3) минералды шикiзаттың стратегиялық және тапшы түрлерiне деген мемлекеттiң қажеттілігiн қанағаттандыруға арналған жер қойнауы учаскелерiн анықтайды, ұлттық қауiпсiздiктi, қоршаған ортаның сақталуын, халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдалануға шек қояды, болашақ ұрпақ мүддесiне орай минералды шикiзат қорларын сақтау үшiн жер қойнауы учаскелерiн консервациялайды;
4) кең тараған пайдалы қазбалардың тiзбесiн анықтайды;
5) өндiрушi өнеркәсiптiң әртүрлi салаларында қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшiн арнайы төлемдер мен салықтардың төлеу тәртібінiң ерекшелiктерiн белгiлейдi;
6) жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін айқындайды;
7) конкурсқа шығарылуға тиiс , кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн, оның iшiнде ұлттық компанияның қатысу үлесi бар жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
8) модельдiк контрактылар әзiрлейдi және бекiтедi;
9) 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
10) кең таралған пайдалы қазбалардан басқа жер қойнауын пайдалануға контрактылар жасайтын және орындайтын құзыреттi органды айқындайды;
11) республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлерiнiң тiзбесiн бекiтедi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда оларды шаруашылыққа шектеп пайдаланудың тәртібін белгiлейдi, сондай-ақ экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi.
12) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін қоса алғанда, түзу және жүргізу тәртібін бекітеді;
13) келісім-шарттар шарттарының орындалуын қадағалаудың мониторингiн және оны бақылауды жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
14) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру тәртібін айқындайды;
15) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму және қалдық суларды ағызу тәртібін айқындайды.
16) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 8-бап жаңа редакцияда; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2005.14.10 № 79-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред .қара) ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертілді
8-бап. Құзыреттi органның атқаратын қызметтерi
1. Құзыреттi органның атқаратын қызметтерiне мыналар кiредi:
1) барлау, өндiру және бiрлескен барлау мен өндiру жүргiзуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшiн конкурс дайындау және ұйымдастыру;
2) контрактiнiң шарттары туралы жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздер жүргiзу, жер қойнауын пайдаланушымен бiрлесiп контрактiнiң жобасын дайындау;
3) жер қойнауын мемлекеттік зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, келісім-шарттық құжаттардың жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
4) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлесiп барлау мен өндiруге арналған келісім-шартты қоспағанда, келісім-шарт жасасу және оны тiркеу;
5) жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттардың талаптарын орындауының мониторингi және оны бақылау.
Келісім-шарттардың талаптарын орындауды сақтау мониторингiнiң және оны бақылаудың құрылымын, мазмұнын және оны жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi;
6) осы Заңның 14-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге рұқсат беру, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру жөніндегі мәмілені тіркеу;
7) контрактiнi заңдарда көзделген тәртiппен және негiздер бойынша атқаруды және бұзуды қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметіне контрактiнiң орындалу барысы туралы жыл сайынғы есептi табыс ету.
9) мүдделi мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының талаптарына енгізу үшiн жер қойнауын пайдалану және iлеспе қызметте жоғары технологиялар, жаңа және өңдеу өндiрістерi, магистральдық және өзге де құбырлар, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану операцияларын жүргiзу кезінде қазақстандық мазмұн, дамыту және пайдалану жөнiнде конкурс қатысушыларына ұсыныстар әзiрлеу.
10) көмiрсутегi шикiзатын өндiру жөніндегі кен орындарын игеру жобаларын әзiрлеу және бекіту тәртібін айқындау;
11) техникалық регламенттерді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актiлердi, нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлеу және бекіту.
12) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
13) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіретін тәуекелдерге талдау жүргізу және оларды бағалау.
