73-бап. Келесi кезектегi өндiрiп алу
1. Екiншi кезекте патенттер берiлген туындыны, өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдаланғаны үшiн авторларға тиесiлi сыйақы төлеу туралы талаптар, азаматтардың мүлкiне қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық арқылы келтiрiлген зиянды өтеу жөніндегі талаптарды қанағаттандырылады.
2. Үшiншi кезекте несие берушiлердiң кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер жөніндегі талаптары қамтамасыз ету сомаларының шегiнде қанағаттандырылады.
3. Төртiншi кезекте бюджетке және бюджеттен тыс қорларға мiндеттi төлемдер жөніндегі талаптар; қылмыс жасау немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық арқылы келтiрiлген зиянды өтеу жөніндегі заңды тұлғалардың талаптары қанағаттандырылады.
4. Бесiншi кезекте қалған талаптардың бәрi қанағаттандырылады.
ҚР 16.11.99 ж. № 479-1; 05.05.03 ж. № 409-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 74-бап өзгертілді
74-бап. Атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар
1. Атқарушылық әрекеттердi ұйымдастыру мен оларды өткізуге жұмсалған бюджет қаражаттары мен атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы тараптардың қаражаттары атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар болып табылады.
2. Атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға:
1) борышкердiң мүлкiн анықтауға, қарауға, бағалауға;
2) борышкер мүлкiн хаттау мен оны пайдалануға тыйым салуды ұйымдастыру мен өткізуге, мұндай мүлiктi тасымалдау мен сақтауды ұйымдастыруға;
3) тыйым салынған мүлiктi сатуға;
4) тiлмаштарға, мамандарға және белгiленген тәртiппен атқарушылық әрекеттер жасауға тартылған басқа да адамдарға ақы төлеуге;
5) алынып тасталды
6) өндiрiп алынған сомаларды почта арқылы өндiрiп алушыға аударуға (жiберуге);
6-1) өндiрiп алынған соманы ағымдағы шоттан беруге байланысты банк шығынына;
7) борышкердi iздестiруге;
8) өндiрiп алушының аванстық жарнасына;
8-1) атқарушылық iс-әрекеттердi жасау кезiнде сот орындаушысының қоғамдық көлiктiң барлық түрлеріндегі - қалалық, қала маңындағы және жергiлiктi қатынастағы (таксиден басқа) "қол шығынына;
9) атқару құжатын орындау процесіндегі басқа да қажеттi әрекеттерге жұмсалған қаражаттар жатады.
05.05.03 ж. № 409-II (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 75-бап өзгертілді
75-бап. Атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарды өтеу тәртібі
1. Атқарушылық әрекеттер жасау кезiнде жасалған шығыстар борышкерден шығын шеккен тұлғалар пайдасына өндiрiп алынады.
2. Атқарушылық құжат берiлгенде негiзге алынған қаулының күшi жойылуына байланысты атқарушылық iс жүргiзу тоқтатылған жағдайда атқарушылық әрекеттердiң жасалуы кезiнде жасалған шығыстар республикалық бюджет есебiне жатқызылады.
3. Борышкерден алынған заттарды өндiрiп алушыға беру туралы атқару құжатын орындау кезiнде өндiрiп алушының олардан негiзсiз бас тартуы және, егер ол өзiнiң әркеттерiмен немесе әрекетсiздiгiмен орындауға кедергi жасаса, атқару құжатын өндiрiп алушыға қайтару үшiн атқару iсiн тоқтатқан кезде атқарушылық әрекеттердi жасау кезiнде жасалған шығыстар өндiрiп алушыдан алынады.
4. Бюджет қаражаттары есебiнен келтiрiлген шығыстарды өндiрiп алуды және оларды сондай шығыс жасаған органға немесе адамдарға өтеудi сот орындаушысының ұсынысы және шыққан шығындарды растайтын құжаттар негiзiнде сот жүргiзедi.
