауын пайдалану құқығынан өндіріп алуды қолдану, сондай-ақ жер пайдалану құқығының мұраға берілу не заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру тәртібімен өтуі жағдайларын қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығын келісімшарт күшіне енген кезден бастап екі жыл ішінде беруге болмайды.
Бұл шектеу ұлттық компания немесе оның еншілес ұйымы жер қойнауын пайдалану құқығын берген немесе иеленген жағдайларда қолданылмайды.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 15-бап өзгертілді
15-бап. 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 16-бап жаңа редакцияда
16-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының әмбебап құқықтық иелiкке алу ретiнде ауысуы
Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда оған тиесiлi жер қойнауын пайдалану құқығы азаматтық заңдар нормаларына сәйкес құқықтық мирасқорға (құқықтық мирасқорларға) ауысады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Техногендiк минералдық түзiлiмдерге байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асырудың ерекшелiктерi
1. Мемлекеттік меншiкке жататын әрi нақтылы мемлекеттік кәсiпорындарға бекiтіліп берiлмеген техногендiк минералдық түзiлiмдерден өндiру контрактқа сәйкес жалпы негiздерiнде жүргiзiледi.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда
18-бап. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге
жер қойнауын пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың
ерекшелiктерi
1. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеудi осы Заңның 13-бабының 3-тармағына сәйкес жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жеке және заңды тұлғалар жүргiзе алады.
2. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жүргiзу кезіндегі жұмыстар (операциялар) өңiрлiк және геологиялық-түсіру жұмыстарын, геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық зерттеулер жүргiзудi, iздестiру, iздестiру-бағалау, iздестiру-барлау және барлау жұмыстарын, мемлекеттік геологиялық карталар жасауды, жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулердi, өздiгiнен ағып шығатын гидрогеологиялық және мұнай ұңғымаларын жоюды және консервациялауды қамтуы мүмкiн.
3. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бюджет қаражаты есебiнен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден қаржыландырылуы мүмкін.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 19-бап жаңа редакцияда
19-бап. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды, жүзеге асырудың ерекшелiктерi
1. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асырудың ерекшелiктерiн, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібінiң ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргiзудiң шарттары мен тәртібі контрактiмен айқындалады.
3. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы Заңның өндiруге қатысты нормалары қолданылады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20-бап. Минералдық шикiзатты бастапқы өңдеу
1. Минералдық шикiзатты бастапқы өңдеу өндiруден кейiнгi тiкелей операция болып табылады және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға жатпайды.
2. Минералдық шикiзатты бастапқы өңдеудi лицензиялау осы Заңның ережелерiне бағынбайды және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 4-тарау мен 21-41-баптар алып тасталды және жаңа 4-1-тараумен толықтырылды; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4-1-тарау.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған
конкурс
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 41-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III ҚР Заңымен 41-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
41-1-бап. Барлауды, өндiрудi және бiрлескен барлау мен
өндiрудi жүргiзу құқығын беру тәртібі
1. Құзыреттi орган барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесi бойынша, сондай-ақ конкурс талабы ұлттық компанияның үлестiк қатысуы болып табылатын жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесi бойынша конкурс өткiзедi.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсты осы Заңға сәйкес және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен құзыреттi орган жүргiзедi.
3. Барлауды, өндiрудi және бiрлескен барлау мен өндiрудi жүргiзу құқығын беру:
қазақстандық кадрларды, оның iшiнде олардың санаттарын және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу деңгейiн ескере отырып тарту жөніндегі;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде мердiгерлiк жұмыстарға қазақстандық тауарларды өндірушілерді, жұмыс орындаушылар мен қызмет көрсетушілерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен конкурстық негiзде тарту жөніндегі;
жоғары технологияларды, жаңа және өңдеушi өндiрiстердi, магистральды және өзге де құбырларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану жөніндегі мiндеттемелердi әлеуеттi қатысушылар қабылдаған кезде жүзеге асырылады.
4. Өнiмдердi бөлу мәселелерi бойынша арнайы заңдарда жер қойнауын пайдалану құқығын берудiң ерекше тәртібі белгiленуi мүмкiн.
01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2005.14.10. № 79-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 41-2-бап өзгертілді
41-2-бап. Барлауға, өндiруге не бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткізудiң шарттары
1. Барлауға, өндiруге не бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс ашық және жабық болуы мүмкiн. (01.12.04 ж. өзгерістерін қара )
Ашық конкурсты өткізудiң шарттары жариялануға, ал жабығынікі - барлық ықтимал қатысушылардың назарына жеткiзiлуге тиiс.
Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген барлық тұлғалардың конкурсты өткізудiң тәртібіне байланысты ақпаратты алуға құқығы бар.
2. Конкурсты өткізу туралы хабарламаларда мыналар болуы тиіс:
1) оның өткiзiлетiн уақыты мен орны, сондай-ақ өтiнiмдер берудің мерзiмi;
2) конкурстың негiзгi шарттары;
3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу үшiн ұсынылу көзделген жер қойнауы учаскелерiнiң орналасқан жерiн көрсету .
Хабарламада сондай-ақ жазылым бонусының ең төменгi мөлшерi, геологиялық ақпарат пакетiнiң, құзыреттi орган белгiлейтiн конкурсқа қатысу құқығына арналған жарнаның құны көрсетiледi. Құзыреттi орган тиiстi мемлекеттік органдармен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен келісім-шарттық мiндеттемелерде қолданылатын қазақстандық мазмұн бойынша республика қажетiнiң ең төменгi проценттiк мөлшерiн айқындайды.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткізу туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жарияланады.
3. Конкурсқа қатысушыларға өтiнiм беру үшiн берiлетiн мерзiм бiр айдан кем болмауға, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - он күннен кем болмауға тиiс.
4. Конкурс шарттарының жарияланған күнi мен конкурс өткiзiлетiн (қорытындылар шығарыла бастайтын) күннiң арасындағы мерзiм үш айдан кем болмауға, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - бір айдан кем болмауға тиiс.
5. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсқа қатысқысы келетiн тұлғалар құзыреттi органдағы конкурсқа ұсынылған жер қойнауы учаскелерiнiң сипаттамасымен танысуға құқылы.
6. Конкурсқа қатысу жарнасы және геологиялық ақпарат пакетінің құны қайтарылуға жатпайды.
2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 41-3-бап өзгертілді
41-3-бап. Конкурсқа қатысуға берiлетiн өтiнiм
Конкурсқа қатысуға берiлетiн өтiнiмде:
1) өтiнiм берушiнiң атауы оның орналасқан жерi, мемлекеттік тиесiлiлiгi (заңды тұлғалар үшiн), азаматтығы (жеке тұлғалар үшiн);
2) өтініш беруші заңды тұлғаның басшылары мен қатысушыларының немесе акционерлерінің жарғылық капиталдағы (дауыс беретін акциялары жалпы санынан) үлестерінің мөлшерін көрсете отырып, олар туралы мәліметтер;
3) жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған жер қойнауы учаскесiнiң атауы;
4) өтiнiм берушiнiң конкурсқа қатысу үшін жарна төлегені туралы құжаттың көшiрмесi болуға тиіс.
01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 41-4-бап өзгертілді
41-4-бап. Өтiнiмдердi қараудың тәртібі мен мерзiмдерi
1. Өтiнiм берушi осы Заңның 41-3-бабының талаптарын сақтаған жағдайда өтiнiм қарауға қабылданады. Құзыреттi орган өтiнiмнiң конкурсқа қатысуға қабылданғаны туралы оның келiп түскен күнiнен бастап бiр ай мерзiмде, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - он күн мерзімде өтiнiм берушiге ресми хабарлайды. Өтiнiмдердiң сараптамасы конкурс процесiнде жүргiзiледi.
2. Конкурсқа қатысуға өтiнiм қабылданған соң өтiнiм берушiге құзыреттi орган ақысын төлетiп жер қойнауы пайдалануға берiлетiн аумақтағы жер қойнауы учаскесi жөніндегі геологиялық ақпарат пакетiн бередi. Пакетте өтiнiм берушiге жұмыс бағдарламасын және барлауды және (немесе) өндiрудi жүзеге асыру бойынша техникалық-экономикалық көрсеткiштердi әзiрлеуi үшiн қажеттi геологиялық, тау-кен-техникалық, технологиялық және өзге де қолда бар ақпарат көлемі болуға тиiс. Өтiнiм берушiнiң алған геологиялық ақпаратты жария етуге немесе үшiншi тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) ; 2005.14.10. № 79-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 41-5-бап өзгертілді
41-5-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныс
1. Өтiнiм берушi конкурс талаптарымен белгiленген мерзiмде барлауға, өндiруге немесе бiрлесiп барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсынысты жасайды.
Конкурстың нәтижелерi ресми баспасөз басылымдарында жариялануға тиiс.
1-1. Конкурстық ұсыныс берген конкурсқа қатысушының конкурстық ұсыныстар беру аяқталған күннен бастап конкурс қорытындылары шығарылғанға дейін оны кері қайтарып алуға құқығы жоқ.