2. Құзыреттi орган :
1) контрактiнi жасау және атқару жөніндегі өзiнiң қызметiнiң барысында Қазақстан Республикасы мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
2) өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге кен орындарының қорларына мемлекеттік сараптамадан және өнеркәсiптiк санаттағы қорлары бар екендiгi расталғаннан кейiн ғана конкурс өткізуге және келісім-шарттар жасауға мiндеттi.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды; 2005.14.10. № 79-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 8-1-бап жаңа редакцияда; 2007.12.01. № 226-III ҚР Заңымен 8-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
8-1-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі
уәкiлеттi органның құзыретi
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган:
1) жер қойнауын геологиялық зерттеу және кешендi пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;
2) тау-кен жұмыстарын дамытудың жоспарларын (жобаларын) бекiтедi;
3) көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiру жөніндегі кен орындарын игеру жобаларын бекiтедi;
4) осы Заңның 13-бабының 1-5-тармағында көзделген жағдайларда тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр көлемінде өндірістік-техникалық жерасты суларын барлауға және өндіруге, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын береді;
5) пайдалы қазбалар қорларының, пайдалануға берiлетiн жер қойнауы учаскелерi туралы геологиялық және экономикалық ақпараттың, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторинг жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi, пайдалы қазбалардың қорларын бекiтедi;
6) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансын, кен орындарының және пайдалы қазбалар көрiнiс белгілерiнiң, қауiпті геологиялық процестердiң мемлекеттік кадастрларын жасауды ұйымдастырады және жүргізедi;
7) тарихи шығындардың көлемiн, жер қойнауы туралы геологиялық ақпарат алудың құны мен шарттарын айқындайды;
8) жер қойнауының геологиялық ақпаратының республикалық және аумақтық қорларын ұйымдастырады және жұмыс iстеуiн қамтамасыз етеді;
9) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын және кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
10) жер қойнауын зерттеу және пайдалану мониторингiн жүзеге асырады;
11) жер қойнауының ұтымды және кешендi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
12) жылдық жұмыс бағдарламаларын келiседi;
13) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзiрлеудi жүзеге асырады.
2005.14.10 № 79-III ҚР Заңымен 8-2-баппен толықтырылды
8-2-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлетті органның құзыретi
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды ағызудың Мемлекеттік кадастрын жүргiзедi;
3) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен бiрлесiп жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзудың салдарынан келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындайды;
4) келісім-шарттық аумақтағы немесе оның шегiнен тыс жерлердегi барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес және радиоактивтi қалдықтарды, зиянды заттар мен қалдық суларды көмуге арналған жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға рұқсат берудi келiседi.
2005.14.10. № 79-III ҚР Заңымен 8-3-баппен толықтырылды; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред .қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 8-3-бап өзгертiлдi
8-3-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де
уәкiлеттi органдардың құзыретi
1. Сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін түзеді және жүргізеді, сондай-ақ осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін әзірлейді;
2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін түзуі жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу немесе келісімшартқа байланысты ілеспе қызмет кезінде пайдаланылатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты қазақстандық мазмұнды есептеу әдістемесін құзыретті органмен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді;
4) жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстанда шығарылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бөлігінде олардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
5) Қазақстан Республикасында дамытылатын басым жоғары технологиялық өндірістердің тізбесін құзыретті органмен келісім бойынша бекітеді;
6) жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлары, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтері туралы есебінің және алдағы жылға арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық бағдарламасының нысандарын бекітеді;
7) жер қойнауын пайдаланушылардан және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалардан тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алу жүргізілетіні және жүргізілгені туралы ақпарат сұратады.
2. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың iске асырылуын үйлестiрушi уәкiлеттi орган:
1) қазақстандық кадрларға қатысты қазақстандық мазмұнды есептеу әдiстемесiн құзыреттi органмен келісім бойынша әзiрлейдi және бекiтедi;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды тарту бөлiгінде қазақстандық мазмұн бойынша, сондай-ақ кемсітпеушілік негізінде олардың еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша келісім-шарттық мiндеттемелердi орындауының мониторингiн жүзеге асыруға қатысады.
ҚР 11.05.99 ж. № 381-1; 11.08.99 ж. № 467-I; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 ж. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың құзыретi
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар:
1) жер туралы заңдарға сәйкес, контрактыда белгiленген мөлшерде және мерзiмге жер қойнауын пайдаланушыға жер пайдалану құқығына жер учаскесiн бередi; қажет болған жағдайда көрсетiлген мақсаттар үшiн жер туралы заңдарда анықталған тәртiппен жеке меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесiн алып қояды;
2) өздерiне заң актілері берген құзырет шегiнде жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзу үшiн берiлген жер және су учаскелерiнiң қорғалуына, жер қойнауын пайдаланушының экологиялық қауiпсiздiк ережелерiн бұзбауына, археологиялық ескерткiштер және басқа тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) контракт жасалған кезде аймақ тұрғындарының әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық мүдделерiн сақтаумен байланысты мәселелердi шешу үшiн жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздер жүргiзуге қатысады;
3-1) қазақстандық мазмұн мен аумақтарды әлеуметтiк дамыту бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарт мiндеттемелерiн орындау мониторингiн жүзеге асыруға қатысады;
3-2) жер қойнауын пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат бередi;
3-3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін түзу мақсатында сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етілетін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін түзуді жүзеге асырады;
5) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге келісім-шарттар жасасады, оларды тiркейдi және орындайды;
5-1) жер қойнауын пайдалануға байланысты ғылыми, тарихи-мәдени және эстетикалық мәнi бар объектiлердi құру мен сақтауға жәрдемдеседi.