5. Сот орындаушысының ұсынысын борышкер мен өндiрiп алушыны хабардар ете отырып сот қарайды, алайда тиiсiнше хабардар етiлген жағдайда олардың келмеуi iстi қарауға кедергi болмайды. Сот ұйғарымының көшiрмесi борышкер мен өндiрiп алушыға үш күн мерзiмде жiберiледi. Соттың ұйғарымына жеке шағым берiлуi немесе наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 76-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
76-бап. Өндiрiп алушының шығыстарға аванс беруi
Атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өндiрiп алушы атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылатын тиiстi шығыстарды жасау үшiн жеткiлiктi мөлшерде ағымдағы шотқа аванс жарнасын төлеуге құқылы.
5-тарау. Атқарушылық санкция, атқару құжаттарын
орындамағаны үшiн жауапкершiлiк
ҚР 22.12.98 ж. № 327-1 Заңымен 77-бап өзгертілдi; 05.05.03 ж. № 409-II (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 77-бап жаңа редакцияда
77-бап. Атқару санкциясы
1. Атқару құжаты толық орындалғаннан кейін сот орындаушысы өндіріп алынған соманың немесе мүлік құнының он проценті мөлшерінде борышкерден немесе атқару құжаттары бойынша мүліктік емес сипаттағы он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жеке тұлғалардан және жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде заңды тұлғалардан атқару санкциясын өндіріп алу туралы ұсыныс шығарып, оны сотқа жібереді. Егер борышкер атқару құжатын өзіне сот орындаушысы осы Заңның 10-бабына сәйкес белгілеген мерзімде толық көлемде орындаса, сондай-ақ атқару құжаты бойынша өндіріп алынған соманың он проценті мөлшерінде өндіріп алынуға тиіс атқару санкциясы бір айлық есептік көрсеткіштен аз болған жағдайда, атқару санкциясы өндіріп алынбайды.
2. Атқару санкциясы республикалық бюджетке аударылады.
78-бап. Борышкердiң атқару құжаттарын орындамағандығы үшiн жауапкершiлiгi
1. Борышкер атқару құжатын орындамағаны үшiн әкiмшiлiк не қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкiн.
2. Жауапқа тарту борышкердi атқару құжатында көзделген әрекеттердi орындау мiндетiнен босатпайды.
6-тарау. Шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар және
шетелдiк заңды тұлғалар жөнiнде атқарушылық
әрекеттер жасау. Шет мемлекеттердiң сот
және өзге құжаттарын орындау
79-бап. Соттар мен өзге де органдардың шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдiк ұйымдар жөніндегі қаулыларының орындалуы
Соттар мен өзге де органдардың шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдiк ұйымдар жөніндегі қаулылары осы Заңға сәйкес орындалады.
80-бап. Халықаралық және шетелдiк соттар мен төрелiк соттардың шешiмдерiн орындау
Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдiк соттардың, сондай-ақ төрелiк соттардың шешiмдерiн орындау тәртібі Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттармен және осы Заңмен белгiленедi. Шетелдiк сот шешiмiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының соты берген атқару парағы шешiм заңды күшiне енген сәттен бастап үш жыл iшiнде мәжбүрлеп орындатуға берiлуi мүмкiн. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда барынан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
7-тарау. Сот орындаушыларының құқықтық жағдайы
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 81-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
81-бап. Сот орындаушысы
1. Сот орындаушысы - мемлекеттік қызметте тұратын және сот актілері мен басқа да органдардың актілерін орындау бойынша өзiне заңмен жүктелген мiндеттердi орындайтын лауазымды адам.
2. Сот актілері мен басқа да органдардың актілерін орындау жөніндегі сот орындаушысының қоятын талаптары барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 82-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
82-бап. Сот орындаушысының қызметiн ұйымдастыру
1. Сот орындаушысын мемлекеттік қызметшiнiң бос орнына орналасуға жарияланған конкурстың нәтижесi бойынша аумақтық органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
2. алып тасталды
3. алып тасталды
4. Сот орындаушыларының сан құрамы судьялардың сан құрамына сәйкес болуға тиiс.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 83-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
83-бап. Сот орындаушысына қойылатын талаптар
1. Жиырма жасқа толған, сотталмаған, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта заң білімi бар, Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес келетiн, өзiнiң iскерлiк және жеке басының қасиетiмен, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматы сот орындаушысы болып тағайындалуы мүмкiн.