2. Барлауға, жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныста:
1) өтiнiм берушiнiң, соңғы бес жылда өзi қызметiн жүзеге асырған мемлекеттердiң тiзiмiн қоса алғанда, бұрынғы қызметi туралы ақпарат;
1-1) өтiнiм берушiнiң қаржылық , техникалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық мүмкiндiктерi туралы деректер;
2) жұмыс бағдарламасы мен олардың жүзеге асырылуына арналған шығындарды қоса алғанда, барлау жүргiзу жөніндегі мiндеттемелер мен ниеттер, сондай-ақ барлау жүргiзудiң басталу мерзiмi мен қарқындылығы;
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) келісім-шарт аумағының жерлерiн қайта қопсыту мен қалпына келтiру туралы шарттарды қоса алғанда, экологиялық талаптарды және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу талаптарын сақтау жөніндегі мiндеттемелерi мен ниетi;
3-1) жерасты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды қоспағанда, келісімшартқа қол қойылғанға дейін Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалардың қызметі ашықтығының бастамасын іске асыруға қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қосылу жөніндегі міндеттемелер;
4) барлау жүргiзудi өз қаражаты мен (немесе) қарыз қаражаты есебiнен қаржыландыру мiндеттемелерi мен ниетi, сондай-ақ бюджетке бастапқы төлемдердiң мөлшерi;
4-1) өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымының дамуына қатысу жөніндегі мiндеттемелерi мен ниетi;
4-2) қазақстандық кадрларды тарту жөніндегі мiндеттемелер және қазақстандық қызметкерлердi даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар;
4-3) жұмыс істейтін қызметкерлердің жалпы санының процентi есебiмен қазақстандық кадрларды, сондай-ақ келісім-шарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң жалпы құнының процентi есебiмен конкурстық негiзде сатып алынатын қазақстандық тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мiндеттi түрде тарту ниетi;
4-4) жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтiн өндiрiстердi дамыту мен магистральды және өзге де құбырларды пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану жөніндегі ұсыныстар;
5) 2007.12.01. № 226-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5-1) өтiнiм берушi ұсынған өзге де мiндеттемелерi мен ниетi болуға тиiс;
6) 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныста, ақпараттан, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында жазылған, 2) тармақшасын қоспағанда, мiндеттемелер мен ниеттен басқа:
1) өзi өндiрудi ұйғарып отырған пайдалы қазбалардың көлемiн қоса алғанда, кен орындарын игеру жоспары;
2) өндiрудi бастаудың күтіліп отырған мерзiмi және оған қол жеткізудің экономикалық және техникалық мүмкiн деңгейi;
3) өндiруге байланысты шығыстар бойынша және пайдалы қазбаларды iске асырудан түсетiн кiрiстер бойынша болжамдарды есептеу;
4) Қазақстан Республикасының бюджетке бастапқы, сондай-ақ кейiнгi төлемдердiң болжанған көлемi туралы ниетi мен контракт аумағының өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымын дамытуға салынатын күрделi салымдары болуға тиiс.
4. Бiрлесiп барлау мен өндiруге Құқық алуға конкурстық ұсыныс осы баптың 2-3-тармақтарына сәйкес қалыптасуға тиiс.
5. Осы баптың 2-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу барысында өтiнiм берушi ұсынған мiндеттемелер мен ниет барлау жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған жұмыс бағдарламасына енгiзiледi, ал осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес ұсынылған мiндеттемелер мен ниет тиiсiнше өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған жұмыс бағдарламасына немесе бiрлескен барлау мен өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған жұмыс бағдарламасына енгiзiледi.
01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2005.14.10. № 79-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 41-6-бап өзгертілді
41-6-бап. Конкурсқа қатысу құқығынан бас тартылу
Конкурсқа қатысу құқығынан бас тартылу мынадай жағдайларда орын алуы мүмкiн:
1) осы Заңның 41-3-бабының талаптарын бұза отырып конкурсқа қатысуға өтiнiм беру немесе 41-5-бабының талаптарын бұза отырып конкурстық ұсыныс беру;
2) өтiнiм берушiнiң жалған мәлiметтердi ұсынуы;
3) өтiнiм берушiнiң конкурстық ұсынысында көрсетiлген барлау мен (немесе) өндіру үшін қажеттi техникалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржылық мүмкіндіктерге ие екендiгiнiң немесе ие болатындығының құжаттамалық айғақтарының конкурстық ұсыныста болмауы.
4) егер өтініш берушіге жер қойнауын пайдалану құқығын беру елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталмауына әкеп соқса, оның ішінде келісімшарт шеңберіндегі құқықтар шоғырландырылған және (немесе) жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргізуге арналған құқықтар шоғырландырылған жағдайда.