6) құзыреттi орталық атқарушы органдармен келiсе отырып, жергiлiктi маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлерi мен экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды, жергiлiктi маңызы бар ерекше - қорғалатын табиғи аумақтардың санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi.
3-Тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығы
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I ; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап өзгертілді
10-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығы
1. Жер қойнауын пайдалану Құқығы мынадай операцияларды жүргiзу үшiн берiледi:
1) Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу;
2) барлау;
3) өндiру;
3-1) бiрлескен барлау және өндiру;
4) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану.
2. Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен алынатын немесе алынбайтын, өтемдi және өтемсiз болуы мүмкiн.
3. Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншiк немесе уақытша жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскелеріндегі кең тараған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшiн өндiру жер қойнауын пайдаланудың тұрақты және өтемсiз құқығы бойынша жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану операцияларының басқа түрлерiнiң бәрi уақытша және өтемдi жер қойнауын пайдалану негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Осы Заңда және басқа заң актілерінде негiздерден өзге, ешкiм жер қойнауын пайдалану құқығынан ажыратылмайды.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектiлерi
1. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектiлерi қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
3. Жер қойнауын тұрақты пайдаланушылар - олардың жер қойнауын пайдалану құқығының мерзiмсiз сипаты бар тұлғалар.
Жер қойнауын уақытша пайдаланушылар - жер қойнауын пайдалану Құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген тұлғалар.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 11-1-баппен толықтырылды
11-1-бап. Жер қойнауын пайдалануды шектеу
1. Жер қойнауының жекелеген учаскелерін пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша елдің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында шектелуі немесе тыйым салынуы мүмкін.
2. Елді мекендердің аумақтарында, қала маңы аймақтарында өнеркәсіп, көлік және байланыс объектілерінде жер қойнауларын пайдалануға, егер мұндай пайдалану адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі, шаруашылық объектілеріне немесе қоршаған ортаға залал келтіруі мүмкін болатын жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ішінара немесе толық тыйым салынуы мүмкін.
3. Ерекше қорғалатын аумақтардың шектеріндегі жер қойнауларын пайдалану Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын аумақтары туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 11-2-баппен толықтырылды; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 11-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
11-2-бап. Сервитуттар
1. Жер қойнауы учаскесiне сервитут мүдделі тұлғаға, егер мұндай тұлғаның қызметті заңды жүзеге асыруы мұндай сервитут берілмей мүмкін болмайтын не мұндай тұлғаны шамадан тыс шығынға әкеп соғуы мүмкiн жағдайда ғана берілуі мүмкін.
2. Сервитутты беруге, егер мұндай беру адамдардың өмiрi мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға қатер төндiретiн, сондай-ақ жер қойнауы учаскесiнде барлау және (немесе) өндiру жүргiзу мүмкiн еместiгiне не оның тиiмсiздiлiгiне әкеп соғатын жағдайда тыйым салынады.
2-1. Сервитут алуға мүдделi тұлға (сервитут алуға үмiткер) сервитутты алу үшiн сервитут белгiленуi тиiс жер қойнауының учаскесiне жер қойнауын пайдаланушымен сервитутты белгiлеу мүмкiндiгi туралы келісімге қол жеткізуге және сервитутты белгiлеу туралы шарт жасасуға мiндеттi.
2-2. Сервитут алуға үмiткер мен жер қойнауын пайдаланушы арасында сервитутты белгiлеу мүмкiндiгi туралы келісімге немесе сервитутты белгiлеу шартының ережелерiне қол жеткiзiлмеген кезде, мүдделi тұлға сотқа жүгiнуге құқылы.
3. Сервитутты беру құзыреттi органның шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
3-1. Сервитут құзыреттi органда тiркелуге жатады.
3-2. Жер қойнауының учаскесiне сервитут белгiлеу кезiнде, егер сервитуттың талаптары туралы шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сервитуттың құқық иегерi жер қойнауын пайдаланушының сервитутпен байланысты шығындарын өтеуге мiндеттi.
3-3. Сервитуттың талаптары туралы шартта сервитуттың құқық иегерiнiң жер қойнауын пайдаланушыға төлейтiн төлемі көзделуі мүмкiн.
3-4. Сервитут мерзiмiнiң өтуiмен не ол берiлген негiздер тоқтатылған кезде тоқтатылады.