2. Сот орындаушысы өзiне берiлген құқықтарды Заңға қатаң сәйкес пайдалануға және өз қызметiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасауға жол бермеуге мiндеттi.
3. Сот орындаушыларына қызметтiк куәлiктер берiледi, олар үлгiлерiн уәкiлеттi орган бекiтетiн нысанды киiммен, жетонмен және эмблемамен қамтамасыз етiледi.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 84-бап жаңа редацияда (бұр. ред. қара)
84-бап. Сот орындаушысының жауапкершiлiгi
Сот орындаушысының өзiне жүктелген мiндеттердi және лауазымдық өкiлеттiктердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 85-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
85-бап. Сот орындаушысының қызметiн бақылау
Сот орындаушысының қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
29.03.00 ж. № 42-II; 05.05.03 ж. № 409-II (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 86-бап өзгертілді
86-бап. Сот орындаушысының атқарушылық әрекеттер жасау кезіндегі құқықтары мен мiндеттерi
1. Сот орындаушысы заңда белгiленген тәртiппен:
1) орындауға қатысты мәселелер бойынша қаулылар шығаруға;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
3) атқарушылық әрекеттер жасау кезiнде туындаған мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, өтеусiз қажеттi ақпарат, түсiнiктемелер мен анықтамалар алуға. Бұл орайда органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар оларды дереу, ал арнайы құжаттарды өңдеудi, дайындауды талап ететiн жағдайларда үш күннен кешіктірмей сот орындаушысына беруге мiндеттi.
4) атқарушылық әрекеттер жасағанда негiзге алынған атқару құжаттары түсiнiксiз болған жағдайда түсiнiк алу үшiн сотқа немесе атқару құжатын берген басқа да органдарға жүгiнуге;
5) атқарушылық әрекеттер жасау кезiнде пайда болған мәселелер бойынша, оның iшiнде орындау мерзiмiн кейiнге қалдыру, мерзiмiн ұзарту, орындау тәсiлi мен тәртібін өзгерту туралы, сондай-ақ борышкердi iздестiру мәселелерi бойынша сотқа ұсыныстар енгiзуге;
6) iс жүргiзiлiп жатқан атқару құжаттары бойынша азаматтар мен лауазымды адамдарды шақыртуға;
7) кез келген меншiк нысанындағы ұйымдарда атқару құжаттарының орындалуын және олар бойынша қаржы құжаттамасының жүргiзiлуiн тексеруге;
8) нақты атқарушылық әрекеттер жасау мәселелерi бойынша тапсырмалар беруге;
9) борышкерлер, сондай-ақ өздерiнде борышкерге тиесiлi мүлiктiң бар екенiн растайтын деректер болған жағдайда басқа адамдар орналасқан немесе соларға тиесiлi үй-жайлар мен қоймаларға кiруге, қажет болған жағдайда үй-жайлар мен қоймаларды мәжбүрлеп ашып қарауға, айғақ адамдардың қатысуымен тексерулер жүргiзуге;
9-1) атқару құжаттарын орындаумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшыларының және басқа да лауазымды тұлғаларының қабылдауына кідіріссіз кіруге;
10) борышкерлердiң банктердегi ақшасы мен бағалы қағаздарына осы Заңда көзделген тәртiппен тыйым салуға;
10-1) мүлікке оның кімге тиесілі екенін анықтағанға дейін осы Заңның 46-бабының 1-тармағында көзделген ережелерді сақтай отырып уақытша тыйым салуды қолдануға;
11) тыйым салынған мүлiктi алуға, сақтау үшiн беруге және сатуға;
12) алынған мүлiктi сақтау үшiн ұйымдардың үй-жайын, сол мүлiктi тасу үшiн өндiрiп алушы мен борышкердiң көлiгiн заңдарда белгiленген тәртiппен пайдалануға;
13) атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдарда көзделген өзге де әрекеттер жасауға;
14) қажет болған жағдайларда атқару құжаттарының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз ету үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн немесе бөлiмшелерiн тартуға;
15) қылмыстық қудалау органына сот актілерін орындаудан қасақана бұлтарған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы ұсыныс енгiзуге;
16) егер атқару құжатын орындау барысында осындай қажеттiлiк туындаса, басқа қаланың немесе ауданның сот орындаушыларына жекелеген атқарушылық әрекеттер жасауды тапсыруға құқылы.
