12-бөлім. Жер салығы
53-тарау. Жалпы ережелер
323-бап. Жалпы ережелер
1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен тиесiлiлiгiне қарай мынадай санаттарға:
1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге;
2) елдi мекендер жерлерiне;
3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - өнеркәсiп жерлерi);
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi);
5) орман қорының жерлерiне;
6) су қорының жерлерiне;
7) запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады.
2. Жердің белгiлi бiр немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актілерімен белгiленедi. Елдi мекендер жерлерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнген:
1) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда елдi мекендер жерлерi;
2) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.
3. Жердің мынадай санаттары:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi;
2) орман қорының жерлерi;
3) су қорының жерлерi;
4) запастағы жерлер салық салуға жатпайды.
Аталған жерлер (запастағы жерлердi қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалануға берiлген жағдайда, оларға осы Кодекстiң 336-бабында белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
4. Жер салығының мөлшерi жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне байланысты болмайды.
5. Жер салығы:
1) меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) жер қатынастары жөніндегі уәкiлеттi орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердiң мемлекеттік сандық және сапалық есебiнің деректерi негiзiнде есептеледi.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 324-бап өзгертілді
324-бап. Төлеушiлер
1. Мынадай:
1) жеке меншiк құқығындағы;
2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;
3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - заңды тұлғалар) жер салығын төлеушілер ретінде қарастырылады.
3. Мыналар:
1) бiрыңғай жер салығын төлеушiлер шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;
2) мемлекеттік мекемелер;
3) осы Кодекстiң 283-бабында белгiленген салық режимiнiң екiншi үлгiсi бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
4) уәкiлеттi органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттік кәсiпорындары;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезiнен мүгедектің ата-анасының бiреуi:
тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;
үй маңындағы жер учаскелерi;
жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бау-бақша шаруашылығы үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері;
гаражға арналған жер учаскелері бойынша;
6) тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi және үй маңындағы жер учаскелерi бойынша - "Ардақты ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар;
7) дiни бiрлестiктер жер салығын төлеушiлер болып табылмайды.
4. Осы баптың 3-тармағының 4)-7) тармақшаларында аталған салық төлеушiлер пайдалануға немесе жалға берiлген жер учаскелерi бойынша салық төлеуден босатылмайды.
23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 325-бап өзгертілді
325-бап. Жекелеген жағдайларда төлеушiнi анықтау
1. Егер жер учаскелерiн иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ меншiгіндегі (пайдалануындағы) жер учаскесi бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеушi болып табылады.
Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесi бойынша осы пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы жер салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесiне қатысты жер салығын төлеушi ретiнде тану үшiн осындай учаскенi оның нақты иеленуi және пайдалануы негiз болып табылады.
3. Лизинг алушы қаржы лизингi шартына сәйкес жылжымайтын мүлiк объектiсiмен бiрге қаржы лизингiне берiлген (алынған) жер учаскесi бойынша жер салығын төлеушi болып табылады.
326-бап. Салық салу объектiсi
1. Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде - жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.
2. Мыналар салық салу объектiсi болып табылмайды:
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi.
Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, парктер, скверлер, бульварлар, су қоймалары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желілері, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланылатын инженерлiк жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады.
2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жер учаскелерi.
Ортақ пайдаланудағы кесiп берiлген белдеудегi мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жерлерге жер алаптары, көлiк жүрiп өтетiн тарамдар, жол салымдары, жасанды құрылыстар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметiн көрсету жөніндегі құрылыстар, жол қызметiнің қызметтiк және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғау екпелерi мен жасыл желектер орналасқан жерлер жатады.
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешімi бойынша консервацияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi.
4) осы Кодекстің 138-140-баптарында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны іске асыру үшін иемденіп алынған және пайдаланылатын жер учаскелері.
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
5) жалға берілетін үйлерді күтіп-ұстау үшін сатып алынған жер учаскелері.
327-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн анықтау
1. Темір жолдар, оқшаулау белдеулерi, темір жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерiн қоса алғанда, заңдарда белгiленген тәртiппен темір жол көлiгi ұйымдарының объектiлерiне берiлген жер учаскелерi темір жол көлiгi ұйымдары үшiн салық салу объектiсi болып табылады.
2. Электр беру желiлерi мен кiшi станциялар тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында электр беру желiлерi бар энергетика және электрлендiру жүйесi ұйымдары үшiн осы ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндiрудi, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн осы ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берілген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
4. Байланыс желiлерiнiң тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында радиорелелiк, әуе, кабельдiк байланыс желілерi бар байланыс ұйымдары үшiн осы ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
328-бап. Салық базасы
Жер салығын анықтау үшiн жер учаскесiнiң алаңы салық базасы болып табылады.
54-тарау. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ
§1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын
салық ставкалары
329-бап. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын
базалық салық ставкалары
1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Далалық және қуаң далалық аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгіленеді:
Бонитет балы | Базалық салық ставкасы (теңге) | Бонитет балы | Базалық салық ставкасы (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 | 0,48 0,67 0,87 1,06 1,25 1,45 1,68 1,93 2,16 2,41 | 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 | 43,42 44,49 45,55 46,65 47,71 48,77 49,83 50,95 52,01 53,07 |
11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 | 2,89 3,09 3,28 3,47 3,67 3,86 4,09 4,34 4,57 4,82 | 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 | 57,90 60,63 63,26 65,95 68,61 71,31 73,96 76,66 79,32 82,02 |
21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 | 5,31 5,79 6,27 6,75 7,24 7,72 8,20 8,68 9,17 9,65 | 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 | 86,85 89,55 92,19 94,89 97,56 100,26 102,91 105,61 108,27 110,97 |
31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 | 14,47 15,54 16,59 18,08 18,76 19,82 20,88 22,00 23,06 24,12 | 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 | 115,80 119,02 122,21 125,45 128,67 131,86 135,10 138,32 141,51 144,75 |
41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 | 28,95 30,01 31,07 32,17 33,23 34,29 35,36 36,48 37,54 38,60 | 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 | 149,57 154,40 159,22 164,05 168,87 173,70 178,52 183,35 188,17 193,00 |
100-ден жоғары 202,65 |
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Шөлейтті, шөлді және тау бөктеріндегі шөлді аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгіленеді:
Бонитет балы | Базалық салық ставкасы (теңге) | Бонитет балы | Базалық салық ставкасы (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 | 0,48 0,54 0,58 0,62 0,67 0,73 0,77 0,81 0,87 0,96 | 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 | 19,78 20,26 20,75 21,23 21,71 22,19 22,68 23,16 23,64 24,12 |
11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 | 1,45 1,83 2,22 2,55 2,93 3,32 3,71 4,05 4,44 4,82 | 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 | 24,61 25,28 25,82 26,44 27,02 27,64 28,22 28,85 29,49 30,07 |
21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 | 5,31 5,79 6,27 6,75 7,24 7,72 8,20 8,68 9,17 9,65 | 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 | 30,69 31,27 31,88 32,46 33,09 33,68 34,31 34,93 35,51 36,15 |
31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 | 10,13 10,61 11,09 11,58 12,06 12,54 13,03 13,51 13,99 14,47 | 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 | 36,71 37,34 37,92 38,56 39,18 39,76 40,38 40,95 41,59 42,17 |
41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 | 14,96 15,44 15,92 16,40 16,89 17,37 17,85 18,33 18,82 19,30 | 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 | 42,18 43,39 44,00 44,62 45,20 45,84 46,38 47,03 47,61 48,25 |
100-ден жоғары 50,18 |