4. Сервитут мәмiленiң, соның iшiнде сатып алу-сату мен кепiлдiң дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға тек мұндай сервитутты қамтамасыз ету үшiн берiлген құқықпен бiрге ғана ауысуы мүмкiн. Сервитут жер қойнауын пайдалану құқығы берiлген және жер қойнауын пайдалану құқығы сервитутпен ауыртпалық салынған жер қойнауы учаскесiне қатысты әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сақталады.
5. Сервитутты жер қойнауы учаскесiнiң бөлiгiне беру осындай сервитутты алу қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес жер учаскесiне сервитут беру үшiн негiз болады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-I Заңымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының пайда болуы
1. Жер қойнауын пайдалану Құқығы:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
2) жер қойнауын пайдалану құқығын өзгеге беру;
3) жер қойнауын пайдалану Құқығы әмбебап құқықтық мұрагерлiк тәртібімен ауысу жолымен пайда болады.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру тұлғаға жер қойнауын пайдалану құқығын мемлекеттiң тiкелей беруiн бiлдiредi.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын өзгеге беру жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға басқа жер қойнауын пайдаланушының беруiн көрсетедi.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мұрагерлiк тәртібімен көшуi заңды тұлғаның қайта құрылуы кезеңiнде құқықтық мұрагерде жер қойнауын пайдалану құқығының пайда болғанын бiлдiредi.
11.08.99 ж. № 467-I; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 ж. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2005.14.10. № 79-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 226-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру
1. Барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге, жер қойнауын пайдалану құқығын беру, осы баптың 1-5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, контракт жасасу арқылы жүргiзiледi.
1-1. Барлау, өндiру немесе бiрлескен барлау мен өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған келісім-шарт конкурс өткізудiң нәтижелерi негiзiнде жасалады.
Конкурс өткiзбей тiкелей келiссөздер негiзiнде:
1) барлауға арналған келісім-шарттың негiзiнде коммерциялық табумен байланысты өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен бiрлесiп өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге;
2) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға беру жөніндегі операцияларды жүргiзуге;
2-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын темір жол мен автомобиль жолдарын және көпірлерді салу (реконструкциялау, жөндеу) кезінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге;
3) ұлттық компаниямен бiрлесiп барлау және (немесе) өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге келісім-шарттар жасалады.
1-2. Келісім-шарт аумағында немесе одан тыс жерлердегi барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес және радиоактивтi қалдықтарды, зиянды заттарды және ағынды суларды көмуге арналған жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға беру үшiн жер қойнауын пайдалану құқығын беру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті органмен келісім бойынша жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның жазбаша рұқсаты негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
1-3. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты және барлауға және (немесе) өндiруге арналған келісім-шарттардың жұмыс бағдарламаларына құрамдас бөлiк болып кiретiн жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға беруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру талап етiлмейдi.
1-4. Шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк-техникалық мақсатқа арналған жер асты суларын тәулiгiне елуден екі мың текше метрге дейін алу лимитiмен өндiру құқығын беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен өсу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган берген рұқсаттың негiзiнде жүзеге асырылады.
1-5. Мердігерге пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес жер қабатына айдау үшін тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын барлау және өндіру құқығын беру жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен рұқсат беруі жолымен жүзеге асырылады.
2. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге үшiн жер қойнауын пайдалану құқығын беру облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқару органымен контракт жасасу жолымен жүргiзiледi.
2-1. 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу үшiн жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргiзуге шарт жасасу жолымен жүргiзiледi.
4. Өз қажеті үшін кең таралған пайдалы қазбаларды және тәулігіне елу текше метрден аспайтын көлемде жерасты суларын өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру қойнауында кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бар жер учаскесін жеке меншікке немесе жер пайдалануға берумен бір мезгілде жүргізіледі. Жер учаскесін уақытша жер пайдалануға берген кезде өз қажеті үшін кең таралған пайдалы қазбаларды және тәулігіне елу текше метрден аспайтын көлемде жерасты суларын пайдалану талаптары уақытша жер пайдалану туралы шартта ескерілуі мүмкін.
4-1. Жер қойнауын пайдалану Құқығы бiрнеше тұлғаға берiлуi мүмкiн. Осындай беру жағдайында мұндай тұлғалар жер қойнауын пайдалану құқығының бiрлескен иелерi болып табылады. Мұндай тұлғалардың өзара құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ құзыреттi органға қатысты құқықтары мен мiндеттерi контрактiде айқындалады. Жер қойнауын пайдалану құқығының бiрлескен иелерi контрактiнiң негiзiнде туындайтын мiндеттемелер бойынша ортақ жауапты болады.