2. Сот орындаушысы:
1) соттың талапты қамтамасыз ету жөніндегі ұйғарымын орындауға;
2) тараптарға немесе олардың өкiлдерiне атқарушылық iс жүргiзу материалдарымен танысуға, олардан үзiндiлер жасауға, көшiрмелер түсiруге мүмкiндiк беруге;
3) атқарушылық iс жүргiзу жөніндегі арыздар мен тараптардың өтiнiштерiн қарауға және солар бойынша қаулы шығаруға, оларға шағым немесе наразылық беру мерзiмдерi мен тәртiптерiн түсiндiруге, егер оның өзi атқарушылық iс жүргiзудiң аяқталуына тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болса немесе оның әдiлдiгiне күмән туғызатын өзге де мән-жайлар бар болса, iстi қараудан бас тартуға;
4) атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдарда көзделген өзге де әрекеттер жасауға мiндеттi.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 86-1-баппен толықтырылды; 2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 86-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
86-1-бап. Аумақтық бөлiмнiң басшысы
Аумақтық бөлiмнiң басшысы:
1) өзi басқарып отырған аумақтық бөлiмнiң жұмысын ұйымдастырып, бақылайды және сот орындаушыларына және сот приставтарына жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады;
2) уәкiлеттi және аумақтық органдардың бұйрықтарының, әдiстемелiк ұсынымдарының, нұсқауларының және өкiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аумақтық бөлiмнiң ағымдағы шотына өкiм жүргiзуге құқылы және оның жүргiзiлуiне жауапты болады;
4) сот орындаушыларының және сот приставтарының iс-әрекетiне азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдары мен өтiнiштерiн шешудi жүзеге асырады, оларды қабылдауды жүргiзедi;
5) аумақтық бөлiмнiң қызметi туралы статистикалық есептiлiк жасайды және iс жүргiзу мен мұрағат жүргiзу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
6) осы Заңда көзделген атқарушылық iс-әрекеттi жасайды;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де iс-әрекеттердi жасайды.
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 87-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
87-бап. Сот орындаушысының шешіміне және әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағым жасау
Өндіріп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқару құжатын орындау жөніндегі шешіміне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) немесе осындай іс-әрекет жасаудан бас тартуына сотқа шағым жасауы мүмкін. Шағым Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімде сотқа беріледі.
ҚР 16.11.99 ж. № 479-1; 05.05.00 ж. № 48-II; 05.05.03 ж. № 409-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 88-бап өзгертілді
88-бап. Сот орындаушыларының қызметi мен құқықтық жағынан қорғалуын қамтамасыз ету
1. Сот орындаушыларының қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2. алынып тасталды
3. Сот орындаушысы мемлекеттік қызметшi болып табылады.
4. алынып тасталды
5. Сот орындаушысының заңды талаптарын орындамау, сот орындаушысын борышкердiң ақша сомалары немесе мүлкiнiң барлығын тексеруге жiберуден бас тарту, сұратуы бойынша мәлiметтер бермеу, оларды қорлау, қорқыту, оларға күш көрсету немесе сот орындаушыларының қызметтiк әрекетiн орындауына байланысты оның немесе отбасы мүшелерiнiң өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне қол сұғу, сот орындаушысының қызметтiк мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн басқа да әрекеттер заңдарға сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
6. Қызметтiк куәлiк көрсетiлгеннен кейiн үйге, үй-жайға немесе мемлекеттік органның, меншiк нысанына қарамастан, ұйымның аумағына кедергiсiз кiргiзуден бас тартып, сот орындаушысының заңды қызметiне кедергi жасалған жағдайда, сот орындаушысы ол туралы акт жасайды, ал кiнәлiлердi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн материалды орындау орнындағы сотқа бередi.
2006.22.06 № 147-III ҚР Заңымен 89-баппен толықтырылды
89-бап. Атқарушылық іс жүргізу органдары қызметкерлерін
әлеуметтік қорғау шаралары
Атқарушылық іс жүргізу органдарының қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жағдайда, қаза тапқан адамдардың отбасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын-жай алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының